Главная страница
Контакты

    Басты бет


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы

жүктеу 354.39 Kb.



жүктеу 354.39 Kb.
бет1/2
Дата16.09.2017
өлшемі354.39 Kb.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы


  1   2


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________

№ ____ бұйрығына 9-қосымша  

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 200-қосымша



Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Жалпы ережелер


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

    Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.

    Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.



  2. Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларды қазіргі заманауи технологиялармен тиімді жұмыс істеу үшін базалық білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету болып табылады.

  3. Негізгі міндеттер:

  1. білім алушыларда ақпараттық процесстердің қоғамдағы ролінің түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс – әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;

    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

    Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



  2. білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдануларына әрекет ету;

  3. білім алушыларды жүйелерді талдауға, шешімдерді, программалық қосымшаларды жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

  4. талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы білім алушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

  5. білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;

    Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

    Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)



  6. білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

  7. білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.


2 – тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


  1. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  3. 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  4. 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  5. 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

  1. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.

  2. Оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыны бағалауға, сонымен қатар оларды әрі қарай оқыту кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.

  3. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

  1. Компьютерлік жүйелер;

  2. Ақпараттық процестер;

  3. Компьютерлік ойлау;

  4. Денсаулық және қауіпсіздік.

  1. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Компьютердің құрылғылары;

  2. Программалық қамтамасыз ету;

9. Компьютерлік желілер. «Ақпараттық процестер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Ақпаратты ұсыну және өлшеу;

  2. Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру.

10. Компьютерлік ойлау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Модельдеу;

  2. Алгоритмдер;

  3. Программалау.

11.«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Эргономика;

  2. Ақпараттық және онлайн қауіпсіздік.

12. Оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. 5-сынып:

  1. Кіріспе. Компьютер және қауіпсіздік: Қауіпсіздік техникасының ережелері мен жұмыс орнын ұйымдастыру; компьютердің негізігі құрылғылары (процессор және қатты диск).

  2. Интернеттегі қауіпсіздік: Басқа адамның жұмысын көшірудің заңсыздығы; құжатқа құпиясөз орнату; ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс атқару (орналастыру, өзгерту, жүктеу).

  3. Ақпарат және оны өңдеу: Ақпарат; ақпаратты әртүрлі формаларда ұсыну; программалық қамтамасыз ету; растрлық кескіндерді құру және өңдеу.

    Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

    Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.



  4. Алгоритмдер: Алгоритм; орындаушы, орындаушылардың командалар жүйесі; қадамды сөз түрінде ұсыну.

  5. Программалау: Ойын программалау ортасында (Лого, Scratch) тармақталу және цикл командаларын қолдану.

  6. Жобаны әзірлеу: Ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру;

    Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

    құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру); жобаны ұсыну.

  1. 6-сынып:

  1. Компьютерлік жүйелер мен желілер: эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері; есептеу техникасының дамуының тарихы; компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысуы; операциялық жүйенің негізгі функциялары; сымсыз желілер.

  2. Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді: гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме, реферат жасау.

  3. Мәтіндік ақпаратты ұсыну: ақпаратты тасымалдау; мәтіндік ақпаратты шифрлеу; ақпаратты екілік код түрінде ұсыну.

  4. Компьютерлік графика: векторлық бейнелерді құру;

    Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

    Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.

    растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру.

  5. Компьютерлік ойынды әзірлеу: компьютердегі есепті шешу қадамдары; алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну; компьютерлік ойынның тұжырымдамасы.

  6. Компьютерлік ойындарды құру: ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру; ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер; программа ортасында қателерді табу және жөндеу; сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме); қолданылған ресурстарға сілтемелер.

  1. 7-сынып:

  1. Ақпаратты өлшеу және компьютер жады: ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру;

    Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

    Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.

    компьютердің жады түрлері (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады); бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру; ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары; мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару.

  2. Жүйелер және қауіпсіздік: қызметі, компьютерлік желілердің жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай); компьютерді зиянды программалардан қорғау.

  3. Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу: мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу, пішімдеу; электронды кестелер, электронды кестелердің негізгі ұғымдары; мәліметтерді енгізу, өңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері; мәлімет типтері; формулаларды енгізу;

    Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

    Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.

    шартты пішімдеу; диаграммаларды құру.

  4. Шешімдерді программалау(С/С , Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде): программалау жүйесі; программалау тілдері; мәлімет типтері; жобаның интерфейсі;

    Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

    сызықтық алгоритмдерді программалау; тармақталу алгоритмдерін программалау; кірістірілген және құрамды шарттарды программалау.

  5. Нысандар мен оқиғаларды модельдеу: Үшөлшемді нысандар, 3D – редакторлар; редакторға кірістірілген нысандар; нысандардың үшөлшемді модельдері; оқиғалардың үшөлшемді модельдері.

  1. 8-сынып:

  1. Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары: ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану; процессордың негізгі сипаттамалары; желінің өткізу қабілеті.

  2. Денсаулық және қауіпсіздік: адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері, электронды құрылғылардың жағымсыз әсерінен қорғану тәсілдері; желі қолданушыларының қауіпсіздігі: интернеттегі алаяқтық пен агрессия.

    Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.



  3. Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу: электронды кестелердегі мәліметтердің пішімдері; абсолютті және салыстырмалы сілтемелер; берілген функция графигін құру; кірістірілген функцияларды қолдану: математикалық (қосынды, көбейтінді, дәреже), статистикалық (егер минималды, максималды, орташа мәні, есептеу), логикалық (егер);

    Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.



  4. Программалар жасаудың кіріктірілген орталары (С/С , Python,Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде):программалық жасақтаманың міндетіне қарай жіктелуі; программа құрудың кіріктірілген ортасының құрамдас бөліктері; таңдау операторы; цикл операторы (параметрлі цикл, алғы шартты цикл, соңғы шартты цикл); алгоритмнің трассировкасын орындау.

  5. Программа құрудың кіріктірілген ортасында тапсырмаларды шешу: қолданбалы есептерді программа құрудың кіріктірілген ортасында модельдеу.

  1. 9-сынып:

  1. Ақпаратпен жұмыс: эргономика (компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты қауіптерді сынап бағалау); ақпараттың қасиеттері; бұлттық есептеулерді қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу; желілік этикет және құқықтық нормалар.

  2. Компьютердің конфигурациясы: компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын (аппараттық және программалық жасақтама) таңдау.

  3. Мәліметтер қоры: мәліметтер қоры, жазба, өріс; электронды кестеде мәліметтер қорын құру; мәліметтерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу.

  4. Деректер ауқымы(С/С , Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде): бірөлшемді массив; массивті өңдеудің негізгі алгоритмдері: іздеу, сұрыптау, орындарын ауыстыру, массив элементін жою және қосу.

  5. Процестерді электронды кестелерде модельдеу: модельді құру және оны зерттеу (электронды кестедегі мәліметтер қоры);есепті әртүрлі әдістермен шығару, әрқайсысын сипаттау және сәйкесін таңдап алу;процестер модельдерін электронды кестелер арқылы зерттеу (физикалық, биологиялық, экономикалық).

    Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

    Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.



  1   2

  • Негізгі орта білім беру деңгейінің
  • Жалпы ережелер
  • 2 – тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

  • жүктеу 354.39 Kb.