Главная страница
Контакты

    Басты бет


Назарбаев Зияткерлік мектебі Интернет желісі жөніндегі оқушылар арасындағы

жүктеу 41.2 Kb.



жүктеу 41.2 Kb.
Дата03.06.2018
өлшемі41.2 Kb.

Назарбаев Зияткерлік мектебі Интернет желісі жөніндегі оқушылар арасындағы


Назарбаев Зияткерлік мектебі Интернет желісі жөніндегі оқушылар арасындағы сауалнаманың нәтижесі Орындаған: Даулетьярова Назерке Ахметова Камила 11 «В» класс оқушылары Тексерген: Жұмабаев Қайрат, ЖПЖЖ пәнінің мұғалімі Ақтөбе қаласы, 2014 жыл Интернет желісін пайдалану жөніндегі сауалнаманың нәтижесі Сауалнамаға 50 оқушы қатысты.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Әрбір оқушыға 5 сұрақ қойылған болатын. Ең алдымен, біз оқушылардан интернет желісін не себепті пайдаланып жүргенін сұрадық. Бұл сұрақ бойынша келесі жауаптар алынды. Оқушылардың 32-ы интернет желісін қоршаған адамдармен қарым-қатынас ұстап жүрсе, 30-ы интернет желісін оқу мақсатында пайдаланып жүр. Сонымен қоса, 20 бала саны өміріне қажет мәлімет, ақпарат алып отырылады. Танымдық, әрі қызығушылық мақсатта адамдармен қарым-қатынас ұстау- 6 оқушылардың әлеуметтік желін қолданудағы басты себеп болып табылады. Ал 14-ы интернет желісінде соңғы жаңалықтар біліп, ойындар ойнап, кино қарап, ән тыңдайды.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Екінші сұрақ ретінде оқушылардан интернетте олардың неше сағат өткізетіні туралы сұрақ қойылды. Бұл сұрақтың нәтижелерін келесі диаграммадан көруге болады. Барлық оқушылардың жауабы әртүрлі болып келеді. Дегенмен, ғаламтор желісін күн сайын 1-3 сағат аралығында 30 шақты адам қолданады. Екінші орында интернетті 4-6 сағат аралығында 10 адамның қолдану көрсеткіші тұр. Бір ғана сағат бойы қолданып жүрген бірнеше оқушылар да бар екен. Бірақ, өкінішке орай, компьютердің алдында күніне 7 сағаттан астам уақыт бойы оқушылардың болуы өте аянышты.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Сонымен қатар, біз оқушылардан интернеттің тиімді және тиімсіз жақтарын атап кетуін сұраған болатынбыз. Олардың жауатары келесі кестеде негізделген. Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары Хат-хабар алмасып, танымдық қасиет дамиды; Белгілі бір ақпаратты іздеп, тауып, өмірде қолдану; Мағлұматты тез әрі оңай табуға болады; Бос уақытты қызық өткізуге мүмкіндік береді (кино, әуен, түрлі ойындар); Әлеуметтік желілер арқылы достармен, тума-туыстармен қарым-қатынас ұстауға болады; Үйден шықпай, түрлі заттарды сатып алатындай мүмкіндік пайда болды; Интернеттегі ақпарат көздерінен өзіміз үшін көптеген жаңа нәрсе үйреніп алуға болады. Физиологиялық әлсіздік; Тәуелділік; Қазіргі кезде интернетте жалған ақпарат көп тарап кеткен болатын; Интернетті жиі қолданатын адам түрлі психикалық және физиологиялық ауруларға ұшырауы мүмкін (көз ауруы, омыртқа ауруы, суицид, ажырасу да болуы мүмкін);
Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Интернет желі көп уақыт алатыны бәрімізге белгілі; Ғаламтор желісін көп қолдану еріншектікке әкеліп соғады. Төртінші сұрақ ретінде мектептің оқушыларына «Интернетсіз өмір сүру мүмкін бе» деген сұрақ қойылды. Бұл диаграммада интернетсіз өмір сүру мүмкін бе деген сауалнама сұрағына оқушылардың қаншалықты жауап бергені пайыздық мөлшерде көрсетілген. Анығырақ айта кететін болсақ, «Иә, интернетсіз өмір сүруге болады»,- деп жауап берушілердің саны 33-ды құраса, «Жоқ, интернетсіз өмір сүру мүмкін емес»,-деп жауап берген оқушылардың саны толықтай 15-ды құрап отыр. Алайда, қойылған бұл сұраққа жауап беру қиынға соққан оқушылардың пайыздық көрсеткіші 0.5-ға жетіп отыр. Қойылған сұраққа «Иә» ,- деп жауап берген оқушылардың бірінші себебі- ақпарат көздерін интренетсіз-ақ газет-журнал беттерінен табуға болады.Екінші себеп- ертеде адамдар осы интернетсіз-ақ өмір сүрген. Үшінші себеп- өмір тек интернетке қарап, байланып тұрған жоқ. Қойылған сұраққа «жоқ»,- деп жауап берушілірдің бірінші себебі- 21-шi ғасырда интернетсiз ештеңе елестету мүмкiн емес. Оған дәлел-  XXI ғасырдың жаңа бір жаңалығы дәл осы интернет болуында.Екінші себеп- қажет деген ақпарат ала алмаймыз. Үшінші себеп- интернетсіз уақытты үдемді пайдалана алмас едік. Ал кейбір оқушылар екі жақты да көзқараста болу себебінен бұл сұраққа жауап бере алмады. Бұл диаграмманы неліктен интернетті қолдану дамыған елдерде жоғары көрсеткішке ие деген сауалнаманың сұрағын жүргізу барысындағы оқушылардың берген жауаптары бойынша саралаған болатынбыз.
Дамыған елдер - индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.
Дамыған елдердің интернетке деген қызығушылығы көбірек деп жауап қайтарған оқушылар- 2-ды, георафиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайларына байланысты деп жауап берегендердің саны- 3-ды, халықтың жағдайы жақсы-5, адам саны көп-6, дамыған елдерде интернет ерте дамыған- 10, жауап беру қиын- 6.5-ды құраса, экономикасы жақсы дамыған - 6.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
5, техника жақсы дамыған деп жауап берген оқушылар саны -10-ды құрайды. Оқушылардың осылай жауап бергенінің бірінші себебі- олардың өзіндік көзқарасының болуында, екінші себеп- әрбір оқушының нақты аргументтер келтіріп, тереңінен ойлай білуінде болса, үшінші себеп- оқушылардың жан-жақты ізденіс арқасында еркін жауап қайтара білуінде болды деп ойлаймыз. Қорытынды 5 сұрақтан тұратын интернет туралы сауалнаманы алу барысында 7-11 класс аралығындағы оқушылардың интернетке деген көзқарасын біліп, өзіндік жүйелі ой түйдік. Сауалнаманы жүргізу кезінде оқушылар әрбір сұраққа дәлме-дәл әрі нақты жауап беруге тырысты. Бізді бір қызықтырғаны оқушылар интернеттің тиімді және тиімсіз тұстарын жүйелі аргументтер келтіре отырып дәлелдей алуы болды. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың интернетті оқу, сабақ, ақпарат іздеу және тағы басқа да себептер үшін пайдаланатындарына көзіміз жетті. Сауалнаманы жүргізу кезінде көз жеткізген нәтижелер әр түрлі көз қарастарды қалыптастырып, сол бойынша терең ойлауға зор көмегін тигізді.


жүктеу 41.2 Kb.