Главная страница
Контакты

    Басты бет


Программалары Сабақтың түрі: «Сот отырысы»

жүктеу 256.14 Kb.



жүктеу 256.14 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі256.14 Kb.

Программалары Сабақтың түрі: «Сот отырысы»




Абдираманова Альбина Бахбергенқызы

Информатика пәнінің оқытушысы

ОҚО, Түркістан медицина колледжі МКҚК

Turmed@mail.ru

Сабақтың тақырыбы: Антивирустық қорғау программалары
Сабақтың түрі: «Сот отырысы» атты театрландырылған (онлайн) сабақ
Уақыты: 90 мин
Курсы: II
Тобы: А-201
Өтілетін орны: I ғимарат 315 компьютерлік технология кабинеті

Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Кәсіби бағдар беру, ғылыми жобалау, оза оқыту, дамыта оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;

  • Пәнге деген қызығушылығын ояту.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді “Вирус”, қайдан пайда болғанын, олардың таралу жолдарын, сол сияқты вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту. Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру;
Дамытушылық: Компьютерлік вирустар және антивирустық қорғау программалары туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Студенттерді жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.


Студент білуі керек:

  • Ақпаратты қорғаудың маңыздылығын;

  • Вирустың түрлерін;

  • Ақпаратттарды вирустан емдеуді;

  • Компьютерді вирустардан қорғауды.


Студент істей алуы керек:

  • Антивирустық программаларды компьютерге орнатуды;

  • Зақымдалған программаларды емдеуді;

  • Алдынала (флешка, USB, дискет) қоспас бұрын емдеуді;

  • Антивирустық программалармен жұмыс істеуді.


Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Интерактивті,

дамыта оқыту, ойын, компьютерлік, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, бақылау, бағалау, коммуникативтік оқыту технологиясы.


Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

Сабақтың әдісі – Интерактивті тақта, компьютерде жұмыс істеу, бейне таспадан үзінді көрсету, жаңа бағдарлама орнату, көрнекілік құралдарды қолдану, өзіндік іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап оқыту, кесте толтыру және білім мен тәжірибені байланыстыру.
Пәндер аралық, пәнішілік байланыстардың құрылымдық- логикалық схемасы:










Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

    • Слайдтар;

    • Электронды оқу құралы;

    • Бейне көрініс.

Үлестірме материалдар:

    • Интерактивті тақтадан тапсырмалар;

    • Компьютерден тапсырмалар;

    • Кеспелер;

    • Жұмыс дәптері.

Техникалық оқу құралдары:

    • Компьютер;

    • Интерактивті тақта;

    • CD, DVD дискілер;

    • Флешка.

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

    • Оқу құралы / Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халақты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал // К.Б. Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 2007 -136 б. //

Сабақ жоспары мен хронокартасы



Мазмұны


Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі (хатшы сөзі)

2 мин

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (Сот төрайымы)

3 мин

3

Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау

20 мин

4

Баға қою және түсінік беру

5 мин

5

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру

15 мин

6

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

35 мин

7

Сабақты қортындылау

5 мин

8

Үйге тапсырма беру

5 мин
Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) - Хатшы: Сот процесіне қатысушы азаматтар кезекті сот мәжілісіміз басталмас бұрын сот процесіне қатысушыларды түгелдеп алайық. Жәбірленуші келді ма? Айыптаушы бар ма? Айыпталушыны әкелдіңдер ма? Қорғаушысы келді ма? Куәгерлер түгел ма? Сараптаушылар бар ма? Түгел болсақ орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр.

Сот процесін жүргізушілер:

Сот төрайымы: - Абдираманова Альбина

Хатшы: - Жолынбек Салтанат

Вирус - Сәденбек Гүлнұр

Операциялық жүйе - Сағит Мөлдір

Айыптаушы - Әсілханова Айжан

Қорғаушы - Тоқтамыс Ақжарқын

Екі күзетші - Әбдрашид Айгерім, Қозыбай Нурила

Аналық тақша - Әліқұл Жанерке

Қатты диск - Рысметова Нилуфар

Бейнебейімдеуіш - Досова Ұлдана

Компьютер - Керімбек Нұргүл

Сараптаушылар - Атаханова Ойдын, Сартбаева Мөлдір

Сот алқалары - Тұрғанбаева Маххабат, Жармахан Нұржамал, Алтынбек

Дильнура, Абдулхаким Нилуфар, Әліқұл Мөлдір, Шахарова

Шахноза, Файзуллаева Феруза, Хасанова Хафиза


2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин)Сот төрайымы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан медицина колледжінің сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы Әсілханова Айжан қорғаушы Тоқтамыс Ақжарқын жәбірленуші Операциялық Жүйе, айыпталушы Вирус қатысып отыр.

Осы сот процесі Түркістан медицина колледжінің студенті Операциялық Жүйенің арызы бойынша жүргізіледі.




3 Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау (20 мин) (Үйге берілген тапсырма сот процесінің кезеңінен басталады)
Сот төрайымы: Айыпкерді әкеліңіздер! Хатшы арызды оқыңыз.
Хатшы: Жолынбек Салтанат Айыпкер әкелінсін! /Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі/

Хатшы: Жолынбек Салтанат Сот залына Операциялық Жүйеден
Арыз

Менің арыз беру себебім, 7 сәуір 2014 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедегі барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.


Сот төрайымы: Сөз жәбірленуші Операциялық Жүйеге беріледі.
Хатшы: Жолынбек Салтанат: Жәбірленуші Опеарциялық Жүйе шақырылады.
Операциялық жүйе: Сағит Мөлдір Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.
Сот төрайымы: -Айыпкер вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?
Айыпкер Вирус: Сәденбек Гүлнұр - Жоқ мойындамаймын.
Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Сот төрайымы менің айыпкерге бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаушылардың атқаратын қызметін ата:

Жауабы: Мұрағатаушылар- мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар.
Айыптаушы: Әсілханова Айжан Менің айыпкердің кінәсін мойындататын мұрағатта сақталған нақты дәлелім бар. Мына бейнетаспадағы материалды залға көрсетуіңізді сұранамын.
Сот төрайымы: Хатшы бейнетаспаны алып іске қосыңыз.

(бейнетаспа көрсетіліп жатады, Айыптаушы түсіндіреді)


Сот төрайымы: Олай болса куәгерлер шақырылсын!
Хатшы: Жолынбек Салтанат Куәгер компьютер шақырылсын.
Куәгер Компьютер: Керімбек Нұргүл -Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық Жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық Жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын.
Сараптаушы: Атаханова Ойдын - Менің куәгер компьютерге сұрағым бар.

Сұрақ: - Информацияны қорғаудың шаралары

Жауабы:

  • дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.


Сот төрайымы: Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңдар!
Хатшы: Жолынбек Салтанат Куәгер Аналық тақшаны шақырыңыздар.
Куәгер Аналық тақша: Әліқұл Жанерке- Мен тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық Жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, Жүйеге енген бар вирусты жою керек деп есептеймін.
Сараптаушы: Сартбаева Мөлдір - Менің сізге қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Компьютерлік вирустардың атқаратын қызметі

Жауабы: Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады.
Куәгер Қатты диск: Рысметова Нилуфар - Мен де, Аналық тақша айтқандай менің де жұмысыма, бұл вирус зиян келтіруде. Бірақ та Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді Тиісінше жазасын алсын.
Қорғаушы: Тоқтамыс Ақжарқын - Менің куәгерге қояр сұрағым бар.

Сұрақ: - Ақпаратты қорғау тәсілдері

Жауабы:

  • Информацияның көшірмесін алып отыру — файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

  • Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою.

.

Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Менің Вирусқа қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаушы бағдарламалардың ең кең тарағандарын атаңыз

Жауабы: Ең кең тарағандарының ішінен WinZip, WinRar, ARJ бағдарламаларын ерекше атап көрсетуге болады.

Куәгер Бейнебейімдеуіш: Досова Ұлдана - Менің де жұмысымды тоқтатып тастады. Енді Операциялық Жүйенің жағдайы қалай болар екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын.

Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Менің сот залында отырған вирустың қорғаушыларына қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаудың қажеттілігі

Жауабы: Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпарат дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.

Сараптаушы: Сартбаева Мөлдір - Менің куәгер Бейнебейімдеуішке бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Компьютерде вирустың бар екенін білудің алғашқы белгілері

Жауабы:

  • кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.


Сот төрайымы: Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.

Сараптаушы: Атаханова Ойдын - Мен, соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп Операциялық Жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Міне, басты себебі осылай. Ал, сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • Вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану

  • Вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру

  • Дискіні физикалық зақымданудан сақтау

  • Дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбау


Сот төрайымы: Сөз айыптаушыға беріледі.
Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Мен Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20- статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатасыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық Жүйеге және де басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондық тан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.
Сот төрайымы: - Сөз қорғаушыға беріледі
Қорғаушы: Тоқтамыс Ақжарқын- Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақ та ең бірінші Вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айып пұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын.
Хатшы: Жолынбек Салтанат - Тұрыңыздар! Сот алқасы кеңесуге кетеді / сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді/
Сот төрайымы: Сот алқасы кеңесіп келгенше сот процесінің І – бөлімін қорытындылап шешімін айтып өтейін.
4 Баға қою және түсінік беру (5 мин) – Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай берілген сұрақ-жауап және сот отырысы бойынша алған білімдерін бағалау.




Бағалау

критерийлері


Аты-жөні

Сот процесінің I бөлімінің қорытындысы

Сот процесінің II бөлімінің қорытындысы

Сот процесінің шешімі

айыптау

қорғау

сараптау

1

Абдрашид Әйгерім
















2

Абдулхаким Нильуфар
















3

Алтынбек Дильнура
















4

Атаханова Айдын
















5

Әліқұл Жанерке
















6

Әліқұл Мөлдір
















7

Әсілханова Айжан
















8

Досова Ұлданай
















9

Жармахан Нұржамал
















10

Жолынбек Салтанат
















11

Керімбек Нұргүл
















12

Қозыбай Нурила
















13

Расулова Наргиза
















14

Рысметова Нилуфар
















15

Сағит Мөлдір
















16

Сартбаева Мөлдір
















17

Сәденбек Гүлнұр
















18

Тоқтамыс Ақжарқын
















19

Тұрғанбаева Махаббат
















20

Файзуллаева Феруза
















21

Хасанова Хафиза
















22

Шакарова Шахноза

















Сот төрайымы: Жақсы енді екі жақты да тыңдадық. Сараптама жасадық. Мен сіздерге асығыс шешім қабылдамас бұрын осы вирустардың қаншалықты компьютерге зиынын келтіретінін білемін, бірақ менің сіздерге айта кететін Антивирустық қорғау программаларының қызметімен толығырақ түсіндіре кетсем қалай қарайсыздар. Бәлкім шешімдеріңізді өзгертерсіздер.
5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (Сот төрайымы сот процесіне қатысушыларға жаңа ақпарат береді) 15 мин:

Антивирус (латын тілінен анти – қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) -

Вирустарды байқайтын және жоятын программалар антивирустық программалар деп аталады.

Антивирус – бұл компьютерді емдейтін дәрігер болып табылады.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Esert NOD32, және т.б.



Касперский Антивирус (AVP)- ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі болып табылады.


Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.


  • Детектор- программалар тек бұрынан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.




  • Доктор- программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп- оларды бастапқы қалпына келтіреді.




  • Доктор ревизорлар- доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдарды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалпына келтіреді.




  • Сүзгі программалар- компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты сақталады да, жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады.




  • Полифагтар - олардың қызметі вирустарды табуға ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан жою болып табылады



6. Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (Жаңа ақпарат бойынша сараптау) 35 мин:

Сот төрайымы: Ақиқатқа жету үшін мына мәліметтерді сараптап берсеңіздер:
Айыптау: Вирусқа қарсы Касперский антивирус бағдарламасын компьютеріңізге орнатыңыз.

























Қорғау: Компьютерге орнатылған Касперский антивирусқа Жаңарту жасау жолдарын орындаңыздар:










Сараптау: Касперский антивирус бағдарламамыз Жаңартылып болғанша келесі мәліметті сараптаңыздар.



Кестедегі мына әріптерді сан бойынша құрастыр


Т

Қ

О

Р

А

Н

С

Ы

И

М

П

В

Г

У

3

8

10

1

5

13

7

11

2

16

4

15

6

12









Сот төрайымы: Мен өзіме белгілі мағлұматтарды бердім, енді соттың толық заңды үкімін шығару үшін, кеңес залына шығуға рұхсат беріңіз.
Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар сот кеңесуге кетеді!
Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! /Үкім оқылады/
7 Сабақты қортындылау (Сот төрайымының шешімі) – 5 мин

Сот төрайымы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20- статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатасыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айып пұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Бүгінгі сот процесіне қатысқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.




Бағалау

критерийлері


Аты-жөні

Сот процесінің I бөлімінің қорытындысы

Сот процесінің II бөлімінің қорытындысы

Сот процесінің шешімі

айыптау

қорғау

сараптау

1

Абдрашид Әйгерім
















2

Абдулхаким Нильуфар
















3

Алтынбек Дильнура
















4

Атаханова Айдын
















5

Әліқұл Жанерке
















6

Әліқұл Мөлдір
















7

Әсілханова Айжан
















8

Досова Ұлданай
















9

Жармахан Нұржамал
















10

Жолынбек Салтанат
















11

Керімбек Нұргүл
















12

Қозыбай Нурила
















13

Расулова Наргиза
















14

Рысметова Нилуфар
















15

Сағит Мөлдір
















16

Сартбаева Мөлдір
















17

Сәденбек Гүлнұр
















18

Тоқтамыс Ақжарқын
















19

Тұрғанбаева Махаббат
















20

Файзуллаева Феруза
















21

Хасанова Хафиза
















22

Шакарова Шахноза

















8 Үйге тапсырма беру - (5 мин)

Сот төрайымы: Алдағы уақытта қоғамды осындай келеңсіз жағдайлардан сақтандыру үшін әр бір азамат мына нәрселерді жадында сақтау керек. Сол үшін мен сіздерді екі /сараптау, қорғаушы/ топқа бөліп, келесі сот отырысында төмендегі сұрақтарды қарастырып келсеңіздер.

Тақырыбы: Антивирустық қорғау программалары

Қорғаушы тобы:

  • Детектор программалар

  • Доктор программалар

  • Доктор ревизорлар

  • Сүзгілер программалар

  • Полифагтар

  • Вирусқа қарсы программа арқылы вирусты тексеру


Сараптау тобы:

  • Антивирус туралы мағлұмат беріңіз

  • Антивирустық программалардың түрлері

  • Антивирустық программалармен жұмыс істеу

  • Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңыз

  • Антивирустық программаны латын тілінен аударғандағы мағынасы

  • Вирусқа қарсы программаның іске қосылу жолы


Сот төрайымы: Осымен сот отырысын жабық деп жариялаймын.
Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Қолданылған негізгі әдебиеттер

  1. А.Левин Самоучитель «Работы на компьютере» Компьютерные вирусы и борьба с ними 363-374 стр

Қосымша әдебиеттер

1. Е.Қ. Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Б Даулетқұлов.« Информатикадан 30-сабақ» –Алматы-2003ж 159-169 беттер



2. К.Б.Есекеева, Г.К.Нұрғалиева «ҚР-да ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Алматы 2007ж 40-45 беттер

WEB сайттар тізімі
1. Ustaz@ mail.kz

2 Softzone@ mail.kz

3 Sabaktar@mail.ru

4 Inust@mail.kz


жүктеу 256.14 Kb.