Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мәліметтер қорын оқытудағы негізгі түсініктерді қалыптастыру жайлы

жүктеу 42.47 Kb.



жүктеу 42.47 Kb.
Дата17.09.2017
өлшемі42.47 Kb.

Мәліметтер қорын оқытудағы негізгі түсініктерді қалыптастыру жайлы



удк 373.1.02:372.8
Мәліметтер қорын оқытудағы негізгі түсініктерді қалыптастыру жайлы
(Алматы қ., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 6М011100-Информатика мамандығының магистранты)
Орта білім беру жүйесінде информатика пәні ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде, жаңа ақпараттық қоғамда кәсіби қызметтің басты құрамдас бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруда, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастыруда алатын өзіндік ерекше орнымен анықталады.

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсат-талаптарына, алдымен оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру процестері туралы білімді меңгерту жатады. Бұған қосымша, оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік дамуымен іске асыру құралы ретінде қолдану және кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсаты да көзделеді. Осы тұрғыдан алғанда ақпаратты өңдеу, беру және қолдануда мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелерін оқытудың үлкен маңызы бар.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – кең мағынада алып қарайтын болсақ, қоғамның қандай-да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мағлұматтар жиынтығы.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.

Мысалы: металл және оны балқыту жөніндегі мәліметтер қоры (металлургия саласындағы), емханалардың мәліметтер қоры және т.б.

Мәліметтер қорын оқыту әдістемесінің басты міндеттері: ақпараттық жүйелер мен мәліметтер қорларының қызметі жайында түсініктеме беру, реляциялық мәліметтер қорларының негіздерімен таныстыру, реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірімен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін үйрету, мәліметтерді іздеу, сұрыптау және өңдеуді ұйымдастыруға үйрету. Осы бөлімді оқытуда қарастырылатын негізгі мәселелерді атап көрсетейік [1]:


  • ақпараттық жүйе және мәліметтер қорын қолдану аясы;

  • МҚ-ның жіктелуі;

  • реляциялық МҚ құрылымы;

  • реляциялық МҚ элементтері;

  • мәліметтер қорын басқару жүйесінің қызметі;

  • МҚБЖ жұмыс режимі;

  • мәліметтер қорынан ақпараттарды іздеу.

Мәліметтер қорларын үйренудің маңыздылығын негіздеуден бастау керек. Ақпараттық жүйе – қандай да бір нысанды басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Осындай ақпараттық жүйелердің мысалдарын келтірейік. Мысалы, темір жол және әуе жолы билетін сату жүйелері және т.б. Сонымен кез келген ақпараттық жүйенің негізі магниттік дискідегі мәліметтердің ұйымдасқан жиынтығы - мәліметтер қоры болып табылады.

Келесі мәселе мәліметтерді жіктеу. Мәліметтер қоры негізінде үш белгі бойынша жіктеледі. Бірінші белгісі – сақталған ақпараттың сипатына қарай мәліметтер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Орталықтандырылған мәліметтер қорында барлық ақпараттар бір компьютерде сақталады. Үлестірілген мәліметтер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және ақпараттың әртүрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін.



Үшінші белгісі – ақпараттарды ұйымдастыру құрылымы бойынша мәліметтер қоры реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта олардың негізінде постреляциялық, көпөлшемдік, объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Кез келген мәліметтер қоры мәліметтердің реляциялық (ағылшын тілінде «relation» – қатынас) моделіне негізделеді [2]. Мәліметтердің реляциялық негізінде қатынастар ұғымы жатыр. Реляциялық мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. Олардың арасында мынадай қатынастар болады:




Файл

Кесте

Қатынас

Мәні

Жазба

Өріс


Жол

Баған


Кортеж

Атрибут


Мәннің экземпляры

атрибут


Реляциялық МҚ ақпаратты ұйымдастыруға қатысты негізгі ұғымдармен танысқаннан кейін мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді үйретуге көшу керек. Компьютерлік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бағдарламалық жабдық, оның көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз – мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар.

Оқушылардың меңгеретін алғашқы ұғымы: мәліметтер қоры файлда сақталады; онымен жұмыс істеуді бастау үшін МҚ файлын ашу қажет. Сосын мұғалім кесте жазбасын экранда қалай көруге болатынын көрсету керек. Бұл үшін алдын ала демонстрациялық мәліметтер қорын дайындап қою керек.

Кез келген ақпаратық жүйенің басты мақсаты – мәліметтер қорынан ақпаратты іздеу болып табылады. Іздеу пайдаланушының сұранысы бойынша жүзеге асырылады.

Мәліметтер қорын оқытуда қарастырылатын негізгі мәселелерді қарастырып шықтық.



Оқушыларға мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрету еңбекке дайындау, білімін жалғастыру мәселелерімен тікелей байланысты болады. Атап айтқанда, компьютер көмегімен ақпаратты өңдеудің (іздеу, сақтау және алу) негізгі заңдылықтары туралы, ақпаратты автоматты түрде іздеу есептерін шешудің негізгі кезеңдері мен мазмұны туралы көзқарастары қалыптасады. Сонымен қатар оқыту үдерісінде, жалпы алғанда, МҚБЖ қазіргі ақпараттық қоғамда сұраныс тудыратын және оның барлық компьютерлік технологияны қолдану саласындағы білім талаптарын қанағаттандыратын мамандарды сапалы дайындауға мүмкіндік береді.



  1. Мәліметтерді сақтау, іздеу және сұрыптау әдістерін оқыту жайлы // Математическое моделирование и информационные технологии в образовании и науки» (ММ ИТОН): Мат-лы ІV Межд.науч.-метод.конф.посвящ.80-лет КазНПУ им.Абая.-Алматы, 2008. Том 2.- Б.216-220.

  2. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. // Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер // Оқу құралы, 2010.- 220 б.


жүктеу 42.47 Kb.