Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық

жүктеу 156.62 Kb.



жүктеу 156.62 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі156.62 Kb.

Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық



Мемлекеттік органдар ақпараттық

жүйелерінің әзірленген бағдарламалық

қамтылымын, бастапқы бағдарламалық

кодтарын (болған кезде) және

лицензиялық бағдарламалық

қамтылымның кешенді баптауларын

есепке алу және сақтау

ережесі бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы «__» _____ Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау ережесі бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті  (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4.  Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрі



Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрінің 201_ жылғы «___»

_____ № ___  бұйрығымен

бекітілген

Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау ережесі


  1. Жалпы ереже





  1. Осы Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтаудың жалпы тәртібін белгілейді (бұдан әрі – есепке алу және сақтау).

2. Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау (бұдан әрі - ақпараттық жүйелердің объектілері) бірыңғай есепке алу жүйесін құру, сатып алынған бағдарламалық өнім жоғалғанда оны айырбастауды қамтамасыз ету, қайталап пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.

3. Активтердің электрондық көшірмелерін сақтауға шығындарды жоспарлауды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті оган жүргізеді (бұдан әрі – уәкілетті орган).

4. Осы Ереде келесі түсініктер қолданылады:


  1. Бастапқы код – қандайда бір бағдарламалау тілімен немесе таңбалау тілімен жазылған, адаммен оқылып және қайталап пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама мәтіні;

  2. репозиторий – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық операторының негізінде берілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер және ақпараттар типі бойынша құрылымдалған ақпараттық жүйелер объектілерінің қоймасы.

5. Ақпараттық жүйелер объектілерін есепке алу және сақтауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді және «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы қамтамасыз етіледі (бұдан әрі - сервистік интегратор).

6. Ақпараттық жүйелер объектілерін есепке алу және сақтау үшін сервистік интеграторға беру міндетті болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес іске асырылады.

7. Есепке алуға және сақтауға (болған кезде) келесі ақпараттық жүйелердің объектілері жатады:

1) ақпараттық жүйелердің атқарылатын бағдарламалық кодтары, мыналарды қосады:

бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей жазған, бастапқы бағдарламалық кодтарды, сондай-ақ жобада пайдаланылатын бөтен әзірлеушілердің кодтарын;

автоматты кұрастыру үшін қажетті қызметтік файлдарын;

компиляциялау үдерісіне сипаттама (әзірлеу ортасын және оның нұсқасын көрсете отырып), бағдарламалық өнімді сақтауға беруді компиляциялау үшін қажетті әзірлеу ортасын баптау ерекшеліктерін;

2) жүктеу файлы, мыналарды қосады:

бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған топтамасын;

бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған компиляцияланбаған бағдарламалық өнімнің модулдерін (құрауыштары), сондай-ақ тараптық әзірлеушілердің компиляцияланған модулдері, компиляциялау, орнату және бағдарламалық өнімнің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті баптауларымен және жұмыс деректері бар файлдарын;

3) қажеттілік жағдайында меншік иесі немесе иеленушімен анықталатын қосымша бағдарламалық қамтылымын;

4) деректер қоры құрылымымен және мазмұнымен файлын;

5) әзірленген бағдарламалық қамтылым үшін пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымның баптаулар кешенін;

6) ақпараттық жүйенің басқа бағдарламалық құралдары және құжаттарын.

8. Бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді және бағдарламалық қамтылымды заңсыз түрлендіруге, жариялауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

  1. Ақпараттық жүйелер объектілерін есепке алу және сақтау тәртібі


9. Ақпараттық жүйелер объектілерін есепке алу және сақтау мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін іске асырылады.

10. Өнеркәсіптік пайдаланудағы ақпараттық жүйелер объектілерін есепке алу және сақтау «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында тіркелгеннен кейін іске асырылады (бұдан әрі - архитектуралық портал).

11. Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға берілгенде немесе архитектуралық порталда тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Ережеге 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік интеграторға ақпараттық жүйенің объектілерін есепке алу және сақтауға өтініш жібереді.

12. Осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік интегратор өтінішін тіркеу журналына тіркейді және бес жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе үшін репозиторий қалыптастырады.

13. Репозиторий қалыптастырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сервистік регистратор мемлекеттік органнан есепке алу және сақтау үшін ақпараттық жүйенің объектілерін қабылдайды.

14. Сервистік интегратор уәкілетті органның келісімі бойынша ақпараттық жүйенің объектілерін қайталап пайдалану немесе бағдарламалық өнімді жоғалтып алған жағдайда оны ауыстыруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органға репозиторийге қол жеткізуді ұсынады.

15. Бағдарламалық өнімді пайдаланудан алып тастаған жағдайда мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде бұл туралы сервистік интеграторға хабарлайды.

16. Сервистік интегратор хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйелер объектілерін мемлекеттік органға жіберуді іске асырады.

17. Мемлекеттік орган сервистік интегратордан ақпараттық жүйелердің объектілерін қабылдағаннан кейін «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіп бойынша оларды мұрағатқа жіберуді қамтамасыз етеді.

18. Сервистік интегратор жарты жылда бір мәрте уәкілетті органға ақпараттық жүйелердің объектілерін есепке алу және сақтауды іске асыру шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы есеп береді.




Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау ережесіне 1 қосымша




Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алуға және сақтауға өтініш

ұйымның-өтініш берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:
__________________________________________________________________
Депозитке салу объектісінің атауы:

__________________________________________________________________
Архитектуралық порталдағы ақпараттық жүйенің коды:_______________
Даналар

санында:

Әрбірі мынадай жинақтамада:




р/с

CD/ файл/құжаттың атауы

CD сериялық нөмірі


CD көлемі (Мгб)

Қағаз жеткізгіштегі парақтар саны


Түпнұсқа (Т)

Көшірме (К)















































































































Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-технмикалық құжаттамалардың иеленушісі туралы мәліметтер
Иеленушінің толық атауы ____________________________

Ведомстолық бағыныстылық: _____________________________

Ұйымның қысқартылған атауы: ____________________

Мекенжайы: |________| ________________________________________

индекс

Тел.: __________ ______________ Факс: ___________

E-mail: _____________________ Http://_____________

Байланысушы тұлға: __________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты толығымен; телефоны



Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-технмикалық құжаттамалардың әзірлеушісі туралы мәліметтер

Ұйымның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты:

______________________________________________________________

Ведомстволық бағыныстылық: _________________________________

Ұйымның қысқартылған атауы: ________________________



Мекенжайы: |________| ________________________________________

индекс

Тел.: __________ ______________ Факс: ___________

E-mail: _____________________ Http://_____________

Байланысушы тұлға: __________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты толығымен; лауазымы, телефон

Авторлар туралы мәліметтер

Автор (лар): _______________________________________________________

_________________________________________________________________

Сертификаттау туралы мәлімет: ________________________________________
Шығарылған Версия: Бағдарламалау | Шығарылған |

жылы:___ ________ тілі (дері:____ |күні |_______

Аңдатпа (міндеті):

Ең аз жүйелік талап

Компьютертүрі, процессор,

қосымшапроцессор, жиілік: _______________________________________

Оперативтік жады Винчестерде

(RAM): ______________ қажет: ____________________

Операциялық жүйелер: ______________________________________________

Видежүйе:_____________________________________________________

Акустикалық жүйе: ______________________________________________

Қосымша құрылғы: ______________________________________

Қосымша бағдарламалық құралдар:_____________________________

Басқасы: ____________________________________________________________

Заңсыз таралудан қорғау (бар болса, жалпы сипаттама):

______________________________________________________________



Қаржыландыру көздері (астын сызу): республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, жеке қаражаттар, грант қаражаттары, сыртқы қарыздар, несие, өзге де заңды және жеке тұлғалар қаражаттары

_____________________

МО иеленуші қолы

_____________________

күні



Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау ережесіне 2 қосымша




Келіп түскен өтініштерді тіркеу журналы



р/с

Өтінішнөмірі


Келіп түскен күні


Мемлекеттік органның атауы

Өтініш беруші (өтінішке қол қойған басшы)

Қабылдаған

Т.А.Ә.

Қолы























«Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымның кешенді баптауларын есепке алу және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына негіздеме анықтама





р/с

Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік орган туралы ақпарат


1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормасына сүйене отырып қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Ақпараттандыру туралы» _____ жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 31) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акті неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы 201_ жылғы «__» _________ «Ақпараттандыру туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күшін жойылды деп танылғаны немесе толықтырулар және оны өзгертулер бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен бекітілген №778 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 17 тармағы талабы бойынша актілердің жойылуы турасындағы реквизиттерін көрсете отырып осы мәселе бойынша бұрын қабылданған мемлекеттік тіркеуден бас тартылған құқықтық нормативтік актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық, жергілікті бюджет кірісінің азаюын немесе шығысының көбеюін көздейме   

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық, жергілікті бюджет кірісінің азаюын немесе шығысының көбеюін көздемейді   

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етілмейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарды қоса алғанда жариялау жөніндегі мәлімет

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында – www.mid.gov.kz және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында.

8-1

Регуляторлық әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болғанда)

Жоқ

9.

Сарапшылық қорытынды (жеке кәсіпкерлік субъектілер мүддесіне қатысты актілерге арналған) ұсынбаған аккредиттелген кәсіпкерлер бірлестігінің тізімі






Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры



А. Әлиакпаров


  • Жалпы ереже
  • Ақпараттық жүйелер объектілерін есепке алу және сақтау тәртібі

  • жүктеу 156.62 Kb.