Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген: Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы, даму үрдісі Сабақтың мақсаты

жүктеу 34.7 Kb.



жүктеу 34.7 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі34.7 Kb.

Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген: Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы, даму үрдісі Сабақтың мақсаты



№___ сабақ

Сыныбы: ___________ Күні:_____________

Мұғалімі: ___________ Тексерген:___________

Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы, даму үрдісі
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.

Оқушы Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
 
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық . 
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Жаңа сабақ
Программалау-хабарларды есептеу машиналарының көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Жасанды тілдер - қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.
Кез-келген компьютер программасының негізгі мақсатты-аппаратты құралдармен басқару.

Программалық жасақтама дегеніміз-белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар класстарына арналған,олардың аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін,сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез-келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы.


Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды.
Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады:
1.Базалық немесе негізгі
2.Қызметтік
3.Қолданбалы
Базалық деңгей.Программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі(BIOS)Компьютердің тұрақты жадында орналасқан,бұл негізгі MS DOS-тың бөлігі емес,бірақ бұнымен тор байланысты.
Жүйелік деңгей.Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалық деңгейдің программалары мен компьютерлік жүйенің өзге де программалы және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді,яғни «делдалдық» функцияны атқарады.
Қызметтік программа.
Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де,жүйелік деңгейдегі программалармен де тығыз байланыста болады.Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру,баптау және жөндеу жұмыстарын автомантандырады.Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту және кеңейту үшін қолданылады.
Жүйелік программалық жасақтама-компьютерді пайдаланумен техникалық қызмет етуге,есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеудіавтоматтандыруға арналған программалық жасақтама.
Амалдық жүйе-құжаттар мен амалдар орындауға арналған,сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.
Қызметші программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Аспаптық программалық жасақтама-ЭЕМ-ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері.Мысалы,Turbo Pascal программалау тілін алуға болады. 
Қолданбалы программалық жасақтама-әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолдабалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолбанбалы програмалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі. 
Сабақты бекіту сұрақтары
Программалау дегеніміз не?
Программалық қамтамасыз ету нешеге бөлінеді?
Программалық жасақтама нешеге бөлінеді және атаңыздар?
Қызметші программа дегеніміз не?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма______________________________________________

  • Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау
  • Оқыту әдістері
  • Жаңа сабақ Программалау-хабарларды есептеу машиналарының көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер
  • Сабақты бекіту сұрақтары
  • Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма

  • жүктеу 34.7 Kb.