Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қр никель-кобальт өнімдерінің өндірісі маркетингтік зерттеу дайындаған: Тапсырыс беруші: «damu research»

жүктеу 3.04 Mb.



жүктеу 3.04 Mb.
бет1/24
Дата06.04.2019
өлшемі3.04 Mb.

Қр никель-кобальт өнімдерінің өндірісі маркетингтік зерттеу дайындаған: Тапсырыс беруші: «damu research»


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




қр никель-кобальт өнімдерінің өндірісі

МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ



Дайындаған:

Тапсырыс беруші: «DAMU RESEARCH» ЖШС

2015

Қазақстан Республикасындағы никель-кобальт өнімдерінің өндірісі. – Астана қ., 2015 ж. – 113 б..


(әрі қарай – Орындаушы) тауарлар нарығы мен қызмет көрсету нарығы бойынша маркетингтік зерттеулер дайындау саласында тәуелсіз сарапшы болып табылады.

©, 2015


Барлық құқықтары қорғалған.

Маркетингтік зерттеуді қайта басу, микрофильмдеу мен ақпаратты көшірудің өзге түрлерінде жарияланымға сілтеме жасау міндетті. Авторлардың көзқарасы Орындаушының ресми ұстанымына әсер етпейді.


Байланыс ақпараты:



Т.А.Ә.

Тел.: +7 (700)

Email:

МАЗМҰНЫ



ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 3

ӘДІСНАМА 4

3.3. Никельді тұтыну 20

3.4. Никельдің халықаралық саудасы 22

3.5. Әлемдегі кобальттың минералдық-шикізаттық қоры 24

3.6. Кобальт шығару мен өндіру динамикасы 25

3.7. Кобальттың әлемдік сұранысы 27

3.8. Кобальттың халықаралық саудасы 29

4. НИКЕЛЬ-КОБАЛЬТ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫНА ШОЛУ 32

4.1. Никель мен ферроникель бағасының динамикасы 32

4.2. Кобальт бағасының динамикасы 36

5. НИКЕЛЬ МЕН КОБАЛЬТ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯЛАР – НАРЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ ПОРТФОЛИОСЫ 38

5.1. Ниель-кобальт өнімдерін өндіру бойынша жаһандық компаниялар 39

5.2. Ресейдегі никель мен кобальт өндіруші компаниялар 46

46

6. НИКЕЛЬ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 60



7. НИКЕЛЬ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҒЫ – ІШКІ ӨНДІРІС 68

7.1. Қазақстандағы никель құрамды кен орындары 68

7.2. Қазақстанның никель-кобальт кен орындарын өндіру бойынша бастамалары 76




ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Аталмыш есептемені Орындаушы «DAMURESEARCH» ЖШС (әрі қарай – Тапсырыс беруші) үшін «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай Бағдарламасы аясында экономиканың басым салаларындағы маркетингтік зерттеу жүргізумен байланысты дайындады.


Аталмыш зерттеудің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік белсенділігін жандандыру үшін Қазақстан Республикасындағы никель-кобальт өнімдерінің өндірісі нарығы бойынша шынайы ақпаратты жинау мен жүйелеу болып табылады.

Зерттеудің негізгі міндеттері:



  • саланы, бар проблемалар мен үрдістерді қысқаша сипаттау;

  • салаға көрсетілетін қолдау;

  • ішкі өнім;

  • өндірістік әлеует;

  • сыртқы сауда;

  • нарық көлемі;

  • бағаны шолу;

  • нарықтың негізгі ойыншыларының портфолиосы;

  • тұтынушылар тәртібі;

  • негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар.



ӘДІСНАМА

Қосымша ақпараттардың дереккөздері ретінде сараптамалық және талдамалық жарияланымдар, сондай-ақ, ақпараттың өзге де ашық дереккөздері пайдаланылды. Орындаушының арнайы сұрауы бойынша ведомстволық органдарда Қазақстан Республикасы зерттеліп отырылған өнім нарығындағы оның экспорты мен импорты бойынша негізгі деректер, сондай-ақ, саланы дамыту үрдісін талдау мен бағалау үшін қосымша ақпараттар алынды.


Ақпарат көздері:



  1. БАР ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ҮРДІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №683-од Бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (әрі қарай – ЭҚЖЖ) сай қарастырылып отырған аталмыш экономикалық қызмет түрі шеңберінде жіктеудің келесі құрылымына сай келеді:


«Өңделетін өндіріс» С секциясы, «Металлургия өнеркәсібі» атты 24-бөлім «Негізгі асыл және түсті металдар өндірісі» (ЭҚЖЖ коды – 24.4) тобынан тұрады. Маркетингтік зерттеу аясында қарастырылатын ЭҚЖЖ аталмыш тобы «Өзге де түсті металдар өндірісі» топшасына кіретін 24.45 «Никель мен кобальт өндірісі» 24.45.1 класс тармағынан тұрады.
Кәсіпорыннан алынған зерттелген өнімдер статистика органдарында өнеркәсіптік орынның (тауар, қызмет) статистикалық жіктеушісімен (әрі қарай – ӨӨСЖ) сай (Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттік төрағасының 2009 жылғы «07» қыркүйегіндегі №144 бұйрығымен бекітілген «Никель және кобальт өндірісі» экономикалық қызметінің түріне жататын өнім түршелерін көрсету арқылы жіктеледі (1-кестені қараңыз).
1-кесте. Никель мен кобальт өндірісіне жататын ӨӨСЖ сай өнімдер тізімі

Код

Атауы

С

Өңделетін өнеркәсіп өнімдері

24

Негізгі металдар

24.4

Негізгі асыл металдар мен өзге де түсті металдар

24.45

Түсті металдар мен олардан оның өзге де өнімдері

24.45.1

Өңделмеген никель; никель металлургиясының аралық өнімдері

24.45.11

Өңделмеген никель

24.45.11.300

Қоспасыз өңделмеген никель

24.45.11.500

Өңделмеген никель қоспа

24.45.12

Никель штейн, никель тотығының агломераттары, никель тотығы мен ластанған ферроникельді қосқанда никель металлургиясының өзге де аралық өнімдері, никельдік шпейза

24.45.12.100

Никельдік штейн

Дереккөз: ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті
Кедендік органдар мағлұмдаған тауарлар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (әрі қарай – СЭҚ ТН) бойынша жіктеуге жатады. Осы жіктелуге сәйкес «Никель мен кобальт өндірісі» экономикалық қызметі түрі үшін зерттелетін топқа жататын өнімдер СЭҚ ТН келесі кодтарынан тұрады (2-кестені қараңыз).


2-кесте. Никель мен кобальт өндіруге жататын СЭҚ ТН сай өнімдер тізімі

СЭҚ ТН коды

Атауы

7501

Никельдік штейн, никель тотығының агломераттары мен никель металлургиясының өзге де аралық өнімдері

7502

Өңделмеген никель

Дереккөз: ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті
Никель негізгі түсті металдар тобына жатады. Химиялық элемент ретінде никель 1751 жылы ашылған, ал кең қолданысқа тек 19 ғасырдың соңында ие болды. Таза никель – ашық-сұр түсті металл, оның беткейі өте жоғары жылтырағыш қабілетімен сипатталады. Никель беріктік пен иілгіштіктің өте жоғары қасиеттеріне ие.
Қазіргі таңда құрамында никель бар 3000-нан астам қоспа белгілі, олардың ішінен көп сұранысқа темір, кобальт, жез, мырыш, хром және молибденмен қоспалар ие. Никель қоспасының өндірісіне өндірілген никельдің 80%-ға дейінгі көлемі жұмсалады. Қоспаланған никель әр түрлі құнды қасиеттер береді: ыстық өткізбеу, қышқылтұрақтылық, тұтқырлық, жақсартылған магниттік қасиеттер, қажетті сыртқы түр, т.б.
Таза түрінде никель темір және өзге де металдардың қорғаныс және әшекейлік жабыны ретінде, химиялық аппараттар мен жоғары татқа қарсы беріктікке ие ыдыстар, құбырлар, табақ дайындау үшін қолданылады.
Никель құрастырымдық, тат баспайтын және ыстыққа төзімді болат алу кезінде айрықша маңызға ие. Өндірілген никельдің 10%-ға дейінгі көлемі никель ұнтағы өндірісіне кетеді (катализатор ретінде қолданылады).

Никель жез-никель сульфидтік кен мен никель-кобальттық силикаттық кен шикізатын өңдеген кезде өндіріледі.


Ферроникель — тотықтырылған никель кендерін қалпына келтіру электр арқылы балқыту кезінде алынған және болат пен қоспаларды қоспаландыру үшін пайдаланылатын темір мен никельдің (ферроқоспа) қоспасы.


80% шамасындағы кобальт аса қатты, ыстыққа төзімді, аспаптық және берік қоспаларды, сондай-ақ, тұрақты магниттерді алуға шығындалады. Бұл қоспалар машина жасауда, авиациялық техникада, зымыран жасап шығару құрылысында, электр техникалық және атом өнеркәсібінде қолданылады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

  • МАЗМҰНЫ
  • ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • ӘДІСНАМА
  • БАР ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ҮРДІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

  • жүктеу 3.04 Mb.