Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қорлар болып табылмайтын, салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері

жүктеу 280.19 Kb.



жүктеу 280.19 Kb.
Дата14.09.2018
өлшемі280.19 Kb.

Қорлар болып табылмайтын, салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері


II ҚОСЫМША Мына Ұйымдар салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері ретінде немесе нақты жағдайға байланысты талаптарды шартты түрде сақтаушы шетелдік қаржы мекемелері ретінде қаралады және мынадай шоттар Қаржы шоттарының анықтамасынан алып тасталады.
Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Осы II қосымша: (1) оған қосымша Ұйымдар мен АҚШ тұлғаларының АҚШ салықтарын төлеуден жалтару үшін оларды пайдалану тәуекелі болмашы және Келісімге қол қойылған күні осы II қосымшада сипатталған Ұйымдармен және шоттармен бірдей сипаттамалары бар шоттарды қосу; немесе (2) одан Ұйымдар мен АҚШ тұлғаларының АҚШ салықтарын төлеуден жалтару үшін оларды пайдалану тәуекелі, өзгерген мән-жайларға байланысты болмашы болуын тоқтатқан шоттарды алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының және Құрама Штаттардың Құзыретті органдары арасында жасалған өзара жазбаша шешімнің негізінде өзгертілуі мүмкін.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Кез келген осындай толықтырулар немесе алып тастаулар, егер көрсетілген құжаттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, өзара шешімге қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Осындай өзара шешім жасасу рәсімдері Келісімнің 3-бабының 6-тармағында сипатталғандай, өзара келісімге немесе уағдаластыққа енгізілуі мүмкін. I. Қорлар болып табылмайтын, салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері. Төлемдер Белгілі бір сақтандыру компаниясы, Кастодиандық мекеме немесе Депозиттік мекеме айналысатын коммерциялық қаржы қызметімен байланысты міндеттемелерден туындайтын жағдайларды қоспағанда, мынадай Ұйымдар Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы мекемелері және АҚШ Салық кодексінің 1471 және 1472-бөлімдерінің мақсаттары үшін салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері ретінде қаралады. А.
Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Үкіметтік ұйым. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының кез келген әкімшілік-аумақтық бірлігі (екі мағынада түсінулерді болғызбау үшін ол штатты, облысты, округті немесе муниципалитетті қамтиды) немесе Қазақстан Республикасына толығымен тиесілі Қазақстан Республикасының кез келген агенттіктері немесе ведомостволары немесе жоғарыда көрсетілген субъектілердің кез келген біреуі немесе одан көбі (әрқайсысы жеке алғанда «Қазақстан Республикасының үкіметтік ұйымы»). Бұл санатқа Қазақстан Республикасының құрамбөліктері, бақыланатын ұйымдары және әкімшілік-аумақтық бірліктері енгізіледі. 1. Қазақстан Республикасының басқару органдарын білдіретін кез келген тұлға, ұйым, агенттік, бюро, қор, ведомство немесе өзге де органдар, қалай айқындалғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының құрамбөліктері деп түсініледі.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Басқару органының таза кірісі көрсетілген басқару органының шотына немесе Қазақстан Республикасының басқа да шоттарына аударылуға тиіс, көрсетілген таза кірістің ешбір бөлігі де кез келген жеке адамның пайдасына кіріс болып табылмайды. Құрамбөлік билік жүргізуші, лауазымды тұлға немесе әкімші болып табылатын жеке адам ретінде немесе жеке өздері әрекет ететін кез келген адамды қамтымайды. 2.
Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) - акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.
Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.
Қазақстан Республикасынан нысаны бойынша ерекшеленетін немесе мынадай: a) Ұйым Қазақстан Республикасының бір немесе одан да көп Үкіметтік ұйымының толық меншігінде болатын және олар тікелей немесе бір және одан көп бақыланатын ұйымдар арқылы бақылайтын; b) Ұйымның таза кірісі оның өз шотына немесе Қазақстан Республикасының бір немесе одан көп Үкіметтік ұйымының шоттарына аударылатын, оның кірісінің ешбір бөлігі де жеке адамның пайдасына кіріс болмайтын; және c) Ұйым таратылған жағдайда, оның активтері Қазақстан Республикасының бір немесе одан көп Үкіметтік ұйымына берілетін жағдайларда, өзі дербес заңды тұлға болып табылатын Ұйым бақыланатын ұйым деп түсініледі. 3. Егер жеке адамдар мемлекеттік бағдарлама бойынша нысаналы пайда алушылар болып табылса және мұндай бағдарлама бүкіл халықтың жалпы әл-ауқатына қатысты оның пайдасына арналған іс-шараларды немесе нақты мемлекеттік басқару саласына қатысты болса, кіріс осындай тұлғалардың пайдасына кіріс болып табылмайды.
Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Алайда, жоғарыда баяндалғанға қарамастан, егер кіріс жеке тұлғаларға қаржылық қызметтерді ұсыну үшін үкіметтік ұйым арқылы, мысалы, банктік қызмет сияқты коммерциялық қызмет жүргізу есебінен алынса, кіріс жеке тұлғалардың пайдасына кіріс деп есептеледі. В. Халықаралық ұйым. Бұл кез келген халықаралық ұйым немесе толығымен оның меншігіндегі кез келген агенттік немесе ведомство. Бұл санатқа (1) ең бастысы АҚШ Үкіметі емес үкіметтерді қамтитын; (2) штаб-пәтер туралы Қазақстан Республикасымен қолданыстағы келісімі бар; және (3) кірістері жеке тұлғалардың пайдасына арналмаған кез келген үкіметаралық ұйымдар (ұлттық ұйымдардан жоғары тұрған ұйымдарды қоса алғанда) кіреді. С. Орталық Банк. Заң бойынша немесе Үкіметтің рұқсатымен, ақша ретінде жүруге арналған құралдарды шығаруға құқығы бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзін қоспағанда, басты орган болып табылатын мекемесі. Мұндай мекеме, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бөлек, Қазақстан Республикасының толық немесе жартылай меншігіндегі немесе меншігінде емес ведомствоны қамтуы мүмкін. II. Салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері ретінде сыныпталатын қорлар. Мынадай Ұйымдар Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы мекемелері және АҚШ Салық кодексінің 1471 және 1472-бөлімдерінің мақсаттары үшін салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелері ретінде қаралады. A. Салық салу туралы келісімге сәйкес жеңілдіктерге ие зейнетақы қоры.
Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.
Қазақстан Республикасында құрылған қор, егер жеңілдіктерді пайдалануға арналған шектеу жөніндегі кез келген қолданылып жүрген талапқа сәйкес келетін және зейнетақыларды немесе жұмыстан шығу жәрдемақыларын басқару немесе қамтамасыз ету негізгі қызметі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті ретінде Құрама Штаттар аумағындағы қаржы көздерінен алатын кірісіне (немесе егер көрсетілген жеңілдіктерге құқығы болса, егер осындай кез келген кіріс алса) салық салу бойынша Қазақстан Республикасы мен Құрама Штаттар арасындағы табыс салығы туралы келісімге сәйкес жеңілдіктерге құқығы бар болса, көрсетілген қор. B.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Ашық түрде қол жеткізілетін зейнетақы қоры. Жұмыстан шығу жәрдемақыларын, мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақыларды беру мақсатында немесе көрсетілген жәрдемақыларды бір немесе бірнеше жұмыс берушінің қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері (немесе осындай жұмыскерлер ретінде көрсетілген адамдар) болып табылатын алушыларға: 1. Қордың қор активтерінің бес пайыздан асатын үлесіне құқығы бар ешбір осындай бенефициары болмаған; 2. Қор мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының салық органдарына ақпарат беретін;
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
және 3. Қор, ең болмаса, мынадай: a) қор, әдетте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан шығу немесе зейнеткерлікке шығу жәрдемақыларын беруші ретіндегі мәртебесіне орай Қазақстан Республикасында инвестициялық кіріске салық төлеуден босатылған; b) қор жарналарының бүкіл сомасының кемінде 50 пайызы (осы бөлімнің A-D тармақтарында сипатталған басқа да жұмыстан шығу немесе зейнеткерлікке шығу жәрдемақыларынан активтерді немесе осы II қосымшаның V бөлімінің А (1) тармақшасында сипатталған жұмыстан шығу жәрдемақыларына арналған шоттардан және зейнетақы шоттарынан аударуды қоспағанда) демеушілік көрсететін жұмыс берушілерден түскен жарналарына сай келетін; c) жұмыстан шығуына, мүгедектігіне немесе қайтыс болуына байланысты көрсетілген жағдайлар басталған кезде ғана төлемақыларға немесе қаражатты қордан шығарып алуға (осы бөлімнің A-D тармақтарында сипатталған басқа да зейнетақы қорларына немесе осы II қосымшаның V бөлімінің А (1) тармақшасында сипатталған жұмыстан шығу және зейнеткерлікке шығу жәрдемақыларына арналған шоттарға қаражат аударуды қоспағанда) рұқсат етілген немесе осындай көрсетілген жағдайлар басталғанға дейінгі төлемдер немесе қаражатты қордан шығарып алу үшін айыппұлдар салынған; немесе d) жұмыскерлердің қорға төлейтін жарналарының сомасы (шотты толтыру үшін өзге де рұқсат етілген жарналарды қоспағанда) жұмыскердің тапқан табысының сомасын негізге ала отырып шектелуі мүмкін болатын немесе шоттарды біріктіру және басқа валютадағы соманы қайта есептеу туралы бөлімдегі I қосымшада көрсетілген қағидаларды қолдану кезінде жыл сайын 50,000 АҚШ долларынан асыруға болмайтын талаптардың біріне сәйкес келетін жағдайда, олар ұсынған қызметтер үшін сыйақы есебінен олардың кез келген кешенін ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасында құрылған қор. C.
Валюта(итал. voluta - құн, баға) - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге, Ресейдікі - рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
Қолжетімділігі шектеулі зейнетақы қоры. Бір немесе бірнеше жұмыс берушінің қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері (немесе осындай жұмыскерлер ретінде көрсеткен адамдар) болып табылатын бенефициарларға жұмыстан шығу жәрдемақыларын, мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақыларды: 1. Қорда 50 қатысушыдан аз болған; 2. Қорды Инвестициялық ұйымдар немесе белсенді емес ШҚЕҰ болып табылмайтын бір немесе бірнеше жұмыс беруші қаржыландырған; 3.
Жұмыс беруші - жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.)
Жұмыскер мен жұмыс берушінің қорға төлейтін жарналарының сомалары (активтерді осы бөлімнің А тармағында сипатталған салық салу туралы келісімге сәйкес жеңілдіктері бар зейнетақылық қорлардан немесе осы II қосымшаның V бөлімінің А (1) тармақшасында сипатталған жұмыстан шығу жәрдемақыларына арналған шоттардан және зейнетақы шоттарынан аударуды қоспағанда) тиісінше жұмыскердің тапқан табысының және жұмыскер жалақысының сомасын негізге ала отырып шектелетін; 4. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын қорға қатысушылардың қор активтерінің 20 пайыздан асатын үлесіне құқығы болмайтын; және 5. Қор мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының салық органдарына есеп беретін жағдайларда, олар ұсынған қызметтер үшін сыйақы есебінен беру мақсатында Қазақстан Республикасында құрылған қор. D. Салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесінің зейнетақы қоры. Бенефициарларға немесе салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесінің қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері (немесе осындай жұмыскерлер ретінде көрсетілген адамдар) болып табылатын қатысушыларға немесе, егер осындай бенефициарларға немесе қатысушыларға жәрдемақы олар салықты ұстаудан босатылған бенефициарға ұсынған қызметтер үшін сыйақы есебінен берілсе, оның қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері болып табылмайтындарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын, мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақыларды беру үшін салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесі Қазақстан Республикасында құрған қор. E. Салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесінің толық меншігіндегі инвестициялық ұйым. Ұйымдағы Үлестік қатысудың әрбір тікелей иесі - салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесі және осындай Ұйымдағы борыштық қатысудың әрбір тікелей иесі немесе Депозиттік мекеме (осындай Ұйым ұсынған қарызға қатысты) немесе салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иесі болып табылатын жағдайда, Инвестициялық ұйымы болғаны үшін ғана Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі болып табылатын Ұйым. III. Шағын қаржы мекемелері немесе талаптарды шартты түрде сақтаушы деп танылған қызметтер көрсету спектрі шектеулі Қаржы мекемелері. Мынадай Қаржы мекемелері Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы мекемелері болып табылады, олар АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін талаптарды шартты түрде сақтаушы шетелдік қаржы мекемелері ретінде қаралады. А. Жергілікті клиенттері бар қаржы мекемесі. Мынадай талаптарды қанағаттандыратын Қаржы мекемесі: 1. Қаржы мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы мекемесі ретінде лицензиялануға және реттелуге тиіс; 2. Қаржы мекемесінің тұрақты қызмет орны Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерде болмауға тиіс. Бұл ретте, жұртшылыққа хабарланбайтын және Қаржы мекемесі әкімшілік қолдау функциясын ғана жүзеге асыратын қызмет орны тұрақты қызмет орны деген ұғымға кірмейді; 3. Қаржы мекемесі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі клиенттерді немесе Шот иелерін тартпауға тиіс. Бұл ретте, Қаржы мекемесі: (а) веб-сайты бар, бірақ бұл сайтта Қаржы мекемесі Қаржы шоттарын ашуды немесе бейрезиденттер үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатыны арнайы көрсетілмеген және сайт америкалық клиенттерге немесе Шот иелеріне немесе оларды өзгеше тартуға арналмаған жағдайда ғана, немесе (b) ең бастысы Қазақстан Республикасында таратылатын немесе хабар тарататын және мезгіл-мезгіл басқа елдерде де таратылатын немесе хабар ретінде таратылатын бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарында немесе радио немесе телеарналарда жарнамалық хабарландыруларды орналастырса, бірақ жарнамалық хабарландыруда Қаржы мекемесі Қаржы шоттарын ашуды немесе бейрезиденттер үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатыны арнайы көрсетілмеген және бұл хабарландыру америкалық клиенттерге немесе Шот иелеріне немесе оларды өзгеше тартуға арналмаған жағдайда ғана, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі клиенттерді немесе Шот иелерін тартушы мекеме ретінде қаралмайды; 4.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Қаржы мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қаржы шоттары бойынша есептілікті жасау немесе резиденттерге тиесілі Қаржы шоттары бойынша салық ұстау үшін немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық жолымен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарына сәйкес кешенді тексеру жөніндегі талаптарды орындау үшін Шоттардың резидент иелерін айқындауға міндетті болуға тиіс; 5.
Қылмыс- қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
Қаржы мекемесі Қаржы шоттарының кемінде 98 пайызы құндық мәнінде Қазақстан Республикасының резиденттеріне (Ұйымдар болып табылатын резиденттерді қоса алғанда) тиесілі болуға тиіс; 6. Қайсысы кешірек болатынына байланысты, Белгіленген күннен немесе Қаржы мекемесі өзін осы А параграфына сәйкес талаптарды сақтаушы шетелдік қаржы мекемесі ретінде тану туралы өтініш берген күннен кешіктірмей, Қаржы мекемесіне кез келген Қатыспайтын қаржы мекемесі үшін Қаржы шоттарын ашуға мүмкіндік бермейтін және Қаржы мекемесінің Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын (Қаржы шоты ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті болған, бірақ кейіннен Қазақстан Республикасының резиденті болуын тоқтатқан АҚШ-тың адамын қоса алғанда) АҚШ-тың кез келген Белгілі бір тұлғасына Қаржы шотын ашқанын немесе оны жүргізетінін немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын, АҚШ резиденттері немесе АҚШ азаматтары болып табылатын Бақылаушы тұлғалары бар белсенді емес кез келген ШҚЕҰ-ның Қаржы шотын ашқанын немесе жүргізетінін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін I қосымшада көрсетілгендерге сәйкес келетін Қаржы мекемесінің қағидалары мен рәсімдері болуға тиіс; 7.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Мұндай қағидалар мен рәсімдер, егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасына немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын, АҚШ резиденттері немесе АҚШ азаматтары болып табылатын Бақылаушы тұлғалары бар белсенді емес ШҚЕҰ-ға тиесілі Қаржы шоты анықталса, Қаржы мекемесі, егер Қаржы мекемесі Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі (оның ішінде FATCA бойынша ФСБ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындай отырып) болып табылған жағдайда талап етілетіндей, осындай Қаржы шоты туралы ақпаратты есепке енгізуге немесе осындай Қаржы шотын жабуға тиіс екенін көздеуге тиіс; 8. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғаға немесе Ұйымға тиесілі Бұрын ашылған шотқа қатысты Қаржы мекемесі Қатыспайтын қаржы мекемесіне тиесілі АҚШ-тың Есеп беретін шотын немесе Қаржы шотын айқындау үшін Бұрын ашылған шоттарға қолданылатын I қосымшада көрсетілген рәсімдерге сәйкес осы Бұрын ашылған шоттарды тексеруге тиіс және егер Қаржы мекемесі Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі (оның ішінде FATCA бойынша ФСБ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындай отырып) болған жағдайда талап етілетіндей, осындай Қаржы шоты туралы ақпаратты есепке енгізуге немесе мұндай Қаржы шотын жабуға тиіс; 9. Қаржы мекемесі болып табылатын Қаржы мекемесінің кез келген Байланысты ұйымы, осы II қосымшаның II бөлімінің A-D тармақтарында көрсетілген зейнетақы қоры болып табылатын кез келген Байланысты ұйымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелуге немесе құрылуға тиіс және А тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс; және 10. АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қаржы шоттарын ашуға немесе жүргізуге қатысты Қаржы мекемесінің кемсітушілік қағидаттары немесе практикасы болмауға тиіс. В. Жергілікті банк. Мынадай талаптарға сәйкес келетін Қаржы мекемесі: 1. Қаржы мекемесі: (а) банк немесе (b) пайдасыз жұмыс істейтін (және лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін) кредиттік одақ немесе соған ұқсас кооперативтік кредиттік ұйым ретінде ғана өз қызметін жүзеге асырады; 2.
Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.
Қаржы мекемесінің коммерциялық қызметі, ең бастысы, егер бұл банкке қатысты болса, байланысты емес жекелеген клиенттерден депозиттер алуды және осындайларға қарыздар беруді, егер бұл кредиттік одаққа немесе соған ұқсас кооперативтік кредиттік ұйымға қатысты болса - мүшесінің осындай кредиттік одаққа немесе кооперативтік кредиттік ұйымға қатысу үлесі бес пайыздан аспайтын жағдайда, өз мүшелерінен депозиттер алуды және осындайларға қарыздар беруді білдіреді; 3. Қаржы мекемесі, осы бөлімнің А (3) тармақшасында көрсетілген веб-сайттағы шектеулерге қосымша веб-сайт қаржы шоттарын ашуға мүмкіндік бермеген жағдайда, осы бөлімнің А (2) және А (3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келеді; 4. Қаржы мекемесі өз баланстық есебінің активтерінде 175 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды, ал Қаржы мекемесі мен кез келген Байланысты ұйымдар өздерінің шоғырландырылған немесе жалпы баланстық есептерінде активтердің жалпы сомасымен жиынтығында 500 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды; және 5. Кез келген Байланысты ұйым Қазақстан Республикасында тіркелуге немесе құрылуға тиіс және осы II қосымшаның II бөлімінің A-D тармақтарында көрсетілген зейнетақы қоры немесе осы бөлімнің С тармағында көрсетілген аз ғана сомаға шоттары бар Қаржы мекемесі болып табылатын кез келген Байланысты ұйымды қоспағанда, Қаржы мекемесі болып табылатын кез келген Байланысты ұйым осы В тармағында көрсетілген талаптарға сай келуге тиіс. C. Аз ғана сома шоттары бар қаржы мекемесі. Мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі: 1. Қаржы мекемесі Инвестициялық ұйым болып табылмайды; 2. Қаржы мекемесіндегі немесе кез келген Байланысты ұйымдағы қаржы шоттарын шоттарды біріктіруге және сомаларды басқа валютамен қайта есептеуге қатысты I қосымшада көрсетілген қағидаларды қолдану кезінде қалдығы немесе сомасы 50,000 АҚШ долларынан асатын бірде-бір Қаржы шоты болмауға тиіс; және 3. Қаржы мекемесі өз баланстық есебінің активтерінде 50 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды және Қаржы мекемесі мен кез келген Байланысты ұйымдар өздерінің шоғырландырылған немесе жалпы баланстық есептерінде активтердің жалпы сомасымен жиынтығында 50 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды. D. Кредиттік карталардың сыныпталған эмитенті. Мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі: 1. Қаржы мекемесі, клиент карта бойынша берешектің сомасынан асатын төлемді жүргізген және артық төлем сомасы клиентке дереу қайтарылмайтын жағдайда ғана депозиттер қабылдайтын кредиттік карталардың эмитенті болуы себебінен ғана Қаржы мекемесі болып табылады; және 2. Қайсысы кешірек болатынына байланысты, Белгіленген күннен немесе Қаржы мекемесі өзін осы D параграфына сәйкес талаптарды шартты түрде сақтаушы шетелдік қаржы мекемесі ретінде тану туралы өтініш берген күннен кешіктірмей, Қаржы мекемесі шоттарды біріктіруге және сомаларды басқа валютамен қайта есептеуге қатысты I қосымшада көрсетілген қағидалар орындалатын әрбір жағдайда, клиент депозитінің 50,000 АҚШ долларынан асатын сомада болуына жол бермеуге не сомасы 50,000 АҚШ долларынан асатын депозитті кез келген клиентке 60 күннің ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге бағытталған қағидалар мен рәсімдерді енгізеді.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Бұл ретте, клиенттің депозиті дау тудыратын есепке жатқызу мөлшеріндегі кредиттік балансқа жатпайды, бірақ тауарды қайтару салдарынан туындаған кредиттік балансты қамтиды. IV. Талаптарды сақтаушы шетелдік қаржы мекемелері ретінде сыныпталатын инвестициялық ұйымдар және өзге де арнайы қағидалар. Осы бөлімнің А-Е тармақтарында көрсетілген Қаржы мекемелері Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы мекемелері болып табылады, олар АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін талаптарды шартты түрде сақтаушы шетелдік қаржы мекемелері ретінде қаралады. Бұдан басқа, осы бөлімнің F тармағы Инвестициялық ұйымға қолданылатын арнайы қағидаларды көздейді. A. Сенімгерлік басқарушыға ресімделген траст.
Сенімгерлік(ағылш. trust - сенім, тапсырма) сенімгерлік негізде басқаруға берілген мүлік (сенімгерлік меншік); иеленушісіне мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын беретін құжат; меншікті сенімгерлікпен басқару.
Трастың сенімгерлік басқарушысы АҚШ-тың Есеп беретін қаржы мекемесі, 1-модель бойынша Есеп беретін шетелдік қаржы мекемесі немесе Қатысушы шетелдік қаржы мекемесі болып табылатын және, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі (оның ішінде FATCA бойынша ФСБ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындай отырып) болған жағдайда талап етілетіндей, сенімгерлік басқарушы Келісімге сәйкес талап етілетін барлық ақпаратты есепке енгізген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған Траст. B. Демеушілік көрсетілетін инвестициялық ұйым және Бақыланатын шетелдік корпорация.
Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.
Осы бөлімнің В(1) немесе В(2) тармақшаларында көрсетілген, осы бөлімнің В(3) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін демеушілік көрсететін ұйымы бар Қаржы мекемесі. 1. Қаржы мекемесі, егер: (а) бұл Қазақстан Республикасында құрылған, АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларына сәйкес білікті делдал, салық ұстайтын шетелдік әріптестік немесе салық ұстайтын шетелдік траст болып табылмайтын Инвестициялық ұйым болса; және (b) Ұйым Қаржы мекемесімен осы Қаржы мекемесіне демеушілік көрсететін ұйым ретінде әрекет етуге уағдаласса, демеушілік көрсетілетін инвестициялық ұйым болып табылады. 2. Қаржы мекемесі, егер: (а) Қаржы мекемесі – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларына сәйкес білікті делдал, салық ұстайтын шетелдік әріптестік немесе салық ұстайтын шетелдік траст болып табылмайтын бақыланатын шетелдік корпорация1 болса; (b) Қаржы мекемесіне демеушілік көрсететін ұйым ретінде әрекет етуге келіскен немесе Қаржы мекемесінің филиалынан осыны талап ететін АҚШ-тың Есеп беретін қаржы мекемесі Қаржы мекемесін толықтай, тікелей немесе жанама түрде иеленсе; және (с) Қаржы мекемесінің демеушілік көрсететін ұйымға Қаржы мекемесінің барлық Шот иелерін және төлемдерді алушыларын айқындауға және өзгелердің арасында клиенттің сәйкестендіру ақпаратын, клиент жөніндегі құжаттаманы, шоттағы қалдықты және Шот иесі немесе төлемдерді алушы жүргізген барлық төлемдерді қоса алғанда, Қаржы мекемесінде сақталатын, шоттар мен клиенттерге қатысты барлық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін демеушілік көрсететін ұйыммен ортақ электрондық шоттар жүйесі болса, демеушілік көрсетілетін бақыланатын шетелдік корпорация болып табылады. 3. Демеушілік көрсететін ұйым мынадай талаптарға сай келеді: a) демеушілік көрсететін ұйым FATCA бойынша ФСБ-ның тіркеу веб-сайтындағы қолданыстағы тіркеу талаптарын орындау үшін Қаржы мекемесі атынан (қорды басқарушы, сенімгерлік басқарушы, корпоративтік директор немесе басқарушы әріптес ретінде) әрекет етуге уәкілетті; b) демеушілік көрсететін ұйым FATCA бойынша ФСБ-ның тіркеу веб-сайтында ФСБ-дағы демеушілік көрсететін ұйым ретінде тіркелген; c) егер демеушілік көрсететін ұйым Қаржы мекемесіне қатысты АҚШ-тың кез келген Есеп беретін шотын айқындаса, демеушілік көрсететін ұйым қайсысы кешірек болатынына байланысты, 2016 жылғы 31 желтоқсанда және одан бұрын АҚШ-тың осы Есеп беретін шоты алғаш анықталғаннан кейін 90 күннен соң, FATCA бойынша ФСБ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарына сәйкес Қаржы мекемесін тіркейді; d) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы мекемесінің атынан кешенді тексеру, салықты ұстау, есептілік бойынша барлық талаптарды, сондай-ақ Қаржы мекемесі, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі болса, орындауға тиіс басқа да талаптарды орындауды өз міндетіне алады; e) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы мекемесін және Қаржы мекемесінің (FATCA бойынша ФСБ тіркеу веб-сайтындағы қолданыстағы тіркеу талаптарын орындағаннан кейін алынған) сәйкестендіру нөмірін Қаржы мекемесінің атынан жасалған барлық есептілікте көрсетеді; және f) демеушілік көрсететін ұйым өзінің демеуші мәртебесінен айырылып қалмаған. С. Демеушілік көрсетілетін жабық инвестициялық құрылым.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі: 1. Қаржы мекемесі Инвестициялық ұйым болып табылатыны және АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларына сәйкес білікті делдал, салық ұстайтын шетелдік әріптестік немесе салық ұстайтын шетелдік траст болып табылмауы себебінен ғана Қаржы мекемесі болып табылады; 2. Демеушілік көрсететін ұйым АҚШ-тың Есеп беретін қаржы мекемесі, 1-модель бойынша Есеп беретін шетелдік қаржы мекемесі немесе Қатысушы шетелдік қаржы мекемесі болып табылады, ол Қаржы мекемесінің атынан (кәсіби менеджер, сенімгерлік басқарушы немесе басқарушы әріптес ретінде) әрекет етуге уәкілетті және Қаржы мекемесінің атынан кешенді тексеру, салықты ұстау, есептілік бойынша барлық талаптарды, сондай-ақ Қаржы мекемесі, егер ол Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі болса, орындауға тиіс басқа да талаптарды орындауға келіседі; 3. Қаржы мекемесі байланысты емес тараптарға қатысты инвестициялық құрылым ретінде әрекет етпейді; 4. Қаржы мекемесіне бүкіл борыштық қатысу мен үлестік қатысудың меншік иелері (меншік иелері қатысушы шетелдік қаржы мекемелері мен талаптарды шартты түрде сақтаушы шетелдік қаржы мекемелері болып табылатын борыштық қатысу үлестерін және егер осы Ұйымға Қаржы мекемесіндегі үлестік қатысудың 100 пайызы тиесілі және ол өзі осы С тармағында көрсетілген, демеушілік көрсетілетін Қаржы мекемесі болып табылатын болса, осы Ұйым меншік иесінің үлестік қатысуын есепке алмағанда) жиырма немесе одан аз жеке тұлға болып табылады; және 5. Демеушілік көрсететін ұйым мынадай талаптарға сәйкес келеді: a) демеушілік көрсететін ұйым FATCA бойынша ФСБ тіркеу веб-сайтында ФСБ-да демеушілік көрсететін ұйым ретінде тіркелген; b) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы мекемесінің атынан кешені тексеру, салық ұстау, есептілік бойынша барлық талаптарды, сондай-ақ Қаржы мекемесі, егер ол Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі болса, орындауға тиіс басқа да талаптарды орындауға келіседі және Қаржы мекемесіне қатысты жинақталған құжаттаманы алты жыл бойы сақтайды; c) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы мекемесін оның атынан жасалған барлық есептілікте көрсетеді; және d) демеушілік көрсететін ұйым өзінің демеуші мәртебесінен айырылып қалмаған. D. Инвестициялық консультанттар және инвестициялық менеджерлер. Қазақстан Республикасында құрылған, Қатыспайтын қаржы мекемесінен басқа, Қаржы мекемесіндегі клиенттің атынан орналастырылған қаражатты инвестициялау, басқару немесе билік ету мақсатында (1) клиент үшін және оның атынан инвестициялық консультация беру қызметтерін көрсетуі немесе (2) клиент үшін және оның атынан портфельді басқару бойынша қызметтерді көрсетуі себебінен ғана Қаржы мекемесі болып табылатын Инвестициялық ұйым. E. Ұжымдық инвестициялар құрылымы. Қазақстан Республикасында құрылған, (50,000 АҚШ долларынан асатын борыштық қатысуды қоса алғанда) салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелерінің, осы I қосымшаның VI бөлімінің В(4) тармақшасында сипатталған белсенді ШҚЕҰ-ның, АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары болып табылмайтын АҚШ тұлғаларының немесе Қатыспайтын қаржы мекемелері болып табылмайтын Қаржы мекемелерінің біреуі немесе одан көп ұжымдық инвестициялар құрылымына қатысудың барлық үлестерінің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын жағдайда, ұжымдық инвестициялар құрылымы ретінде реттелетін инвестициялық ұйым. F. Инвестициялық ұйымға қатысты арнайы қағидалар. Мынадай қағидалар Инвестициялық ұйымға қатысты қолданылады: 1. Осы бөлімнің Е тармағында сипатталған ұжымдық инвестициялар құрылымы болып табылатын Инвестициялық ұйымға үлестік қатысуға қатысты кез келген Инвестициялық ұйымның (ұжымдық инвестициялар құрылымында қатысу үлестеріне ие болу жүзеге асырылатын Қаржы мекемесінен басқа) есептілігі бойынша міндеттемелер орындалған болып есептеледі. 2. Мыналарға: a) Салықты ұстаудан босатылған бенефициарлы меншік иелерінің, осы I қосымшаның VI бөлімінің В(4) тармақшасында сипатталған белсенді ШҚЕҰ-ның, АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары болып табылмайтын АҚШ тұлғаларының немесе Қатыспайтын қаржы мекемелері болып табылмайтын Қаржы мекемелерінің біреуі немесе одан көп меншік иесі барлық қатысу үлестерінің меншік иелері немесе иелері (50,000 АҚШ долларынан асатын борыштық қатысуды қоса алғанда) арқылы болып табылатын, ұжымдық инвестициялар құрылымы ретінде реттелетін Әріптестік юрисдикцияда құрылған Инвестициялық ұйымға; немесе b) АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті қағидаларына сәйкес білікті ұжымдық инвестициялар құрылымы болып табылатын Инвестициялық ұйымға қатысу үлестеріне қатысты; Қазақстан Республикасының Қаржы мекемесі болып табылатын (ұжымдық инвестициялар құрылымындағы қатысу үлестерін иелену жүзеге асырылатын Қаржы мекемесінен басқа) кез келген Инвестициялық ұйымның есептілікті ұсыну бойынша міндеттемелері орындалған болып есептеледі. 3. Осы бөлімнің Е тармағында немесе F (2) тармақшасында сипатталмаған, Қазақстан Республикасында құрылған Инвестициялық ұйымға қатысу үлестеріне қатысты Келісімнің 5-бабының 3-тармағына сәйкес барлық басқа Инвестициялық ұйымдардың есептілігі бойынша міндеттемелер, егер бірінші атап көрсетілген Инвестициялық ұйым ұсынуға тиіс ақпаратты Келісім бойынша көрсетілген қатысу үлестеріне қатысты осы Инвестициялық ұйым немесе басқа тұлға ұсынған болса, орындалған болып есептеледі. 4. Қазақстан Республикасында құрылған, ұжымдық инвестициялар құрылымы ретінде реттелетін Инвестициялық ұйым осы бөлімнің Е тармағына немесе F (2) тармақшасына сәйкес немесе өзге де негіздер бойынша, ұжымдық инвестициялар құрылымының ұсынушыға арналған акцияларды құжат түрінде шығаруына байланысты ғана мынадай: a) ұжымдық инвестициялар құрылымы 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ұсынушыға арналған қандай да бір акцияларды шығармаған және шығармайтын; b) ұжымдық инвестициялар құрылымы сатып алған кездерінде барлық сондай акциялардың күшін жояды; c) ұжымдық инвестициялар құрылымы (немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы мекемесі) I қосымшада көрсетілген кешені тексеру рәсімдерін орындайтын және есептілікке мұндай акциялар өтеу үшін немесе өзге де төлемдер үшін ұсынылған кезде осындай кез келген акцияларға қатысты кез келген ақпаратты енгізетін және d) ұжымдық инвестициялар құрылымының акциялардың тез өтелуін немесе оларды алуды; кез келген жағдайда - 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз ететін қолданыстағы қағидалары мен рәсімдері болатын жағдайларда, талаптарды сақтаушы шетелдік қаржы мекемесі ретінде қарала береді. V. Қаржы шоттарына жатпайтын шоттар. Мұндай шоттар Қаржы шоттары анықтамасынан алып тасталған және тиісінше АҚШ-тың Есеп беретін шоттары ретінде қарастырылмайды. А. Белгілі бір жинақ шоттары. 1. Жұмыстан шығу жәрдемақысына арналған шот және зейнетақы шоты. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін жұмыстан шығу жәрдемақысына арналған шот немесе зейнетақы шоты: a) шот жұмыстан шығу жәрдемақысына арналған жеке шот ретінде немесе жұмыстан шығу немесе зейнетақы жәрдемақыларын (мүгедектігі бойынша жәрдемақыны немесе қайтыс болуға байланысты жәрдемақыны қоса алғанда) төлеу үшін тіркелген немесе реттелетін зейнетақы жоспарындағы шот ретінде қағидалардың қолданысына жатады; b) шотқа салық салудың жеңілдікті режимі қолданылады (яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жағдайда салық салынуы мүмкін шотқа салынатын жарналардың сомасы шегеріледі немесе шот иесінің жалпы кірісінен алып тасталады немесе төмендетілген мөлшерлемемен салық салынады немесе шот бойынша инвестициялық кіріске салық салу кейінге қалдырылады не көрсетілген шоттың сомасына төмендетілген мөлшерлемемен салық салынады); c) осы шот бойынша Қазақстан Республикасындағы салық органдары үшін жылдық ақпараттық есептілік талап етіледі; d) белгілі бір зейнетақы жасына жеткен жағдайда, мүгедектігі кезінде және қайтыс болған жағдайда, шоттан қаражат алынуы мүмкін немесе осындай оқиғалар басталғанға дейін шоттан қаражатты алғаны үшін айыппұл салынады, және e) не (і) жылдық жарналар 50,000 АҚШ долларымен немесе одан аз сомамен шектеледі не (іі) I қосымшада көрсетілген, шоттарды біріктіру және басқа валютадағы шоттардың сомаларын қайта есептеу жөніндегі қағидаларды қолдану кезіндегі әрбір жағдайда өмір сүру мерзімі ішінде 1 000,000 АҚШ доллары мөлшерінде немесе одан аз аударымдар бойынша ең көп лимит бар. 2. Зейнетақылық емес жинақ шоттары. Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін (Сақтандыру шартынан немесе Аннуитет шартынан басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптарға сәйкес келетін шот. а) шотқа жұмыстан шығу мақсатынан басқа мақсаттарда жинақ құрылымдары жөніндегі қағидалар қолданылады; b) шотқа салық салудың жеңілдікті режимі қолданылады (яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жағдайда салық салынуы мүмкін шотқа салынатын жарналардың сомасы шегеріледі немесе иесінің жалпы кірісінен алып тасталады немесе төмендетілген мөлшерлемемен салық салынады немесе шот бойынша инвестициялық кіріске салық салу кейінге қалдырылады не көрсетілген шоттың сомасына төмендетілген мөлшерлемемен салық салынады); c) шоттан қаражат алу жинақ шотының мақсатына жататын белгілі бір өлшемшарттарды (мысалы, білім алуға немесе медициналық қызмет көрсетуге жәрдемақылар беру) сақтауға негізделген немесе егер шоттан көрсетілген өлшемшарттарды сақтамай қаражат алса, оны алғаны үшін айыппұлдар қолданылады;
Медициналық қызмет (Медицинская служба) - медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамаеыз етеді.
және d) жылдық жарналар I қосымшада көрсетілген шоттарды біріктіру және басқа валютадағы шоттардың сомаларын қайта есептеу жөніндегі қағидаларды қолдана отырып 50,000 АҚШ долларымен немесе одан аз сомамен шектеледі. B. Мерзімге өмірді сақтандырудың кейбір шарттары. Шарт мынадай: 1. Уақыт өткен сайын азаймайтын кезеңдік сыйлықақылар, шарттың қолданылу кезеңі ішінде немесе сақтандырылған адам 90 жасқа толғанға дейін, қай кезеңнің қысқа болуына байланысты, ең аз дегенде жылына бір рет төленетін; 2.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Шарттың шартты бұзбай кез келген адам алуы мүмкін (қаражатты алып қою, қарыз алу немесе өзге тәсіл арқылы) қолма-қол ақшалай құны болмайтын; 3. Шарт жойылған немесе бұзылған кезде төленетін сома (қайтыс болуына байланысты жәрдемақыдан басқа) қайтыс болуына, сырқаттануына байланысты төленетін соманы және шарттың қолданылу кезеңіндегі немесе кезеңдеріндегі шығыстар сомаларын (нақты алынатын немесе алынбаған), сондай-ақ шартты бұзғанға немесе жойғанға дейін төленген сомаларды шегергенде, шарт бойынша төленген сыйлықақылардың жалпы сомасынан аспайтын; және 4. Құқықтық мирасқор келісімшарттың құнына емес оны иеленетін талаптарға сай келген жағдайда, сақтандырылған адам 90 жасқа толғанға дейін аяқталатын сақтандыру мерзімі бар, Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін өмірді сақтандыру шарттары. C. Мұраға қалдырылған мүлікке арналған шот. Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін, егер осы шот бойынша құжаттамада қайтыс болған адамның өсиетінің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы куәлік қамтылса, тек мұраға қалдыру бойынша ғана тиесілі шот. D. Эскроу - шоттар. Төменде жазылғандардың біреуіне байланысты ашылған Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін шот: 1. Сот өкімі немесе шешімі. 2. Шот мынадай: a) шот алдын ала төлеу, ақшалай кепілақы, мәмілеге тікелей байланысты міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті сомадағы депозит сомаларынан ғана немесе осыған ұқсас төлем сомаларынан ғана қаржыландырылады немесе меншікті сатуға, айырбастауға немесе жалға беруге байланысты шотқа енгізілген қаржылық активтің көмегімен қаржыландырылады; b) шот сатып алушының мүлікті сатып алу құнын төлеу бойынша, сатушының шартты міндеттемелеріне ақы төлеу бойынша, жалға алушының немесе жалға берушінің жалға беру шартына сәйкес жалға берілген мүлікке байланысты залалға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында ғана ашылған және пайдаланылады; c) ол бойынша тапқан кірісті қоса алғанда, шот бойынша активтер мүлікті өткізген, айырбастаған немесе иеліктен шығарған жағдайда немесе жалға беру шарты бұзылған кезде сатып алушының, сатушының, жалға алушының немесе жалға берушінің (осындай тұлға міндеттемелерінің төлемақысын қоса алғанда) мүдделеріне орай төленетін болады немесе өзге де жолмен бөлінеді; d) шот маржиналды немесе Қаржы активін сатуға немесе айырбастауға байланысты ашылған ұқсас шот болып табылмайды; және e) шот кредиттік карта шотымен байланысты емес деген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жылжымайтын немесе жеке мүлікті сату, айырбастау немесе жалға беру. 3.
Кредиттік карта - банк төлем карталарының бір түрі, кредиттік шарттарына сәйкес келісім-шарт белгіленген лимит шегінде клиенттің банктегі көзделген қаражат есебінен ғана жүзеге асырылатын операцияларға арналған пластикалық карта.
Жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарызға қызмет көрсететін Қаржы мекемесінің кейінгі кезеңдерде жылжымайтын мүлікке қатысты салықтар төлеуді қамтамасыз ету немесе сақтандыру үшін ғана арналған төлемнің бір бөлігін кейінге қалдыру бойынша міндеттемесі. 4. Қаржы мекемесінің салықтар төлеуді кейінгі кезеңдерде қамтамасыз ету үшін ғана пайдалану міндеттемесі. E. Әріптестік юрисдикция шоттары. Қазақстан Республикасында ашылған және осындай шотқа қатысты, егер осы шот осы Әріптестік юрисдикцияда ашылып, осы әріптестік юрисдикциясындағы Әріптестік юрисдикцияның Қаржы мекемесінде қызмет көрсетілген болса, Әріптестік юрисдикция заңнамасына сәйкес сондай талаптар мен бақылау белгіленген жағдайда, FATCA-ны іске асыруды қамтамасыз ету бойынша Құрама Штаттар мен басқа да Әріптестік юрисдикция арасындағы келісім бойынша Қаржы шотының анықтамасынан алып тасталған шот. VI. Анықтамалар. Мынадай қосымша анықтамалар жоғарыда көрсетілгендерді сипаттау үшін қолданылады: А. 1-модель бойынша Есеп беретін шетелдік қаржы мекемесі. 1-модель бойынша Есеп беретін шетелдік қаржы мекемесі термині оған қатысты шетелдік (АҚШ үкіметінен басқа) үкімет немесе оның агенттігі Үкіметаралық келісімнің 1-моделіне сәйкес Қатыспайтын қаржы мекемесі деп есептелетін Қаржы мекемесінен басқа, Үкіметаралық келісімнің 1-моделіне сәйкес ақпарат алуға немесе ақпарат алмасуға келіскен Қаржы мекемесін білдіреді. Осы анықтаманың мақсатында «1-модель жөніндегі Үкіметаралық келісім» термині Қаржы мекемесінің осындай шетелдік үкіметке (АҚШ үкіметінен басқа) немесе оның агенттігіне есептілік түрінде берілген есептілікті кейіннен ФСБ-мен осы ақпарат арқылы автоматты түрде алмаса отырып, FATCA-ны іске асыру бойынша Құрама Штаттар немесе Қаржы министрлігі және шетелдік үкімет (АҚШ үкіметінен басқа) немесе оның бір немесе бірнеше агенттіктері арасындағы уағдаластықты білдіреді. В. Қатысушы шетелдік қаржы мекемесі. «Қатысушы шетелдік қаржы мекемесі» термині Шетелдік қаржы мекемесімен келісімнің талаптарын орындауға келіскен, Үкіметаралық келісімнің 2-моделінде сипатталған Қаржы мекемесін қоса алғанда, Шетелдік қаржы мекемесімен келісімнің талаптарын орындауға келіскен Қаржы мекемесін білдіреді. «Қатысушы шетелдік қаржы мекемесі» термині, егер осы филиал 1-модельдің Есеп беретін шетелдік қаржы мекемесі болып табылмаса, АҚШ-тың Есеп беретін қаржы мекемесінің білікті делдалы болып табылатын филиалын да қамтиды. Осы анықтаманың мақсаттары үшін «Шетелдік қаржы мекемесімен келісім» термині Қаржы мекемесін АҚШ Салық кодексінің 1471 (b) бөлімінің талаптарына сәйкес келеді деп тану үшін оған арналған талаптарды белгілейтін келісімді білдіреді. Осы анықтаманың мақсаттары үшін қосымша «Үкіметаралық келісімнің 2-моделі» термині Қаржы мекемесінің Шетелдік қаржы мекемесімен келісімнің талаптарына сәйкес тікелей ФСБ-ға осындай шетелдік үкіметтің (АҚШ үкіметінен басқа) немесе оның агенттігінің және ФСБ-ның арасында ақпарат алмасумен толықтырылған есептілікті ұсыну арқылы FATCA-ны іске асыру бойынша Құрама Штаттар немесе Қаржы министрлігі және шетелдік үкімет немесе оның бір немесе бірнеше агенттіктері арасындағы уағдаластықты білдіреді. 1«Бақыланатын шетелдік корпорация» егер осындай корпорацияның барлық санаттағы акцияларының жиынтық дауыс санының 50 пайызынан астамының дауыс беру құқықтары болса немесе осындай корпорация акцияларының жалпы құны салықтық жылдың ішінде кез келген күні осындай шетелдік корпорацияның «Құрама Штаттар акционерлеріне» тиесілі немесе олардың меншігі болып есептелетін болса, кез келген шетелдік корпорацияны білдіреді. «Құрама Штаттар акционерлері» деген термин кез келген шетелдік корпорацияға қатысты осындай шетелдік корпорацияның барлық санаттағы дауыс беру құқықтары бар жалпы акцияларының жиынтық дауыс санының 10 пайызын немесе одан көп пайызын иеленсе немесе соның иелері болып есептелсе, Құрама Штаттардың тұлғасын білдіреді. Қосымша II -


жүктеу 280.19 Kb.