Главная страница
Контакты

    Басты бет


Multi Media Presentation бағдарламасымен жасалған жаттығуларды интерактивті тақтада қолдану, тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіліп, оқушылар сабақ

жүктеу 51.15 Kb.



жүктеу 51.15 Kb.
Дата14.09.2018
өлшемі51.15 Kb.

Multi Media Presentation бағдарламасымен жасалған жаттығуларды интерактивті тақтада қолдану, тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіліп, оқушылар сабақ


5-ші сыныпта "My Computer" тақырыбына жасалған сабақ жоспары


Автор: 

Балтабаева Г.Б.



Жұмыс орны: 

Ақбақай орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі



Сынып: 

5

Пән: 

Ағылшын тілі

Қолданылған оқулық: 

5- сыныптың English оқулығы авторы Т.Аяпова, З.Әбілдаева 



Сабақтың оқу процесіндегі орны: жаңа тақырыптың үшінші сабағы. Сабақтың түрі: жаңа білім алу сабағы.

Сабақта АҚТ-ны қолдану тәсілі: Multi Media Presentation бағдарламасымен жасалған жаттығуларды интерактивті тақтада қолдану, тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіліп, оқушылар сабақ барысында орындайды.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Оқушыларды тақырып бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру

  • Оқушыларды сабақ кестесі туралы айтуға, “When have you got Biology?”, “How many lessons have you got on Monday?”, “When is Maths?” сұрақтарына жауап беруге үйрету.

  • Сөйлем құрастыру арқылы оқушылардың ойын, тілін, ауызша сөйлеуге,сауатты жазуға жаттықтыру

Дамытушылық:

  • Ерекше оқылатын дыбыстарды дұрыс дыбыстай алу дағдыларын қалыптастыру

  • Тыңдау, сөйлеу қабілетін дамыту

  • Пәнге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік:

  • Айналадағы адамдармен сыпайы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу

  • Ата-анасының, достарын құрметтеуге, сыйлауға үйрету

  • Үйреніп жатқан елдің мәдениетіне қызығушылықтарын қалыптастыру

Міндеттері:

  • Оқушыларды “School subjects” тақырыбының лексикасымен таныстыру: Mathematics, Art, Science, Home Economics, History, Biology, Music, Computer Studies, Geography, Time-table, except, subject

  • Лексиканы оқу, сөйлеуде қолдану білігін дамыту;

  • Берілген тақырып аумағында сұраққа жауап беруге үйрету;

  • Сабақ кестесін ағылшын тілінде жазуға үйрету;


Сабақ құралдары:

    1. Мұғалім компьютері.

    2. Интерактивті тақта.

    3. Оқушылардың күнделіктері.

    4. Дидактикалық үлестірме материал.

Қолданылған оқыту тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстративті, ізденгіштік, репродуктивтік, топ пен жұмыс

Қолданылған оқыту әдістері: көрсетілім, түсіндіру, әңгімелесу, тыңдап түсіну, сұрақ-жауап, аударма, салыстыру, мәтінмен жұмыс, үлестірме материалмен жұмыс.

Сабақтың барысы :


Сабақтың кезеңі

Кезеңнің мақсаты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I. Ұйымдастыру

Назарын сабаққа аудару (сабаққа енгізу)

Амандасу, сабақта жоқ баланы анықтау, сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау.Teacher: Good morning! Take your seats, please, and get ready for the lesson. - Who is on duty today? -What season is it now? -What date is it today? -What day is it today? -Who is absent? Мұғалім сабақтың тақырыбын тақтаға жазады.

Мұғаліммен амандасу, кезекшінің әңгімесі: дата, аптаның күні, сабақта жоқ оқушылар.

I’m on duty today.

It is a winter now. It’s the …of December. It’s ...

Today is\are … absent.

Кезекші борды пайдаланып датаны тақтаға жазады. Сынып дата мен тақырыпты өз жұмыс дәптерлеріне жазады.


II. Негізгі бөлім.

1. Тілдік жаттығу



  Тілдік ая құру.

Үй жұмысын тексеру.




Solomon Grundy

Born on a Monday

Christened on Tuesday

Married on Wednesday

Ill on Thursday

Worse on Friday

Died on Sunday

That is the end

Of poor old Solomon Grundy

Артикльдерді табу.



<Сурет 1>

мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, бір тақырыптан екіншіге көшу ұйымдастырылады:

Eх:10 – 11 p 100


Оқушылар мұғалімнің соңынан қайталайды.
Интерактивті тақтада суреттің астына тиісті жазуларды апарады.

Кезекпен шығып артикльдерді табады

Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді:


2. Жаңа материалды енгізу және оны алғашқы бекіту.

Оқушыларды “School subjects” тақырыбының лексикасымен таныстыру.

Ой қозғар.

Мұғалім оқушыларға: - Look at the screen.

There are some pictures on the board. Please, by looking the pictures try to guess the theme of the lesson.

New words

- Let’s name them, repeat after me, please:

Mathematics, History, Biology, Music, Computer Studies, Geography, Art, Home Economics, except, subject.



Open your books

Here is Colin’s time-table.

Оқушылар мұғалім соңынан

жаңа сөздерді хормен және жеке қайталайды: Mathematics, History, Biology, Music, Computer Studies, Geography, Art, Home Economics, except, subject .


 

Лексикалық бірліктерді ауызша жаттығуларда активизациялау.

-When is History? -When is Biology? - When is English?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, тақтада көрсетеді.

3. Жаңа материалды қолдану

Материалды пайдаланып сабақ кестесін жасату.

Мұғалім оқушыларға: Write please your time-table.

-How many lessons have you got on Monday? Etc.

-When have you got Biology? - When is History?<Сурет 2>


Тақтаны қолданып берілген пәндерді сабақ кестесіне кіргізеді.

- We have got five lessons on Monday.

-We have Biology on Tuesday. Etc.


 

Біліктілікті жаттығуда көрсету

Мұғалім жасалған сабақ кестесін пайдаланып бір күннің сабағы туралы айтуды ұсынады. Бір-біріне сұрақ қою ұсынылады.

Оқушылар топпен сабақ кестесі туралы айтады:

- We have got five lessons on Monday. There are Mathematics, English, Music… Оқушылар жұппен жұмыс жасайды: - When is Geography? -It’s on Friday. -How many lessons have we got on Saturday? -We have got four lessons on Saturday.



4. Оқу.

Жаңа лексиканы алғашқы бекіту.

Мұғалім жаңа лексиканы оқуда қолдануды жаттықтырады.

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды: диалогты рольмен оқиды.


5. Сөйлеу.

Жаңа лексиканы бекіту.

Ауызша сөйлеу дағдысын дамытады.

Сынып тапсырманы карточкада орындайды, бір оқушы инербелсенді тақтада «қаламды» пайдаланып жазады. <Ex:5>

6. Жазу.

Қорытындылау.

Жазу қабілетін қалыптастырады.

Оқушылар карточкада берілген тапсырмаларды орындайды.

III. Қорытынды бөлім.

Үй тапсырмасын түсіндіру,сабаққа қорытынды жасау.

Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіреді. Сабақты қорытындылайды(не үйрендік, не білдік). Оқушылардың жауабын бағалайды,түсіндіреді.

Тыңдайды,түсінеді,сұрайды. Қорытынды жасайды.

  • Сабақтың оқу процесіндегі орны
  • Сабақтың мақсаты : Білімділік
  • Қолданылған оқыту тәсілдері
  • іс-әрекеті I. Ұйымдастыру

  • жүктеу 51.15 Kb.