Главная страница
Контакты

    Басты бет


Отбасылық кеңес «Бала өміріне компьютер ойындарының зияны»

жүктеу 34.67 Kb.



жүктеу 34.67 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі34.67 Kb.

Отбасылық кеңес «Бала өміріне компьютер ойындарының зияны»



Отбасылық кеңес «Бала өміріне компьютер ойындарының зияны»
Халқының 95 пайызы интернетке қосылған, әлемдегі ғаламторды ең көп пайдаланатын елдің бірі - Оңтүстік Корея. Бұл елде жасы 30-дар шамасындағы жастар кәрілік симптомдарымен ауруханаға жиі келетін болған.

Ол симптомдарға есте сақтау қабілетінің нашарлауы, зейіннің әлсіреуі және ұйқысыздық жатады.

Ұйқысыздық немесе инсомния, немесе агрипния - ұйқының ұзақтығы немесе сапасы немесе екеуінің де қанағаттандырмайтын қалыпты ұйқының бұзылуы. Ұйқысыздық – бұл адамның ұйқыдан болатын проблемалық жағдайы.

Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Дәрігерлер оларға «компьютерлік ессіздік» деген диагноз қоя бастаған.

«МИДЫҢ ҮШТЕН БІРІ ІСТЕМЕЙ ТҰРАДЫ»

Мамандардың айтуынша, мұндай ауру түрлерінің көбеюіне теледидардан бастап, компьютердегі түрлі ойындар мен смартфон сияқты құрылғыларды жаппай қолдану, цифрлық технологиялардың дамуы себепші болған.

Теледидар Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Оңтүстік Кореяда қанша адамның «компьютерлік ессіздік» дертіне шалдыққаны белгісіз. Бірақ неврологтар арасында компьютерлік өнімдердің денсаулыққа залалы туралы қызу пікірталас өршіп тұр.

Германиядағы Ульм университеті психиатрия кафедрасының меңгерушісі Манфред Шпитцер «компьютерді шамадан тыс пайдалану бала миының жетілуіне кері әсерін тигізеді» деген пікірді қолдайды.

Психиатрия - 2011 жылы Алматы қаласы «Б. о. ж.» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Б. Жарбосынов, Ғ. М. Құдиярова. Беттер саны - 316.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

​«Күніне бес минут интернет қарау– басқа мәселе. Ал Германияда бір адам орташа есеппен тәулігіне 7 жарым сағат интернетте отырады. Интернетке кірген сайын біздің миымыз өзгере береді, сөйтіп ол ақыр соңында денсаулығымызды нашарлатып жібереді» дейді неміс ғалымы.

Өткен жылы «Цифрлық ессіздік» («Digital Dementia») атты зерттеу кітабын шығарған Шпитцердің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің миы ерекше жұмсақ, нәзік болып келеді. Нейрон жолдары адамның сәби кезінде қалыптасады да, есейгенде сол қалпында қалып қояды.

Сондықтан, баланың миы шынайы қоғамдық ортамен қарым-қатынас жасау арқылы өмірге бейімделуі керек. «Бала табиғи физикалық кедергілерден өтіп, кәдімгі өмірдегі түрлі мәселелерді шешіп дағдылануы керек» дейді Шпитцер.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

Физика Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Оның айтуынша, виртуалды әлем бала миының толық дамуына мүмкіндік бере алмайды.

- Бір затты қолмен түртіп, ұстап көрудің орнына оны компьютерде қозғалтсаңыз, миыңыздың қимыл-қозғалысқа жауап беретін моторика бөлігінің үштен бір бөлігін мүлде қолданбайсыз. Моторика – ми мен қолдың әрекеттесуі. Яғни, компьютерде отырған адамның миының үштен бірі істемей тұрады, - дейді Шпитцер.

Оның айтуынша, интернет қарау барысында тақырыптардың жедел ауысуы, компьютерлік ойын кезінде көріністердің жылдам өзгеруі есте сақтау сияқты күрделі когнитивті дағдылардың қалыптасуына кері әсер етеді.

Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.

Интернетті ақтару барысында жұрттың тақырыпты қалай жиі ауыстыратынын байқау үшін АҚШ ғалымдары сауалнама жүргізген. Оның нәтижелері бойынша, америкалықтар бір сайтты шолып шығуға шамамен бір минут қана жұмсайды екен.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Америкалықтар - АҚШ-тың қазіргі халқы. Жалпы саны - 194,2 млн. адам (1992). Соның ішінде АҚШ-та 193 млн., Канадада 350 мың, Мексикада 135 мың адам. Антропологиялары жағынан әрқилы. Еуропадан қоныс аударушылардан, Африкадан апарылған негрлерден құралған.

Сондықтан, профессор Шпитцер «балалар мен жасөспірімдердің есейіп, миы толық жетілгенге дейін цифрлық медианы қолдануын барынша шектеу керек» деп санайды. Ол 17 жасқа толмаған балалардың мектепте компьютерді пайдалануына қарсы.

«ГЕЙМЕРЛЕР ШАПШАҢ БОЛАДЫ»

Бір неврологтар жаңа технологиялардың жастар санасына зияны туралы айтып дабыл қақса, ғалымдардың келесі бір тобы керісінше, «компьютер жастардың ақыл-ой мүмкіндігін арттырады» дейді.

Женева университетінің профессоры Дафне Бавелиер компьютерлік ойындардың миға әсерін зерттейді. Оның айтуынша, «видео-ойынға құмар балалар (геймерлер) таңсық дағдыларды үйренуге, зейін салуға, бір мезетте бірнеше мәселені шешуге бейім болып келеді».

- Ондай ойындардың кейбір элементтері мидың қозғалғыштық қасиетін арттырып, үйренуге, назар салуға, көру қабілетін күшейтуге оң ықпалын тигізеді. Біз қазір сол пайдалы элементтерді анықтап, балалардың білім алуына және науқастарды сауықтыруға қажетті ойын түрлерін жасап шығаруға тырысып жатырмыз, - дейді Бавелиер.

Оның айтуынша, видео-ойындарға дағдыланған баланың басқаларға қарағанда көп зат бейнеленген суреттің ішінен майда детальдарды байқауы, бір мезетте қозғалып бара жатқан бірнеше нысанды қатар бақылау қабілеттері жоғары болады. Бұлар, мәселен, көлік жүргізуге пайдалы қасиеттер. Оның зерттеулері «видео-ойындар зейінді әлсіретеді» деген пікірді жоққа шығарады. Швейцариялық ғалым:

- Ең бастысы - әр нәрсенің шегін білу. Интернет пен видео-ойындарға тәуелді болып, сағаттап отыру, әрине, зиян. Компьютерді орынды пайдалану керек, - дейді.

Неврологтар арасындағы бұл пікірталас екі мәселенің басын ашып отыр.

Біріншіден, компьютерлік медианың адам миына әсерін зерттеу – ғылымның жаңа саласы. Бұл ғылым теледидарлар пайда болған 1950 жылдар мен үй компьютерлері пайда болған 1970 жылдардан бергі кезеңді қамтиды.



Екіншіден, бұл ғылымның болашақта маңызы еселеп артады, себебі компьютер мен интернеттің, цифрлық технологияның адам өміріндегі рөлі жыл өткен сайын күшейіп барады. 

Отбасылық кеңес

«Бала өміріне компьютер ойындарының зияны»

  • Отбасылық кеңес «Бала өміріне компьютер ойындарының зияны»

  • жүктеу 34.67 Kb.