Главная страница
Контакты

    Басты бет


Robota – еріксіз еңбек, rob

жүктеу 31.97 Kb.



жүктеу 31.97 Kb.
Дата26.04.2018
өлшемі31.97 Kb.

Robota – еріксіз еңбек, rob


Робототехника негіздері Робот (чех тілінен аударғанда robota – еріксіз еңбек, rob – құл) – тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина. Робот алдын ала салынған бағдарлама бойынша және сыртқы әлем туралы датчиктерден ақпарат ала отырып әрекет етеді (тірі ағзалардың органдарына ұқсас). Робот әдетте адамдар орындайтын (немесе жануарлар) өндірістік және басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.

Сонымен қатар робот опеатормен байланыс жасай алады (одан бұйрықтар ала алады) және дербес әрекет те ете алады. Роботтар не үшін қажет 1. Жолы қиын, қауіпті, лас және қараңғы жерлерде жұмыс жасау үшін. 2. Қайталанатын әрекеттерді орындау үшін 3. Үлкен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды орындау үшін. 4. Заводтар мен фабрикалардың өнімділігін арттыру үшін. Роботты басқаратын жүйелер Бағдарламалық басқару Бағдарламалық басқару – басқару жүйесінің ең қарапайым түрі, манипуляторларды басқару үшін өнеркәсіп нысандарында қолданылады. Мұндай роботтардың датчиктік бөлігі болмайды, барлық әрекеттері тұрақты және үнемі қайталанады. Бейімделме басқару Бейімделме жүйесі бар роботтар датчиктік бөлікпен жабдықталған. Датчиктер арқылы берілген сигналдар талданады және оның нәтижесіне сәйкес, робот осы шақта және болашақта қандай әрекет орындайтыны туралы шешім қабылдайды. Зияткерлік басқару Зияткерлік басқару түрлері жасанды интеллект әдістеріне негізделген (Artificial Intelligence).

Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.

Адамның қатысуымен басқару Қашықтықтан басқарылатын саперлік робот осындай жүйенің нақты үлгісі болып табылады Робототехника – бұл роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік және компьютерлік инженерия элементтері бар пәнаралық сала. Робототехниканы зерттеудің арқасында сіз келесі салаларда дағдыңызды жақсарта аласыз: физика, математика, информатика.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

Робототехника сізге нағыз ғалымдармен инженерлер сияқты ойлауға мүмкіндік береді! Информатика және бағдарламалау Бағдарламалаудың маңызды қағидаларын зерттеу, алгоритмдік ойлауды дамыту, моделдерді басқару бойынша күрделі бағдарламаны құру және ретке келтіру. Физика Тәжірибе жүзінде ғылыми болжамды растау, тәжірибелер жүргізу, болжанған деректерді зерттеуді қосқандағы алынған деректерге жан-жақты сараптама жасау, механика, оптика, термодинамика, магниттік құбылыстар, радиобайланыс қағидаларының тұжырымдарын зерделеу.

Радиобайланыс - радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)

Термодинамика (грек. θέρμη - "жылу", δύναμις - "күш") - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика - тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым.

Математика Уақытты, жылдамдықты өлшеу, үдету және алшақтату, құбылмалы, кездейсоқ және бастапқы шаманы, геометриялық, тригонометриялық тұжырымдамаларды оқу.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Тіл және сауаттылық Баяндау түрінде технологиялар мен үрдістерді сипаттау дағдысын дамыту, оларды түсіндіру және өз бетінше түсіну, түрлі жүйелер мен тұжырымдардың вербалды модельдерін құрастыру дағдысын меңгеру. Бүгінгі күні дүние жүзінде роботты құрастыруға арналған әр түрлі жинақтар бар: Олар роботты жасауға және робот техникасы әлемімен тығыз танысуға көмектеседі. Халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік бар: World Robot Olympiad – Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы. Ресми вебсайт www.wroboto.org Бірінші Дүниежүзілік олимпиада 2004 жылы Сингапурде өтті. Оған 350 оқушы қатысып мобильді роботтарды құрастыру және бағдарламалау шеберлігінде сайысқан. Бүгінде Олимпиада 50-ден астам елді қамтиды, бұл робототехникаға қызығатын он мыңдаған дарынды балаларды біріктіреді дегенді білдіреді. Жас құрастырушыларға арналған тапсырмалар жыл сайын өзгертіледі және ережеге сай күрделеніп отырады. WRO бойынша Республикалық жарыстың жеңімпаздары робототехника бойынша Қазақстан құрамасына алынып, жыл сайынғы халықаралық WRO олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды: Олимпиаданың ерекшеліктері Бұл жарыстар 9 жастан 25 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics - роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.

Оқушылар төрт ауқымды категорияда жарысады: Негізгі Белгілі бір тапсырмаларды орындайтын роботты құрастыру және бағдарламалау. Шығармашылық Берілген тақырыпқа шешім құру. WRO футбол Роботтар арасындағы футбол жарысына қатысу. Жоғаргы деңгейлі робот техникалық жарыс Белгілі бір тапсырмаларды орындайтын, жоғарғы деңгейдегі робот түрлерін құрастыру және бағдарламалау.


жүктеу 31.97 Kb.