Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мемлекеттiк сатып алу туралы

жүктеу 1.22 Mb.



жүктеу 1.22 Mb.
бет4/8
Дата07.05.2017
өлшемі1.22 Mb.

Мемлекеттiк сатып алу туралы


1   2   3   4   5   6   7   8

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ

      18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу

                
туралы заңнамасының сақталуын бақылау

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.


      2. Бақылау объектілері:



      1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;


      2) өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;


      3) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғалар;


      4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады.


      3. Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:



      1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;


      2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;


      3) тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.


      4. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шаралар қабылдайды:



      1) бақылау объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама, хабарлама жібереді;


      2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;


      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған бақылау объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.


      5. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасау (әрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде, уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.

Қылмыстық құқық Қылмыстық құқық - қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.



      6. Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      19-бап. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу

      1. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.



      2. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеуді уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және ондағы қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады.



      3. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді.



      4. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

4-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

      20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге



               
асыру

      1. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.

      Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.


      2. Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.



      3. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.



      4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.



      5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысады.



      Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      21-бап. Конкурстық құжаттама

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.

      2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 9-бабында белгіленген біліктілік талаптарынан басқа, мыналар:



      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;


      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық өзіндік ерекшелігі қамтылуға тиіс.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.


      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;


      3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;


      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;


      5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;


      6) төлем шарттары және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;


      7) бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады;


      8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.


      9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
Валюта(итал. voluta - құн, баға) - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге, Ресейдікі - рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.


      10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;


      11) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары, оның мазмұны мен түрлері;


      12) әлеуетті өнім берушінің өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсету;


      13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібі, тәсілі және соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;


      14) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау тәртібі;


      15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;


      16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;


      17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан өкілдік етуге уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;


      18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;


      19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.


      Конкурстық құжаттамада өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы әлеуетті өнім берушілерге неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.


      3. Конкурстық құжаттамада осы Заңда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға:



      1) әлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге;


      2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:


      негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
Жинақтау (Комплектирована; complexing) - пайдаланушының мақсатына сәйкес келетін дербес компьютердің нақты түзілімін қалыптастыру; көп машиналы және көп программалы кешендерді құрастыру.
Жаңғырту (Модернизация; фр. Modernisation - жаңа, қазіргі заманғы) - жекелеген тетіктер мен түзілімдердің құрылымдарын өзгерту арқылы білдектің функционалдық және басқа да қасиеттерін жақсарту, сенімділігін арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту.
Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.


      тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.


      тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу талаптарын белгілеуге тыйым салынады.


      4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:



      1) әлеуетті өнім берушіде:


      өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;


      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, ұсынылатын тауарларға ерікті сәйкестікті растау жүргізілгенін растайтын құжаттың;


      ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);


      Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат тауарына ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;
Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.


      ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;


      2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.


      Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін есептеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.


      4-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикізат қолданыла отырып өндірілген, осы баптың 4-тармағына сәйкес растайтын құжаты бар тауарға басымдық көздеуге міндетті.



      5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам бекітеді.

Лауазымды адам (ағылш. official, functionary;)- мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам.



      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.


      
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау

      1. Конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.

      Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға жіберілуі мүмкін.


      Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.


      2. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ескертулер болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:



      1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;


      2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетеді;


      3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.


      Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.


      Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде және осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастыруға міндетті.
Мәтін (текст; text) - 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы.


      Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтуға тиіс.


      3. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынатын күннің соңғы мерзімі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс.



      4. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешіміне осы Заңда айқындалған тәртіппен шағымдануға болады.



      5. Осы баптың талаптары мыналарға:



      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға;


      2) конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      

1   2   3   4   5   6   7   8

  • 19-бап. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу
  • 4-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
  • 21-бап. Конкурстық құжаттама
  • 22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау

  • жүктеу 1.22 Mb.