Главная страница
Контакты

    Басты бет


Меңгүл ән айтқанды өте ұнататын. Тіпті хорға қатыса бастады. Бірақ дауыс күшейткішті оның қолына бермейтін. Меңгүл бұған қатты ренжіді. Онысыз өзінің қалай ән салатынын ешкім естімей қалатындай көрінетін

жүктеу 143.37 Kb.



жүктеу 143.37 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі143.37 Kb.

Меңгүл ән айтқанды өте ұнататын. Тіпті хорға қатыса бастады. Бірақ дауыс күшейткішті оның қолына бермейтін. Меңгүл бұған қатты ренжіді. Онысыз өзінің қалай ән салатынын ешкім естімей қалатындай көрінетін


ҚҰДАЙ ҮШІН! Ләззат Асқар Меңгүл ән айтқанды өте ұнататын. Тіпті хорға қатыса бастады. Бірақ дауыс күшейткішті оның қолына бермейтін. Меңгүл бұған қатты ренжіді. Онысыз өзінің қалай ән салатынын ешкім естімей қалатындай көрінетін. Үйде оны анасы мақтайтын. Өйткені Меңгүл Құдай үшін ән салатын. Ал хорға келген кезде Серік бар дауыс күшейткіштерді балаларға бөліп қойғандығын айтты.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Меңгүл үйіне сол үшін жылап оралды. Анасы: Не болды, қызым Меңгүл: Мама, ертең мен қауымда ән айтамын ба Үлкен зал ішінде дауыс күшейткішсіз дауысым мүлде естілмей қалады ғой. Қызым, барлық балаларда ол бар ма Бәрінде емес, тек Берікке, Серікке және Орынгүлге берді, қалғандары жай айтады. Білесің бе, қызым, мен саған бір құпияны ашқым келеді. Меңгүл анасын мұқият тыңдады: Мақтамайтынды біле тұра бір нәрсе істеу өте қиын. Әрине! – деді Меңгүл. – Олай болса, бір нәрсе істеудің қажеті қанша Алайда көп адамдар адамдардан мақтау алғысы келеді, ал сен Құдай үшін ән саласың ғой. Ол сенің дауысыңды онысыз да естіп: «Міне, менің Меңгүлім күміс көмей, жақсы ән салады», – деп қуанады. Қызы анасының айтқандарын аузын ашып тыңдады. Кешке ұйықтар алдында көзін жұмып: «Иса Ием! Ертең мен қауымда тек сен үшін ән саламын. Естімей қалмашы», – деп өтінді. Меңгүл әнін айтқан үстіне айта түсті. Дауысы жайлап күшейе берді. Сонан соң оған дауыс күшейткішті қолына ұстатты. Оның әндері көп адамды қуантты. Ал оның бөлмесіндегі қабырғада мынандай аят жазылған парақ ілініп тұр еді: «Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!» Қолост. 3:23. БІЗДІҢ БАҒЫШТАЛУЫМЫЗ Өміріміздің қалай болуы өзімізді неге бағыштағанымызға байланысты. Өз-өзін шахматқа арнаған адамдар да болады. Олар жағрафия сабағында отырып, ойымен шахматты ойлайды. Бос уақытын өзі сияқты шахматқа қызығатын балалармен бірге өткізеді. Ал кейбір адамдар компьютерге әуестеніп, бүкіл әлем мегабиттерден құралатындай көреді және әрбір жаңа ойын олар үшін үлкен мереке.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Егер ондай адамдармен араласа қалсаң, айтар әңгімелері бірінікі шахмат, бірінікі компьютер болып шығады.
Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Айтқан әңгімесінен әр адамды өмірін неге бағыштағанын байқауға болады. Бірақ бұл өмірде өзгелерден ерекшеленетін адамдар бар. Олар зұлымдыққа зұлымдықпен қайтармайды, бақылау жұмысын өзгеден көшірмейді. Әрдайым қуанып, жайдары жүреді, сыныпта білімі жақсы болғандықтан не болмаса өзге балалардан артықшылығы болғандықтан олар сондай емес, себебі олардың Досы бар, сондықтан сондай. Олар Оған өз өмірлерін бағыштаған. Бұл мынадан белгілі: олар кез келген әңгімеде өздерінің Досы жайында айтады. Олай етпесе болмайды. Адамның жүрегі неге толы болса, аузынан сол шығады. Сол Досымен сөйлесу арқылы олар тыныштық пен қуаныш табады. Олар Досына бар мұқтаждықтарын айтып, маңызды шешім қабылдарда Одан кеңес сұрайды. Айналасындағы балалар шылым шегіп не болмаса одан да сорақысын істеп жатқанда, бұл Дос оларға азғыруларды жеңуге көмектесіп, ондай істер зиянды екеніне көз жеткізіп, түсіндіреді. Қорыта айтқанда, мен айтып отырған адамдар өз өмірлерін жер мен көктің Патшасы, әлемді Құтқарушы Иса Мәсіхке бағыштаған. Сондықтан да олар өзгелерден ерекше. Иса бұл достықты бағалайды. Мұны Ол жүзімнің бұтасына теңеген: «Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар»» Жохан 15:5). Яғни, өмірін Иса Мәсіхке бағыштаған адамның өмірі мағынаға толы болады. Мұндай адамдар өзгелерге көмектесе алады, өйткені бұларға да көмектесетін Біреу бар. Сен де сондай Досыңның болғанын қалайсың ба Егер қаласаң, Оған бұл жайында айт. Бірақ саған мынандай кеңес беремін: бұл достыққа өз өміріңді бағыштауың керек. Тек сонда ғана қуанышқа ие болып, Онымен сөйлесесің және жүрегің тыныштық табады. Болат ҚАҺАРМАН ҚҰДАЙ ДҰҒАСЫН ЕСТІДІ Ерте кезде Исраилде ұлы пайғамбар болған. Оның аты Самуил еді. Бұл есім көне еврей тілінен аударғанда «Құдай құлақ асты» дегенді білдіреді. Бұл пайғамбарды Құдай қызмет етуге шақыруы таңғаларлық оқиға. Ханна есімді әйелдің баласы болмаған екен. Ол кезде балалы болмау үлкен ұят нәрсе еді. Бір күні ол Силомда жүрген. Ол жерде шатыр етіп істелінген сиыну орны болатын (оны жиналыс орны деп те атайтын), сол жерге барлық исраилдіктер Құдайға құлшылық етуге келетін. Міне, Ханна да сол жерге келіп, өзінің қайғысын айтты. Өте ұзақ дұға етіп отырғандықтан, Ели есімді дінбасы оған назар салды. Не жайында сұрағанын түсінген дінбасы оған: «Үйіңе бара бер. Құдай сенің дұғаңды естіді», – деді. «Егер солай болса, – деді Ханна Құдайға, – егер Сен маған ұл беретін болсаң, оны Саған қызмет етуге арнаймын. Ол сиыну үйінде тұрып, өмірінің соңына дейін Саған қызмет ететін болады». Бір жылға жуық уақыт өткен соң, Ханна ұл босанды. Құдай дұғасын естігендіктен, ұлын Самуил деп атады. Бес жылдан кейін Ханна Самуилді сиыну үйіне алып келіп, Елиге өзінің бұрын келіп перзент сұрап сиынғанын, егер Құдай тілегін қабыл алса, сол баласын осы жерге қызмет етуге арнайтынын айтып, уәде берген әйел екенін айтты. Ханна Самуилді сол жерге қалдырып кетті. Бір күні түнде ол: «Самуил! Самуил!» деп шақырған дауысты естіді. Самуил өзін Ели шақырып жатыр екен деп ойлады. Ал ол «Мен сені шақырған жоқпын» деді. Бұл дауыс үш рет қайталанды. Ели Самуилді Құдай шақырып жатқанын түсініп, балаға: «Егер тағы да шақыратын болса, Құдайым, құлың тыңдап тұр деп жауап бер», – деді. Солайша... Тәңір Самуилмен тілдесті. Самуил осылай пайғамбар болған, ол жайында бүкіл Исраил елі білген. Осы күннен бастап Самуил өз өмірін Құдайға арнады. Егер Тәңір Ие халыққа бір нәрсе айтқысы келсе, соны Самуилге айтқан, ал ол халыққа жеткізген. Самуил ұзақ жылдар бойы Құдай халқының арасында, Исраилде пайғамбарлық қызмет атқарған. Ол әбден қартайған шағында, Дәуітті патша болуға тағайындағаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы оқиға Бірінші патшалықтардың алғашқы үш тарауында жазылған. Болат ҚАҺАРМАН ҚАУЫШҚАН ОТБАСЫ Бөлмеде тағы да бiр нәрсенiң қоңырсыған иiсi шығады. Шешесi шашы ұйпа-тұйпа болып, үстiндегi кiр-кiр халатымен жиналған төсектiң үстiне шығып, ұйықтап жатыр. Берік ақырын басып, бөлмеге ендi. Бiр нәрсенiң шуын естiсе, мамасы оянып кетуi мүмкiн. Ол оянса, ұлының халi мүшкiл болары сөзсiз. Еденде сөндiрiлмеген темекi тұқылдары шашылып жатыр. Берік оның бәрiн сыпырып, жинады да, қоқыс салатын шелекке салды. Кеше ғана едендi тазалап, жуған едi. Кеше шешесi көңiлденiп отырып, бұдан былай ешқашан арақ iшпейтiндiгiн айтып, ант су iшкен. «Арақ iшкенше он жасар ұлыма қарап, қамқорлық көрсетемiн» деп те уәде берген едi. Берік жылап жiбердi. Не iстеу керек Қалай өмiр сүремiн Әрине, мамасын да аяйды. Бiрақ көршiлердiң алдында оның қылықтары үшiн қатты ұялады. Бала қолын жуып, киiмдерiн ауыстырды да, үстi жиналмаған үстел жанына келiп отырды. Қарны ашқаннан өзегi талып барады. Бос шөлмектерді, күлiмсi иiсi аңқыған стакандарды, жапырақтап үзiлген нан қиқымдарын, бос консервiлерді, суға пiсiрiлген картопты көргенде баланың жүрегi айнып, құсқысы келдi. Берік әкесiмен бiрге тұрған кездеріндегі мамасының пiсiретiн дәмдi көжесін, сорпасын iшкiсi келiп аңсады. Сол бiр бақытты кезеңдердi есiне алып, жаны жабырқап қалды. Жаз айларының жайлы кештерiнде үшеуi бiрге қалалық демалыс паркiне, киноға баратын.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Балмұздақ жейтiн. Ата-анасы мерекелерде Берікке түрлi сыйлықтарды тарту етiп, тәттi конфеттер сатып әперетiн.
Балмұздақ– тоңазытылып жасалған тағам. Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жұмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбат, шырындар және агар, альгинат, желатин, крахмал, пектин сияқты тұрақтандырғыштар қосады.
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.
Кейiн келе папасы жұмыстан кешiгiп келетiн болды. Мамасы болса көзiнiң жасын Беріктен жасырып, егiлiп жылап отыратын. Түннiң бiр уағында олардың кергiлесiп, ұрсысып жатқан дауыстарынан оянып кететiн. Сонда Берік олардың не себептен жанжалдасатынын түсiнбейтiн. Бiрде папасы үйден мүлде кетiп қалды. Мамасы оған папасының басқа отбасы бар екендiгiн, бұдан былай ол сонда тұратындығын айтты. Қазiр оның басқа қыздары мен ұлдары бар. Олар әкесiнiң туған балалары болмаса да, оған туған әкесiндей бауыр басып кеткен. Сол кезде Берік өз бөлмесiнде бiр бұрышқа бүрiсiп отырып, қайғыдан iшқұса болып, жылайтын. Папасы басқа балаларға нелiктен кетiп қалды екен Беріктiң олардан қай жерi кем Ол – тiлалғыш. Бiрiншi сыныпты кiлең беспен аяқтады. Әй, папа, сен нелiктен мамамды тастап кеттiң екен Мамам өте мейiрбанды әрi сұлу жан. Бәрiнен де жанына бататыны әкесi Берікпен қоштаспай кеттi емес пе Содан берi мамасы жұмыстан әрқашан қабағы қатыңқы, көңiлсiз болып оралып жүр. Үстелдiң үстiне арағы бар шөлмектi қойып, қырлы стақанға құйып, сiмiрiп алатынды шығарды. Берік оның бұл қылығынан жаны түршiге қорқатын. Араққа қызып алған соң ол Беріктiң шашын сипап отырып: – Қорықпа, ұлым, мен арақты жүрегiмдегi қайғымды ұмытайын деп iшiп жүрмiн. Сенiң әкеңдi қатты сағынамын, – дейтiн ақталған болып. Әрине, Берік мамасын түсiнетiн. Өзi де әкесiн сағына күтiп жүредi. Түсiнде әкесiн көрген түнi осындай тәттi түстердiң оянған соң бiтiп қалғанына қатты налитын. Кейiн келе мамасы арақ iшпесе ұйықтай алмайтын болды. Ұсақ-түйек жайларға бола күйiп-пiсiп, осылайша қаны қарайып отырғанда қолына түсiп қалса, Беріктi қатты сабайтынды шығарды. Сондай сәттерде Берік мамасын өлердей жек көрiп кететiн. Әкеме қашып кетсем ғой деп армандайтын. Бiрақ оны қайдан тапсын Берік өзiнiң ешкiмге керек еместiгiн ойласа, жаны құлазып сала беретiн. Таңертеңгiсiн мастығы тарқап, оянған шешесi Беріктен кешiрiм сұрап бәйек болады. «Бұдан былай арақ iшпеймiн» деп ант су iшеді. Бiрақ бәрiбiр сол бұрынғы әдетiн қайтадан қайталай береді. Мiне, бүгiн де солай болды. Берік салқын консервiнiң қалдығын жедi де, сабағын оқуға кiрiстi. Ол математика сабағын ақсатып алған-ды.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Соның орнын толтырмаса болмайды. Үш түн бойына жақсы ұйықтай алмай, мектепке ұйқысы қанбай барған ол, тақтаға шыққанда мардымды жауап бере алмаған-ды. Тоқсан аяғындағы қорытындыға «үштiк» шығып қалмаса жарар едi. Бала оқу үлгерiмiн нашарлатқысы келмедi. Ол сабақты жақсы оқып, өскенде ұшқыш болуды армандайды. Берік өзiнiң балалық қиялында жарқыраған әдемi ұшаққа отырып, аспанның ұшар биiгiне көтерiлiп, осы қаладан алысқа самғай ұшып кетсем деп армандайды. Оның ұшағының айналасында үлпiлдек, қазбауыр бұлттар қалқып жүредi.
Бұлт - атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 - 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады.
Сол бұлттардың арасынан мүмкiн күмiстей жарқыраған жұлдыздарды көрсем деп те қиялдайтын. Егер мамасы келiссе, оны да өзiмен бiрге алып ұшпақ. Сөйтiп, олар бұл қаладан алыс жерге ұшып кетедi. Мүмкiн сонда мамасы папасын ойлауын, арақ iшуiн қоятын болар. Осылай жүргенде ол әлдебiр қаһармандық iсiмен көзге түсiп, оның бұл iсi туралы газеттерде мақала жарияланады. Газет бетiне ұшқыш формасын киген Беріктiң әдемi суретi басылады. Сонда әкесi баласы туралы естiп, бiлетiн болар. Содан кейін әкесi мамасы екеуiнен кешiрiм сұрайды. Бөтен қыздар мен балаларды өз үйлерiнде қалдырып, бiзге қайтып оралады. Мамасынан кешiрiм өтiнiп, оған гүл шоғын сыйлайды. Ал Берікке балмұздақ сатып әпередi. Берік те әкесiнiң қылықтарын кешiрiп, оны да көгiлдiр ұшаққа отырғызып, өзiнiң балалық арманындағы тамаша қалаға бiрге алып кетедi. Ол жерде бақытты жанұя алаңсыз өмiр сүретiн болады. Үстелдiң үстiн жинастырып жүрiп, Берік осындай қиял еркiне берiлiп, арман көгiнде қалықтағандай болды. Ендi көшеге барып, ойнап келуге болады. Ал мамам ұйықтай берсiн. Бала үстiне күртесiн киiп, ендi далаға шығайын деп тұрғанда, есiктiң қоңырауы шыр ете қалды. Есiктi ашқан едi, арғы жағынан өзiнiң сынып жетекшiсi Айша апай, түрi қатаңдау көрiнетiн бiр бөгде әйел, жақсы киiнiп алған екi ер адам үйге кiрдi. Айша апай: – Берік, бiз сендердiң үйлерiңе бiр жұмыспен келдiк. Мамаң үйде ме – Үйде, – деп жауап бердi Берік. Осы жерде мамасының қандай күйде екендiгi есiне түстi де, ұялғанынан жерге кiре жаздады. Берік осы кезде: – Мамам шамалы науқастанып қалған едi. Ұйықтап жатыр. Ол кiсiнi қазiр мазалауға болмайды. Ертең келiңiздер, – дедi мiңгiрлеп. Қонақтар дағдарып, бiр-бiрiне қарасты. Дәл осы мезетте төргi бөлмеден масаң тартқан шешесiнiң қарлыққан дауысы естiлдi. – Не болды, ұлым Сен қайдасың, антұрған! Сөйткенше болмай, жаңағы келгендердiң қасына шешесi жетiп келдi. Оның түрi адам көргiсiз едi: ұйпа-тұйпа, таралмаған шашы жалаңаш иықтарын жауып тұр. Қыртысталған кiр халаты алқа-салқа. Көнектей болып iсiп кеткен көздерiн ажырайтып, келгендерге сүзiле қарайды. – Сендер кiм боласыңдар Сендерге не керек – деп айқай салды ол. Бала әрі ұялғаннан, әрі қорыққаннан Айша апайдың иығына басын қойып тұрып, жылап жiбердi. Мұғалiм баланы жұбатқан болды. Содан кейiн қасындағыларға бiр нәрсенi айтты да, Берікпен бiрге далаға шығып кеттi. Шешесi олардың артынан аузына келгенiн айтып, балағаттап жатты. Подъездегi қызыққұмар көршiлер есiктерiн ашып, көргендерiне таң тамаша қалысты. Шешесiнiң бұл қылығы Беріктiң еңсесiн түсiрiп, жанына батты. – Берік, жүр бiздiң үйге, – дедi Айша апай, – бүгiн бiздiң үйде боласың. Менiң сенде жұмысым бар едi. Жүр, кеттiк! Екеумiз математика пәнiмен шұғылданамыз. – Жоқ, бара алмаймын. Шешемдi қалай жалғыз тастап кетемiн Ана адамдар кiмдер – Бiздiң үйге жүрсеңшi. Сонда саған бар жайды айтып, түсiндiремiн. – Жақсы. Барсам барайын... Ол Беріктiң келiскенiне қуанғаны сондай, оның бетiнен сүйiп алды. – Ақылдым менiң! Менi осы жерде күте тұр. Сенiң портфелiңе мен жалғыз барып келейiн. Әйтпесе сенi жiбермей қоюы мүмкiн. Ертең мектепке бiрге барамыз. Мамаңа бәрiн өзім түсiндiремiн. Трамвайға отырып, Айша апайдың үйiне келе жатқанда, Берік мамасын ойлап отырды. Олардың үйлерiне келген адамдар кiм болды екен деген сұрақ көкейiнен кетпей қойды. Бiрақ мұғалiмi еш ренiшсiз өзiне қарап мейiрiммен күлiмдеп қойып, байсалды күйде отыр. Айша апайдың ақжарқын мiнездi күйеуi, кiшкентай екi қызы бар екен. Бүлдiршiндер алғашында балаға тосырқай қарағанымен, бойлары үйрене келе, оның қасынан айналшақтап, шықпай қойды. Өздерiнiң салған суреттерiн әкелiп көрсеттi. Айша апай өз үйiнде өте қарапайым көрiнедi екен. Ал мектепте өзін мүлде басқаша ұстайды. Ол үстел жайып, оған дастархан мәзiрiн қойды да, Беріктi ас iшуге шақырды.
Дастарқан- ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде "Асжаулық" деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әртүрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады.
Оның алдына табақты толтырып қаймақ қосылған сорпа қойды. Тағамның жағымды иiсiнен Беріктiң басы айналғандай болды. Көженің дәмдi болғандығы сондай, ол қосымша табақтан бас тарта алмады. Самсамен шай iшiп отырған кезде өзiнiң туған күнiн тойлағаны есiне түстi. Бұдан соң Берік Айша апаймен бiрге отырып, математика сабағына дайындалды. Бағанағы әңгiменi мұғалiмi кейiнге қалдырды. Берік ванна бөлмесiне барып жуынды да, ақ шаңқандай төсекке барып жатты. Бала өзiн ертегi әлемiндегiдей сезiндi. Айша апай Беріктiң көрпесiн қымтап жапты да, төсек жанындағы орындыққа келiп жайғасты. – Берік, саған қазiргi кезде өте қиын тиiп жүргенiн түсiнемiн. Сенiң мамаң ауыр науқас. Оны жедел түрде маскүнемдiктен емдеп, көмектесу керек. Сен енді кәдiмгiдей ересек баласың ғой! Түсiнуге тиiссiң. Мен сенiң мамаңның жақсы адам, қайырымды жан екенiн бiлемiн. Сен де оны жақсы көресiң. Солай емес пе – Бағанағы кiсiлер осының бәрiн қайдан бiлген Мен оларды бұрын-соңды көрген емеспiн. – Ол кiсiлер сенiң мамаңның жұмысынан келдi. Бұл үшiн сен еш алаң болма! Сен мамаңды күтесің бе – Әрине. Мен үйде жалғыз өзiм-ақ бола беремін. Қазіргі кезде үйдi де жинай аламын, тамақ та пiсiремiн. – Сенiң атаң, әжең, және басқа да туыстарың бар ма – Бар. Бiрақ олар өте алыста – солтүстiкте тұрады. Менiң мамам да сол жақтан. Папам әскер қатарындағы қызметiн өтеген соң, мамамды осында алып келген. Олар алғаш кездескенде менiң папам солдат болған екен. – Бәрi түсiнiктi. Айша апай сәл ойланып қалды. Бiраздан соң тағы да сөйлеп кеттi: – Берік, сенi үйiңе жалғыз жiберуге болмайды. Бiздiң бұлай істеуге құқымыз жоқ. Түсiнесiң бе Мен күйеуiммен сөйлесiп көрейiн. Менiңше, ол сенiң бiздiң үйде қалғаныңа қарсы болмайтын сияқты. Өзiң қалай, қарсы емессiң бе ...Сөйтiп, Берік Айша апайдың үйiнде қалды. Бұл үйде оның жағдайы жақсы болды. Ұстазының күйеуi Берікке жаман қараған жоқ. Кiшкентай екi қыз да оның мектептен келгенiн асыға күтiп жүредi. Бала да бал бөбектерге бауыр басып кеттi. Айша апай Беріктiң үйiнен оның керек заттарын алып келдi. Берікке өзiнiң жақын туысқанындай жақсы қарады. Баланың үстi мұнтаздай таза болып жүретiн. Мектептегi сабақ үлгiрiмi де жақсарды. Бiрақ бала мамасын қатты сағынып жүрдi. Жалғыз қалғанда жастығына басын сұғып, көзiнiң жасын сығымдап алатын. Айша апай оның жан дүниесiн жақсы түсiнеді. Әрдайым жұбатып, алдағы уақытта бәрi жақсы болатындығын, мамасы үйге оралғанда қайтадан жаңа өмiр басталып, жақсы болып кететiндерiн айтып, көңiлiн көтеруге тырысатын. Бiраз уақыттан соң емханада жатқан мамасынан хат алды. Ол баласынан кешiрiм сұрап, оны жанындай жақсы көретiндiгiн жазып, ыстық ықыласқа толы сәлемдерiн жолдаған екен. Бала осы бiр жылы сөздерге сенгiсi келдi. Мамасының үйден кеткенiне бiр ай уақыт болды. Дәрiгерлер Айша апайға емдi бiраз ұзарту керектiгi жайлы хабарлап, хат жазыпты. Демалыс күнi болатын. Берік кiшкентай қыздармен аулада серуендеп жүрген-дi. Айша апай асүйде тамақ әзiрлеп, оның күйеуi өзiнiң шеберханасында өз iсiмен шұғылданып жатқан. Бұл көктемнiң жайма шуақ күндерiнiң бiрi едi. Каникул күндерi де жақындап қалған. Көктемнiң шуақты сәулесiнен ерiген қар суы сай-салада сарқырап ағуда. Берік аулада жатқан азғана қардан қыздарға ақшақардың мүсiнiн жасап беруге кiрiскен-дi. Ендi оның көздерi мен аузының кескiндерiн келiстiргенi ғана қалған. Осы сәтте Берік өзiне бiреудiң ту сыртынан тесiле қарап тұрғанын сезгендей болды. Жалт қарса, жанында ұзын бойлы, арықша келген ер адам тұр. Оның бұйра келген қара шашы жел екпiнiмен желбiр қағады. Қапсағай денесiне күңгiрт түстi күрте киiп алыпты. Берік тiксiнiп қалды. Осы адамның түсi өзiне өте таныс көрiнедi. Бiраздан соң өзiне байыппен қарап тұрған әкесiнiң қоңыр көздерiн жазбай таныды. Оның көздерiнде мұң бар сияқты. Берік қолында ерiп бара жатқан қарды ұстаған бойы қалшиып тұрып қалды. Әкесi оны көтерiп алып, құшағына қысты. Бала өзiнiң шаштарынан төмен қарай сорғалаған әкесiнiң көз жасын байқады. Әкесi ағыл-тегiл болып жылап тұр екен. Бала да әкесiнiң мойнынан құшақтап алып, еңiреп жылап жiбердi. – Папа, қайта оралдыңыз ба Ендi қайтадан кетіп қалмайсыз ба Мамамның жағдайы қиын. Мен жалғыз қалдым. Кетпешi, папа! Мен өте тiл алғышпын. Мен ұшқыш боламын. Жап-жақсы болып кетемiз әлi! Берік ауыз жаппастан сөйлей бердi. Көзiнен аққан жас та тыйылар емес. Ол әкесiн өзiмен бiрге қалуды өтiнiп, сөйлей бердi. Аулада жүрген көршiлер оларға аң-таң болып қарап қалыпты. Айша апайдың қыздары бөтен ағайдың Беріктi көтерiп алғанына қорқып, жылап жүр. Айша апай Беріктiң әкесiмен сөйлестi де, оған пәтерлерiнiң кiлтiн ұсынды. Ол әкесi мен баласын табалдырыққа дейiн шығарып салды. Жол бойы олар тiс жарып сөйлеспестен, үнсiз келе жатты. Қол ұстасып келе жатып, бiрiн-бiрi қайтадан жоғалтып алмауға тырысқан адамдарша анда-санда бiр-бiрiнiң беттерiне қарап қояды. Пәтердiң iшi астан-кестең болып, шашылып жатқан едi. Әкесi мен баласы үйдi жинастырды. Кешкi асқа жорық сорпа пiсiрiп iштi. Берік мұндай дәмдi сорпаны бұрын-соңды iшiп көрген емес-тi. – Ұлым-ау, көп-көрім ер жетiп қалыпсың ғой! Басыңнан талай қиындықтар өттi. Соның бәрiне мен кiнәлiмiн. Сенiң, мамаңның алдында да кiнәлiмiн. Мен үйден кетпегенде бәрi бұрынғыдай жақсы болатын едi. Менi кешiресiң бе, жоқ па Қалай болғанда да, айтқандарымның бәрiн зер салып тыңдап ал! Берік папасының бетiне қарады. Бәрiнен бұрын, папам тағы да кетiп қалмаса екен деп күдiктендi. Әкесi болса, өзiнiң сөзiн одан әрi жалғастыра түстi. – Сендердi тастап, басқа отбасына кеттiм. Солармен бiрге алыс қалалардың бiрiне қоныс аудардым. Олармен бiрге ұзақ тұрған жоқпын. Кетiп қалдым. Сендердi сағынып жүрдiм. Қайта оралуға намыстанып, ұялдым. Тынбай көп жұмыс iстедiм. Сендерге де ақша салып тұрдым. Мамаң менi әрдайым қайтып кел деп шақыратын. Мен болсам, қайтып келгенде бұрынғыдай бақытты өмiр сүре алмаспыз деп күдiктендiм. Осылайша өмiр өтiп жатты. Өзім тағдыр тәлкегiне түсiп, бiресе анда, бiресе мұнда жүрiп жаттым. Бiрде жұмыс орнымдағы бiр жас жiгiтпен таныстым. Алғашында ол жiгiттiң сөздерiн жұмыстағылар әжуаға айналдырып жүрдi. Кейiн келе оның қағiлез, адал да шыншыл екендiгiне бәрiмiздiң көзiмiз жеттi. Ол отырған жерiнде Құдай туралы, бiздi күнәға батыратын қылықтарымыз, iс-әрекеттеріміз жайлы айтып жүрдi. Құдайдың бiздiң қалай өмiр сүргенiмiздi қалайтындығы туралы да сөз сабақтайтын. Мен оның айтқан әңгiмелерiн асқан ыждағаттылықпен тыңдайтынмын. Иса туралы көптеген кiтаптарды оқыдым. Сен Құдай туралы естiп пе едiң, ұлым – Теледидардан көргенмiн. – Мен Құдай бар екендiгiне, Исаның әлi тiрi екендiгiне кәмiл сенемiн, түсiнесiң бе Мәсіхшілердің Құдайға сиыну жиналысына барғанмын.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') - Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін .
Сенуші адамдардың өмiрi тамаша. Бiрде мен Құдайға құлшылық етiп, сиынып тұрған кезiмде өзiмнiң күнәһар, мейiрiмсiз, жаман адам екендiгiмдi мойныма алып, күнәмнан бас тартып, Құдайдан өзiм үшiн, мамаң үшiн, сен үшiн кешiрiм өтiндiм. Ол менi кешiрдi. Содан берi менiң өмiрiм өзгерiп сала бердi. Қазiргi кезде мен өзiмдi шексiз бақыттымын деп санаймын. Сендер де бақыт құшағында болса екен деймiн. Ендiгi жерде бәрiмiз бiрге боламыз. Құдай бiзге батасын берiп, мамаңа да көмектеседi, оны қазiргi бақытсыздық жағдайдан құтқарады деп сенемiн.
Бақытсыздық - тағдыр тауқыметін, қайғы-қасіретті, азапты, өлшеусіз бейнетті білдіретін этикалық ұғым. Бақытсыздық көп жағдайда қоғамдағы әділетсіздік, зорлық-зомбылық, дау-жанжал, кедейлік, табиғи апаттар салдарынан туады.
Сен де менi барлық iстеген жамандықтарым үшiн кешiре гөр! Берік папасының Құдай туралы айтқандарын жақсы түсiне қоймаса да, оның айтқандарына қалтықсыз сендi. Папасын құшақтап алған бойда еңкiлдеп жылап отырып: – Мен сенi кешiрдiм, папатайым! Сенiң қайтып оралғаның жақсы болды. Бiз сенi сағына күтiп жүрдiк. Әкесi баласының басынан сипап, ақырын дауыспен Құдайға сиынып отырды. Берік болса: «Жаратушы неткен мейiрбанды едi, менiң папамды өзiме қайырды» деп мәз-мейрам. – Балам, мен мамаңа барып қайттым. Бiз татуласып алдық. Ең алдымен мен оны iздеп жүрiп, тауып алдым. Ол саған дұғай-дұғай сәлем айтып, бетiңнен өзi үшiн құшырлана сүюiмдi өтiндi. Жақында барып мамаңды үйге алып келемiз. Ендi мен Құдайға сиынып, осы басымнан өткендердiң бәрiн баян етiп, кешiрiм өтiнейiн. Бiздiң қайтадан қауышып, бақытты отбасын сақтап қалғанымызға көмектескенi үшiн шексiз алғысымды бiлдiрейiн. Сен де менiң жанымда бол! Берік әкесiнiң тiзерлеп отырып, Құдайға сиынғанын, кешiрiм өтiнгенiн, шын жүректен шыққан алғыс сезiмдерiн жолдағанын өз көзiмен көрдi. Әкесi Жаратушының алдында тiзерлеген күйi, қазiр шексiз бақытқа кенелгендiгiн айта отырып, кiшкене балаға ұқсап, көзiнен моншақтап төгiлген жасын қолымен сүртiп тастап, ұзақ сиынды. Бұдан кейiн ол Берік, мамасы, Айша апай және оның туған- туысқандары үшiн дұға-тiлектерiн бағыштап, Исаға сиынды. Берік те әкесiне ұқсап сиынғысы келдi: – Рахмет саған, Жаратушым! Сен өте мейiрiмдiсiң! – дедi дауысын қатты шығарып. Берік папасы екеуi емханаға келгенде мамасы киiнiп, оларды күтiп отыр екен. Әкесi оның қолындағы кiшкентай сөмкесiн иығына iлiп алды да, үшеуi үйлерiне қарай бет алды. Бұл оқиғаның болғанына көп уақыт өткен жоқ. Сиыну үйінің кафедрасының алдында Құдай туралы уағыз айтып тұрған ұзын бойлы арықша келген адамға қарап, оның Құдайға жүгiнiп, Исаны өз Құтқарушым деп қабылдағанына аз уақыт болды дегенге сене қою әсте қиын. Беріктің папасы Құдайдың шексіз сүйiспеншiлiгi, кешiрiмдiлiгi жайлы жұрт арасында уағыздар жүргiзедi. Ол бар ниетiмен уағыз айтқан кезде залда отырғандардың ортасынан өз күнәларынан бас тартып, Құдай алдында тәубе етiп жүргендерінiң көздерiнен ерiксiз жас парлайды. Мәсіхшілер жексенбiлiк мектепте сабақ берiп жүрген Беріктiң мамасын қатты сыйлайды. Берік болса Айша апайдың үйiне барып, оның кiшкентай қыздарын ойнатып тұрады. Ол недәуір есейiп қалды. Берік бұрынғыдай ұшқыш болуды армандап, өзiнiң қиялына қанат бiтiрген аспан көгiн шарлауды мақсат етуде. Мүмкiн оның нағыз үйi де сол бiр ақ мамық, қазбауыр бұлттардың арғы жағында болар.

  • Балмұздақ
  • Теледидардан

  • жүктеу 143.37 Kb.