Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ Сыныбы, күні: 9 а, ә, б,в 13. 09. 2016 ж Мұғалімі: Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік

жүктеу 42.62 Kb.



жүктеу 42.62 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі42.62 Kb.

Сабақ Сыныбы, күні: 9 а, ә, б,в 13. 09. 2016 ж Мұғалімі: Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік



2 сабақ

Сыныбы, күні: ____9 а, ә, б,в _ 13.09.2016 ж

Мұғалімі: ___



Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік құқықбұзушылық түрлері

туралы түсінік беру, ҚР-ның ақпаратты қорғау саласындағы заңнамасымен

таныстыру.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.


Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.



Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. ДК – мен жұмыс істеуге арналған 3 гигиеналық ережені атаңдар.

  2. Информатика сыныбында бір жұмыс орнына қанша аудан бөлінуі керек?

  3. Компьютерде үзіліссіз жұмыс уақытын бақылап отыру не себепті маңызды?

  4. Орындық пен үстелдің өздеріңе лайық биіктігін анықтаңдар.


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ақпараттардың (мәліметтердің) қауіпсіздігі – құпиялылықтан, біртұтастықтан және қолжетімділіктен тұратын ақпарат күйі.

Құпиялылық (конфиденциальность, ағылшынның confidence – сенім сөзінен) жеке мәліметтердің құпиялылығы, яғни, ақпарттың жайылып кетуіне жол бермеу бірінші кезекте адамның өзіне байланысты.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Мысалы, банктік карталарды құпия-кодпен бірге сақтамау керек.

Компьютерлік жүйелерде Құпиялылық ақпараттарға (желімен тасымалданып, сақталатын) оған құқығы бар адам ғана көруге рұқсат етеді.

Құпиялылықты бұзу – ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге, ақпаратты ұрлауға, әрі қарай мәліметтерді, бұрмаланған ақпаратты таратуға әкеліп соғуы мүмкін.

Мысалы, жеке (дербес) ақпарат, коммерциялық құпия, маңызды ғылыми жаңалық, мемлекеттік құпия.

Құпия - өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке адам немесе қандай да бір ұйым басқаға білдірмей ұстайтын ақпарат. Әркімнің жеке, отбасылық құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, дәрігерлік, адвокаттық құпиясын, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығы бар (Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 144-бабы). Әркімнің басқалармен қарым-қатынас жасаудың өзі қалайтын түрін таңдау және тәуелсіз әрі дербес жағдайда жеке, достық, сырластық және басқа қатынастар орнату мүмкіндігі - жеке өміріне қол сұғылмауына деген құқығы. Адамның әуестігін, ұнататын немесе жақтырмайтын нәрселерін, елігушілігі мен дүниетанымын оның бақылауынан және келісімінен тыс таратуға ешкімнің хақысы жоқ.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Барлық қолданушыға белгілі құқықбұзушылық – компьютерлік вирустардың таратылуы. Вирустардың таратылуының бір мақсаты – мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізу.

Ақпараттың біртұтастығы оған құқығы бар адамға ғана өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Егер басқа біреу сендердің ақпараттарыңа өзгеріс енгізсе, оны бұрмалау (фальсификация) деп атайды. Бұрмалау (фальсификация) (латынның falsificare - боямалау) – ақиқатқа ұқсап жасалған жалған, жасанды зат.
Жалған бұрмаланған сайттан шын сайтты қалай ажыратуға болады?


  1. Сайттың адресі қалай жазылғанын тексеріңдер.

Құпиялылығы бар ақпаратпен жұмыс істейтін ресми сайт https хаттамасын пайдаланады.

  1. Логинді, парольді және тағы басқа құпиялы ақпаратты енгізбес бұрын құлыптың қосылып тұрғанына көз жеткізіңдер.

  2. Егер бетті жүктегенде браузер түпнұсқалық сертификатына сенуге болмайды десе, онда әрекеттеріңнен бас тартыңдар.

Қолжетімділік – авторизацияланған қолданушыларкез келген уақытта компьютерлік жүйедегі ақпаратқа қол жеткізе алады дегенді білдіреді.

Түпнұсқаландыру (Аутентификация) жүйеде қолданушы логині, құпия сөзі, биометрлік мәлліметтері (саусақ белгілері, дауыс), криптогрфиялық кілтті немесе жеке карточка арқылы сәйкестендіріледі.

«Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасында 2016 жылға» (қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 14 қарашасындағы №174 жарлығы бойынша) дейін мынадай анықтама беріледі:

Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) – ақпараттық технологияларды қолданып жасалатын қылмысты-жазаланатын әрекет, қылмысты істің бір түрі.

Президент (латын тілінде praesіdens - басшы, алдыңғы қатарда отыратын) - 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.)



Интернеттегі қауіпсіздік



Контенттік қатерлер

Қауіпсіздікті бұзу

Коммуникациялық қатер


Контенттік қатерлерге - былапыт мазмұндағы хаттарды, заңды емес ұйымдарды, экстремизмді, зиянды заттарды және т.б.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) - «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) - жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.
әрекеттерді жатқызуға болады.

Коммуникациялық қатерлерге – киберқуалау, қоқан-лоқы, жәбірлеу жатады.

Қауіпсіздікті бұзуonline-алаяқтық, вирустарды тарату, спам.

Жоғарыда қарастырылған сайттың бұрмалануынан басқа желіде мынадай киберқылмыстар таралған: фишинг, спуфинг, киберсквоттинг, DoS және DdoS-шабуылдар.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Ақпараттық қауіпсіздіктің мәні неде екенін қалай түсінесіңдер?

  2. Құпиялылық ұғымын түсіндіріңдер.

  3. Ақпараттың қолжетімділігі неде деп ойлайсыңдар?

  4. Ақпараттың біртұтастығының кепілдемесі не?

  5. Шын сайтты жалған сайттан қалай ажыратуға болады?

  6. Ақпараттық қылмысқа анықтама беріңдер.

  7. Ақпаратты құқықты қорғауды қандай заңдар қамтамасыз етеді?


Үйге тапсырма: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік.

Қосымша материалдардан «Ақпараттандыру туралы» заңын оқып келу.


Оқушыларды бағалау, күнделікпен жұмыс.

  • Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік желілерде ақпараттық
  • Дамытушылық
  • Тәрбиелілік
  • Өткен материалды қайталау сұрақтары
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ақпараттардың (мәліметтердің) қауіпсіздігі
  • Құпиялылық
  • Қолжетімділік
  • Президентінің
  • Контенттік қатерлерге
  • Коммуникациялық қатерлерге
  • Сабақты бекіту сұрақтары
  • Үйге тапсырма

  • жүктеу 42.62 Kb.