Главная страница
Контакты

    Басты бет


Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі. Сабақтың мақсаты

жүктеу 63.08 Kb.



жүктеу 63.08 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі63.08 Kb.

Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі. Сабақтың мақсаты



Мерзімі _____________ - Бекітемін_________

№ _______ сабақ Сыныбы _________

Тақырып: Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі.

Сабақтың мақсаты:


  • Программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі туралы білімдерін қалыптастыру.
    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.


  • Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:Компьютер, граф.проектор, анимациялық көрініс.
Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.


Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ-жауап , тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.



II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.



III Жаңа тақырыпқа кіріспекезеңі

Негізгі бөлім.

Программалау – хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Жасанды тілдер - қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.
Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – аппаратты құралдармен басқару.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Ол 0 және 1 символдардан тұрады. ЭЕМ – ді қолдану көп жақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Тарихта бірінші болып процедуралық құырылымды программа пайда болды. Процедурааға бейімделген тіл – Фортран – 50 жылдың ортасында пайда болды. Бұл тіл бірінші және кең қолданылатын программалау тілі. Ол қазіргі кезде инженерлік, ғылыми есептеулер салаларында пайдаланылады. Есептеуші математика аумағында программалау жүйесі процедурадан ауыса бастады.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Соның нәтижесінде Алгол – 60 , Паскаль, Модуль – 2 , Си программалау тілдері жетілді. Симула- 67 программалаудың нысанды бейімделген деген жаңа әдіс пайда болды. НБП – толығымен күрделі программа құрғанда көрінеді.



Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, олардың аппараттық құралдарының жан – жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.


Программалау тілдері




Процедуралық емес тілдер

Процедуралық тілдер



Жоғары деңгейлі программалар

Төмен деңгейлі программалар

Нысанға бағытталған тілдер

Декларативтік тілдер



Логикалық тілдер

Функционалдықтілдер

Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың әртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, есептерді дайындып, жөндеуден өткізіп, шығару үдерістеріне ыңғайлы, жетілдірген пайдаланушы интерфейсін береді.

Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері пирамидалық жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей бұрынғы деңгейге сүйеніп жасалады.



Базалық деңгейақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Тұрақты жадта сақталады.

Енгізу - шығарудың базалық жүйесі(BIOS) тұрақты жадта орналасқан. компьютердің құрылғыларын тексеруге, ОЖ – инициализациялауға және монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу – шығару амалдарын орындауға арналған программалар кіреді.

Жүйелік деңгей – өтпелі. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін программаны драйвер дейміз. Жүйелік деңгей программалардың басқа қолданушымен өзара әрекеттесуіне жауап береді. Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады.

Қызметтік деңгей – базалық деңгейдегі мен жүйелік деңгейдегі программалармен тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау, жөндей жұмыстарын автоматтандырады.

Қолданбалы деңгей – қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарады.

Қолданбалы программаларға: мәтіндік редакторлар, графиктік, электрондық кестелер, мәліметтер базасы, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйеелері, web – редакторлар, браузерлер кіреді.

Баспахана, типография (гр. typos - қолтаңба және гр. graph - жазамын) - баспа өнімдерін (газет, кітап, журнал, т.б.) шығаратын өнеркәсіптік полиграфиялық кәсіпорын. Онда офсеттік баспа басым болса, әдетте, фабрика деп аталады.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Программалық жасақтамалар функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:


  • Жүйелік ПЖ

  • Аспаптық ПЖ

  • Қолданбалы ПЖ

Жүйелік программалық жасақтама - компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жабдықтама.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.


Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік ПЖ негізгі бөлігі болып табылады.

Амалдық жүйе – құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Амалдық жүйе ПЖ компьютердің мәліметтерді өңдеу жұмысын, пайдаланушымен сұхбатын ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтер атқарады.

Амалдық жүйе болмаса компьютердің жабдықтары мен программаларына қатынасу мүлде мүмкін болмас еді. Амалдық жүйеде компьютермен Windows терезелік тілдесу тінтуірмен жүзеге асады. Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстеолдер, мәзірлер, бумалар, қосымшалар, құжаттар.



Қызметші (сервистік) программалар – әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер деп аталады. Оларға антивирустық программалар, мұрағаттау программалары, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін диагностика программалады айтуға болады.

Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.



Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) – ЭЕМ – ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері. Мысалы: Turbo Pascal программалау тілі.

Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) – әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі.

Оның құрамына ҚПЖ кіреді:


Жалпы мақсаттағы ҚПЖ әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

  • Мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

  • Графикалық редакторлар;

  • Электрондық кестелер процессорлары;

  • Мәліметтер қорын басқару жүйелері;

  • Презентациялдар;

Мәселелік бағытталған ҚПЖ – белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы.

Бұларға:


  • Жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

  • Таңбаларды айыру жүйелері;

  • Статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

  • Ғылыми – зерттеу жүйелері;

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақытта ҚПЖ – ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі.

Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап ұсынады.

Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Мысалы: Microsoft Office

Қорыта айтқанда программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршау болып табылады.

Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.


IV Бекіту кезеңі

Программаның даму тарихына тұсаукесер жасаңдар.



VҚорытынды кезең

  1. Программалау дегеніміз не?

  2. Алғашқы программалау тілдерін сипаттаңыз?

  3. Программа тілдерін қалай топтасытруға болады?

  4. Программалық жасақтама дегеніміз не?

  5. ЭЕМ – ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері қалай аталады?

  6. VIҮйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  • Сабақтың мақсаты
  • Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
  • Сабақтың әдістері
  • Сабақтың барысы: I
  • Симула- 67
  • Базалық деңгей – ақпараттық
  • Енгізу - шығарудың базалық жүйесі
  • Жүйелік программалық жасақтама
  • Амалдық жүйе және программалау жүйесі
  • Қызметші (сервистік) программалар
  • Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ)
  • Мәселелік бағытталған ҚПЖ
  • Интегралданған ҚПЖ
  • Microsoft

  • жүктеу 63.08 Kb.