Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мектептегi математика пәнін оқытуды компьютерлендiру мүмкiндiктерi

жүктеу 53.96 Kb.



жүктеу 53.96 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі53.96 Kb.

Мектептегi математика пәнін оқытуды компьютерлендiру мүмкiндiктерi


Мектептегi математика пәнін оқытуды компьютерлендiру мүмкiндiктерi. ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылы, математика және информатика пәнінің мұғалімі Жактаева Динара Омиртаевна Қалыптасқан оқыту технологиясына компьютерлер сөзсіз өзгеріс енгізуі тиіс. Педагогикалық тұрғыдан алғанда компьютерлік ақпараттық технология компьютерлік негізде оқытудың түрлерінінің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Әдістемені компьютерлік қолдау туралы да айтуға болады, бұл орайда ЭЕМ-ге қажетті әдістеме жасалуы тиіс.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кірігіп кетеді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда мынадай күрделі мәселеге зер салу керек: «Компьютер мұғалім». Компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап. Бұл жерде мұғалімнің рөлі ерекше әрі шешуші. Компьютер әрдайым мәлімет ошағы бола береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі қажет. Мұғалімнің рөлі негізінен оқушыларға тиісті деңгейде білім беруге бағытталады, ал оқушы сол арқылы өз шама-шарқынша компьютерді пайдаланып білгенін дамыта түседі.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Осылайша білім берудің ұжымдық түрін сақтай отырып, даралап оқытуды да күшейте түсуге, сөйтіп оқушылардың білім сапасын жақсатуға болады. Мектепке компьютерлік техниканың тереңдеп енуіне қарай мұғалімнің де рөлі барынша арта түседі: ол оқушылардың даярлық деңгейі мен қабілетін ескеріп, олармен жеке, шығармашылықпен жұмыс істеуге көбірек уақыт табады. Мұғалімнің сабаққа әзірленуінің сипаты да өзгереді-педагогикалық құралдарды іріктеп алу, компьютерлік оқытудың математика сабағында орнын анықтауға ерекше мән беріледі.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Дербес компьютерлерді математика сабағында пайдаланудың мынадай міндеттерін бөліп айтуға болады: -оқыту үрдiсiнде керi байланысты қамтамасыз ету; -даралап оқыту үрдiсiн жүзеге асыру; -компьютердiң графикалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, жаңа сабақты түрлендiрудiң көрнекiлiгiн арттыру;
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
-қажеттi ақпаратты iздеуге байланысты тапсырмалар; -математикалық есептердiң мәнiнде немесе математикалық модельдермен сипатталатын әдiстер мен құбылыстарды модельдеу.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Дербес компьютерлерді математика сабағына пайдаланудың негізгі түрлеріне әр түрлі бағдарламалар жатады. Компьютер арқылы оқыту үрдісін толыққанды түрде ұйымдастырудың негізгі үш аспектісін бөліп айтуға болады: -оқушылардың танымдық белсендiлiгiн басқару; -оқу әрекетiн мұғалiм-компьютер-оқушы жүйесi түрiнде басқару; -мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекетi мен ынтымақтастығын оқушылардың өздерi басқарады. Математика сабағында компьютерлік оқытудың әр түрлі жолдары бар. Мысалы, бір түрінде оқушы компьютермен тікелей қарым-қатынас жасайды. Компьютер оқушыға берілген тапсырманы анықтап, тиісті көмек көрсетеді. Бұл жерде оқу мұғалімнің қатысуынсыз өтеді. Екінші бір түрінде компьютер оқушылармен емес, мұғалімдермен әрекетке түседі. Ол мұғалімге сабақ жүргізуге көмек болады, мысалы, оқушылардың орындаған бақылау жұмыстарының нәтижелерін шығарып, жұмсалған уақыт пен жіберілген қателерді көрсетеді. Компьютер оқушыларға қатысты қандай да бір оқыту әрекетін қолданудың мақсатқа сәйкестігі жөнінде кеңес береді. Бірінші түрдегі жүйе оқушының жауабынан кейін шешім қабылдаса, екіншісі тек кең ауқымды шешімдерді қабылдап, оқыту сценариін жасап шығарады. Сонымен бірге, ол математиканы оқыту құралдарының бай арсеналын кеңінен пайдалана отырып, дәстүрлі оқыту шеңберіне кіреді. Дербес компьютер оқушынының оқу үрдісіне белсене араласуына жағдай жасап, оқу материалын түсініп әрі есте сақтауына жәрдемдесуі тиіс.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік даярлығы мектепті компьютерлендіру ісімен байланысты. Есептегіш техника құралдарымен мектепте шешуге болатын есептер өрісі шексіз кеңейе түсуде.
Есептегіш, электр есептегіш - тұтынылған электр энергиясын есептеуге арналған өлшеуіш құрал. Тұрмыста жиілігі I 50 Гц, бір фазалы 220 В немесе 127 В айнымалы кернеуге арналған есептегіш пайдаланылады. Электр энергиясы киловатт-сағатпен өлшенеді.
Есептегіш техника құралдарын енгізуге байланысты математиканы оқыту әдістемесі мен мазмұны да өзгеруде. Есептеу жұмыстарының мазмұны, көлемі, сипаты өзгеруде. Мектептегі дәстүрлі дара есептеулер, сондай-ақ, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға, графиктер құруға, кестелер толтыруға қатысты бір формула бойынша көптеген мәрте есептеу т.с.с. компьютердің көмегімен орындалып, математика сабағында көп уақыт үнемделеді. ЭЕМ-нің есептеу мүмкіндіктерін алгебралық және трансценденттік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуде пайдалану қолайлы.
Алгебра (араб.: الجبر‎ әл-джәбр) - математиканың алгебралық теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген “Әл-джәбр уә-л-муқабәлә” атты еңбегінен бастау алады.
ЭЕМ-де қозғалыстарды бейнелеуге болады, сол арқылы түрлендіру тобына байланысты геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін білуге, компьютердің графикалық мүмкіндіктерін сызбалар, модельдер, кеңістікте фигуралар құрастырғанға пайдалануға мүмкіндік мол.
Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Компьютерді қолдану үшін алгоритм ұғымын оқушылар жете түсінуі қажет.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Құрылған алгоритм негізінде программа құрып, бір типті көп есептерді шығартуға болады. Еліміздің даму стратегиялық бағдарламасында мектептерді ауылдық жерден бастап, компьютерлендіру мақсаты қойылып отыр.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Осы мақсатқа байланысты білім беру жүйесінде мектептегі әрбір пәнді оқытуда компьютерді пайдалану проблемалары туындайды. Әсіресе, математиканың орны ерекше және шешуші маңызға ие болмақшы. Компьютерлендіру программа құру арқылы оқыту негізінде уақыт үнемдеу арқылы білім беруді жеделдеттіреді. Ең бастысы, ой энергиясын аз жұмсап, есепті шығарудың дұрыстығының сенімділігін арттыру. Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Оқу-тәрбие жұмысының барлық процесі мұғалім арқылы беріледі. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының алған білімінің тереңде, тиянақты болуын қадағалау. Оқытуда қолданылған барлық әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына енуде. Сонымен қатар мектептерді жаппай компьютерлендіру тек информатика пәнінде ғана емес, жалпы барлық пәндерде компьютерді қолдануда да ерекше маңызды. Мысалы: компьютердiң жұмыс iстеуi үшiн программа деп аталатын (бұйрық) команда, ең алдымен есептi шығарудың ережелерi, яғни алгоритмi берiледi. Сонан соң машина тiлiне аударылады. Осы машина тiлiне аударылған алгоритмдi программалау деп атайды. Компьютер арқылы кез-келген математикалық есептеулердiң нәтижелерiн, сонымен бiрге қабылдау емтихандарын тестiлеуде, бақылау жұмысын алуда үлкен роль атқарады. Мысалы: 5-сынып оқулығындағы №111 есептi қарастырайық: a b c өрнегiнiң мәнiн есептеп шығару. Мұндағы: а=219, b=523, c=131. 1. дәптердегі жазу 219 523 131=873 алгоритмдік тілде жазылуы Алг “өрнектiң мәнiн табу (нақ а,в,с,у)” Арг а, в, с Нәт у Y=a b c Соңы. Электронды кестедегі жазылуы (1-сурет) 1-сурет 2.Өрнектiң мәнiн тап(8-сынып) 1.a=-2; =-==- 2. алгоритмдік тілде жазылуы алг “Өрнектi есептеу (а,у)” арг а нәт у басы y=(a-8)(2a 5) соңы. 3.Электронды кестедегі жазылуы (2-сурет) 2-сурет Компьютерді пайдалану сабақтардың оқыту әдiсiн күрт өзгерттi және жақсы нәтиже бердi. Осы программамен шығарылатын мектеп оқулығындағы бiр типтi есептердi шығаруда тиiмдi. Бiр жағынан оқушылар активтi болады, екiншi жағынан уақыт ұтамыз. Өйткенi 2-3 есе көп есептер шығарамыз. Бұл сатыда оқушының жұмыс көлемi көбейедi. Компьютердi қолдану үшiн оқушы алдын ала дайындық жұмыстарын жазады, оқушының ойлау қабылетiн, ынтасын дамытуға ықпал етедi.

  • Педагогикалық
  • Дербес компьютер

  • жүктеу 53.96 Kb.