Главная страница
Контакты

    Басты бет


Портрет жасау шеберлігі – жазушы танымының КӨрсеткіші түйіндеме

жүктеу 163.16 Kb.



жүктеу 163.16 Kb.
бет1/2
Дата16.09.2017
өлшемі163.16 Kb.

Портрет жасау шеберлігі – жазушы танымының КӨрсеткіші түйіндеме


  1   2

ӘОК 821.512.122

Бекназаров Бахтияр Арманұлы


ПОРТРЕТ ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ – ЖАЗУШЫ ТАНЫМЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
Түйіндеме: Бұл мақалада Б.Момышұлының жазушылық шеберлігі туралы сөз болады. Кəсіби жазушы емес, арнайы əдебиеттік білімі де жоқ, дегенмен адам жанының тұңғиығына бойлай білген, адам мінезінің қыр-сырын түсіне білген сұңғыла психологтың «Ұшқан ұя» повесіндегі портрет жасаудағы өзіндік қырлары мен ерекшеліктері туралы баяндалады.

Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.

Жазушы (кейде литератор) - қоғамдық пайдалануға арналған, сөздерден құралған туынды жасайтын адам. Жазушы деп әдетте аталмыш іс негізгі кәсібі, немесе негізгі кәсіптерінің бірі саналатын адамды айтады.

Портрет (фр. portraіt, portraіtе - бейнелеу) - бейнелеу өнерінің жанры.



Кілт сөздер: Мемуар, портрет, повесть, әдебиет, деталь.

Аннотация: В статье рассматривается вопрос писательского мастерства Б.Момышұлы. Так как не являясь профессиональным литературоведом и писателем его повесть «Наша семья» стала одним из особенных произведений в казахской прозе. В частности портрет в произведении Б.Момышұлы рассматривается как важнейший элемент художественного мастерства и писательского мировоззрения.

Ключевые слова: мемуары, портрет, повесть,литература, деталь.

Abstract: The article considers the question writer's skill B.Momyshuly. So as not being a professional literary critic and a writer's story «Our family» became one of the most prominent works in the Kazakh prose. In particular portrait in the work B.Momyshuly, is considered as an important element of artistic skill principles and of the writers worldview.

Keywords: memoirs, portrait, story, literature, detail.
Əр дəуірде, оның ішінде, əрине, қазіргі кезде көркем шығармадағы адамдарды аса биік көркемдік талаптарға сəйкес барынша терең де, толық бейнелеген уақытта олардың жан дүниесі де, адамгершілік құнды қасиеттері де айқын ашылатыны, жан-жақты танылатыны белгілі. Себебі, «əдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, əр шақта, əр дəуірде адамды оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеу керек болатын» [ 1, 395б.].

Көркем туындыда адам образын мүсіндеп айқындай түсудің жолдары көп. Көркемдік бейнелеудің, яғни шығарманың көркемдік компоненттерінің қай-қайсының да адам бейнесін толыққанды етіп шығарудағы рөлі ерекше екені əр уақытта ескерілуге тиіс. Көркем шығармадағы адам бейнесін айқындайтын көркемдік компонеттердің бірі – портрет. Портрет əдебиеттің барлық жанрларында түгелдей қолданыла бермейтіні де мəлім. Портрет, негізінен, прозалық, поэзиялық шығармаларда, əсіресе, сюжетті эпикалық туындыларда қолданылатын бейнелеу құралдарының бірі.

Жанр (французша genre, латынша generіs - түр, тек) - өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Қай ұлт əдебиеті болмасын, онда да осы көркем тəсілдің мəн-маңызын белгілеп өткен. «Писатель должен смотреть на своих героев именно как на живых людей, а живыми они у него окажутся, когда он в любом из них найдет, отметит и подчеркнет характерную, оригинальную особенность речи, места, фигуры, лица, улыбки, игры глаз и т.д. Отмечая все это, литератор помогает читателю лучше видеть и слышать то, что им, литератором изображено. Людей совершенно одинаковых – нет, в каждом имеется свое – и внешнее и внутреннее» [2, 117-118 б.] - деп А.М.Горькийдің портреттің образ жасаудағы қажеттілігін жеткілікті сипаттағанын көреміз.

Сонымен кейіпкер портреті əр түрлі тəсілмен беріледі:

- кейіпкердің кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын, киім киісін суреттеу арқылы оның мінез-құлқы ашылып, толық бейнесі жасалады;

- портрет жасауда əр түрлі тəсілдер қолданылады. Кейде жазушы кейіпкерлердің портретін басқа бір кейіпкерлердің көзімен, соның суреттеуімен береді;

- портрет диалог арқылы беріледі;

- монолог арқылы беріледі;

- авторлық баяндау арқылы беріледі. Ал, жауынгер-жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының шығармаларын алатын болсақ, онда портреттердің жасалу шеберлігі соншалықты көркем болмаса да нанымды суреттеліп, шығарманың шынайылылығын, творчестволық табиғатын арттыра түскен.

Табиғат Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Əрине, Б.Момышұлы кəсіби жазушы емес, арнайы əдебиеттік білімі де жоқ. Дегенмен ол адам жанының тұңғиығына бойлай білген, адам мінезінің қыр-сырын түсіне білген сұңғыла психолог. Оның соғысқа дейінгі шығармасы («Ұшқан ұя» повесі) оқырман жүрегіне қалай жол тапса, соғыстан кейінгі жазған əңгімелері мен естеліктері («Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Куба əсерлері», «Я помню их», «Жауынгердің тұлғасы», «Адам қайраты», «Қанмен жазылған кітап») де соншалықты шынайы, өмір шындығын, соғыс шындығын суреттеген құнды дүниелер болып қалды.

Естелік– әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Естелік - өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі.

«Мен писатель емеспін, я честно признаюсь. Я это категорически отрицаю. Мен – мемуариспін. Мемуар деген сөзді түсіну керек. Ол ой толқыны, сыр толқыны деген нəрсе. Тіл жағынан, саяси жағынан менің кемістігім мол, бірақ шындық жағынан да растығым аз емес. Вот почему я вышел в литературу!

Менің əдебиетке кіріскен жолым басқалардан бөлек, қазақ əдебиетінде мемуарлық, естелік, халық мақал-мəтелдері менің авторларымдағы негізгі тамырлары. Мен өз түсінігімше шындықты жазуға тырыстым. Көптеген нəрселердің менің қолымнан келмегенін мойындаймын. Осы күндегі жастардан мен орысшаны нашар білгеніммен, олар қорқақ, мен батырмын. Əліме қарамастан, мен орыс тілінде орыс жазушыларының өзімен жағаластым… Қазақ тілін де мен нашар білемін.

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Орыс тілі (өз атауы Русский язык) - орыс халқының ана тілі. Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады. Орыс тілін зерттейтін ғылым русистика деп аталады.

Өзіме қарамастан қазақ тілін менен жақсы білемін дегендермен де жағаластым. Грамматика, синтаксис деген тіл жағынан салыстырмасы бар ғой – олардан менің осы уақытқа дейін ешқандай хабарым жоқ. Менің сыйынғаным, сенгенім – халық тілі болды, орысша да, қазақша да. Мен соларға сүйеніп жаздым естеліктерімді…

Сыр ашсам саған, халқым, ұға білсең,

Даярмын өрт пен суға, маған сенсең…

Арыңды ақ ниетпен ақтамасам,

Ризамын теріс қолмен бата берсең… Осы сөздерім жоғарғы ойлардан шығады» [3, 37б.] деп, батыр өзінің жазушылық қабілетін өзі-ақ анықтап, мемуарлық жанрдың да мəн-маңызын атап өткен. «Ұшқан ұя» повесі халықтық ұғымға бай, дүниетанушылық қуаты мол, тəрбиелік мəні зор туынды болғандықтан, тек бүгінгі ұрпақ үшін ғана емес, келешек ұрпақтардың да қызыға оқитын болашағы мол, жасампаз шығармаға айналып отыр. Б.Момышұлының сөз саптауы, əсіресе табиғатты суреттеп, оны адам жанымен, адам тағдырымен ұштастыруы, адам бейнесіне салып көркем сөзбен бейнелеуі таң қалдырады. «Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің əкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса, жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, əлдекімге жаным ашып, жаңбыр жауса, жылағым келер» [4, 17б.] – деп балалық шағының оралмас тəтті сəттерінен сыр шертеді. Əкесі мен əжесінің қимыл-əрекеттерін табиғаттың жанды көріністерімен параллельді түрде қатарластырып суреттеуі кейіпкерлер образын, ол арқылы портреттерін нанымды түрде берген. Алайда жазушы өз көздеген мақсатына жетуі керек, яғни портрет арқылы оның сырт пішінін өзінің эстетикалық идеалы тұрғысынан ғана суреттеу емес, штрих-детальдарды қолдану.

Бала Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Кез келген қаламгер кейіпкерге сипаттама беріп, оның жанды бейнесін оқырманына таныту үшін портреттік детальдарды ұтымды пайдалануы да əдеби туындының көркемдік қуатын арттырудың кепілі. «Жазушы шығармадағы портреттік детальдарды өзінің эстетикалық идеалына орай алады. Сол арқылы образдың толық қанды кейпін беруді мақсат етеді. Кейіпкердің сыртқы көрінісі оқушыға түйсік туғызады, бірақ ол əлі оның мінез-құлқын толық ашуға жеткіліксіз. Ол үшін шығармадағы басқа эпизодтарға, штрих-детальдарға тереңдей бару керек» [2, 107-108б.] - деп ғалым Т.Ақшолақов кейіпкер характерінің əр жақты ашылуының маңыздылығын көрсетеді.

Бауыржан Қызтумас əжесін, Момыш əкесін, Момынқұл көкесін ерекше суреттейді, əр бөлімде олардың іс-əрекеттері, диалогтары, мінез-құлықтары арқылы портреттерін детальдап жеткізеді.

Момынқұл көкесін суреттеп отырғанда, оқырман назарын сол мезетте өр мінезді Серкебай нағашысының образы да қызықтырады. Жазушының өзі де «нақ бір ескі дəуірдің қатал əміршілеріндей елестейді» деп қоятыны бар.

«Серкебай асыл киімдерді қонымды етіп, сымбатты киініпті: алдымен құндыз бөркі құлпырып көз тартады. Бөркін шешкенде көк тақыр етіп қырған басында оқалы барқыт тақиясы қалды. Бешпет сыртынан буған кемер белдігінің жалпақтығы кере қарыстай еді. Сабы күміспен күптелген қамшысын сəнмен қос бүктеп қасына қойыпты. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы өткір көзі ашаң жүзін айбарландырып жібереді екен. Қияқтай етіп бастырған мұртының ұшы екі езуін жиектеп көмкеріп тұр. Селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Ол аз сөйлеп, əр сөзін нығарлап, таптап, қарсы отырған адамына қарай қамшысын немесе сұқ қолын нұқып сесті айтады екен. Нағашым ешкімді бет қаратпайтын, айналасын айбармен меңдеп алған, өркөкіректеу көрінді. Өз қатарларының өзін менсінбейтін кісі, біз сияқты бала-шағаға көз қиығын да салған жоқ» [4, 37б.].

Мұндағы портреттің өзгешелігі Серкебайдың бет-əлпеті мен кейпін ғана суреттеу емес. Оның киім-киісі, жүру əдеті, сөйлеу мəнері, барлық қимыл-қозғалысы көрініп, есте қаларлықтай сипат-белгілері туралы да айтылады. Сондай-ақ, шығарманың басқа да бөлімдерінде Серкебайдың əрекеттері детальді портреттер арқылы көрініс тапқан. Оған дəлел кейіпкердің сөздері, арада болған диалогтары.

- Жаман күшікше неменеге жалтақтап тұрсың? Ұзатылған қыздай сызыла қалыпты ғой, қызталақ. Мен саған əлі көрсетермін. Ауылға барған соң, екі аяғыңды бір етікке тықпасам ба. – Сөйтті де əжем жаққа алара көз тастап, тістене сөйледі. – Балаңның сүйегі ғана сенікі, əпке! Қалғанын өзіме жіберіңіз бұл тентектің…» [4, 37б.] – десе, енді бірде: «…Мен көкемдер ауылдан аттанарда Серкебай нағашым еліне барған соң, шынында да көкемнің «екі аяғын бір етікке» тығып қояды деп қиналған едім. Сөйтсем онысы қатал тəртіпте ұстаймын дегені екен ғой. Көкеме ұзын ақ шапан кигізіп, басына сəлде оратып, оқуға үңілдіріп қойыпты» [4, 38б.]. Серкебайдың бұл əрекеті ұрпақ тəрбиесіне қазақ халқының ерекше назар аударатындығының көрінісі іспеттес.

Осынау адуынды мінезімен танылған Серкебай қаншалықты қатал, əміршіл болса да, соншалықты парасатты, кешірімшіл болатын. «Серкебай нағашым да ашуын лақ еткізіп төге салып, көкемнің тентектігін лезде кешіретін» [4, 69б.]. Автор Серкебайды тұлғалауда, портрет жасауда ұзақ баяндамай, оның характерін танытып, оқырман көңілінде ұзақ сақталатындай етіп суреттеген.

Повестегі əйел теңсіздігінің құрбаны болған Зəпира сұлу да ерекше. Оның портреті бірнеше тұста əсерлі суреттелген. «Нұрбайдың жалғыз қызы Зəпира да ағалары сияқты сымбатты, сұңғақ бойлы, толықсыған қыз еді» [4, 77б.] – деп автор таныстырып өтсе, енді, міне, толығымен суреттеуге кіріседі: «Зəпира келбетті келген жан еді. Талдырмаш сұңғақ бойына əркім-ақ сұқтана қарайтын. Оның атжақты жүзі, қыр мұрыны, үлбіреген беті шығыстың сұлуларын елестеткен. Жайнаған мөлдір көзі, қарлығаштың қанатындай қияқ қасы, шоқтай қызыл, қалыңдау ерні өзгеше бір сұлулықтың нышанын аңғартып тұрушы еді.

Өзі де айналасындағы күйкі көріністі мойындағысы келмей, өзін қоршаған сұрықсыз тірлікті көзіне де ілмей, батыл да еркін жүретін» [4, 77б].

М.Əуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь – қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы əсерлі елестетуі. Сол секілді жас балғын Бауыржанның да есінде Зəпира сұлудың əсем келбеті мəңгілікке сақталады. Мына бір детальда оның көрінісі нақты берілген:

«Оның басын шалқайта ұстап, маржандай тізілген ақ тістерін көрсетсе, бұралып отырғаны əлі есімде. Ақторғын кимешектің сыртынан əсем ораған күндігі ерекше жарасып тұрушы еді. Мен одан көз алмай қарайтынмын» [4, 78б.]. Жас жеткіншектің бойында əлдебір сезім жанын жайлап алатын.

Жалпы бұл кейіпкер сыртқы көрінісі, яғни Зəпираның портреті шебер жасалған деуге негіз бар. Жазушының суреттеген жалпы портретінен басқа

  1   2

  • Кілт сөздер
  • Ключевые слова
  • Бауыржан Момышұлының

  • жүктеу 163.16 Kb.