Главная страница
Контакты

    Басты бет


Портрет жасау шеберлігі – жазушы танымының КӨрсеткіші түйіндеме

жүктеу 163.16 Kb.



жүктеу 163.16 Kb.
бет2/2
Дата16.09.2017
өлшемі163.16 Kb.

Портрет жасау шеберлігі – жазушы танымының КӨрсеткіші түйіндеме


1   2

психологиялық портреті де ұтымды шыққан.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Сол алғашқы көргеннен кейін араға екі жыл салып: «Баяғы батылдықтан, еркіндік пен өжеттіктен жұрнақ та қалмапты. Қатты шөгіп, ауым-сауым халге түсіпті. Шамасы бұрынғыдай бой түзеп, таранып, жинақты жүруді де ұмытқан-ау. Басындағы ақ жаулығы да бозарып бітіпті. Жүрісіндегі өзіне тəн ерке қимыл суға түскен кесектей еріп кеткен сияқты. Жəудіреген мөлдір жанары бұрынғыдай нұр шашпай, жасаурап, солғындап кеткен. Айналадағының бəріне өшіге, жанымен жек көре қарайтын сияқты. Жұрт енді: ол безілдеген Анаргүлдің жыбыр-жыбырына көніп болған, тіптен күйеуі дауыс шығарып, қол көтеретін де болыпты деп жүрді» [4, 83б.] - деп, жазушы Зəпираның ендігі халі «жайнап тұрған гүлдей емес, күздің күлгін жапырағындай күн сайын солып бара жатқандығын» үлкен бір аяушылықпен, күйзеліспен білдіреді.

Кейіпкерлердің өткен өмірін еске алудағы шегіністі шығармаларына желі етіп баяндау – жауынгер-жазушының қолданған ұтымды тəсілі. Олардың өмірлеріндегі болған əр оқиғаға, эпизодқа ұқыптылықпен, аса қырағылық танытып, ескеріп отыруы – кейіпкерлердің ішкі əлемін танудағы бірден-бір қажет компонент, əрі көркемдік тəсілі. 1943 жылы Бауыржан ауылына демалысқа келіп, сол-ақ еді, қартайған бір əйелге сəлем беруге тұра бергенде, ол өзінің сүйікті Зəпира жеңгесі екенін əрең таныпты: «Сырттан елдің ең соңы болып, белі бүкшиген, кір орамалы көзіне дейін түсіп кеткен бір əйел келді. Əлгі əйел асқан бір жылы мейіріммен құшып, еркелете сөйледі. Сонда барып майшамның алакөлеңкесінде əйелдің Зəпира екенін əрең танып едім. Əбден қажып бітіпті. Шүйкедей боп шөгіп, бүріскен күйі отыра берді. Шамның күңгірт жарығы əжімдерін адырайта айқындап, тіссіз қушиған иегін де əйгілеп тұр» [4, 83б.].

Тіпті оның, яғни Зəпираның арада қаншама жылдар өтсе де, сөйлеген сөздері де жас кезіндегідей айбарлы, айбынды болып естіліп, оның сырт бейнесіне ерекше нəр береді. Қалыңмалдың қарғысынан сол баяғы қарсылық пен бұлқыныс оты өшпеген, өміріне мəңгілік өшпес қара із қалдырған зорлықты ұмытатын емес. Оның портретін күшейтетін де осы тұсы.

Міне, жазушы повесіндегі қазақ халқының өмірінде өткен елеулі оқиғаларды баяндай келе, үлкен бір əлеуметтік кезеңдерді сипаттап өтеді. Ал қазақ халқының байырғы əрі əдемі салт-дəстүрлері тек құрғақ суреттелмей, кейіпкерлерінің тікелей қатысуымен, солардың араласуымен өтеді. Халқымыздың өміріндегі зор əлеуметтік өзгерістерді, оның жеке адам, отбасы, ауыл өміріне ықпалын кең тыныспен суреттейтін келелі шығарма.

Музей апа атанып кеткен Бауыржанның үлкен əпкесі Үбианның да бейнесінің суреттелетін осы тұсы. «Ат жақты, қыр мұрынды, жіңішке ерінді, сылдырлаған шолпыларын өріп, жылтыраған қара шаштарын екіге бөлгенде, жүзінің сұстылығын, мінезінің айбарлығын танытатын. Ұзын бойы мен қыпша белі үшін «Талшыбық» атанып кетті. Оның барлық қимылына тəн бір қалыпты жүрісі мен байсалдылығы ерекше нəзіктік беріп, еріксіз өзіне тартатын» [4, 90б.]. Автор жалпы портретті бере отырып, кейіпкер бойын əр түрлі детальдармен қоса суреттейді. Оның киім-киіс əдеті де, сан алуан зергерлік бұйымдар да өңіне қосымша нəр береді.

Зергерлік бұйымдар Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)- асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б.

«Əпкем əбден толысып, ауылдың бұрала басқан бойжеткені болды. Енді ол мойны мен кеудесін алқаға толтырып, шашына шолпы тағатынды шығарды. Үкілі кəмшат бөркінің жиегіне де шетірмек тігуші еді. Саусақтары жүзікке толы. Ауылдың еркесі атанып, жиын-тойдың, айтыстың көркіне айналды. Өзі де еркін жүріп, əн-күйдің ортасында өсіп, жасының жиырмаға шығып бара жатқанын аңғармай да қалып еді» [4, 84б.].

Сол сияқты жазушы əпкесінің ұзатылу үстіндегі сырт бейнесін əдемі суреттеген. Қазақ дəстүрінде ұзатылар қыздың киіміне де ерекше мəн берілген. Осы салт-дəстүр арқылы қаламгер өз оқырманын Үбианның ендігі портретіне назар аудартады. «Раушан түстес бүрме етек көйлекті кигенде, əпкемді танымай қалдым. Керемет жарасымды екен. Көйлек сыртынан қынамабел көкбарқыт бешпет киді. Құндыз бөркінің төбесінде үкі желбірейді. Қос бұрымының ұшынан күміс тамшы төгілгендей, арқасында əсем шолпы сылдырайды. Аяғында биік өкше, оюлы етік. Мойны моншаққа толы, кеудесін алқа көмкеріп тұр. Аппақ білегінде қос-қостан күміс білезік. Саусақтары сақинамен безенген. Тырнағына аздап сүрме жаққандай көрінді» [4, 97б.]. Кейіпкер портретін жасаудағы шеберлік жалаң емес, ой-толғамға толы. Оның ар жағында салтқа беріктік пен терең сүйіспеншілік жатыр. Осы Үбианның портреті арқылы бұл көрініс тамаша, əрі əсерлі шыққан, əрі көркем бейне де соншалықты жанды, тірі адамдай елестейді.

Сондай-ақ, оның қарсылық білдіруінен де əлдебір мінез ұшқыны байқалады. Ұрын келген күйеу баламен көрісуден бас тартып тыйып тастағанынан бойына біткен мінезінің де көрсеткіші іспеттес.

«Үнемі салмақты үні қатты шықпайтын байсал мінез əпкемнің дауыс көтере алатыны, қарсылық көрсете алатынын, бұлтартпай бұйыра алатынын мен тұңғыш рет сонда сездім.

Əпкем əлдебіреу күшпен жетелей жөнелетіндей тартынып, сандыққа сүйеніп тұр. Оның шырайлы өңі сұрланып, жұқа еріндері дір-дір етеді» [4, 90б.] - деп жазушы мінезін айқындай келе, сол бір əрекет үстіндегі портретінен хабар береді.

Қазақ ауылына ене бастаған қоғамдағы өзгерістерінің бірі əйел теңдігінің бір белгісі, көрінісі – жазушының тағы бір жеңгесі Зəуренің тағдыры еді. Бірақ Зəпираға қарағанда, ол өзінің теңдігін қорғап, басына жаңа күн туды. Негізіссіз тағылған айыпқа қарсы сөйлей алды, ешбір күнəдəн таза, адал болғандығын дəлелдей алды. Сондықтан да оның бейнесін автор тыс қалдырмай суреттеуінде де өзіндік мəні бар. Алайда оның портреті сырт келбетімен емес, ситуация үстінде беріледі. «Əкесінің қасында бүрісіп отырған күйеуіне жек көре бір қарады. Қанын ішіне тартып, бозарып кетіпті. Жанары ызалы ұшқын атып, жас тығылып тұрғандай» [4, 154б]. Автор Зəуренің сезім арпалысын, сондай-ақ оның көпшілікке, соның ішінде белді ақсақалдардың бірі, сол кеңесте билік жүргізген Жарымбет биге айтқан сөзінен кейін былайша жалғастырады: «Бұл сөздің бəрін келіншек бойындағы дірілін, кеудесіндегі ызасы мен толқуын жеңіп тұрып, қолмен қойғандай, шегемен қаққандай айқын баяндайды. Адал адам ғана осылай батыл сөйлей алады деп ойладым мен ішімнен. Өйткені оның сөзі жан сезімнің нұрын шашып, жалаға қарсы жалындап тұр еді. Əйелдің бүкіл бітімі, жан дүниесі, тіптен киімінің əр түймесіне дейін əділетсіздіке деген айбатын айқын танытатын сияқты. Қаны қашып, сұрланған жүзі қуқылданып көрінсе де, батыл шешімнің, ұстанымдылықтың, өжеттіктің нышанын əйгілей түседі» [4, 154-155б.] - деп бəрінің де оның мінезінің қайраттылығына, батылдығына қайран қалып ұйып отырып тыңдағандарын жазушының өзі де үлкен əсермен суреттейді. Əсіресе «қолмен қойғандай», «шегемен қаққандай» деген суреттеулері дəл əрі нақты түрде шыққан. Шынында да, Зəуре айтқанынан қайтпайтын қайсар адамның бейнесін, мінезін танытады. Жазушының да бұл орайда алдымызға əкелген ситуациялық портреті нанымды шықты.

Əдеби шығарманың көркемдік деңгейіне қызмет ететін элементтердің бірі – психологизм табиғаты болса, суреткер қолданған көркемдік тəсілдің қай-қайсысы да кейіпкер табиғатының жұмбақ сырын ашу, сол арқылы шығарманың идеялық-көркемдік салмағын арттыру мақсатында қолданылады.

Психологизм - әлеуметтанушылық зерттеу принципі; мұнда әлеуметтік процестер мен құбылыстар психологиялықтың туындылары деп сипатталады. Психологизм приципінің рөлі мен маңызын әлеуметтік өмірдің психологиялық механизмдерін жете зерттеген америкалық социологтар асыра бағалады.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Тіл құралымен адамның көркем образ жасау, ол үшін характерін типтік тұраптта көрсетіп, ішкі жан дүниесін айқын аша білу шеберлігі – қаламгер дарындылығының, таланттылығының бір қыры. Бұл мəселе жөнінде зерттеуші Г.Ержанова: «Психологиялық анализ жасауда кейіпкер мінезінің құбылысын, сөйлеу мəнерін, қозғалыс-қимылын айқын бояумен, жарқын детальдармен аша білу – жазушыдан шеберлікті талап етеді. Образ жасаудың диалог, монолог, портрет сияқты ортақ түрі болғанымен, оны қолдану тəсілдері, яғни образды мүсіндеу тəсілдері əр суреткерде əр басқа. Ол жазушының түйсіну, көре білу ерекшелігіне, көркемдік талғамына, шеберлік сырына байланысты» [5, 76б.] -деп тұжырым жасайды.

Кез келген суреткердің шығармашылық жолы туралы сөз болғанда, оны сол суреткердің дүниетанымынсыз қарастыру орынсыз болар еді. Себебі «биік дүниетану тұрғысы жоқ жерде, шындықты терең, дұрыс тану мүмкін емес» [12, 28б.]. Ал шындық терең, дұрыс танылмаса, шынайы шығарманың тумасы да анық. Ендеше дүниетаным мен суреткерлік шеберлік бірін-бірі толықтырып тұратын егіз ұғым.

Қазақ ауылындағы көрініс тапқан адамгершілік қарым-қатынастарының барлығы да бала Бауыржанның батыр Бауыржан, дана Бауыржан болып қалыптасуына игі əсерін тигізді. «Ұшқан ұяның» тек жалаң, суреткерлік қиялдан ғана емес, өмір материалын терең зерттеу, оны талдап, таразылау нəтижесінен туғандығы осының айғағы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. М. Əуезов. Уақыт жəне əдебиет. – Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1962 ж.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

2. Т. Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. – Алматы: Рауан, 1994 ж.

3. Б.Момышұлы. Көз алдымда бəріңсің. – Тараз, 2007 ж.

4. Б.Момышұлы. Ұшқан ұя. – Алматы: Атамұра 2003 ж.

5. Г.Б. Ержанова. Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм мəселелері: автореф. ...филол. ғыл. канд.: Алматы, 1994 ж.



6. М.Қаратаев. Таңдамалы шығармалар, 3 томдық, Т.3., - Алматы
1   2


жүктеу 163.16 Kb.