Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Нотариат» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің

жүктеу 0.78 Mb.



жүктеу 0.78 Mb.
бет1/4
Дата12.02.2020
өлшемі0.78 Mb.

«Нотариат» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


  1   2   3   4
ОӘК 042-18-20.1.603-2015 №1 басылым бет. - - -еттің -ші ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ОӘК 042-18-20.1.603-2015 «Нотариат» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым «Нотариат» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2015 Мазмұны Глоссарий Дәрістер Практикалық сабақтар Студенттердің өздік жұмысы 1.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Глоссарий № Терминдік ұғым сөз Ұғымдық мазмұны 1 Нотариус - ҚР әрбір жоғары заңгерлік білімі бар атестатциядан және іс тәжірбиеден өткен лийензия алған, жекеменшік нотариус және Нотариалдық істі заң жүзінде жүргізе білетін азамат. 2 Нотариат - бұл заң шығарушы жүйені бекітетін және заңды қорғау және заңдылық қызығушылықты, заңгерлік тұлғалардың Нотариалдық әрекеттерді іске асыру жолы.
Глосарий - белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. .
Нотариат - даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
3 Нотариус лицензиясы - ҚР Минюста органдық компанентінің берілген рұқсатымен жекеменшік Нотариус болып құрылады.
Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.
Ол тек ҚР территориясында Нотариустық істермен шұғылдана алатын, шексіз мерзімі бар, Нотариус болып табылады 4 Нотариалдық округ - ҚР территориясында әкімшілікке сай Республиканың маңызды астанасы, қаласы бір облыстың территориялық бөлігі. 5 Нотариалдық палата - Жекешелендірілмеген, мамандандырылған, өзін-өзі қаржыландырыла алатын ұйым. Жеке Нотариустардың құқығын және заңдық қызығушылығын қорғайды. Республиканың маңызды астанасында Нотариалдық палата жарғы негізінде әрекет етеді. 6 Келісім - азаматтар мен заңгер тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттерді өзгертуде немесе тоқтатылуына бағытталған әрекеті.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нотариус келісімдерді куәландырады, оларға заң бойынша міндетті Нотариялдық форма бекітілген. 7 Мұрагерлік - мұрагер қайтыс болғаннан кейін оның мүлкі, мұрагерлік қағазында көрсетілген реті бойынша тұлғалардың иелігіне өтуі туралы құжат, бір жақты келісім. 8 Сенімділік - сенімділік артушы тұлға мен үшінші тұлғаның алдындағы дәлел ретіндегі екінші тұлғаға сенім артушылық туралы жазбаша өкілеттілік. 9 Куәлік - кез-келген заңды фактті куәландыратын құжат. туу туралы, неке туралы куәлік кейбір жағдайларды куәліктің арнайы атаулары болады. диплом, аттестат 10 Депозит - мемлекеттік мекемеге сақталуы үшін тапсырылатын материалдық құндылық әдетте ақша, бағалы қағаздар.
Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).
Депозит бойынша оператциялар Нотариустармен іске асырылады, ол үшін банктер оларға арнап депозит сомалар бойынша арнайы шоттар ашады. 11 Вексель - вексель беруші жағынан, Вексель ұстаушы жағына берілетін апстрактілі ақшалай міндеттеме, құнды қағаздардың түрі. Вексель сатылған тауарларға ақша төлеу уақытын созу түріндегі сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауар формасындағы несиені құжаттандыратын құрал болып табылады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
12 Акцепт - келісім шартқа отыру туралы ұсынысты қабылдауға немесе банк арқылы есептесу барысында төлемдік талаптарды өтеуге келісім беру. 13 Апостиль - 1961 жылғы ГАГ конференциясына сәйкес, конференцияға қатысушы мемлекеттердің ресми құжаттарына қойылатын арнайы мөр. Бұл осы құжаттарды дипломатиялық немесе консульдық босату қажеттілігі мақсатында жүргізіледі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Апостиль-құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен құжат сапасының түп нұсқасын куәландырады, қажетті жағдайда осы құжаттағы мөр немесе штапты куәландырады.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
14 Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың нотариаттық ісәрекеттерді жасауы. 15 Лицензия - нотариаттық қызметпен айналысуға рұқсат беретін құжат. 16 Мемлекеттік нотариус - мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар 17 Жеке нотариус - нотариаттық ісәрекеттерді нотариаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтықәділет органында есепке алу тіркеуінен өткен Қазақстан Ресупбликасының азаматы. 18 Мемлекеттік нотариат кеңсесі - заңды тұлға құқығы болмайтын, аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
19 Жеке нотариаттық архив - ұлттық архивтік қор және архивтре туралы Қақастан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау, және пайдалану жөніндегі фунцияларды жүзеге асыратын аумақтық нотариаттық палатаның филиалы. 20 Лицензиар - нотариаттық қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын орган (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықытық көмек көрсету комитеті). 21 Нотариат көмекшісі - жеке парктикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істейтін нотариустың тапсырмаларын оның нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы азамат. 22 Сынақтан өтуші - жоғарғы заң білімі бар және аттстаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен сынақтан өту шарты негізінде жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары. 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 1.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасындағы нотариат. Нотариустың құқықтық жағдайы Нотариаттық іс жүргізу 1. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңда мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi. Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi. 2.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi. Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, «Нотариат туралы» Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Прокуратура - мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды..
Азаматтық Кодекс - жүйеленген бірегей заң шығарушылық (низамдық) акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар: Мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар мен жеке практикамен айналысатын жекеше нотариустар; Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар; Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар. Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының архивтер құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл - дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.
Нұсқаулық талаптарына бақылау жасауды аумақтық әділет органдары мен нотариаттық палаталары жүзеге асырады.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуы тиіс. Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар: Нотариаттың түсінігі және міндеттері. Нотариат және сот. Нотариаттың құқық қорғаушы қызметі. Нотариаттық қызметтің пәні және әдісі. Нотариат туралы заңнама. Нотариат туралы заңнаманың құқық жүйесіндегі орны. “Қазақстан Республикасының нотариаты” курсының пәні және жүйесі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары Нотариаттың түсінігі және міндеттері. Нотариат және сот. Нотариаттың құқық қорғаушы қызметі. Нотариаттық қызметтің пәні және әдісі. Нотариат туралы заңнама. Нотариат туралы заңнаманың құқық жүйесіндегі орны. “Қазақстан Республикасының нотариаты” курсының пәні және жүйесі. Ұсынылатын әдебиет Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности Право и образовани. 2006. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Астана, 2007ж. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. Юрист. – 2003. Тақырып 2. Нотариус лицензиясы 1. Нотариус қызметімен айналысу құқығына лицензия алу тәртібі. 2. Мемлекеттік нотариат кеңсесі. 3. Нотариустың құқықтары мен міндеттері 1. Жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқықығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады. Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар рәсімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады. Нотариустың көмекшілер мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың көмекшісі жеке пратикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотариат кеңсесінің құрамында бола алады. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке парктикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді. Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін басты лиензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. 2.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады. Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдер аппараттарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатасы жүзеге асырады.. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп белгілейді. 3.Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды: Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттардан басқа мәмілелерді куәландырады; мұраға құқық туралы куәліктер беру; ерлі-зайыптылар мен ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
Лауазымды адам (ағылш. official, functionary;)- мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам.
Меншік Құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.
құжаттардың көшірмелері мен олардын алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландырады; азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.
азаматтық белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; құжаттар берілген күнді куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке заңды тұлғаларға береді; ақшаны депозитке қабылдайды; сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; теңіз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелерді қамтамасыз етеді. Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар: ҚР-да нотариаттың жүйесі. Нотариаттың құрылымы. Нотариустар, олардың құқықтық мәртебесі, нотариус лауазымын иеленуі. Нотариустың көмекшісі және сынақтан өтушісі. Нотариаттық округ және палата. Нотариустың қызметін бақылау. Әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті. Нотариаттық қызметтің кепілдіктері. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті жергілікті атқару органдарының, консулдық мекемелердің және басқа да лауазымды тұлғалар. Нотариустардың және нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті басқа тұлғалардың жауапкершілігі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары ҚР-да нотариаттың жүйесі. Нотариаттың құрылымы. Нотариустар, олардың құқықтық мәртебесі, нотариус лауазымын иеленуі. Нотариустың көмекшісі және сынақтан өтушісі. Ұсынылатын әдебиет Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности Право и образовани. 2006. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. Юрист. – 2003. Тақырып 3. Нотариаттық палата. Нотариаттық палатаның төрағасы . Нотариаттық палатаның өкілеттігі. Нотариаттық қызметке ақы төлеу. Нотариустың қызметін бақылау 1. Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Нотариаттық палатаның қызметi Нотариат туралы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.Нотариат туралы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды. Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді. . Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне: 1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) нотариаттық палата төрағасын,
  1   2   3   4

  • Нотариалдық
  • Азаматтық кодекс
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

  • жүктеу 0.78 Mb.