Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ№5 Күні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютер әмбебап есептеуіш машина

жүктеу 56.96 Kb.



жүктеу 56.96 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі56.96 Kb.

Сабақ№5 Күні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютер әмбебап есептеуіш машина




Сабақ5 Күні: ____________ Сыныбы:_________

Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютер — әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Дамытушылығы: «компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
Тәрбиелігі: адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасына шолу:
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы- ол компьютер.бұл тарауда сендер: компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысыныңне үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыңдар.
Компьютер – күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі.компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетінатқарады.
Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Проектор (лат. proficio - алға тастаймын) - күрделі пішінді беттері бар тетіктерді тексеруге арналған аспап. Бүл аспаптардың экрандарында тексерілетін тетіктің үлкейтілген кескіні түседі. Проекторлар өтетін немесе шағылысатын сәулелерде жұмыс істеуі мүмкін.
Есептеу машинасы Есептеу машинасы - күрделі математикалық және қисындық есептерді шешуге арналған есептеу қондырғыларының кешені.

Есептеулер – Ақпаратты сақтау – Құрылғыларды басқару
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажетболады.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы — әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрліесепайыру құрылғылары.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізугеболмайтын салалардамодельдер құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді зерттеуде.
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әртүрге бөлуге болады.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.

Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады.
Суперкомпьютер (ағылш. Giant computer, supercomputer) - қазіргі уақыттағы аса қуатты компьютер класына жататын есептеуіш машина; ең соңғы технологиямен жабдықталған, күрделі есептеуді жоғарғы жылдамдықпен орындауға арналған күрделі және қымбат компьютер.
Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютертұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауғаарналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары
Компьютерді жұмыста қолдану
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау
Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы.
Музыка́нт-ойын құралы қандай болмасынға ойнайтын немесе кәсiби музыкамен шұғылданатын адам.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Жазушы (кейде литератор) - қоғамдық пайдалануға арналған, сөздерден құралған туынды жасайтын адам. Жазушы деп әдетте аталмыш іс негізгі кәсібі, немесе негізгі кәсіптерінің бірі саналатын адамды айтады.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.
Түйін
Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару.
Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютер қолдану», «Компьютердің түрлері»).
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

Компьютер деген не?


Компьютер қандай функцияларды орындайды?
Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
Қандай компьютерлікпрограммаларды білесіңдер?
Компьютер қайда және қалай қолданылады?
Компьютердің қандай түрлері болады?
Компьютер неге дербес деп аталады?
Дербес компьютердің түрлерін атаңдар.
Ноутбуктер мен алақан компьютерлері не үшін пайдаланылады?
Компьютердің түрлерін атаңдар (ең кішкентайынан ең үлкеніне дейін).
Компьютерлік желінің жұмысын қолдайтын компьютер қалай аталады?
Үлкен компьютерге басқа атау беріңдер.
Ребусты шешіңдер:
Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
Өзіңді тексер!
1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу                  В) Басқару                      С) Ақпаратты іздеу                        Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет                В) Операциялық жүйе         С) Операциялық қабыршық         Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер         В) үлкен компьютер              С) дербес компьютер       Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде         В) офисте               С) өндірісте                    Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер             В) дербес компьютер              С) суперкомпьютер                Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
Ноутбук (ағылш. notebook - блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығыда және көлемінің ықшамдылығында.

А) суперкомпьютер               В) Үлкен компьютер                     С) дербес компьютер            Д) сервер
7. Нетбук деген не?

  • А) шағын мөлшерлі ноутбук                                     В) алақан компьютері

С)Интернетке қосылған дербес компьютер            Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі

8. Сервер – ол:

А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер

В) суперкомпьютер                  С) Үлкен компьютер                  Д) ақпарат сақтауға арналған компьютерТест жауаптары:



1

2

3

4

5

6

7

8

В

В

Д

Д

Д

С

А

А

 6. Үйге тапсырма:

§5 сұрақтарына жауап беру



Күні: ____________ Сыныбы:_________

  • Дамытушылығы
  • Сабақ түрі
  • 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасына шолу: 3. Жаңа сабақты түсіндіру
  • Компьютер – күрделі құрылғылардың
  • Есептеулер – Ақпаратты сақтау – Құрылғыларды басқару
  • Компьютердің түрлері Қазіргі кезде компьютерлерді суретте
  • Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер).
  • Дербес компьютер
  • Үстел үсті компьютері
  • Түйін Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару. Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер
  • 4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер. В деңгейі
  • С деңгейі Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар. 5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
  • 6. Үйге тапсырма

  • жүктеу 56.96 Kb.