Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ жоспары пән: Азаматтық іс жүргізу құқық Күні: 25. 11. 2015 ж Топ : ҚТ-31

жүктеу 409.74 Kb.



жүктеу 409.74 Kb.
бет3/3
Дата16.03.2017
өлшемі409.74 Kb.

Сабақ жоспары пән: Азаматтық іс жүргізу құқық Күні: 25. 11. 2015 ж Топ : ҚТ-31


1   2   3
5. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы

21-тарау. Арызды қараусыз қалдыру. 249-бап. Арызды қараусыз қалдырудың негiздемелерi. Сот, егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы iстер үшiн заңда белгiленген дауды алдын ала сотқа дейiн шешудiң мiндеттi тәртiбiн сақтамаса және осы тәртiпте қолданудың мүмкiндiгi жоғалмаса;

2) арыздыәрекеткеқабiлетсiзадамберсе;

3) арызғақолқойғанжәне оны бергенадамныңарызғақолқоюғажәне оны беругеөкiлеттiгiжоқболса;

4) осы немесебасқасоттыңiсжүргiзуiнде осы тараптарарасындағы, солмәселетуралы дау бойыншажәнесолнегiздербойыншабұрынқозғалғанiс бар болса;

5) eгepзаңнамалықактiлердеөзгешекөзделмесе, тараптарарасындабұлдаудызаңғасәйкесаралықсоттыңнемесехалықаралықкоммерциялықтөрелiктiңшешiмiне беру туралыкелiсiмжасалсажәнежауапкерденiстiмәнiбойыншақараубасталғанғадейiндаудысотташешугеқарсылықбiлдiрiлсе;

6) өздерiнiңқатысуынсызiстiқараудыөтiнбегентараптарекiншiшақырубойыншасотқакелмесе;

7) өзiнiңқатысуынсызiстiқараудыөтiнбегенталапқоюшыекiншiшақырубойыншасотқакелмесе, ал жауапкерiстiмәнiбойыншақараудыталапетпесе;

8) өзiнiңмүддесiнесайiсқозғалғанадаммәлiмделгенталаптықолдамаса;

9) талап-арыздықайтарыпалутуралыөтiнiшберiлсе, ал жауапкерiстiмәнiбойыншақараудыталапетпесе;

10) көрсетушiгеарналғанкүшiжойылғанбағалықағаздаржәнеордерлiбағалықағаздарбойыншақұқықтықалпынакелтiрутуралыiстержөнiндегiөтiнiшжарияланымнанбастапүш ай мерзiмаяқталғанғадейiнберiлсе, арыздықараусызқалдырады.

250-бап. Арыздықараусызқалдырудыңтәртiбi мен салдары. Iс бойынша iс жүргiзу арызды қараусыз қалдырған жағдайда соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот осы Кодекстiң 249-бабында аталған iстi қарауға кедергi келтiретiн мән-жайларды қалай жоюды көрсетуге мiндеттi. Осы Кодекстiң 249-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша арызды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттiк бажды қайтаруды және талапты қамтамасыз ету жөнiнде қолданылған шаралардың тоқтатылатындығын көрсетедi.

Соттың арызды қараусыз қалдыру жөнiндегi ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Арызды қараусыз қалдыруға негiз болған мән-жайлар жойылғаннан кейiн мүдделi адам жалпы тәртiп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы. Талап қоюшының не жауапкердiң өтiнiшiмен осы Кодекстiң 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша, егер тараптар өздерiнiң сот отырысында болмауының дәлелдi себептерiн растайын дәлелдемелер ұсынса, сот арызды қараусыз қалдыру жөнiндегi өз ұйғарымының күшiн жояды. Соттың осындай өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан ұйғарымына жеке шағым берiлуi мүмкiн

22-тарау. Сот ұйғарымы

251-бап. Сот ұйғарымы және оны шығарудың тәртiбi. Iс мәнi бойынша шешiлмейтiн бiрiншi сатыдағы сот актiсi ұйғарым түрiнде шығарылады. Ұйғарымды осы Кодекстiң 217-бабында көзделген тәртiппен дербес iс жүргiзу құжаты түрiнде сот шығарады. Күрделi емес мәселелердi шешкен кезде сот отырыс залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу жарияланады.

252-бап. Ұйғарымның мазмұны

Ұйғарымда:

1) ұйғарымның шығарылған күнi мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегi, аты-жөнi;

3) iске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап;

4) ұйғарым шығарылған мәселе;

5) соттың өз қорытындыларын шығару себептерi және сот басшылыққа алып сiлтеме жасаған заңдар;

6) соттың қаулысы;

7) егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

Сот отырысы залында сот шығаратын ұйғарымда осы баптың 4)-6) тармақшыларында аталған мәлiметтер болуға тиiс.

253-бап. Соттың жеке ұйғарымдары. Сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиiстi ұйымдарға, басқару қызметiн атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жiберуге құқылы, олар өздерi қабылдаған шаралар туралы бiр ай мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Қабылданған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолдану тиiстi адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлау мiндетiнен босатпайды. Егер iстi қарау кезiнде сот тараптардың, процеске басқа қатысушылардың, лауазымды немесе өзге де адамдардың әрекетiнен қылмыс белгiлерiн тапса, ол туралы прокурорға хабарлайды. Мүдделерiне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар осы Кодекстiң 344-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шағым бере алады.

254-бап. Iске қатысушы адамдарға сот ұйғарымының көшiрмесiн жiберу. Iске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа адамдарға iс бойынша iс жүргiзудiң тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы туралы, не арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшiрмесi ұйғарым шығарылғаннан бастап бес күннен кешiктiрiлмей жiберiледi.

6. Сот отырысының хаттамасы

23-тарау. Хаттамалар. 255-бап. Хаттама жүргiзудiң мiндеттiлiгi

Бiрiншi сатыдағы соттың әрбiр сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбiр жеке iс жүргiзу әрекетi туралы хаттама жасалады.

256-бап. Хаттаманың мазмұны. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасы iстi қараудың немесе жеке iс жүргiзу әрекетiн жасаудың барлық елеулi сәттерiн көрсетуге тиiс.

Сот отырысының хаттамасында:

1) сот отырысының жылы, айы, күнi және орны;

2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;

3) iстi қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегi мен аты-жөнi;

4) iстiң атауы;

4-1) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенографиялауды қолдануы туралы мәлiметтер;

5) iске қатысушы адамдардың, өкiлдердiң, куәлердiң, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгенi туралы мәлiметтер;

6) iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлгенi туралы мәлiметтер;

7) төрағалық етушiнiң өкiмдерi және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы;

8) iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң арыздары, өтiнiштерi және түсiнiктемелерi;

9) куәлардың айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсiндiрулерi, мамандардың түсiндiрмелерi;

10) құжаттардың жария етiлуi туралы мәлiметтер, заттай дәлелдемелердi қараудың, дыбыс жазбаларды тыңдаудың, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрудiң деректерi;

11) осы Кодекстiң 57-бабы негiзiнде iске қатысушы мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қорытындылары туралы мәлiметтер;

12) сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;

13) сот жарыссөздерiнiң мазмұны;

13-1) осы Кодекстiң 55-бабы негiзiнде iске қатысқан прокурордың қорытындысы;

14) шешiм мен ұйғарымдардың мазмұны жария етiлгенi және түсiндiрiлгенi, оларға шағым беру тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы мәлiметтер;

15) iске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсiндiрiлгенi туралы мәлiметтер;

16) хаттаманың жасалған күнi көрсетiледi

257-бап. Хаттама жасау. Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды. Әрбiр сот отырысы бойынша немесе жеке iс жүргiзу әрекетi бойынша жеке хаттама жасалады. Хаттама қолмен, мәшинкемен, компьютермен немесе электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) тәсiлмен жазылып, дайындалуы мүмкiн. Сот отырысында осы құралдарды кезде пайдаланған алынған стенограмма, аудио-, бейнежазба материалдары cот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi және iспен бiрге сақталады.

Iске қатысушы адамдар мен өкiлдер хаттаманың қандай да бiр бөлiгiн жария ету туралы, өздерi iс үшiн елеулi деп есептейтiн мән-жайлар жөнiндегi мәлiметтердi хаттамаға енгiзу туралы өтiнiш жасауға құқылы. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiн үш күннен кешiктiрiлмей, ал жеке iс жүргiзу әрекетi туралы хаттама ол жасалғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей дайындалып, оған қол қойылуға тиiс. Күрделi iстер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзiмде, бiрақ сот отырысы аяқталғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы мүмкiн. Хаттамаға төрағалық етушi және хатшы қол қояды. Барлық өзгерiстер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және олардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс. Сот iске қатысушы адамдардың немесе олардың өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға мiндеттi

258-бап. Хаттамаға ескертпелер. Iске қатысушы адамдар немесе олардың өкiлдерi сот отырысының хаттамасы дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн iшiнде онымен танысуға, хаттамада жiберiлген қателiктердi немесе жасалған iс-әрекеттердiң және олардың нәтижелерiн тiркеудiң (көрсетудiң) толық еместiгiн көрсете отырып, бес күн iшiнде оған жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы.



259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелердi қарау. Хаттамаға жасалған ескертпелердi оған қол қойған төрағалық етушi қарайды, ол ескертпелермен келiскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады. Төрағалық етушi берiлген ескертпелермен келiспеген жағдайда хаттамаға ескертпелер берген адамға хабарлана отырып, олар сот отырысында қаралады. Ескертпелердi қарау нәтижесiнде төрағалық етушi олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе iшiнара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Ескертпелер барлық жағдайда iске қоса тiркеледi. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берiлген күнiнен бастап бес күн iшiнде қаралуға тиiс. Iс бойынша төрағалық етушi әлдебiр объективтi себептермен хаттамаға жасалған ескертпелердi қарай алмаған жағдайда, олар iстiң материалдарына қоса тiркеледi.


Азаматтық істі сотта қарау тақырыбына фота каллаж
1   2   3

  • 6. Сот отырысының хаттамасы

  • жүктеу 409.74 Kb.