Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мекен жайы Кентау қаласы Байланыс телефондар

жүктеу 61.69 Kb.



жүктеу 61.69 Kb.
Дата21.04.2017
өлшемі61.69 Kb.

Мекен жайы Кентау қаласы Байланыс телефондар



Облыс, аудан, ауыл Оңтүстік Қазақстан облысы

мектеп Кентау көпсалалы колледжі ,I курс студенті



Аты жөні Жұманов Заманбек Әділбекұлы

Жетекшісі : Ашимбекова Торғын Әбдіманапқызы

Мекен жайы Кентау қаласы

Байланыс телефондар : 87022636661

Резюме

В этой научной работе рассмотрено об услугах основном добавочном устройствах компьютера.

А также рассказывается о экономической пользе собирания деталей устройств компьютера.

Summary


This scientific work is considered about services the main and additional devices of the computer and also is told about economic advantage of collecting details of devices of the computer

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

c:\documents and settings\user\рабочий стол\images (1).jpg5pc


«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы.

Компью́тер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналған машина.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процесcтерді, деректер базасын басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Блоктардың номенклатурасы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез-келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша болып табылады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, тінтуір, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі -
жүйелік блок.Жүйелік блок компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:жүйелік (аналық) тақша; процессор; оперативті жады; тұрғылықты диск; алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі; СD және DVD диск жетектері; бейнесызбалық бейімдеуіш; дыбыстауыш; желілік тақша; енгізу-шығару порттары.

Аналық тақша– бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтарметеринская плата5

желісімен қапталған, олардың бойыменмәліметтер тақшада құрастырылған

микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға

жеткізіледі.



Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналықтақшада орналасады.

Процессор бағдарламалар жұмысына қажеттіесептеулерді орындайды. c:\documents and settings\user\рабочий стол\загруженное (1).jpg

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц)немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оныңырғақтық жиілігімен анықталады.Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (CPU -central processor unit) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері– ең бастылары, өйткені олар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Оперативті жады -компьютердің оперативті жадысы(ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. sdram

Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегідискета1

3,5– дюймдік дискеттерді оқиды.Бұл дискілер ауыстырылатын

тасымалдаушылар болып саналады.дискета2

Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб.

Компьютерде алмалы дискілерге

арналған диск жетегіне “А” әрпі



белгіленеді.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.

Алынбалы дискі (ағылш. floppy disk - иілгіш дискі) - бұл деректердің шағын көлемі сиятын тасымалы дискі.



СD және DVD диск жетектері dvd

Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.

СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар.

Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R)

және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді.

cd-romplay1c:\documents and settings\user\рабочий стол\images (5).jpg

Дыбыстық тақша -дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы 10 а

дыбыс тудыруға және оны компьютергежазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Ойын (Игра; game) - 1) ойын теориясында - тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі. Антагонистік және антагонистік емес ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2) есептеу техникасында - белгілі бір ойын алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру, жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар) адамның компьютермен әрекеттестігі.

11

Желілік тақша-компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналғантақшалар, ең танымалдары – Ethernet жәнесымсыз желілер.
Енгізу-шығару порттары.Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі, порттардың саны мен түріне тәуелді болады.12

монитор25


Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты

шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды

және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне

байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.



ЭЕМ – нің экранда мәлімет көрсету бөлігіекі жартыдан тұрады: монитор

және адаптер. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде

орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар. 65

Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретінлогикалық схемалар орналасқан.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Кеңтараған адаптерлерге мыналар жатады:EGA, VGA және SVGA.(SuperVGA) кеңінен қолданылады. SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары.


Пернетақта -компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.Пернелер

бірнеше блокқа бөлінеді:символдық пернелер,функциялық пернелер

нұсқаушы пернелер , цифрлық пернелер.

rfsop35-view

“Тышқан тәрізді қол тетігі”пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін

қолданылады.Тінтуірдің екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

Шағын (портативті) компьютерлерде маустың орнына трэкбол қолданылады.Бұл төңкерілген маус. Трэкбол жұмыс істеу үшін, қолмен

жалпы қорапты емес, шарды айналдыру керек.

трекбол
Ақпаратты енгізу құрылғылары:plansh

{5829ca96-0f1f-4ec4-b5a0-8203550c3577}_ldigitizer1

Ақпаратты шығару құрылғылары:
{463cfbb4-bcec-4e69-bc59-b427191d2666}_ln_i_canons900


Плоттер


Енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар

Модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш.

Желілік бейімдеуіш (ағылш. Network Interface Card, NIC) - компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы (NIC) деп те аталады.



Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара

мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

модем1копирование



Ф-ПК-03/ 1.8
Әдебиеттер тізімі


  1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы

сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.,

Даулетқұлов А.Б.- Алматы:2003

2. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А.С.- Алматы 2002

3. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары

сыныптарға арналған оқу құралы.

4. «Информатика» Камардинов О, «Информатика» Кирнос В.Н.

5. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал.

6. Информатика «Оқушы анықтамасы» Мұхамбетжанова.С.Т.



  • Мекен жайы
  • ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
  • Процессор немесе микропроцессор
  • Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі
  • СD және DVD диск жетектері
  • Енгізу-шығару порттары.
  • Монитор немесе дисплей
  • Ақпаратты енгізу құрылғылары
  • Ақпаратты шығару құрылғылары
  • Плоттер

  • жүктеу 61.69 Kb.