Главная страница
Контакты

    Басты бет


ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік моделдеу» «6М011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары

жүктеу 389.13 Kb.



жүктеу 389.13 Kb.
бет1/3
Дата15.04.2018
өлшемі389.13 Kb.

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік моделдеу» «6М011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-38.3103-2014 ПОӘК «Физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік моделдеу» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары № 1 басылым 25.06.2014 ж.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік моделдеу» «6М011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 20134 Мазмұны 1 Глоссарий 3 2 Дәрістер 5 3 Практикалық сабақтар 52 4 Магистраттардың өздік жұмыстары 53 1 ГЛОССАРИЙ Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады. Ақпараттық технология – арнайы техникалық ақпараттық жүйелерде қолданатын технологиялар. Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару. Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі.
Глосарий - белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. .
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу). Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі. Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы. Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі. Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік. Модельдеу – кейбір нысандар мен құбылыстарды, физикалық табиғаты дәл сондай олардың модельдерімен алмастыра отырып зерттеу.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Вербальдық модель – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель. Таңбалық модель – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар. Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар. Математикалық модельдер – процесстің немесе объектінің әр түрлі параметрлерін бейнелейтін математикалы формулалармен өатынастар. Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б. Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізінде алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер. Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
2 Дәрістер 1МИКРОМОДУЛЬ «ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ» 1-тақырып. Лабораториялық эксперименттерді орындау және эксперименттік деректерді өңдеу. Дәріс мақсаты: Лабораториялық эксперимент түрлерімен таныстыру. Демонстрациялық тәжірибе және лаборатоиялық жұмыс жайында түсінік беру. Жоспар: Лабораториялық эксперимент жәге оны орындау. Эксперименттік деректерді өңдеу. Тақырыптың қысқаша мазмұны: Физиканы оқыту процесінде эксперименттің толып жатқан түріне орын берілуі керек. Өйткені, эксперимент физикалық құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Оқушылар бақылау мен тәжірибе арқылы табиғаттағы процестердің және онда болатын өзгерістердің мәнін біледі, салыстыруға және талдап қорытындылауға қажетті фактілер жинайды.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Эксперимент арқылы оқудың бірнеше жүйесінің өзара әрекеті мен байланысы іс жүзіне асырылады. Эксперимент – физикалық құбылысты тану жолы болумен қатар, жалпы дүние жүззіндегі ғылыми білімнің шынай екендігінің, адамның дүние тануының және табиғатқа ықпал жасай алатындығының дәлелі. Физикалық тәжірибені тікелей жасаған, түрлі физикалық құбылыстарды бақылаған, оның жүруіне тікелей ат салысқан оқушының күрделі физикалық құбылыстарды бақылауға, ал өзгерістерді қажетті мақсатқа сәйкес басқаруға болатынына, олардың табиғи заңға бағынатынына, ол заңдарды білу физикалық өзгерістерді адамның өмірлік іс-әрекетінде кең пайдалануына мүмкіндік туғызатына көзі жетеді. Эксперимент – оқыту процесінде теорияның өмірмен өзара байланысын іс жүзіне асыратын, білімді сенімге айналдыратын өте маңызды жол. Демек, дұрыс жасалған эксперимент пен одан шығарылған айқын қорытынды – физиканы оқыту процесінде оқушылардың дұрыс дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың маңызды құралы деп есептеу керек. Физикалық эксперименттің сипаты мынадай: -физикалық, яғни табиғи құбылыстарды танудағы бастапқы қадам; -айтылған болжаудың, сол сияқты мұғалім айтқан немесе оқушылардың оқулықтан оқыған физикалық ғылыми ережелерінің дұрыстығын анықтаудағы бірден-бір негізгі дәлел; -лаборатория – құрал-жабдықтарды, жеке аспаптарды қолдана білу, физикалық құбылыстарды тудыру және бір-бірінен ажырата білу жөнінде практикалық дағдыларды қалыптастырып, жетілдіре түсетін бірден-бір тиімді орын;
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
-эксперимент – теориялық білмді дамытудың, жетілдіре берудің және алған білімінің тиянақты болуының бірден-бір кепілі; -эксперимент – оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі; -оқушыларға талап қоюшы; оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытушы; білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға машықтаушы. Оқушыларға физикалық құбылыстар жөнінде түсінік беру алдында, оларға эксперименттік есеп пен сұрақ ұсынуға болады. Әрине, ол сұрақтарға тек тәжірибе жүзінде жауап беріледі. Оқушылардың әлі қажетті білімі болмағандықтан бұл жерде мұғалімнің көмегі қажет, ол оқулықтағы аспап құрылысымен таныстырады, шәкірттерге тәжірибе жүргізіп, қорытынды жасатады. Кей жағдайда тәжірибе нәтижесінде алынатын мәліметтерді оқушылар алдын ала болжап айтуы мүмкін.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Мұндай жағдайда, эксперимент дәлелдеу, не тексеру міндетін атқарады. Ол оқушылардың физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруіне, физика пәнін оқып үйренуге деген қызығуын арттыруға үлкен себеін тигізеді. Өзін өзі бақылау сұрақтары: Лабораториялық эксперимент деген не және оны қалай орындайды Эксперименттік деректерді өңдеу қалай жүзеге асырылады. 2,3-тақырып. Физикалық эксперимент түрлері: демонстрациялық тәжірибе мен лабораториялық жұмыс. Дәріс мақсаты: Физикалық эксперимент түрлерімен таныстыру. Жоспар: Физикалық эксперименттің түрлері, міндеттері. Демонстарциялық тәжірибе Лабораториялық жұмыс Тақырыптың қысқаша мазмұны: Эксперименттің негізгі төрт түрі қолданылады: 1) көрсетілмдік эксперимент; 2)лабораториялық эксперимент; 3) практикалық эксперимент; 4) аралас типті эксперимент. Қазіргі таңда республикадағы халықтар жағдайының жақсаруы, экномиканың, жалпы өнімнің өсуі, Қазақстанды бүкіл әлем мойындауы сияқты фактілер Қазақстандағы білім беруді жаңарту керектігін көрсетіп отыр. Сол еебептен Республикамызда 12 жылдық білім беруге көшу дайындық жұмыстары жан-жақты қалануда.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
11 және 12 сыныпта оқушылар таңдаған салалар бойынша бейімделеді. Осыған сәйкес мектепте физика курсын оқыту бағдарламаларына да біршама өзгертулер енгізіледі. Бұл -заман талабы. Ендігі білім беру жолдары жеке тұлғаға бағытталады және алған білім оқушының бүкіл өміріне азық болуы тиіс. Олай болса, оқушыға әр жаңа мағлұматты игерту кезінде ол көзімен көріп, қолымен ұстайтындай тәжірибелерді енгізіп, сабақты жоспарлай білу керек.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Ендеше, сабақтағы тәжірибелер мен демонстрациялык эксперименттердің маңызы өте зор. Белгілі философ Ф.Бэконның тұжырымдамасы бойынша: «Оқытудың ақиқатты мақсаты білім емес, іс - әрекет». Сол ссбептен сапалы білім беру физика сабағында міндетті түрде тәжірибе мен демонстрациялық эксперименттің көмектерімен жүзеге асуы керек. Тәжірибе - физикадағы білімнің көзі, қайнар бұлағы болып саналатындығын үнемі есте ұстау керек. Мұғалім жаңа материалдың тақырыбын бастағаннан сол сабақты қорытындылағанға дейін үнемі тәжірибеге сүйентені жөн. Осылай жоспарланған сабақ қана оң нәтиже береді. Қазіргі мектеп физикасы басқыштық принципке сүйеніп құрылған.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Осы бағдарлама бойынша онжылдық мектепті бітірушілер физиканың барлық бөлімдерімен танысып, орта арнаулы мамандықтарды игеруге мүмкіндік алады. Әрине, оқушының портфолиосына (оқушының оку және шығармашылық жетістіктерінен, мұғалімдердің, психологтің мінездемелерінен және т.б. тұратын папка) осы пән бойынша қатысқан олимпиада жетістіктері және басқа да сайыстық жұмыстары міндетті түрде жинақталғаны дұрыс. Физикалық эксперимент оқушылардың ойын жинақтауға, ұқыптылықка, төзімділікке, ізденушілікке, жан - жақты бақылай білуіне, сол алған білімдерін дамытуға және күнделікті өмірде дағдылану құзыреттілігін қалыптастырады. Мысалы, айнымалы тоқ тақырыбын қорытындылауда, оқушыларды электр құралдарының негізгі кұжатында көрсетілген кейбір жайттарын қарастырып кетуге болады. Оны мынандай сұрақтармен жүзеге асырамыз: - Неліктен айнымалы тоққа арналған құралды тұрақты тоқ желісіне жалғауға болмайды - Аккумуляторды айнымалы токпен зарядтауға бола ма Неге - Электромагнит тұрақты тоқпен жұмыс істегені сияқты, айнымалы токпен жұмыс істей ала ма - Тұрмыста қолданатын тоқ айнымалы ма, әлде тұрақты ма Оны қайдан білеміз Осы тектес бірнеше сұрақтарды қоя отырып, оқушының айнымалы ток туралы мағлұматын тереңдетеміз және тәжірибе жасауға ынталандырамыз. Бұл тақырыпқа мынандай жай тәжірибе жасасақ та артық болмайды: Бір жылтыр зат – қайшы пышақ, тоқыма біз немесе тегістеліп жасалған таяқшааны алып, жанып тұрған электр шамына арқаларынды беріп, жаңаағы заты көздеріңнен 50 см қашықтыққа ұстап тұрыңдар. Содан кейін қолдарыңмен тез тербелте қозғалтып, осы заттан шағылған сәулені бақылаңдар. Егер осы жағдайда біркелкі жарқырайтын жолақ байқалса, онда шам арқылы өтетін тоқ тұрақты тоқ. Ал егер жолақ алмасып отыратын ақ және қара бөліктерге бөлінсе, онда желідегі тоқ айнымалы тоқ. Осылайша, тез қозғалатын жалтыраған затты бақылау заттың әр түрлі жағдайында әр түрлі моменттегі жарықталынуның өзгеруін аңғаруға мүмкіндік береді. Электр тоғына тән қасиеттің бірі - оның маңайында магнит өрісінің болуы. Магнит өрісінің бағыты токтың бағытына байланысты. Тоқ өткізетін сым бойымен айнымалы тоқ өткен кезде, соған сәйкес, магнит күш сызықтарьның бағыты өзгереді. Егер темір стерженьді изоляцияланған сыммен орап, ол сым арқылы айнымалы тоқ жіберсек, полюстері ток жиілігіне сәйкес өзгеріп отыратын электромагнит шығады. Осындай электромагнит темір сынықтарын өзіне тарта ала ма Оны оқушыларға тәжірибе жасап тексеріп көрсетіп, оның темір сынықтарын тарта алатынына көз жеткізуге болады. Бұл үшін тоқты аз вольтті трансформатордан алады, оның кернеуі 8-12 вольт болсын. Электромагнитке тартылған якорь (темір сынығы) біраз дірілдегенімен, түсіп қалмайды. Бойымен тоқ жүретін катушканың жұмсақ темірді ішіне қарай тартуына негізделген электр өлшегіш құралдар да (амперметрлер жоне вольтметрлер) бар. Олар тұрақты тоқка да, айнымалы тоққа да бірдей жарайды. Физикалық құралдарды айнымалы тоққа ма, әлде тұрақты тоққа арналып жасалғанын негізінде айырықша белгілерінен айыруы болады. Бірақ дәлдігі жоғары топқа жататын физикалық құралдарды тұрақты тоқтың шкаласы айнымалы тоқтың шкаласы толық сәйкес келмейді.
Дәлдік (Точность; precision) - жылжымалы нүктелі санның машинальгқ түрінің разрядтылық сипаттамасы; Дәлдік (Точность) - процестің, бұйымның және заттың қарастырылған параметрлерінің ақиқат мендерінің олардың теориялық номиналдық мәндеріне жақындық дәрежесі.
Бұл жағдайда «» немесе «-» белгісі олардың қандай тоққа арналғандығын көрсетеді. Катушка арқылы айнымалы тоқтың өтуі. Оқушыларға үй жағдайында ең ынғайдысы, тәжірибені картон немесе ағаш каркаска изоляцияланған сым (0,5 0,8 мм) оралған 400-500 орамы бар катушкамен жасаған дұрыс. Катушкаға темір сымнан құрастырылып жасалған темір өзекше енгізу керек: Бұл жағдайда тоқ қуаты кішкентай төмендеткіш трансформатордан алынады. Ол желідегі 220 немесе 127 В кернеуді 2,4,6, т.с.с, 24 вольтке дейінгі төмен вольтты кернеуге төмендете алады (36 волътке дейінгі кернеу «аз кернеуге» жататынын және ол эксперимент жасауға қауіпті болмайтынын ескерте кету керек). Оқушылардың өздері дайындаған катушканы тізбектей аз вольтты 6—12 В шаммен қостды. Трансформатордан алынатын кернеу шамның құжатында көрсетілген кернеуден аз болуы керек. Шам бәсең жанса тәжірибе кезіндегі оның жарықтылығының тербелісі жақсырақ байқалады. Егер тәжірибе мектепте үйірме жұмысында немесе қызықты физика кештерінде жасалса, онда мұғалімнің басшылығы мен үлкен аудитория үшін жасауға болады. Бұл жағдайда мектептің физика кабинетінде болатын трансфюрматор жасауға қолданылатын бөлшектерді пайдалануға болады. Кейбір жағдайда айнымалы тоққа арналған құралдарды сондай кернеудегі тұрақты тоққа қосса, өте күшті тоқтың әсеріиен физикалық құрал жанып кетеді. Бейінделген мектептерде осы тақырыпты өткенде мағлұматты тереңдетіп, кейбір заттардың электр тоғын өткізу қабылеттерін қарастыруға болады. Мысалға, шынының электр тоғын өткізуін зерттейміз. Оған мынандай тәжірибе көрсетіп, сұраққа жауап беруге болады. Оқушыларға әуелі, «шыны электр тоғын өткізе ме» деп сұрақ қойылады. Сұраққа жауап тәжірибемен беріледі. Тәжірибе жасау үшіп, суретте корсетілгендей, диаметрі 3-4 мм болатын шыны түтіктің немссе таяқшаның кішкене кесіндісін алъш, оны суретте көрсетілгендей етіп, арасынан 10 мм шамасында ашық орын қалдырып, сырты тазартылған мыс сыммен бірнеше қайтара ораймыз.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Қолға ұстауға ыңғайлы және кауіпсіз болуы үшін таяқшаның бір ұшынан 10 сантиметрдей жерін бос қалдырамыз. Дайын болған құралды 60-100 ваттық шаммен тізбектей жалғап, оны жарық желісіне қосамыз. Әрине шыныдан тоқ өтпейді, сондықтан да шам жанбайды. Енді өткізгіштердің арасындағы шыны түтікті спирт шамының жалыына үстап қыздырамыз. Біраз уақыттан кейін тутік қызарады да, электр шамы біртіндеп жана бастайды. Енді спиртовканы алып тастаймыз. Оған қарамастан электр шамы жанып тұра береді, ал шыны ең ақыры аяғында балқып кетіп тізбек үзілгенге дейін бірте-бірте күшейе береді. Мұндай тәжірибені түсіндіру де оңай емес. Осы тәжірибе арқылы шынының бұл өткізгіштігі металдардың өткізгіштігі сияқты емес екендігін ғана көрсете аламыз. Шынының электр өткізгіштігі сұйықтардың (электролиттердің) электр өткізгіштігі сияқты.
Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.
Осы тәжірибедегі болған процесс электролиз құбылыстарымен байланысты. Қорыта келгенде, ғалымдар да білімді, заңдылықтарды осы тәжірибеге сүйеніп дәлелдейді. Бірақ ғалымдар тәжірибесінің біздің қүнделікті тәжірибемізден айырмашылығы бар - ғалымдар тәжірибені алдын ала ойлап, белгілі бір мақсатпен жасайды. Бұдан мектепте физикалык тәжірибелер жасағанда мақсатсыз жасайды деп ұғуға болмайды. Оқушыларға физикалық тәжірибелер туралы айтқанда осы тәжірибелерді жасау үшін арнаулы кұрылғылар қажет болатынына назар аудару керек. Қайткенде де білім берудің оң нәтижелерін көрсете отырып, оқушылардың физика сабағына деген ықылассыздығын, кертартпалық ұмтылысын жоюға тиіспіз. Мұғалімдер корпусы өз ісінің шеберлері, жоғарғы кәсіп иелері бұл. мәселені дұрыс түсінеді және нарықтық талаптарға сай дұрыс шешім қабылдап келеді. Өзін өзі бақылау сұрақтары: Физикалық эксперименттің қандай түрлері бар Физикалық эксперименттің міндеттерін көрсетіңдер. Демонстарциялық тәжірибе деген не Лабораториялық жұмыс деген не 4-5-тақырып. ДЭТ-ны (компьютерді) физикалық зерттеулерде қолданудың екі формасы: а)есептеулер үшін және математикалық модельдеуде; б)физикалық эксперименттер нәтижесін өңдеулерде. Дәріс мақсаты: ДЭТ-ны физикалық зерттеулерде қолданудың формаларын көрсету. Жоспар: ДЭТ-ны физикалық зерттеулерде қолданудың формалары. ДЭТ есептеулер үшін қолдану. ДЭТ математикалық модельдеуде қолдану. ДЭТ физикалық эксперименттер нәтижесін өңдеулерде қолдану. Тақырыптың қысқаша мазмұны: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану сапалы білім негізі. Осы мақсатты жүзеге асырғанда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болды. Электронды оқулықта барлық тәжірибелер, тарау бойынша тест сұрақтар, өзіндік есептер, зертханалық жұмыстар толықтай қамтылған. Оқушылар электронды оқулықты пайдалана отырып, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге, оқуға дүниені біліп тануға деген қабілеті шыңдай түседі. Сондықтан, осындай принциптерді басшылыққа ала отырып, физика пәнін ЭЕМ-ның (электронды есептеуіш машина) көмегімен оқыту. Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Жалпы
  1   2   3

  • ГЛОССАРИЙ

  • жүктеу 389.13 Kb.