Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мультимедиалық технологиялармен оқытудың дидактикалық жүйелері

жүктеу 218.74 Kb.



жүктеу 218.74 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі218.74 Kb.

Мультимедиалық технологиялармен оқытудың дидактикалық жүйелері



Мультимедиалық технологиялармен оқытудың дидактикалық жүйелері
Ж.А. Ерімбетова , Абай атындағы ҚазҰПУ
Мультимедиа әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынудың тиімді құралы болып табылады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Сондықтан да, мультимедиаға сипаттама беру, оның ерекшелігін анықтау үшін алдымен информатика ғылымы зерттейтін ақпарат, ақпараттандыру, ақпараттық процесс ұғымдары, ақпарат түрлері және оларды ұсыну әдістері қарастырылуы қажет.

Ақпарат термині латынның informatio - танысу, түйсiну, түсiну деген сөзінен шыққан. Алғашқы кезде ақпарат ұғымына «бір адамнан екінші бір адамға ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістер арқылы берілетін мәлімет және осы мәліметті беру мен қабылдау процесі» деген анықтама берілді. Кей жағдайда ақпаратты ғалымдар материя, энергия сияқты философиялық категориялардың қатарына жатқызады.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық.
Мысалы, Р.Ф.Абдеевтiң еңбегiнде көптеген ғалымдардың ақпаратқа берiлген анықтамалары келтiрiлген. Солардың бiрнешеуiне тоқталайық:

– ақпарат - құрылымның күрделiлiк өлшемi (Моль);

– ақпарат - таңдау ықтималдылығы (Яглом);

– ақпарат - энтропияның терiстiгi (Бриллюэн).

Бiздiң түсiнiгiмiзше, кең мағынада ақпарат - әлемнiң келбетi, ал, тар мағынада – кез келген объект немесе субъект жөнiндегi мәлiмет.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Ақпараттың мынадай қасиеттері бар:

– тұтыну кезінде көлемі азаймайды;

– пайдалану кезінде тұтынушылар санына шек қойылмайды;

– бір орыннан екінші орынға тасымалдау процесі жылдам жүргізіледі;

қандай да бір мазмұндағы ақпарат әртүрлі формада ұсыныла алады т.б.

Ақпараттандыру – азаматтардың ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандыру үшiн тиiмдi шарттарды құру процесi.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Басқаша айтқанда, ақпараттандыру – ақпараттық-техникалық құралдарды (мысалы, компьютерлiк техникаларды) бағдарламалар, әдiстемелiк құралдар кешенiмен жабдықтау. Көп жағдайда пайдаланушылар ақпараттандыруды «компьютерлендіру» ұғымымен бірдей түсінік ретінде қарастырады. Компьютерлендiру - бiлiм беру жүйесiн компьютермен жабдықтау. Бұл екi ұғымды бiрi-бiрiнен бөлiп қарауға болмайды. Бiрақ, компьютерлендiру ұғымы ақпараттандыру ұғымының құрамына кiредi[1].

Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды, мидың және орталық нерв жүйесінің көмегімен ақпаратты өңдейді, есте сақтайды. Адамның ойша есеп шығаруы, мәтінді бір тілден екінші тілге аударуы ақпаратты өңдеу процесінің мысалдары. Ақпаратты өңдеу процесі адамның ақыл-ой іс-әрекетіне байланысты.

Қандай да бір нәтижеге жету мақсатындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттер тізбегінің жиынтығы ақпараттық процесс деп аталады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Ақпараттық процесс адамға қатысты әлемде ғана емес, табиғатқа қатысты да жүреді.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Тірі табиғатта популяциялық түрленулер тұрақты ақпарат алмасуға негізделген. Мысалы, өсімдіктер әлеміндегі жыл мезгіліне байланысты өзгерістер – ақпараттық процесс нәтижесі. Атап айтқанда, ауа температурасының өзгеруі, күн сәулесінің ұзақтығы өсімдіктердің өмір сүруі үшін маңызды[2].

Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші критерий ретінде көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу сияқты адамның ақпаратты қабылдау түрлерін атауға болады. Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бөлеміз:

1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм секілді көру арқылы қабылданатын ақпараттар.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
Мұны визуалды ақпарат деп атайды.

2. Дыбыс, сөз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны дыбыстық ақпарат деп атайды.

3. Арнайы техникалық құралдар көмегімен адамның сенсорлық жүйесі арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны сенсорлық ақпарат деп атайды.

Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты. Сондықтан да адам қабылдайтын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп бөлеміз.

Қандай да бір объектінің немесе процестің негізгі қасиетін сипаттайтын ақпаратты тура ақпарат деп атайды. Мысалы, судың мөлдірлігі, түссіздігі және сұйықтығы.

Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.

Адамның бір тақырып төңірегіндегі бұрын қабылдаған ақпараты мен жаңа ақпаратты салыстыру, елестету арқылы қабылдауын ассоциативті ақпарат деп атаймыз. Мысал ретінде, жоғарыда келтірілген судың негізгі сипаттамалары арқылы оған қосымша сипаттама беретін ақпаратты келтіруге болады.

Ақпарат кеңістік арқылы ғана емес, уақытқа байланысты да таратылады.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Мысалы, ежелгі сына жазулары, Күлтегін жазбасы, жартастардағы суреттер, адамның гендік қасиеттерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі т.б. [3].

Ақпаратты ұсынудың бірнеше әдістері бар. Ауызша, жазбаша және сурет, графика, бейнемәлімет, дыбыстық мәлімет арқылы көрнекілік негізде ұсыну т.б. Ақпаратты ұсыну үшін алдымен жинақталған, өңделген, сақталған ақпарат болуы керек. Адам ақпаратты іздеу, жинау, сұрыптау, өңдеу, сақтау арқылы ғана ой-елегінен өткізіп ұсына алады. Сонымен қатар, баспа құралдары, техникалық құралдар арқылы да ақпаратты тарата аламыз.

Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру процесiне байланысты ақпаратты-бiлiм беру ортасы, ақпаратты-пәндiк орта, кәсiби-ақпараттық бiлiм беру ортасы, оқытудың компьютерлiк технологиялары, оқытудың ақпараттық технологиялары, ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, бiлiм беруге арналған ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, мультимедиа,мультимедиалық технологиялар, бiлiм берудегi мультимедиа, мультимедианың бағдарламалық құралдары, мультимедиалық ресурстар секiлдi бiрқатар терминдер оқулықтар мен ғылыми мақалаларда қолданыла бастады.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Ендi осы түсiнiктерге талдау жасап көрейiк. Алдымен, осы түсiнiктерде көп қолданылатын «орта» терминiне тоқталайық. Орта макроорта және микроорта ұғымдарын құрайды.

Макроорта немесе үлкен орта - ұйымның (кәсіпорынның‚ фирманың‚ компанияның) қызметіне елеулі ықпал ететін демографиялық‚ экономикалық‚ ғылыми-техникалық‚ мәдени және басқа факторлардың жиынтығы.
Макроорта қоғамдық-экономикалық жүйелердi қамтыса, микроорта жеке тұлғаның айналасындағы жанұя, ұжым секiлдi жекелеген элементтерден құралады.[4].

Бiлiм беру ортасы – бiлiм беру мекемелерiндегi оқыту технологиялары мен ақпараттық ресурстардың жиынтығы.

Ал, ақпаратты бiлiм беру ортасы ұғымына қатысты В.А.Красильникованың: «бiлiм беру ортасы» ешқашанда ақпаратсыз бола алмайды, бұл жердегi «ақпаратты» сөзi «ақпараттық технологияларға қатысты айтылып тұр» деген пікірімен қосылғымыз келеді. Сондықтан да, ақпаратты-бiлiм беру ортасы – ақпараттық бiлiм ресурстарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн ақпараттық технологиялар негiзiнде құрылған оқыту технологиясының жиынтығы деген тұжырым жасай аламыз.

Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпаратты-пәндiк орта белгiлi бiр пәнге қатысты ақпаратты пайдалануға бағытталған ақпаратты-бiлiм беру ортасының құрамы.

Кәсiби-ақпараттық бiлiм беру ортасы – белгiлi бiр мамандық иесiнiң кәсiби iс-әрекетiнде пайдалануға арналған компьютерлiк және телекоммуникациялық технологиялар негiзiнде құралған аппаратты-бағдарламалық жабдықтар жиынтығы.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Оқытудың компьютерлiк технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиялары секiлдi терминдерге талдау жасау үшін алдымен «оқыту», «технология» ұғымдарының мағынасын ашып алуымыз қажет.

Оқыту педагогтардың жетекшiлiгiмен тұлғаның бiлiмiн, ебдейлiгiн, дағдысын қалыптастыруға бағытталған, жоспарлы және жүйелi түрде жүзеге асырылатын процесс.

Технология - шеберлiк туралы ғылым, techne – өнер, шеберлiк, logos – ғылым. Энциклопедиялық еңбектерде келтiрiлген анықтама бойынша «технология» - өнiм өндiру процесiнде өнiмнiң, материалдың немесе полуфабрикаттың формасын, қасиетiн, қалып-күйiн өзгертудi, өңдеудi жүзеге асыратын әдiстер жиынтығы[5].

Оқытудың компьютерлiк технологиясы – ақпаратты жинақтау, ұсыну және бақылауды ұйымдастыру, танымдық iс-әрекеттi басқару секiлдi педагогтың атқаратын функцияларының компьютерлiк техника негiзiнде педагогикалық шарттарын құрудың әдiстерi мен тәсiлдері жиынтығы.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

Оқытудың компьютерлiк технологиясы оқытушы мен студенттiң, мұғалiм мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертедi. Бұлөз кезегiнде оқу мотивациясын күшейтедi, оқытудың қарқындылығын арттырады. Оқу мотивациясы дегенiмiз – танып-бiлуге ұмтылдыратын қозғаушы күштердi дамытудың әдiстерi, құралдары мен тәсiлдерi[6].

Оқытудың ақпараттық технологиялары – білім беруге бағытталған компьютерлiк техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструменталды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар - локалдық, аймақтық, бүкiл әлемдiк желiлерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазiргi заманғы байланыс құралдарының барлық түрлері, бағдарламалық жүйелер мен кешендер (бағдарламалау тiлдерi, трансляторлар, компиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструменталды пакеттер), мультимедиа, телекоммуникация секілді техникалық-бағдарламалық құралдар жиынтығы [7].

Ал, оқу-әдiстемелiк, нормативтi-құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық материалдарды бiрлесе пайдалану негiзiнде жұмыс iстейтiн болса, мұны бiлiм беруге арналған ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп қарастыруға болады.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар қызметі мынадай қасиеттерімен сипатталады:

– өңдеу процесінің нысаны мәліметтер болып табылады;

– ақпараттық процестің мақсаты ақпарат алмасуға негізделеді;

– ақпараттық процесті жүзеге асыру құралдарын бағдарламалық, аппараттық, бағдарламалы-аппараттық кешендер құрайды;

– ақпараттық процесті тиімділендіру параметріне ақпаратты тұтынушыға жеткізудің дәлдігі, сенімділігі, толықтығы жатады.

Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.

Енді ұлы дидактик Я.А.Коменский «Алтын ережеге» балаған көрнекілік ұстанымының талаптарына толық жауап бере алатын мультимедиалық технологиялар ұғымдарын қарастырайық. Алдымен мультимедиа ұғымына талдау жасап көрейік.

Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi:

Мультимедиа - әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негiзделген технология (D.Little).

Мультимедиа - екi не онан да көп типтi ақпараттарды интерактивтi формада бiрiктiру (D.H.Jonassen).

Мультимедиа - әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн компьютердiң аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенi (И.И.Косенко).

Мультимедиа - графика, гипермәтiн, дыбыс, анимация, бейнемәлiметтердi пайдалануға мүмкiндiк туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И.Вернер) .

Мультимедиа терминiлатын тiлiнiң «multy» (көп) және «media» (орта) деген сөздерiнiң бiрiгуiнен құралған. Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi саралай келе бұл терминге «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, ақпараттық орта түсiнiгiн белгiлi бiр ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдай аламыз[8].

Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға өздiгiмiзше анықтама бере кетейiк.

Мультимедиа компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.

Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол секілді «мультимедиа» сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз.

Яғни, мультимедиа –

– әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;

– әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;

– түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық жабдық;

– пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.

Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы.

Бiлiм берудегi мультимедиа- бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедианың бағдарламалық құралдары кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.

Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.

Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Оның жалпы сипатын 1-ші суреттегiдейбейнелей аламыз.

мәтін


бейне кесте

ақпарат
дыбыс сурет


анимация сұлба
графика

мульти-медиа



Сурет 1. Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар
Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi инновациялық әдiстердi жүзеге асыратын бiрден бiр жаңа ақпараттық технология болып саналады.

Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда «мультимедиа» сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде «мультимедиалық» сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек «мультимедиа» деп атауға болады.

Гипермедиа (гиперорта) ұғымы – көптеген шет елдiк зерттеушiлер мультимедиа және гипермедиа ұғымдарын бiр мағынада қарастырады. Мұнымен қатар, кейбiр ғалымдар мультимедиа ұғымын гипермедиа ұғымының құрамына кiргiзедi. Мысалы, И.Браун «гипермедиа - мультимедианың сызықты емес түрде ұсынылған жиынтығы» деген пiкiр айтады. Бiздiң пiкiрiмiзше, мультимедиа - пайдаланушыға әртүрлi типтi ақпараттарды бiрiктiрiп ұсыну технологиясы болса, гипермедиа - пайдаланушының түрлiше типтi ақпараттардың бiрiнен екiншiсiне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы.

Мультимедиалық ақпарат түрлерiн (мәтiн, графика, анимация, дыбыс, бейнеақпарат т.б.

Бейнеақпарат (Видеоинформация) - түрлі-түсті кескіндер түрінде берілетін ақпарат (фотографиялар, суреттер және т.б.).
) өзара байланыстыру нәтижесiнде гипермедиа

технологиясы пайда болды. Оқу материалын дәстүрлi, яғни, сызықтық түрде ұсынуға қарағанда, гипермәтiндi немесе гипермедиалы түрде ұсыну тақырыпты ауқымды қамтуды жүзеге асырады. Осыған байланысты, гиперсілтеме, гипермәтін түсініктеріне де тоқталайық.

Гиперсілтемекомпьютердегі пайдаланушының бір орындағы ақпараттан екінші орындағы ақпаратқа ауысуы үшін жасалатын сілтеме. Гипермәтiн әртүрлi мәтiндiк ақпараттардың бiрiнен кез келгенiне сызықтық емес формада ауысу технологиясы. Гипермәтiн ұғымын 1965 жылы американдық ғалым Т.Нельсон енгiзген. Оның айтуынша «гипермәтiн – сызықтық емес түрде байланысқан жазбалар».

Гипермедиа (гиперорта) – компьютер экранына текстографиялық тораптарды ғана емес, анимация, графика, дыбыс, бейнеөнiмдердi де гипермәтiндiк жүйе ретiнде ұсынатын технология.Гипермедиа белгiлi бiр тақырыптық ақпаратты бiр мезгiлде мәтiн, график, сурет, дыбыс, бейнеөнiм түрiнде байланыстыра алады. Гипермедиадағы басты ерекшелiк әртүрлi арналармен жүретiн ақпарат келiсiлген болуы керек, яғни, бiр арнадан қабылданған ақпарат басқа арнадағы ақпаратты қабылдау мүмкiндiгiн шектемей, керiсiнше, ұлғайту керек.

Виртуалды нақтылық (шындық). Білім беру саласында жұмыс принципі виртуалды нақтылық технологиясына негізделген мультимедиалық құралдар да қолданылуда.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Нақты, бар нысандар мен процестерді бейнелейтін электрондық модельдер виртуалды нақтылықтың объектісі болып табылады.

«Виртуалды» сын есімі қағаз немесе басқа да әртүрлі заттық ақпарат тасымалдағыштарда ұсынылған мәліметтердің электрондық баламасын сипаттау үшін қолданылады.

Виртуалды нақтылық – пайдаланушыны стереоскопиялық негіздегі виртуалды кеңістікте нақыт уақыт кезеңінде жүргендей әсерге бөлейтін және сол кеңістікте пайдаланушыға әртүрлі типті ақпараттарды ұсына алатын мультимедиалық технология қызметі.

Виртуалды нақтылық адамды объектімен тікелей «байланыстыруды» қамтамасыз етеді. Мысалы, оқытушы немесе студент тіркегіш құралмен жабдықталған арнайы қолғап арқылы компьютер жадында сақталған электрондық объектіні монитор экранынан қолымен ұстап көреді және материалдық объектіні ұстағандай әсерде қалады.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Компьютерлік жад Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.
Виртуалды киімдер мен көзілдіріктер кию арқылы пайдаланушы виртуалды кеңістікте «қозғала алады». Мұндай мультимедиалық технологиялар студенттердің, оқушылардың ақпаратты қабылдау және түйсіну механизмін өзгертеді және дамытады.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Бұл кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау процесі тек көру, есту көмегімен ғана емес, сонымен қатар, сипап сезу арқылы да жүзеге асырылады. Бүгiнгi күннiң өзiнде виртуалды нақтылықты иiс сезу рецепторларымен, үш өлшемдi кескiндермен, әртүрлi жиiлiктегi вибрациямен толықтыруға мүмкiндiк бар. Бұл жасанды орта кескiн мен дыбысты берiп қана қоймайды, оның физикалық әсерiн де бередi. Жасанды түрде автомобиль қозғалысын, кеме жүзуiн, желдiң әсерiн беруге болады, сондай-ақ, пайдаланушы бейнеленген затты экранда жылжыту мүмкiндiгіне ие бола алады.
Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos - қабылдағыш) - сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.
Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
Сондықтан да, педагог ғалымдар виртуалды нақтылық технологиясын дидактиканың көрнекілік принципін толық іске асыра алатын құрал деген пікірлер білдіруде.

Визуалды (көрінетін) ақпаратты қабылдау жеңіл болғандықтан символдық ақпаратты қабылдау кезінде теориялық ойлауға қарағанда практикалық ойлау адамнан көп күш-жігерді қажет етпейді. Сол себептен де, виртуалды кеңістік жүйесінің көрнекілік-образдық, көрнекілік-әрекеттік сипаттағы ұсынатын ақпаратын пайдаланушылар барынша толық күйінде қабылдай алады.

Модель –қандай да бір нақты объектінің қасиеттерін білу үшін, оны екінші бір объекті арқылы сипаттау. Басқаша айтқанда, модель – бір құрылымды екінші құрылым негізінде бейнелеудің нәтижесі.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Кез келген модель белгілі бір гипотеза негізінде құрылады және зерттеледі.

Модельдеу нақты объектіні жан-жақты сипаттайтын ақпараттарды модельге ауыстыру процесі мен әдісі.

Модельдерді пайдалану саласына байланысты былайша жіктеуге болады:

– оқытуға арналған (мысалы, көрнекілік құралдар);

– тәжірибелікмақсаттағы модель (мысалы, кеменің әртүрлі табиғи жағдайларға төзімділігін анықтау үшін оның модельі су қоймаларында сыналады);

– ғылыми зерттеу бағытында пайдаланылатын модельдер т.б.[9].

Жалпы, қандай да бiр нысанды сипаттау материалдық және ақпараттық модельдеу негiзiнде жүзеге асырылады. Егер материалдық модель объектiнiң геометриялық формасын нақты жағдайда сипаттаса, ақпараттық модель объектiнiң қасиетi мен күйiн сипаттайтын ақпараттар жиынтығын құрайды.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Ақпараттық модель белгiлiк және вербальды модельдерден тұрады. Вербальды модель деп объектiнiң ауызша сипатталуын айтуға болады. Ал, белгiлiк модель сурет, графика, сұлба сияқты арнайы белгiлермен берiлген ақпараттық модель болып табылады. Белгiлiк модельдер компьютерлiк және компьютерлiк емес болып бөлiнедi.

Компьютерлiк модель - бағдарламалық жабдықтардың көмегiмен ұсынылған модель.Компьютерлiк модельдеу ұғымдардың мағынасын тереңiрек ашуға, процестер мен құбылыстарды зерттеу әдiстерiн толық түсiндiруге мүмкiндiк бередi.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжiрибелер, зертханалық жұмыстар студенттер мен оқушыларға заңдылықтар мен құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсiне бiлуге бейiмдейдi. Бiр жағдайда олар көзбен көруге мүмкiн болмайтын құбылыстарды экранда бақылауға мүмкiндiк берсе, екiншi жағдайда, ғылымда күрмеуi қиын мәселелердi графика, анимация, бейнекөрiнiс түрiнде бақылап, шешiмiн табуға көмектеседi. Сонымен қатар, компьютерлік модельдер оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiруге және оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзуге көмектеседі. Оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту процесiндегi басты тұлға болып табылады.

Мультимедиалық технологияларды оқыту процесіндепайдаланудың шарттары мен аспектілері.Мультимедиалық технологияларды пайдалану негiзiнде жүргiзiлетін оқыту әдiсi оқытудың теориясы мен технологиясын бiр-бiрiмен байланыстырып отыруды қажет етедi.

Оқыту әдiсi деп оқытушы мен студенттiң немесе мұғалiм мен оқушының оқыту процесiнде алға қойылған мақсатқа жету үшiн бiрiгiп атқаратын iс-әрекетiн айтамыз. Осы кездегi негiзгi талап - үздiксiз бiлiм беру тәсiлдерiн iздеу, жастарды өз бетiнше оқу тәсiлдерiне үйрету, жаңа оқыту құралдары арқылы бiлiм алу жолдарын iздестiру, шығармашылық және шеберлiк iске баулу.

Педагогикада белгiлi бiр пән бойынша оқыту жүйесiн құру заңдылығын оқыту теориясы қарастырады. Оқыту теориясы мен әдiстерiне негiзделген түсiнiк - оқыту технологиясы, яғни, педагогикалық технология болып табылады.

В.М.Монаховтың пiкiрiнше: «Педагогикалық технология дегенiмiз – мұғалiм мен оқушыға тиiмдi жағдай жасайтын, оқыту процесiн жобалауға, ұйымдастыруға және жүргiзуге арналған педагогикалық модель»[10].

Оқыту технологиясы оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, ұсыну әдiстерi мен құралдарының нәтижелiлiгiне байланысты дамитын, әлеуметтiк технологиялардың негiзгi құраушыларының бiрi. Әрбiр дидактикалық құралды тиiмдi пайдалану үшiн сәйкесiнше оқыту технологиясы қажет. Сондықтан да, оқыту технологиясын оқытудың мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн әдiс-тәсiлдердiң, құралдардың жүйесi деп айта аламыз.

Оқыту жүйесiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану кезiнде көп жағдайда педагогикалық ерекшелiктер ескерiлмейдi. Сол себептен де, оқыту процесiне тек жаңа ақпараттық технологияларды (біздің жағдайымызда мультимедиалық технологияларды) ғана емес, жаңа педагогикалық оқыту теорияларын да енгiзу, қойылып отырған мәселенiң шешiмiн табуға көп көмектеседi.

Әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қызметін жоғары деңгейде көрсетуі үшін мультимедиалық технологияларды пайдалана білуімен қатар, сол аталған технологияларды тікелей оқыту процесінде қолданудың қажеттіліктерін анықтай білуі керек[11].

Бірінші қажеттілік – дәстүрлі оқыту әдісінде тәжірибелік дәлелдеулері жүзеге асырылуы мүмкін емес заңдылықтар мен теорияларды, ұғымдарды, макро және микроәлем жөніндегі түсініктерді, пәнаралық байланыс сипатындағы күрделі оқу материалдарын оқыту үшін студенттер мен оқушыларда қажетті білімдер жүйесінің болуы.

Екінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда репродуктивті дағдының қалыптасуы. Мұндай қажеттілік оқу экспериментін жобалау, оқу мазмұнына қатысты мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау секілді іс-әрекеттер кезінде байқалады.

Үшінші қажеттілік – студенттерде, оқушыларда шығармашалық (креативтілік) дағдының қалыптасуы. Бұл қажеттілік күрделі есептерді шешу, зертханалық эксперименттерді жүргізу, объектіні модельдеу, қандай да бір процестің өтуіне әсер етуші факторларды анықтау кезінде байқалады.

Төртінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда белгілі бір тұлғалық сапаның қалыптасуы. Бұл қажеттілік әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жас жеткіншектерді адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу кезінде көрініс береді.

Ізгілік (лат. Нumanitas - адам табиғаты) - адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.
Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Жастарда тұлғалық сапаның болуы оның қоғам алдында жауапкершілігін күшейтеді.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Осы аталған қажеттеліктерге байланысты мультимедиалық технологияларды пайдалану оқытудың мазмұнын өзгертiп, формасын жаңаша қалыптастыруға негiз болады.

Мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде қолдану мынадай педагогикалық мақсаттарға бағытталады:

1) Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:

– жеке тұлғаның ойлау деңгейiн жоғарылату, оның бойында бiлiм қорын қалыптастыру мақсатында психологиялық-педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру;

– қабылдау, есте сақтау секiлдi iс-әрекеттердi жүзеге асыру iскерлiгiн қалыптастыру және дамыту;

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

– имитациялау, модельдеу процестерiн ұйымдастыру негiзiнде студенттер мен оқушылардың эксперименттi-зерттеушiлiк қызметтерді орындау ебдейлігін қалыптастыру.

– Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:

– мультимедиалық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану есебiнен оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру;

– түрлi пәндiк ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету;

– мультимедиа-ресурстарды тиiмдi пайдалану негiзiнде ашық бiлiм беру идеясын дамыту.

Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда мультимедиалық технологиялар:

– микро және макроәлемдегі күрделi құбылыстар мен процестердi модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыруға;

– әртүрлi физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтiк т.б. өте жылдам немесе жай өтетiн құбылыстарды кез келген уақытта оқып үйренуге мүмкiндiк беру мәселелерiн шешуге бағытталуы керек.

Осы ұстаным бойынша мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың мынадай алғышарттарын анықтауға болады: дидактикалық, психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық.

1. Дидактикалық шарттар:

– Сабақтыңмазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.

– Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру. Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да, оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет.

2.Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану. Үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:


– Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.

– Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.

– Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.

– Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.

3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:

– Бөлмедегi ауаның физико-химиялық құрамының төмендеуi студенттердiң, оқушылардың сабаққа қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан бөлме ауасын ауыстырып отыру.

– Аудиовизуалдық оқу материалдарын қалыпты жағдайдан артық көрсетуге болмайды.

– Техникалық шарттар:

– Ерекшелiктерiне қарай мультимедиалық технологияларды дәрiсханада дұрыс орналастыра бiлу.

– Құрылғылардың техникалық ақаулығын үнемi тексерiп отыру.

– DVD, CDдискiлерiндегi, бейнетаспалардағы оқуматериалдарындұрыссақтайбiлу.

–Дәрiсхананыоқытупроцесiнебейiмдеужұмыстарынавто-маттандыру.

–Дәрiсхананы үнемi салқындатыпотыру, яғни құралдарды қатты қызыпк етуден сақтау.

Ендi, үздiксiз бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру барысында мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың тұжырымдамалық, психологиялық, педагогикалық, ақпараттық, эргономикалық, технологиялық және техникалық, ұйымдастырушылық аспектiлерiн қарастырайық.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Қазіргі ақпараттандыру дәуірі оқу үдерісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Әлемдік ғылым мен практикада ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Абдеев Р.Ф.Философия информационной цивилизации.ВЛАДОС, 1994. -334 c.

2. Красильникова В.А. Информатизация образования: понятийный аппарат//Информатика и образования, 2003. -№4, -С.21-27.

3.Роберт И.В. Опонятийном аппарате информатизации обраования//Информатика и образование, 2003. -№1. -С.2-9, -№2. -С.8-14.

4. Минькович Т.В. Классификация моделей в литературе по информатике//Информатика и образование, 2001. -№9. -С.21-29.

5. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Использование мультимедиа-технологий в общем среднем образовании. Интернет-издание, http://www.ido.rudn.ru/nfpk/mult/, 2008, -98 с.

6.Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.

7. Монахов В.М. НИТО: методологические и методические проблемы разработки и внедренияСб.науч.тр. Основные аспекты использования ИТО в совершенствовании методической системы обучения. Москва, 1987. -С.3-17.

8. Little D. Іnteractive videoand the control of learning. Educational technology, 1991.P.7-15.



9.Jonassen D.H. Computer in the classroom.Englewood cliffsPrentice Hall. 1996.

10.ВернерИ. ВсеомультимедУч.пособие.Киев:BHV, 1996. -157c.

  • Білім беру
  • 1. Дидактикалық шарттар
  • 2.Мультимедиалық технологияларды ти i мд i пайдалану.
  • 3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелерд i қарастырады
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • жүктеу 218.74 Kb.