Главная страница
Контакты

    Басты бет


Мамай орта мектебі Тақырыбы: «Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта» 6-сынып

жүктеу 76.92 Kb.



жүктеу 76.92 Kb.
Дата14.09.2018
өлшемі76.92 Kb.

Мамай орта мектебі Тақырыбы: «Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта» 6-сынып




Мамай орта мектебі

Тақырыбы: «Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта»

6-сынып

Информатика пән мұғалімі: Токубаев А.М.

2016-2017 оқу жылы

Бекітемін

Оқу-ісінің меңгерушісі

________ Рамазанова С.Т.




Сабақ №32

Күні: 6 сынып, информатика Пән мұғалімі Токубаев А.М.

Сабақ тақырыбы

Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта.

Сілтеме

Информатика 6-сынып, Е.А Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Жалпы мақсаты

Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру; Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру.

Міндеттер

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ;

- Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу ;

- Оқушыларды интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;


Мұғалім үшін оқу нәтижелері

- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау ;

- Берілген тапсырмаларды, топта орындауға үйрету;

- Оқушылардың бір-бірін бағалауға дағдыландыру;


Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, АҚТ, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырма , бағалау парағы.

Күтілетін нәтиже

Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білу. Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Смайликтер бойынша 2 топқа бөлу /4 оқушы/

Бағалау критерийлері

• Өз бетімен білім алуы

• Дербес жұмыс жасауы

Топта жұмыс жасауы

• Ақпараттық білімі



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

  1. Презентация неден құралады?

  2. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?

  3. PowerPoint қалай іске қосады?

  4. PowerPoint-тың терезесінің интерфейсін атаңдар?

  5. PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?

  6. Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.

  7. Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?

Берілген сұрақтарға әр топ мүшелері шапшаң жауап беруі керек. Топ жетекшілері белгілеп отырады.


ТҮСІНУ - 10 мин

Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.



А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы қорғайды. Постерге түсіреді.

І топ: Ғаламтор желісі туралы мәліметті постерге түсіріп қорғау.

ІІ топ: Электрондық поштаны құру. (Компьютерде)

Компьютерлік желі дегенімізресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.

Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.

Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.

Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.



Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьютерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамасы (протоколы) болды.

Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @ белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: mama_school @ mail.ru болса, онда жәшік mamai_school доменінде mail.ru деп те оқуға болады.


ҚОЛДАНУ – 10 мин

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар



Тақырыпты меңгертуге арналған жаттығу.

№1 тапсырма – www.googlе.kz іздеу порталына кіріп, «Болашақтағы компьютерлер» туралы суреттер ізде.

№2 тапсырма – www.rambler.ru іздеу порталына кіріп, «Салауатты өмір салты» туралы мақала ізде.

№3 тапсырма – www.infust.kz сайтын адрес жолына енгізіңіз. Ашылған терезеден ұнаған сайтты таңдаңыз да көшіріп алыңыз.

№4 тапсырма – www.googlе.kz іздеу порталына кіріп, «Информатика ғылымына үлес қосқан ғалымдар» туралы мәлімет ізде.


ТАЛДАУ – 7 мин

Сыни ойлауын дамыту.

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.


Сөзсызбадан бүгінгі тақырыптың терминдерін табу.



ЖИНАҚТАУ- 6 мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету



Компьютермен жұмыс.

«Кім білгір?» электронды тест – тапсырмаларымен жұмыс.

Бағалау

Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.

Қорытынды баға шығару

Бағалау парағы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма беру / 1минут

Үйге:Тақырыпты оқу, «интернет» туралы қызықты мәліметтер жинап келу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.



Рефлекция / 1 минут

Стиккерлер тарату


Оқушылар стикерлерге «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазып жапсырады.

«Тазалық» ойыны:

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcs9ywpepifeuoar_ftckurfwn6xny04xh795sw1ptdwz2i7kutqo2czba







тақырып бойынша көп ақпарат алдым

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcsusmfrbifedjefbchhdpt2qzykll-mbntxx1bmzcnrurkryisux1luau4

әлі оқуым, толықтыруым керек

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:and9gct-sl6ymur6o4j5nfufubxcfmkjqfpr6zogop6ga-kvrh4cgai5ewoo8q

бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар












ҚОСЫМША

  1. Internet деген не? - (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

  2. World Wide Web туралы не білдің? – ғаламтор

  3. Гиперсілтеме деген не? – веб-парақты құруға арналған сілтеме

  4. Веб-құжаттың анықтамасын айт. – сайт құруға арналған

  5. URL-адрес деген не? – веб-құжаттың мекен-жайы

  • Информатика пән мұғалімі: Токубаев А.М . 2016-2017 оқу жылы
  • Сабақ №32 Күні
  • Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта. Сілтеме
  • Мұғалім үшін оқу нәтижелері
  • Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері
  • Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Смайликтер бойынша 2 топқа бөлу /4 оқушы/
  • Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  • І топ: Ғаламтор желісі туралы мәліметті постерге түсіріп қорғау. ІІ топ: Электрондық поштаны құру. (Компьютерде)
  • Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
  • Интернет
  • ТСР/ІР
  • ҚОЛДАНУ – 10 мин
  • ТАЛДАУ – 7 мин
  • ЖИНАҚТАУ- 6 мин
  • Үйге тапсырма беру / 1минут
  • ҚОСЫМША Internet деген не

  • жүктеу 76.92 Kb.