Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ Тақырыбы Мінсіз мұғалім және құзыретті мұғалімнің сипаттамасы

жүктеу 50.11 Kb.



жүктеу 50.11 Kb.
Дата22.02.2020
өлшемі50.11 Kb.

Сабақ Тақырыбы Мінсіз мұғалім және құзыретті мұғалімнің сипаттамасы



Коучинг сабақ

Тақырыбы

Мінсіз мұғалім және құзыретті мұғалімнің сипаттамасы

Сыныпты қадағалау әдістемесі. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Жалпы мақсаты

Мұғалімдер сыныпты қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер өздерінің сыныпты қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды, қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған түрлерін салыстырады. Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп, аталған термин оқу ортасымен қалай байланысатынына анықтама береді.

Түйінді идеялар

Қадағалау ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі. Адамдар күнделікті қолданатын «бағдарламалық жасақтама» түріндегі мәдениет.

Проблемалық мәселелер: аталған «бағдарламалық жасақтама» бүкіл ұлт үшін ортақ па? Қоғамдастық үшін ше? Кәсіпқойлар тобы немесе оқушылар үшін ше?

Мәдениет құбылысын түсінуге қатыстылықты тсінудің маңыздылығы. Мәдениет құбылысының маңызды болып көрінуіне қарамастан, оны бірақтар «мәдениет» тұрғысынан қабылдау қажеттілігі мен «мәдениетарлық» іс-қимылдың мәнін анықтау. Өз мәдениетін шамамен алғанда дара мәдениет болып табылатын өз мәдениетінің ішіндегі әртүрлі айырмашылықты пайымдайтын жалпы мәдениет нормаларының арасалмағымен жайғастыру.


Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», А.Құсайынов.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта, постер, маркерлер.

Коучинг барысы

Топқа бөлу

Өлең жолдары арқылы топқа бөліну. Тармақтардан шумақ құрап өлең құрастырып топқа бөліну.

Суреттерді алып алып, түріне қарай 4-ке бөлінеді.




Психологиялық тренинг

«Жұдырық» ойыны

Мақсаты: Ұмтылысты,өзін-өзі тану

қабілетін,қарым-қатынасты,

қабылдауды дамыту.

Талдау:


*Сіз жұдырық түйген кезде қандай сезімде болдыңыз?

*Сіз аша алмай жатқанда қандай күйде болдыңыз?

*Сіздер жұдырықты ашамыз деп күштедіңіз,ал,сіз ашпаймын деп тырмыстыңыз.

Қорытынды: Кейбір адамдар күш көрсетіп,адам жанын қинауға құмар келеді екен. Жай сөйлесек,жылы-жылы сөйлеп жыланды іннен шығаруға да болады. Ал осыны біз күштемей-ақ жай ғана қолыңызды аша салыңызшы деп айтуға да болар еді ғой!



Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық.

Көршілер бір-бірімізге қарама

қарсы отырып,біреуімізге

жұдырық түйіп,екіншіміз

жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Екінші кісі жұдырықты аштырмауға тырысу керек.

Енді осыны қарама-қарсы

қайталау керек


Ой қозғау


«Т кестесі» бойынша «Мінсіз мұғалім» туралы талқылау жүргізеді, сұрақтар арқылы пікірталастар ұйымдастырып отырады.

«Т кестесі» бойынша «Мінсіз мұғалім» туралы өз ойларын ортаға салып, топта талқылап толтырады

Бойында болуы тиіс қасиеттер

Аулақ болуы тиіс әдеттер









Негізгі бөлім



Топтастыру: «Сынып мәдениеті дегеніміз не?»

«Өкіл» әдісі арқылы әр топтан бір-бір мұғалімнен келесі топтарға өтуін тапсырады, келген адамға топтағы қалған мүшелер өздерінің топтастыруларын түсіндіруді, мұғалімдер қайта өз топтарына барғанда басқа топтардан алған ұғымдарды өз топтарына қосу қажеттігін көрсетеді

1.«Сынып мәдениеті» сөзіне байланысты топтастыру жасайды. «Мәдениет» түсінігіне байланысты барлық жайттарды қамтуы керек.

2.Әр топтан бір адам келесісіне өтеді, топтар араласады, топтар жаңадан келген адамға олардың қағаздарында не бар екенін түсіндіреді, жаңадан келген адам өз тобына оралады да, қағаз бетіне өзінің басқа топтардан көрген кейбір нәрселерін қосады.



Топтық жұмыс

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің он ережесі туралы талқылау жұмыстар жүргізіледі.

Алтын балық –коуч туралы ертегі.


Топта талқылайды.




Сергіту сәті.

«Тұтқын» ойынын ойнау.






Ой толғаныс

Сынып мәдениеті туралы оқушының берген бағасы.

Сауалнама алу.



Тапсырмаларды орындайды.

Кері байланыс

Кестені толтырады

Өз пікірлерін жазады.



Бойында болуы тиіс қасиеттер

Аулақ болуы тиіс әдеттер








Коучингтің негізгі идеясы

Коучингтегі жаңалық

Коучингте маған ұнаған тәсіл

Коучингте мен үшін қиын болды












  • Қажетті құралдар мен көрнекіліктер
  • Негізгі бөлім Топтастыру
  • Сергіту сәті.
  • Бойында болуы тиіс қасиеттер Аулақ болуы тиіс әдеттер
  • Коучингтің негізгі идеясы Коучингтегі жаңалық Коучингте маған ұнаған тәсіл

  • жүктеу 50.11 Kb.