Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510. 00 нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы «Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация

жүктеу 127.72 Kb.



жүктеу 127.72 Kb.
Дата28.04.2018
өлшемі127.72 Kb.

«Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510. 00 нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы «Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация




Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы «12» ақпандағы

№ 166 бұйрығына

35-қосымша

«Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу

бонусы бойынша декларация (510.00 нысан)» салық

есептілігін жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы «Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және «Қол қойылатын бонус бойынша салықты есептеуге арналған қол қойылатын бонус бойынша декларация» салық есептілігінің нысандарын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бөлек жасайды.

  2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

  3. Декларацияда соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.

  4. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.



  1. Салық төлеуші (салық агенті) декларацияны Салық кодексінің
    204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.

  2. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште


– салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.



2-Тарау. Декларацияны толтыру бойынша түсіндірме (510.00-ысан)


  1. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН)). Бұл ретте салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының ЖСН (БСН) көрсетіледі;

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация тапсырылатын салықтық есептілік кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;

4) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

5) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрі тапсырылған жағдайда толтырылады;

7) келісімшарттың / лицензияның және кен орнының атауы.

8) пайдалы қазбаның коды – осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес пайдалы қазба коды көрсетіледі (бұдан әрі – ПҚК);

9) келісімшарттың жасалған күні - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасалған күні көрсетіледі;

10) келісімшарттың нөмірі – уәкілетті мемлекеттік органымен берілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;

11) лицензия жасасқан күн – қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге, геологиялық зерттеуге, жер қойнауын старатель және қолдану лицензиясының күні көрсетіледі;

12) қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге, геологиялық зерттеуге, жер қойнауын старатель және қолдану лицензиясының нөмірі көрсетіледі;

13) ортақ қолданылатын автомобильді жолдарын, темір жолды және гидроғимараттарды жөндеудің және құрылыстың (қайта құру) кезінде қолданылатын, жер қойнауын пайдалану құқығын барлауға немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жазбаша рұқсат беру күні көрсетіледі.

14) ортақ қолданылатын автомобильді жолдарын, темір жолды және гидроғимараттарды жөндеудің және құрылыстың (қайта құру) кезінде қолданылатын, жер қойнауын пайдалану құқығын барлауға немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жазбаша рұқсат беру нөмірі көрсетіледі.

15) Қазақстан Республикасының жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің конкурс жеңімпаз деп жарияланған күні көрсетіледі;

16) Қазақстан Республикасының жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн көрсетіледі;

17) Кен орнында уәкілетті мемлекеттік органның пайдалы қазбалардың алынатын/бекітілген қорларының физикалық көлемін бекіткен күні көрсетіледі;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, осындай кеңейтулер туралы жер қойнауын пайдалану келісімшартына өзгерістер енгізу күні келісімшарт аумағын кеңейту кезінде көрсетіледі.

19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, осындай кеңейтулер туралы жер қойнауын пайдалану келісімшартына оларға өзгерістер енгізу күні анықталған қосымша нөмір келісімшарт аумағын кеңейту кезінде көрсетіледі.

20) төлем түрі.

Тиісті ұяшықтар белгіленеді;


  1. «Төлеуге қол қойылатын бонус» бөлімінде:

«Бюджетке төлеуге қол қойылатын бонус» 510.00.001 жолында Салық кодексініңс 726 және 727-баптарына сәйкес қол қойылатын бонус сомасы көрсетіледі.

  1. «Төлеуге коммерциялық табу бонусы» бөлімінде:

1) А бағанында бір пайдалы қазба түріне арналған жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардың кодтарына сәйкес пайдалы қазбаның коды көрсетіледі;

3) С бағанында уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кен орнында пайдалы қазбалардың алынатын/бекітілген қорларының физикалық көлемі (тоннада, текше/м., унцияда, грамда және т.б.) көрсетіледі;

4) D бағанында бюджетке төлеуге жататын коммерциялық табу бонусының сомасы көрсетіледі.

  1. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында.

Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (ол болған кезде) көрсетіледі.

Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларацияның тапсырылған күні. - декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә. көрсетіледі;

5) декларацияны қабылдау күні – Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні;

6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның тіркеу нөмірі;

7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні.

Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.


«Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу

бонусы бойынша декларация (510.00 нысан)» салық

есептілігін жасау қағидаларына қосымша


Пайдалы қазбалардың кодтары:



№ ПҚК

ПҚК аты

0001

Сутегі

0002

Гелий

0003

Литий

0004

Бериллий

0005

Бор

0006

Көміртегі

0007

Азот

0008

Оттегі

0009

Фтор

0010

Неон

0011

Натрий

0012

Магний

0013

Алюминий

0014

Кремний

0015

Фосфор

0016

Күкірт

0017

Хлор

0018

Аргон

0019

Калий

0020

Кальций

0021

Скандий

0022

Титан

0023

Ванадий

0024

Хром

0025

Марганец

0026

Темір

0027

Кобальт

0028

Никель

0029

Мыс

0030

Мырыш

0031

Галлий

0032

Германий

0033

Күшән

0034

Селен

0035

Бром

0036

Криптон

0037

Рубидий

0038

Стронций

0039

Иттрий

0040

Цирконий

0041

Ниобий

0042

Молибден

0043

Технеций

0044

Рутений

0045

Родий

0046

Палладий

0047

Күміс

0048

Кадмий

0049

Индий

0050

Қалайы

0051

Сүрме

0052

Теллур

0053

Йод

0054

Ксенон

0055

Цезий

0056

Барий

0057

Лантан

0058

Гафний

0059

Тантал

0060

Вольфрам

0061

Рений

0062

Осмий

0063

Иридий

0064

Платина

0065

Алтын

0066

Сынап

0067

Таллий

0068

Қорғасын

0069

Висмут

0070

Полоний

0071

Астат

0072

Радон

0073

Франций

0074

Радий

0075

Актиний

0076

Резерфодий

0077

Дубний

0078

Сиборгий

0079

Борий

0080

Хассий

0081

Майтнерий

0082

Металлургия үшін кенге жатпайтын шикізат

0083

Қалыптық құмдар

0084

Алаптық шпат

0085

Пегматит

0086

Басқа да алюминий тотығы жыныстары

0087

Әктас

0088

Доломит

0089

Әктасты-доломит жыныстары

0090

Тамақ өнеркәсібі үшін әктас

0091

Басқа да кенге жатпайтын шикізат

0092

Отқа төзімді саздар

0093

Каолин

0094

Вермикулит

0095

Ас тұзы

0096

Жергілікті құрылыс материалдары

0097

Вулкандық кеуек жыныстары

0098

Вулкандық суқұрамдас әйнек

0099

Әйнек тәріздес жыныстар

0100

Перлит

0101

Обсидиан

0102

Малта тас

0103

Қиыршық тас

0104

Гипс

0105

Қиыршық тас-құм аралас

0106

Гипсті тас

0107

Ангидрит

0108

Гажа

0109

Саз

0110

Саз жыныстары (балқуы ауыр және оңай балқитын саздар, суглинкалар, аргиллиттер, алевролиттер, сазды тақтатастар)

0111

Әкбор

0112

Мергель

0113

Мергельді-әкбор жыныстары

0114

Кремний жыныстары (трепел, опоктар, диатомит)

0115

Кварцты-алап шпат жыныстары

0116

Гранит

0117

Диабаз

0118

Мәрмар

0119

Базальт

0120

Басқа тұнбалы, атылған, метаморфияллық жыныстары

0121

Тоқпақ тас

0122

Құм (кварцтық, құрылыс, алап шпаттық)

0123

Құмдық

0124

Табиғи пигменттер

0125

Ұлу тас

0126

Жер асты сулары

0127

Мұнай

0128

Газ

0129

Мұнайгаз конденсаты

0130

Басқалар

  • 1-тарау. Жалпы ережелер
  • 2-Тарау. Декларацияны толтыру бойынша түсіндірме (510.00-ысан)

  • жүктеу 127.72 Kb.