Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақ №: 6 Тақырып: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары

жүктеу 127.36 Kb.



жүктеу 127.36 Kb.
Дата10.03.2017
өлшемі127.36 Kb.

Сабақ №: 6 Тақырып: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары



Пән Информатика сынып 5 Күні 08.10.15 ж.

сабақ №: 6

Тақырып: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары

Мақсат: Оқушыларды операциялық жүйемен және ДК-дің жұмысымен таныстыру, компьютерде жұмыс столының түсін өзгертуді, күнтізбені, уақытты баптай білуге үйрету 

Білімділік – Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, операциялық жүйелердің түрлерімен таныстыру. 

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, білім, біліктерін дамыту 

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
 

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тест тапсырмалары, карточкалар, интерактивті тақта
Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардыңіс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Мұғаліммен амандасып.

Тренингке қатысады.


Оқушылармен амандасып, тренинг өткізу.

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңменен,

Құшақтап бір алайын.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

7 мин

ДК-де My test бағдарламасында тест жұмысын орындайды.

Тест

  1. Аналық тақшада қандай жад орналасқан?

А) қатқыл дискі

В) ЖЖҚ


С) лазерлік дискі

D) дискет



  1. Орындалу барысында программа неде сақталады?

А) бейнежадты

В) жедел жадта

С) қатқыл дискіде

D) ТЖҚ-да



  1. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қызмет ететін құрылғы:

А) жедел жад

В) процессор

С) сыртқы тасымалдауыш

D) дискіжетек



  1. Компьютерді өшірген кезде ақпарат:

А) жедел жадтан жоғалады

В) тұрақты есте сақтайтын құрылғыдан жоғалады

С) қатқыл дискіден өшіріледі

D) компакт-дискіден өшіріледі



  1. Дұрыс емес тұжырымды таңдаңдар:
    А) ТЖҚ-да мәліметтер зауытта микросұлбаларды дайындау барысында бір рет жазылады

В) ТЖҚ-дағы мәліметтер соңынан өзгеруі мүмкін

С) ТЖҚ-да қуат көзі өшірілген соң компьютер автоматты түрде іске қосатын программалар сақталады

D) ТЖҚ-дан операциялық жүйенің алғашқы жүктелуі орындалады


  1. Қазір дискет не себепті қолданылмайды?
    Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.


А) оқу үшін арнайы қондырғының қажеттілігі

В) аз сыйымдылық және сенімсіздік

С) тасымалдау ыңғайсыздығы

D) қайталап жазудың мүмкін еместігі



  1. Ақпаратты магнитті тасымалдауыш – бұл:

А) винчестер

В) CD


С) DVD

D) флеш-жад



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

10 мин

Бірінші операциялық жүйенің (ОЖ) пайда болуы үшінші буынды ЭЕМ - нің жасалуымен байланысты.
Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.


ОЖ міндеті мен қызметі

Операциялық жүйе - бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.

ОЖ-нің қызметтері:

  • мәліметтердің енгізілу-шығарылуын жабдықтау, оларды басқару;

  • қолданушымен сұхбат жүргізу;

  • программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру;

  • компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үлестіру;

  • қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау; компьютерге қызмет жасау;

  • компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында дел- дал болу.

ОЖ-ге қойылатын талаптар

Сендерге белгілі, операциялық жүйе - бұл программа. Программаны арнайы кәсіп мамандары - программалаушылар жасайды.

Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Әрине, операциялық жүйе - біршама күрделі программа, сондықтан да оны бір адамның жасауы мүмкін емес.

Операциялық жүйелерді программалаушылардың үлкен ұжымы жасайды, олардың арасындағы міндеттері нақты бөлінген.

Бұл сұраққа жауапты бүгінде ОЖ-ге қойылатын талаптарды қарастырғаннан соң ғана ала аламыз:



  • ОЖ кез келген программаның орындалуын жабдықтау керек. Бұл үйлесімділік деп аталады.

  • төзімділік – ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыздығында жұмыс істеу керек;

  • сенімділік және беріктік – әрине, ОЖ еш іркіліссіз және кемшіліксіз жұмыс істеуі керек.

  • қауіпсіздік – заманауи ОЖ – де бір қолданушының мәліметтері басқа қолданушылардан қорғалуы тиіс;

  • кеңеюшілік - ОЖ компьютерде ұзақ уақыт қызмет ететіндіктен, оған жұмысының жақсаруы үшін әртүрлі толықтыруларды енгізу мүмкіндігі болу керек;

  • өнімділік - кез келген қолданушы ОЖ-нің тез жұмыс істегенін қалайды.




11-сурет. ОЖ-ге қойылатын талаптар

Қызықты ақпарат

Заманауи операциялық жүйелер

Windows

Windows операциялық жүйелер торабы өз дамуларын MS-DOS операциялық жүйесі үшін алғашқы графикалық операциялық қабықша пайда болған 1985 жылдан бастап алды.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Бүгінде Windows-тік ОЖ-ні сендер әр компьютерде дерлік көресіңдер, ата- аналарыңның немесе басқа таныстарыңның жұмыстарында. Бірақ Windows-та - қазіргі заманғы компьютерлерге орнатылған тек ОЖ ғана емес.

Unix

Unix ОЖ-ні кәсіби түрде қолдану үшін жасалған. Сондықтан оның интерфейсі қарапайым қолданушы үшін түсініксіз болады. Unix-ті жасаушыларға серверлердің жұмысын басқаратын сенімді ОЖ-ні дүниеге келтіру маңызды болған.

Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Заманауи Unix сырт жағынан қарағанда әлі күнге дейін бұйрықтық жолдар интер- фейсінен турады. Оның ішінде әртүрлі графикалық қабықшалар жасалған.

Linux

Linux операциялық жүйесін финдік студент Линус Торвальд (жүйе оның құрметіне атауын алған) 1991 жылы дипломдық жұмысы ретінде жасап шығарған.

Бұл ОЖ-нің ерекшелігі - осы жасаушы енгізген ОЖ-ні тегін тарату принципі болып табылады. Әрі бұл операциялық жүйенің бастапқы мәліметтері толығымен ашық, яғни, кез келген программалаушы бұл жүйені өзгерте алады.

Бұл принциптер бүкіл дүниежүзіндегі өте көп программалаушыларды қызықты- рады. Ең сәтті жасалғандары Linux-тің ресми нұсқасына енгізіледі.

Linux-те қолданбалы программалар аз көлемде жасалғандықтан, бұл ОЖ дербес компьютерлерде сирек қолданылады.

Құрмет - жеке адамға өзге адамдар тарапынан көрсетілетін қошемет. Адамға құрмет көрсету оның жеке басы қасиеттеріне, ішкі құндылықтарына, кейде жас мөлшеріне, отбасы жағдайына, лауазымына орай орын алады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Бірақ Интернет серверлері үшін Linux жиі қол- данылады.

Түйін!

  • Операциялық жүйе - бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара әсерді қамтамасыз ететін программа.

  • Компьютер қосылған соң ОЖ жедел жадқа жазылады және ЖЖҚ-да орналасады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

  • ОЖ-ге қойылатын талаптар - сенімділік, кеңеюшілік, қауіпсіздік, өнімділік, төзімділік, үйлесімділік.
    Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.


Операциялық жүйелердің дамуы

Сендер программаның интерфейсінің не екенін білесіңдер. Операциялық жүйелерде бұйрықтың жолдар интерфейса мен графикалық интерфейса бар ОЖ-ге ажыратылады.

Алғашқы операциялың жүйелер (мысалы, MS-DOS) қолданушымен мәтіндік дисплейдің экранында сұхбатасқан. Қолданушы белгілі ережелер бойынша пернетақтадан қажетті бұйрықты енгізіп отырған. ОЖ осы бұйрықты орындаған немесе қате туралы хабарлама шығарған. Бұйрықты енгізу дұрыс болу үшін қолданушыға барлық файлдардың нақты атауын және олардың орналасуын білу керек. Мұндай жүйелерді бұйрықтың жолдар интерфейса бар ОЖ деп атау қабылданған (15-сурет ).

Әрине, қолданушы үшін мұндай интерфейс өте ыңғайсыз, себебі үнемі барлық бұйрықтардың дәл жазылуын есте сақтау керек және оларды өте ұқыпты түрде енгізу керек.

Дисплей (ағылш. display - корсету, калпына келтіру) - электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминал. Әріптер, сандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді.
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Жұмысты жеңілдету үшін операциялық қабықшалар жасала бастады (16-сурет ).

Қабықша экранда компьютерде сақталған файлдардың тізімін көрсетуге мүмкіндік берді.f:\7 сынып книга\103.jpegf:\7 сынып книга\103.jpeg

Қолданушы бұйрықтарды қолдан енгізбей-ақ, пернетақтаның қызметші пернелері көмегімен бере алады.

Біртіндеп дисплейлердің графикалық мүмкіндіктері жетіле берді. Символдарды ғана емес, сонымен бірге суреттерді бейнелеу мүмкіндігі пайда болды.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
XX ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай қолданушымен мәтін арқылы ғана емес, картинкалармен де тілдесетін операциялық жүйе пайда болды. Бұл операциялық жүйені графикалық деп атай бастады.

Осы кезеңге дейін «тінтуір» типтес «манипулятор» деген атауы бар құрылғы кез келген компьютердің ажыратылмайтын бөлігіне айналды. Графикалық интерфейсі бар программалар қолданушылар арасында көбірек белгілі бола бастады. Графикалық интерфейсі бар операциялық жүйенің мысалы ретінде заманауи компьютерлерде жиі пайдаланылатын Windows операциялық жүйесін айтуға болады.

ОЖ-нің жіктелуі

Таңдалған белгіге қарай жіктелудің бірнеше түрі бар (4-кесте).



4-кесте. ОЖ-нің жіктелуі



Жіктелу белгілері

Түрі

Ескерту




Қолданушылар саны

бірқолданушылық

бір қолданушы үшін жұмыс

көпқолданушылық

бірнеше қолданушы үшін жұмысм




Үдерістер саны

бірміндеттік

белгілі бір уақыттажедел жадта бір ғана міндет болады

көпміндеттік

бір уақыт ішінде жедел жадта процессормен өңделетін бірнеше міндет орналасады




Есептеуіш техниканың құралдарының тиепі

бірпроцессорлық

бір процессордың бар болуы

көппроцессорлық

бірнеше процессордың бар болуы

жүйелік

желіде орындалатын барлық мәселелердің ресурстарын қолданады




Интерфейс типі

бұйрықтық жолдар

сұхбат бұйрықтарды енгізу арқылы орындалады;

мысалы: MS DOS, Unix

графикалық

Нысандарды манипуляциялау;

мысалы: Windows

Түйін!

  • Алғашқы операциялық жүйелер (мысалы, MS-DOS) қолданушымен мәтіндік дисплейдің экранында қатынасқан. Бұл бұйрықтық жолдар интерфейсі деп аталады.

  • Графикалық интерфейсі бар операциялық жүйелердің мысалы ретінде OS/2 және Windows болады.

  • Операциялық жүйелер түрлері: қолданушылар мен үдерістер саны, есептеуіш техникасы құралдарының және интерфейстің типтері.

IV. Компьютердегі

тәжірибелік жұмыс

12 мин

Оқулықпен жұмыс, 34-35 бет, КТЖ-ты ДК-де орындау.

А деңгейі

Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасау.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


  1. Жұмыс үстеліндегі белгілердің орналасу ретін өзгертіңдер. Ол үшін экранның бос орнында тінтуірдің оң жақ батырмасымен контекстік мәзірді шақырып, Түр => Белгілерді автоматты түрде реттеу бұйрықтарын таңдаңдар (12-суретп).
    Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.


  2. Жұмыс үстелінен белгілерді жасырыңдар.

  3. Белгілерді бейнелеңдер.f:\7 сынып книга\102.jpeg

  4. Пайдалануға болатын гаджеттерді көріңдер.

  5. Күнтізбе гаджетін қосыңдар



В деңгейі

  1. Өз компъютерлеріңде орнатылған операциялық жүйе нұсқасын қарап шығыңдар (Компьютер => Жүйе қасиеттері) (13-сурет)f:\7 сынып книга\102.jpeg

  2. А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

С деңгейі

  1. Өз компъютерлеріңнің жүйесі туралы мәліметті қарап шығыңдар Іске қосу => Программалар => Стандартты => Қызметтік => Жүйе туралы мәлімет (14-сурет ).

Жекелеу бұйрығының көмегімен Жұмыс үстеліндегі белгілерді және тінтуірдің сілтемесін өзгертіңдер.



V. Сергіту сәті.

2 мин

Жаттығуды орындарында отырып орындау.


Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту.

6 мин

Оқулықпен жұмыс, 38 бет, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау, сұрақтарға ауызша жауап беру.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


    1. Бірінші операциялық жүйе немен байланысты, қашан, қалай пайда болды?f:\7 сынып книга\104.jpeg

    2. Бірінші ОЖ қалай аталды?

    3. Бұйрықтық жолдар интерфейсі қандай болатынын сипаттаңдар. Графикалық интерфейсі ше? Қандай интерфейспен жұмыс істеген ыңгайлы?

    4. Операциялық қабықша деген не? Олар не үшін жасалады?

    5. Операциялық жүйелерді жіктеу үшін қандай белгілер қолданылады?

    6. Бұйрықтық жолдар интерфейсі бар операциялық жүйелер қазіргі кезде қандай жағдайларда қолданылады?
      Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.


VIІ. Рефлексия

2 мин

d:\2014-2015 жыл\рефлексия\image03.png

d:\2014-2015 жыл\рефлексия\image03.png

VIІІ. Оқушыларды бағалау.

2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою.

Күнделіктеріне баға қойдырады

IХ . Үй жұмысы.

2 мин.

§6-7 оқу, ЦБР№1950


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


жүктеу 127.36 Kb.