Главная страница
Контакты

    Басты бет


Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің

жүктеу 128.54 Kb.



жүктеу 128.54 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі128.54 Kb.

Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (5–9-сыныптар) Астана 2013 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. –55 б. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 «Сызу» пәнінен оқу бағдарламасы 1. Түсінік хат 1. Оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) талабына сәйкес құрылған. 2.
Академия - ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. "Академия" сөзі гректің Akademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Афины маңындағы "қасиетті бақ" сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне лекция оқыған.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Бағдарлама оқушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына, кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына бағытталған. 3.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Бағдарламаның аяқталу сипаты: 1) сызба геометриясының негіздері жүйелі түрде берілген, сонымен қатар геометриялық объектерді проекциялау әдістерін;
Проекция (лат. projectio - алға лақтыру) - бұйымның бетке, көбінесе жазықтыққа белгілі бір әдіспен тұрғызылған кескіні.
Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
2) сызбаны орындаумен, оны рәсімдеу ережелерінен құралған конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандарттарын; 3) графикалық құрылыс сызу ережелері туралы мәліметтерін; 4) машина жасау, құрылыс сызу және топографиялық сызудың жалпы мәліметтерінен тұратын техникалық сызу негіздерін беруді қамтиды. 4. Қазіргі қоғамның акпараттандырылу жағдайына сай, пәнге оқытудың аса маңызды бағыты графикалық редакторларды (AutoCAD, КОМПАС және т.б.) пайдалану негізінде оқушылардың ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту болып табылады. 5.
Топография - жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Оқыту мақсаттары: 1) логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
2) геометриялық білімді негізге алып, тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту; 3) еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді; 4) функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
5) шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту. 6. Оқыту міндеттері: бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру; әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды қалыптастыру; нәрсенің пішінін (түрін) және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту; графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету. 7.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Курсты оқыту кезінде графикалық әдістер теориясы мен ақпараттың кескінделуінің өндіріспен, техникалық және көркем-конструкторлық іс-әрекетімен тығыз байланысы болуы қажет. Оқу тапсырмаларының мазмұны мамандардың еңбек іс-әрекеттерінің элементтерін моделдеуі керек, графикалық тапсырмалар нақты бүгінгі күнде қолданыстағы тетікбөлшектер мен құрастыру бұйымдарынан тұруы қажет. 8. Оқыту барысында әр оқушылардың өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, олардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. 9.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Түрлі оқу құралдарын (карточка-тапсырмаларды, анықтамалықтарды, плакаттарды, кестелерді, модельдерді, тетікбөлшектер жиынтығын және ақпараттық технологиялық құралдарды) кеңінен пайдалану ұсынылады. 10. Компьютерлік технологияларды оқыту үшін мектептер графикалық компьютерлік бағдарламалармен, мысалы AutoCAD және т.б. жабдықталуы қажет (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады). 11. Оқыту процесінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады: «Геометрия»: жазықтықтағы кеңістіктік фигуралардың кескіндерін сызуда пайдалану, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өлшемдерді орындай білу және тәжірибелік тұрғыдағы әр түрлі геометриялық есептерді шығару; «Технология»: технологиялық процесті талдау, технологиялық карталарды орындау, болашақ бұйымның сызбасын оқу; «Физика»: механизмдер және машиналар құрылысымен, автоматтандырылған үдерістермен және олардың жұмыс істеу қағидаларымен танысу; графикалық әдіспен есеп шығару, құрастыру сызбасын бөлшектеуде үлестірме материал ретінде физикалық құралдарды пайдалану;
Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
«География»: физика-географиялық түсініктерді ашу үшін сұлба түріндегі суреттерді және сызбаларды орындау, карта мен жер бетіндегі қашықтықтарды өлшеу;
Сұлба (Схема; грек, schema - сыртқы түрі, пішін) - машинада немесе механизмде негізгі немесе қосалқы функцияларды орындайтын элементтер мен байланыстардың жиынтыгын көрсететін масштабсыз Сұлба, сонымен қатар түзілімнің, аспаптың, құрылғының, қондырғының, құрылыстың және т.б.
«Химия»: химиялық үдерістерді (процестерді) зерттеу барысында модельдерді, сұлбаларды, кестелерді, плакаттарды, фотосуреттерді, суреттерді, диаграммаларды және сызбаларды пайдалану. 16. Типтік оқу бағдарламаға сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 68 сағатты құрайды (аптасына – 2 сағат). 2. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны 1. Кіріспе (1 сағат): 1) сызу пәні, сызбаның даму тарихынан қысқаша мағлұмат. 1. Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және геометриялық салулар (9 сағат): 1) сызу аспаптары мен жабдықтары, сызба аспаптарымен тиімді жұмыс істеу әдістері; 2) сызба сызықтарының түрлері; 3) пішімдер, масштабтар, сызба қаріпі;
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.
4) сызбаға өлшемдерді түсіру; 5) өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу, кесіңдіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу;
Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs - тік) - берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық).
6) түйіндесулер; 7) лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік, эллипс пен сопақшаны құру. 15. Проекциялау әдістері (8 сағат): 1) проекциялау түрлері, центрлік проекциялау және параллель проекциялау әдістері, олардың қасиеттері; 2) бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау; 3) түзу және қисық сызықты, жазық фигураны (көпбұрышпен шеңберді) проекциялау; 4) аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат, көпбұрыштардың және шеңбердің аксонометриялық проекциялары, аксонометриялық проекция түрін таңдау; 5) техникалық сурет туралы түсінік. 16. Геометриялық денелер мен моделдердің проекциялары (12 сағат): 1) геометриялық денелер, көпжақтардың проекциялары, айналу денелерінің проекциялары; 2) денелер пішінін құрастыратын беттерді, төбелерді, қырларды және жасаушыларды сызбада табу; 3) кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары; 4) геометриялық денелерді деңгейлік жазықтықпен қию, тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары; 5) геометриялық денелер тобының проекциялары, геометриялық денелердің өзара қиылысуы (жеке жағдайлары). 17. Кескіндер - көріністер, қималар және тіліктер (12 сағат): 1) проекциялау әдістері туралы мағлұматты қорыту, күрделі геометриялық денені қарапайым кеңістіктік фигураларға – призмаға, пирамидаға, цилиндрге, конусқа және шарға ойша ажырату, нәрсенің геометриялық элементтерінің орналасуы мен пішінінің өлшемі туралы түсінік;
Цилиндр (көне грекше: κύλινδρος - білік, цилиндр) цилиндр немесе цилиндрлік бет - берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны; тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене .
2) негізгі көріністердің сызбада орналасуы; 3) нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша, оның үшінші көрінісін құру; 4) қосымша және жергілікті көріністер; 5) тіліктер туралы түсінік, тіліктерді сызбада белгілеу, қарапайым тіліктер: горизонталь, вертикаль және көлбеу тіліктер;
Горизонтальдар - жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты.
6) көріністің бөлігін тіліктің бөлігімен біріктіріп сызу, жергілікті тіліктер; 7) күрделі тіліктер: сатылы тілік және сынық тілі; 8) қималар, тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы, қабаттасқан және оңашаланған қималарды орындау ережелері, қималарды белгілеу; 9) тілік пен қиманы орындағандағы шарттылықтар мен жеңілдіктер. 18. Біріктірулер (6 сағат): 1) біріктірулер туралы жалпы мағлұмат; 2) ажырайтын біріктірулердің түрлері: бұрандалы, шпонкалы, тісті (шлицті), штифті, олардың арнауы және сызбада кескінделуі; 3) бұранда туралы жалпы мағлұмат: адымы, профилі, бұранданың элементтері; 4) сыртқы және ішкі бұранданың шартты кескіндері; 5) бұрандалы біріктірулер: болттың, винттің және шпильканың көмегімен біріктіруді кескіндеу; 6) ажырамайтын біріктірулер (пісірмелі, дәнекерлеу, желімдеу), пісірмелі біріктірудің шартты кескінделуі және белгіленуі. 19.
Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.
Дәнекерлеу - қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру.
Құрастыру сызбасы (8 сағат): 1) құрастыру сызбасы туралы жалпы мағлұмат, құрастыру сызбасындағы кескіндер, спецификацияның арнауы, спецификацияның толтырылу реті, құрастыру сызбасына тіркеу ретінің нөмірлерін түсіру; 2) құрастыру сызбасында пайдаланылатын кейбір шарттар мен жеңілдіктер; 3) бөлшектеу туралы түсінік, тетікбөлшектердің сызбалары және эскиздері, тетікбөлшектердің сызбаларына қойылатын талаптар, өлшемдерді түсіру, материалдарды белгілеу; 4) қарапайым тетікбөлшектердің эскиздерін орындау, алдын-ала орындалған эскиз бойынша тетікбөлшектің сызбасын құру. 20. Құрылыс және топография сызбаларының элементтері (6 сағат): 1) құрылыс сызбаларының ерекшеліктері; 2) ғимарат сызбанұсқасынын, қасбетінің және тілігінің сызбасы; 3) құрылыс сызбаларындағы масштабтар және өлшемдер; 4) есік және терезе ойықтарының, санитарлық-техникалық жабдықтардың шартты белгілері;
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
5) қарапайым құрылыс сызбасын оқу; 6) топографиялық сызудың элементтері, топографиялық шартты белгілер, қарапайым топография сызбасын оқу. 21. Графикалық редакторындағы жұмыс негіздері (4 сағат): 1) компьютерлік графикалық бағдарламалар туралы түсінік, графикалық бағдарламаға кіріспе; 2) сызбаны рәсімдеу: пішімдер, сызба сызықтарының түрлері, қаріптер, масштабтар, өлшемдерді түсіру; 3) қарапайым геометриялық салулар, компьютерлік графикалық бағдарламада жазық фигураның сызбасын орындау; 4) екі өлшемді және үш өлшемді моделдерді құру туралы негізгі мәліметтер. 22.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Қорыту (2 сағат): Міндетті графикалық жұмыстар тізімі: сызықтар түрлері және қаріптер; шеңберді тең бөліктерге бөлу және түйіндесулер; көпжақтардың проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, аксонометриялық проекциясы мен жазбасын құру; айналу денелерінің проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, изометриясы мен жазбасын құру; ойығы бар қиық моделдің кешенді сызбасы; геометриялық денелер тобының сызбасы (бақылау жұмысы); моделдің кешенді сызбасын көрнекі кескіні немесе аксонометриялық проекциясы бойынша құру; моделдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін құру; қарапайым немесе күрделі тілікті (тандауы бойынша) қолданып, тетікбөлшектің сызбасын құру; қималарын орындап тетікбөлшектің сызбасын салу; бұрандалы біріктірулердің сызбасы (болтпен, винтпен жәненемесе шпилькамен біріктіру); тетікбөлшектің эскизін көрнекі кескініне немесе құрастыру сызбасына қарап салу (өлшемдерін қою); тетікбөлшектің сызбасын эскизі бойынша немесе конструкциясын жарым-жарты өзгерту арқылы салу; ғимарат сызба-нұсқасының және қасбетінің сызбасы; қажетті тіліктерімен техникалық суреті (алдыңғы 14 қиылған) орындалған тетікбөлшектің сызбасын салу (бақылау жұмысы). Ескертпе: графикалық жұмыстар А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы қарауына) орындалуы қажет. 3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 25. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады. 26. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі тиіс және меңгеруі тиіс. 27. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар: КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірынғай жүйесі) стандарттарының сызба дайындауына қоятын негізгі талаптарын: пішімдер, сызба сызықтары, сызба қаріптері, өлшем қоюдың негізгі ережелерін;
Қаріп кеглі - пунктпен берілген қаріп өлшемі. Литераның жоғарғы және төменгі беттері аралығы өлшемі (1 пункт - 0,376 мм).
жұмыс орнын ұйымдастырудың және сызба құралдарын пайдаланудың тиімді ережелерін; қарапайым геометриялық құрылымдар әдістерін: өзара параллель және перпендикуляр түзулері, кесіндіні, бұрышты және шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесулер мен сопақшаны салуды; проекциялаудың негізгі әдістерін: тік бұрышты және аксонометриялық проекцияда жазық және кеңістіктік фигураларды салуды; геометриялық денені деңгей жазықтығымен қиғанда пайда болатын қимасын салу және геометриялық денелері беттерінің өзара қиылысу сызықтарын тұрғызу әдістерін; көріністер мен тіліктерді, қималарды орындаудың негізгі ережелерін; қарапайым тетікбөлшектің эскизін және сызбасын орындау жүйелілігін; ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерін, бұранданың шартты кескінделуін және белгіленуін, болтпен, винтпен біріктірудің кескінделуін; құрастыру сызбасының ерекшелігін, спецификацияның арнауын, құрастыру сызбасын оқу және бөлшектеу ретін; құрылыс және топография сызбаларының ерекшеліктерін, олардың машина жасау сызбаларынан айырмашылығын; компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды білуі тиіс. 28. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар: сызбасы мен көрнекі кескіні, қарапайым жазбасы бойынша нәрсенің пішінін талдауды; моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасындағы (эскизіндегі) басты көрінісін, көріністердің тиімді санын тандауды; қарапайым моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасында керекті көріністерді, тіліктерді және қималарды салуды; қарапайым құрастыру бұйымның сызбасын оқу және тетікбөлшектерінің сызбасын орындауды; қарапайым құрылыс және топография сызбаларын оқуды; компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды; өмірде, тұрмыста және адамның кәсіптік жұмысында графиканы пайдалану мысалдарын келтіруді; шығармашылық мазмұны бар есептер шығарғанда алған білімдерін пайдалануды меңгеруі тиіс. 29.Тұлғалық нәтижелер, оқушылар: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, КҚБЖ стандарттарының талаптарын құрметтеуді;
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
2) белсенді азаматтық ұстанымын, елінің игілігіне еңбек жасауға дайындығын көрсете білуді; 3) салауатты өмір салтын ұстану, жұмыс орнын және жұмыс пен демалыс режимін тиімді ұйымдастыру дағдыларының қалыптасуын; 4) адамдар арасындағы қатынастың биік мәдениетін таныту, этикалық нормаларды сақтау, оқытушыларды, өз жолдастарын қадірлеуді; 5) тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруге әсер ететін белсенділікті және жағымды эмоционалды сезінушілік тәжірибесін көрсетуді; 6) өздігінен білім алуға және жасампаз еңбекке дәлелділігі мен шығармашыл еңбектенуге қабілеттілігін айқындауы тиіс. 30. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар: сызбаны орындау және оқу барысында игерген білімдерін тәжірибелік іс-әрекеттің басқа түрлерінде; әр түрлі әдістермен алынған ақпаратты талдай, жөндей, жинақтай және пайдалануды; жобалау және құрастыру әдістерін шығармашылық есептер шығарғанда пайдалануды; қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; курс шеңберінде дамыған байланыс қабілеттіліктеріне және көптілді мәдениеттілігіне иеленуді, техникалық терминологияны қолдануы тиіс.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын

  • жүктеу 128.54 Kb.