Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары «Тексерілді»

жүктеу 55.75 Kb.



жүктеу 55.75 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі55.75 Kb.

Сабақ жоспары «Тексерілді»



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«___________» ________2016 ж ___________________
Пән аты: Информатика

Сыныбы 6
Сабақтың тақырыбы: Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың қосылған жазбалар мен суреттерді пішімдеудің дағдыларын қалыптаструға ықпал ету. Нысандарды топтастыруды, нысандардың орналасуын, мәтіндегі нысандарды өзгертуді үйрету;

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Графикалық редакторда құрылған суретті мәтінді құжатқа ненің көмегімен қосуға болады?

  1. алмасу буферінің

  2. жолақтың Пішім тіркеме парағының

  3. жолақтың Кірістіру тіркеме парағының

  4. пішімдеу сызғышының

  1. Қате тұжырымды көрсетіңдер:

  1. WordArt нысанын құжатқа жолақтың Кірістіру тіркеме парағының көмегімен қосуға болады

  2. WordArt нысанының мәтінін кейін өзгертуге болмайды

  3. WordArt нысанымен істелінетін жұмыс кез келген графикалық нысанымен орындалатын жұмыс сияқты

  4. құжатқа қанша болса да декоративтік мәтіндер қосуға болады

  1. Кірістіру→ Илюстрациялар→ Бейнебаян бұйрығы:

  1. құжатқа ғаламтор желісінен алынған суретті қосуға мүмкіндік бермейді

  2. тұтынушының өз суретін құруға рналған

  3. әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі сызбаларды құруға мүмкіндік береді

  4. құжатқа MS Office суреттер қорынан алынған суретті қосуға мүмкіндік береді

  1. Кірістіру→ Иллюстрациялар→ Сурет бұйрығы

  1. құжатқа суретті файлдан алуға мүмкіндік береді

  2. тұтынушының өз суретін құруға арналған

  3. әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі сызбаларды құруға мүмкіндік береді

  4. құжатқа MS Office суреттер қорынан алынған суретті қосуға мүмкіндік береді

  1. Құжатқа фигураны мына бұйрықтардың қайсысының көмегімен қосуға болады?

  1. Кірістіру→ Иллюстрациялар→ Бейнебаян

  2. Кірістіру→ Иллюстрациялар→ Сурет

  3. Кірістіру→Иллюстрациялар→ Фигуралар

  4. Кірістіру →Мәтін→ WordArt

  1. Декоративтік мәтінді қосу үшін қолданылатын бұйрық

    1. Кірістіру→Иллюстрациялар→ Бейнебаян

    2. Кірістіру→Иллюстрациялар→ Сурет

    3. Кірістіру→Иллюстрациялар→ Фигуралар

    4. Кірістіру→Мәтін→ WordArt


ІІІ. Жаңа сабақ:

Суретті қосқаннан кейін ол құжатқа мәтіннің символы ретінде кірістіріледі. Суретті тінтуірдің көмегімен экран бойынша жылжыту үшін оны нысан ету керек. Суретті тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту жанама мәзірді шақырады жа ондағы мәтінмен орағыту бұйрығының көмегімен орғытуды кез келген басқасына өзгертеді.



Орағытулар:



  • Қоршау сызықтарының айналасы-сурет нысан сияқты қабылданады және тінтуірдің көмегімен экран бойынша еркін жылжи алады.

  • Контур бойынша-параметр алдыңғыға ұқсас, тек мәтін суреттің контуры бойынша орналасады.

  • Мәтіннің артында-сурет тура солай нысан ретінде қабылданады, бірақ мәтін оны орғытпайды, суреттің үстіне жазылады;

  • Мәтіннің алдында-сурет нысан сияқты қабылданады, сурет мәтіннің үстіне оны тасалап салынады,

  • Үстінен және астынан-мәтін тек суреттен жоғары және төмен орналасады.

Сурет пішіні бұйрығы суретті қосымша өңдеу параметрлерінен тұрады.



Нысандармен жұмыс

Кез келген фигураны тінтуірдің сол жақ батрмасын шерту арқылы ерекшеленеді. Сол кезде нысан шекарасының айналасында ақ маркерлер пайда болады. Маркерлер нысанның мөлшерін өзгертуге арналған. Тінтуірдің сілтемесін ерекшеленген нысанға апарғанда ол мынадай крест түрін қабылдайды.



Нысандармен орныдауға болатын әркеттер:

  • Ерекшеленген нысан экран бойымен тінтуірдің көмегімен жылжиды

  • Ерекшеленген нысан пернесімен жойылады.

  • пернесімен қоса бірнеше нысан олармен бірге жұмыс істеу үшін ерекшеленеді.

  • Ерекшеленген нысанды пернесімен бірге орнын ауыстыра отырып көшіруге болады.

  • Нысанды бірінің үстіне бірін орналаструға болады.

  • Бірнеше фигураны олармен әрі қарай бірге жұмыс мөлшерін өзгерту, жылжыту және т.б. жасау үшін бір фигураға топтастыруға болады. Ол үшін фигураларды басулы пернесімен бірге тінтуірді шерту арқылы ерекшелейді де одан кейін Топтау бұйрығының көмегімен топтастрады

  • Топтастырылған нысандарды кері топтастыруға да болады.


Құжатқа бір емес бірнеше сурет қосып және оларды бірінің үстіне бірін қоюға болады. Ол үшін Пішім→ Реттеу→ Алдыңғы сапқа немесе Пішім→Реттеу→Артқы сапқа бұйрықтарын орындаймыз.
ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс




  1. Мынадай түрде құжат құрыңдар:




Дүйсенбі
















Сейсенбі
















Сәрсенбі
















Бейсенбі
















Жұма
















Сенбі
















Жексенбі



















  1. Күнтізбені толтырыңдар, демалыс және мереке күндерін қызыл түспен ерекшелеңдер.



V. Үйге тапсырма:

«§26. Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу» тақырыптарын қайталап оқып келу.


VІ. Қорытындылау:

  1. Нысанды қалай жылжытуға болады?

  2. Бірнеше нысанды бір мезгілде ерекшелеуге бола ма?


VІІ. Оқушыларды бағалау.



  • Сабақтың түрі
  • ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Графикалық редакторда құрылған суретті мәтінді құжатқа ненің көмегімен қосуға болады
  • Қате тұжырымды көрсетіңдер
  • Кірістіру→ Илюстрациялар→ Бейнебаян бұйрығы
  • Кірістіру→ Иллюстрациялар→ Сурет бұйрығы
  • Құжатқа фигураны мына бұйрықтардың қайсысының көмегімен қосуға болады
  • Декоративтік мәтінді қосу үшін қолданылатын бұйрық
  • Қоршау сызықтарының айналасы
  • Мәтіннің артында
  • Үстінен және астынан
  • Пішім→ Реттеу→ Алдыңғы сапқа немесе Пішім→Реттеу→Артқы сапқа
  • V. Үйге тапсырма
  • VІІ. Оқушыларды бағалау.

  • жүктеу 55.75 Kb.