Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ түрі: лекция сабақ Сабақ типі: аралас Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-практикалық, сұрақ-жауап

жүктеу 37.76 Kb.



жүктеу 37.76 Kb.
Дата28.03.2018
өлшемі37.76 Kb.

Сабақ түрі: лекция сабақ Сабақ типі: аралас Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-практикалық, сұрақ-жауап


Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйелер Мақсат: Оқушылардың операциялық жүйелер және стандарты программалар туралы білімін қалыптастыру.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Міндеттер:     Білімділік – Оқушыларды операциялық жүйе және стандартты программалармен таныстыру. Дамытушылық – Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу. Сабақ түрі: лекция сабақ Сабақ типі: аралас Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі–практикалық, сұрақ-жауап Құрал-жабдықтар: комьютерлер Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.  Үй тапсырмасын тексеру. Компьютердің программалық жасақтамалары дегеніміз не Жад дегеніміз не Жедел жадтың тұрақтыдан айырмашылығы қандай Тұрақты жад не үшін қызмет етеді Ақпаратты тасымалдаушылар жадтың қандай түріне жатады Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бірінші операциялық жүйенің (ОЖ) пайда болуы үшінші буынды ЭЕМ-нің жасалуымен байланысты. Магнитті дискілердің пайда болуымен компьютердің ресурстарын басқаруға арналған программаларды жасау қажеттілігі туындады.
ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы.
Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Мұндай программалар операциялық жүйелер деп аталатын болды. Бүгінде программамен жұмыс істейтін кез келген есептеуіш құрылғы операциялық жүйелермен басқарылады. ОЖ міндеті мен қызметі. Операциялық жүйе – бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа. ОЖ не істей алады ОЖ-нің қызметтері: - мәлімметтердің енгізілуі-шығарылуын жабдықтау, оларды басқару; - қолданушымен сұхбат жүргізу; - программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру; - компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үлестіру; - қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау; - компьютерге қызмет жасау; - компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында делдал болу. ОЖ-ге қойылатын талаптар. Сендерге белгілі,операциялық жүйе-бұл программа. Программаны арнайы кәсіп мамандары - программалаушылар жасайды.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Әрине, операциялық жүйе - біршама күрделі программа, сондықтан да оны бір адамның жасауы мүмкін емес. Операциялық жүйелерді программалаушылардың үлкен ұжымы жасайды,о лардың арасындағы міндеттер нақты бөлінген. Компьютерді басқара алатын кез келген программа операциялық жүйе деп атала ма Бұл сұраққа жауапты бүгінде ОЖ-ге қойылатын талаптарды қарастырған соң ғана ала аламыз: - ОЖ кез келген программаның орындалуын жабдықтау керек. Бұл үйлесімділік деп аталады; - төзімділік – ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыздығында жұмыс істеу керек; - сенімділік және беріктік-әрине, ОЖ еш іркіліссіз және кемшіліксіз жұмыс істеу керек;
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
- қауіпсіздік - заманауи ОЖ-де бір қолданушының мәлімметтері басқа қолданушылардан қорғалуы тиіс; - кеңеюшілік – ОЖ компьютерде ұзақ уақыт қызмет ететіндіктен, оған жұмысының жақсаруы үшін әртүрлі толықтыруларды енгізу мүмкіндігі болуы керек; - өнімділік - кез келген қолданушыны ОЖ-нің тез жұмыс істегенін қалайды. Операциялық жүйелер: - бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; - бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын болып бөлінеді. Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуге мүмкіндік береді. Көп міндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді. Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір адам ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жее өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады. Қазіргі кезде дербес компьютердің операциялық жүйесінің екі типі кең таралған.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Бірінші типіне MicroSoft компаниясының ұқсас екі жүйесі  Windows 95 пен Windows NT жатады. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл – операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows-тан  шықпай-ақ орындауға болады деген сөз.
Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Өткен тақырыпты бекіту Тапсырмалар мен сұрақтар: Операциялық жүйе дегеніміз не Операциялық жүйе не үшін қажет Операциялық жүйе қалай жіктеледі Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер Сабақты қорытындылау Оқушыларға операциялық жүйе және олардың түрлері туралы жалпы мағлұмат беру. Үйге тапсырма: §6.30-32бет. Операциялық жүйелер.

  • MicroSoft

  • жүктеу 37.76 Kb.