Главная страница
Контакты

    Басты бет


Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары

жүктеу 100.24 Kb.



жүктеу 100.24 Kb.
Дата05.04.2017
өлшемі100.24 Kb.

Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

Министрінің

2015 жылғы «__»_______

№__ бұйрығына

1-қосымша

Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары

1.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Жалпы ережелер


    1. Осы Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бекіткен оларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары жыртылай өтелетін отандық оңделген тауарлар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көзделген отандық өнделген тауарларды өндіретін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (не олардың өндірілген өкіледі өткізетін еншілес компанияларына) (бұдан әрі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) ұсынылады.

    3. Отандық өңделгенды тауарлар жылжыту кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келген шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі.
      Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.


    4. Шығындардың бір бөлігін өтеу ұлттық институттың тиісті бөлімшелерінің өкілдерінің санынан тұратын жұмыс тобының оң ұсынымдары негізінде шығарылған экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі ұлттық институт) шешімі негізінде жүргізіледі.

5. Жұмыс тобының ережесін және құрамын ұлттық институт бекітеді.

2. Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

1) шетелде отандық өнімнің жарнамасымен байланысты шығындар:

шығындардың өтелетін баптары – шығындар:

бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, тартпаллар, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтер, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама) қоғамдық көлік салондарындағы жарнамаға;

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтерді және жарнама материалдарын дайындауға, жарнамалық құрастырылымдарды және сыртқы беттерді жалға алуға;

2) шетелдік көрмелерге, жәрменкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға жұмсалатын шығындар:

шығындардың өтелетін баптары – шығындар:

тіркеу жарнасын төлеуге;

көрме алаңдарын жалға алуға ;

көрме стендтерін, қосалқы жабдықтарды дайындауға жалғаалуға құрастыруға/бөлшектеуге;

көрме алаңдарын әзірлеуге, дизайнына және ресімдеуге;

жарнамалық – үлестірме материалдар әзірлеу, жобалау дизайны, аудару және дайындауға;

Көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық сыныппен ұшуына;

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

бес тәуліктен аспайтын мерзімге, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген шекті сомадан аспайтын көлемде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына;

3) каталог әзірлеу және басып шығару:

шығындардың өтелетін баптары - шетелде тарату үшін әзірлеу, шет тілдеріне аудару және мамандандырылған каталог басып шығаруға;

4) шетелде сауда нүктесін, өкілдікті ұстау:

шығындардың өтелетін баптары:

кеңсе үй-жайларын жалға алуына/қосалқы жалға алуына жасалатын төлем шығындар;

сауда үй-жайларын жалға алу төлемінің шығындары;

5) шетелде тауар белгілерін өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

шетелде өнімді тіркеумен байланысты шығындар;

шетелде тауар белгісін (брендін) тіркеумен байланысты шығындар;

6) шетелде өнімдерді сертификаттауға байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты шығындар.

7) Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Қазақстан Республикасындағы қосымша құн салығының есебінсіз, өтеуге талап етілеген соманың 50 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі.

8) Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Бұл ретте шетел валюталарында шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

9) Жұмыс тобының қарастыруы үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің:

1) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілері деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өндіруі немесе өткізуді жүзеге асыратын;

2) өзінің өнімін жылжыту бойынша шығындар туралы мәліметтер жазылған:

осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шығындардың түрлеріне жатқызылатын;

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін 3 (үш) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келтірілген өтініштері жіберіледі.

10. Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мыналар қоса берілетін нысан бойынша жасалады:

1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін мемлекеттiк тiркеу/ қайта тіркеу туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не оның салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылатын индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің мөрімен куәландырылған көшірмесі;

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

2) ақысын төлеуге жұмсаған шығындар өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не олардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылатын көшірмелері;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған (бар болған жағдайда) шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;

4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа бағыты бойынша келесі құжаттарды қосымша ұсынады:

1) отандық өнімді шетелде жарнамалау шығындары бойынша – жарнамасы бар отандық өнімнің каталогтары, газеттері, журналдары мен сол сияқтыларының түпнұсқаларының (оның ішінде қазақстандық өнімдер мен өндірушілер туралы жарнамалық мақалалар), телевизиялық жарнаманың бейненұсқаларының (компакт-дискілер және сол сияқтылар) және бейнероликтерінің, аудионұсқалардың (компакт-дискілер және сол сияқтылар) таратылуы, қоғамдық орындарда өткізілген, көлік құралдарының сыртқы бетіндегі, қоғамдық көліктердің салондарындағы жарнамалар туралы фотоесептерінің (Келімге сәйкес орны мен жарнамалық ауданымен толық қамтуымен алынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері);

2) шетелдегі көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерге қатысуға арналған шығындар бойынша – шетелдегі көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерге қатысқандығы туралы фотоесептері (түсірілгінің орны мен күні көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері), үлестірме материалдардың түпнұсқа даналары, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының қолы қойылған көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерді, сондай-ақ осы көрмелерге қатысатын компания - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қызметкерлерінің ұшып келуін және тұруын растайтын материалдардың көшірмелерін көрсете отырып, жарнамалық-үлестірмелік материалдарды шетелде тарату жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы;

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

3) каталогты дайындау және басып шығару шығындары бойынша – каталогтың түпнұсқасы, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының қолы қойылған шетелде тарату жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы;

4) шетелдегі өкілдік, сату нүктесін ұстауға арналған шығындар бойынша – өкілдіктің қаржыландырылуын растайтын құжаттарының мөрмен расталған көшірмелері, сонымен қатар, түсірілгінің орны мен күні көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған сауда нүктесінің фотосуреттері;

5) шетелде өнім мен тауар белгісін (бренд) тіркеуге арналған шығындары бойынша – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған тіркеу құжаттарының көшірмелері;

6) өнімнің шетелде сертификаттауға арналған шығындар бойынша – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және басқалары);

11. Өтінім (әрі қарай - өтінім)және қоса берілетін құжаттар құжаттар сипаттауы қоса берілетін қағаз тасығыштарда ұсынылады.

12. Өтінімді ұлттық институт немесе Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қабылдайды.

13. Уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ұлттық институт өтінімді қабылдау орны мен оған қоса берілетін құжаттарды, өтінімді қабылдау туралы және оны қабылдайтын ұлттық институттың атауын, өтінім қабылдаудың аяқталу күні, сондай-ақ толық ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа жасалған сілтемені көрсете отырып, хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

14. Өтінімді қарастыру қорытындылары бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығынын өтеудің болжанған сомасы ағымдағы жылдың республикалық бюджетіндегі осы мақсаттарға қарастырылған сомадан асып кететін жағдайда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің алғашқы болып түскен өтінімдерінің басымдылығы болады.

Қабылдау күндері аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырылып кері қайтарылады.

15. Осы Қағидалардың 10-бабындағы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жібереді. Ескертулер өтінімді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін жойылмаған жағдайда, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінімді қабылдамау жөнінде хабарлама жібереді.

16. Осы Қағидалар талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сенімсіз құжаттарды тапсырған жағдайда өтінім қабылданбауы мүмкін.

Жұмыс тобының мүшесі өтінім қабылдау сәтінен бастап он бес жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексеріп, осы 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінімге түйіндеме дайындап, оны өтініммен қоса жұмыс тобының тексеруіне жібереді. Жұмыс тобы өтінім мен оған түйіндеменің негізінде өтінімге қоса тіркелген құжаттарды тексеріп, қорытынды жасап, оларды шешім қабылдау үшін ұлттық институттың басшысына жібереді.

Жұмыс тобының отырыстары өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған сәтен бастап тоқсанына бір рет өткізіледі.

Қорытындыда индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы, шеккен шығынның түрлері мен сомасы, шығынды өтеуге болжан сома жазылуға тиіс.

18. Ұлттық институттың басшысы жұмыс тобының қорытыныдысын алған сәттен бастап, он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығынының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды.

19. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өтінімін кері қайтарған жағдайда жұмыс тобы оған кері қайтару себебін көрсете отырып тиісті хабарлама жібереді.

20. Ұлттық институт шешім қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4-қосымшаға үлгілі келісімге сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есепшоттарына өтелетін соманы аудару жүргізілетін сәйкес қаражат аудару туралы келісім жасады. Келісімге өтініш түйіндемесінің көшірмесі қоса беріледі.



21. Ұлттық институттың Отандық өңделген тауарларды, қоса берілген жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға қызмет көрсету барысында оларға келтірілген әкімшілік шығындардың өтемақысы республикалық бюджетте аталған шығынның бір бөлігін өтеуге көзделген қаражат есебінен ұлттық институт ұсынған сметаға сәйкес жүзеге асыралады.

  • 2. Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

  • жүктеу 100.24 Kb.