Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ реті: Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу

жүктеу 38.39 Kb.



жүктеу 38.39 Kb.
Дата23.03.2017
өлшемі38.39 Kb.

Сабақ реті: Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу



5 сынып


Күні:__________________

Сыныбы:____________

Сабақ реті:_______

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар білуі тиіс:

Оқушылар үйренуі тиіс:

Paint графикалық редаторынбағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету.

«Растырлық графикалық редактор» ұғымын.

Сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.


Сабақтың түрі:

аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топтық жұмыс. Оқытудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО.

Сабақтың көрнекілігі:

Компьютер, слайд, суреттер, оқулық, дәптер, флипчарт, маркер және т.б.

Пәнаралық байланыс:

ағылшын, өзін-өзі тану, сурет

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.

Оқушылардың қызығушылығын және назарларын аудару.

Оқушыларды үш топқа бөлу Сызық, Доғал, Қарындаш.


Топ көшбасшысы анықталады.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді өзектендіру:




Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда формативті бағалау.

1. файлды сол атпен сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

Жауабы: Сақтау

2.файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

Жауабы: Қалай сақтау.

3.Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін?

Жауабы: Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз.


Тұжырымдама жасап талқылайды.

Жаңа сабақ

Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу. Графикалық редактордың түрлері көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері 3D-графика құру үшін қоланылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:



  • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.
    Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
    Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
    ГРАФИКАЛЫҚ ПЛАНШЕТ (Графический планшет; graphic tablet) - жиектік кескіндерді нүктелеп енгізу қүрылғысы. Графикалық планшет сызуға арналған қаламмен жасақталып, компьютерге қосылған жазық тақта болып келеді.
    );

  • Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).

Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растырлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Пиксель ( ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растырлық бейненің ең кішкентай элементі.




Практикалық тапсырма

А деңгейлі

  1. Жаңа сурет салыңдар (Paint → Құру батырмасы).

  2. Сурет салу аймағында маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10×15 см етіңдер.

  3. Белсенді түстерді таңдаңдар.

  4. Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар (1-сурет). Бояу үшін контурдың «тесіктері» болмауы керек екенін көңіл аударыңдар. Сурет қою Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.

  5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгеріңдер.

  6. Суретті өз бумаларыңда Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.

В деңгейлі

  1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
    ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


  2. Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар (2-сурет). Сурет қою

С деңгейлі

  1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

  1. Суретке мәтін қосыңдар (3-сурет) Сурет қою




Бағалау:

Оқушыларды: оқылым, тыңдалым, айтылым, сөйлесім, жазылым бойынша формативті түрде бағалау.

Рефлекция

Екі жұлдыз, бір тілек. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын бір-біріне жазу.

Сергіту сәті

Оқушыларды сергіту

Үй тапсырмасы

§14. Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу. Ребуст құру және тақырып соңындағы тестке жауап беру. Қосымша §15 оқып келу.

Тексерілді ________________________




  • Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар үйренуі тиіс
  • Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі
  • Пәнаралық байланыс: ағылшын, өзін-өзі тану, сурет Жұмыстың түрі
  • Графикалық редактор
  • А деңгейлі Жаңа сурет салыңдар ( Paint → Құру
  • Қылқаламды, Қарындаш
  • В деңгейлі А деңгейінің

  • жүктеу 38.39 Kb.