Главная страница
Контакты

    Басты бет


Махамбетова Алтынгүл Аскербаевна Ақтөбе облысы

жүктеу 42.4 Kb.



жүктеу 42.4 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі42.4 Kb.

Махамбетова Алтынгүл Аскербаевна Ақтөбе облысы



Махамбетова Алтынгүл Аскербаевна

Ақтөбе облысы,

Алға қаласы

№1 Алға мектеп-бақшаның

информатика пән мұғалімі
INTERNET және біз.
Компьютер - оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана. Компьютердің жұмыс қабілеті оның құрылғылары бүлінгеннен ғана бұзылмайды, сондай-ақ компьютерде сақталған ақпаратпен дұрыс жұмыс істемегеннен де төмендеуі мүмкін.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Егер жалпы желіге бір қаладағы барлық компьютерлерді біріктірсе, онда мұндай құрылымды аймақтық желі деп атайды. Ал, егер мемлекет ішіндегі, үлкен аймақтағы компьютерлерді бір желіге біріктірсе, онда ауқымды желі пайда болады.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Ауқымды желі – бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін ауқымды желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгертіп отырады. Бұл ауқымды желінің өте маңызды ерекшелігі:Интернет ешкімнің меншігі емес. Интернеттің орталықтандырылған басқаруының жоқтығының нәтижесі – ақпараттық кеңістіктің шексіз бостандығы болып табылады.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

Интернет өз тарихын бұдан 30 жылдан артық уақыт бұрын АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған Arpanet компьтерлік желісінен бастайды. Бұл желі оқу және ғылыми-зерттеу орталықтарындағы, соғыс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарындағы ЭЕМ-ды біріктірді. Басында желі төрт компьютерден тұрды. Бұл идея сәтті болғандықтан, желі тораптарының - компьютерлік орталықтарының саны тез өсті. 1972 жылға қарай тораптар саны әжептәір өсті. Енді қырық компьютерлік орталықтар өзара электрондық поштамен алмасып, бірнеше жүз және мың километр қашықтықтағы машиналармен жұмыс жүргізетін және деректері бар файлдарды жібере алатын болды.

1983 жылға қарай түрлі хаттамаларда жұмыс істейтін бірнеше ірі желілер пайда бола бастады. Хаттама – компьютерлердің желі бойымен мәлімет алмасуын сипаттайтын ережелер жиынтығы.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Сол жылы ТСР/ІР мәлімет алмасудың ортақ стандарты қабылданып, Интернет үшін базалық стандартқа айналды. Осы кезден бастап Arpanet желісі INTERNET-ке өзгерді (inter сөзі «біріктіру» деген мағынаны білдіреді).

Интернетте желіге қосылған миллиондаған серверлер тұрақты жұмыс істейді.

Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Интернет серверлеріне миллиондаған пайдаланушылар жергілікті желілердің немесе коммутациялық телефон сымдары арқылы қосыла алады. Мысалы, егер сыныптағы компьютерлер жергілікті желіге біріктірілген болса және осы компьютерлердің ең болмағанда біреуі Internet желісіне қосылса, онда басқа компьютерлер де осы ауқымды желіге қатынай алады.

Интернет желісіндегі белгілі бір компьютермен байланыс орнату үшін оның өзіндік Интернет-мекен-жайын(адресін) білу керек.

Бір-бірінен түрлері бойынша ғана ажыратылатын екі мекен жай форматы бар:



  • ІР – мекенжайы;

  • DNS – мекенжайы.

ІР – мекенжайды компьютерлер өздерінің қызметінде пайдаланатындықтан, сандық түрге ие болады. Әр блок 0-ден 255 –ке дейінгі саннан тұруы мүмкін. Осылайша ұйымдастыру арқылы төрт миллиардтан көп мекенжай алуға болады.

Бірақ ІР – мекенжайын есте сақтау қиын, сондықтан атаулардың домендік жүйесі ойлап табылды.

DNS(ағылшын тілінен алғанда Domain Name System – домендік атаулар жүйесі ) – бұл домендердің символдық атауларын ІР-мекенжайға түрлендіру мүмкіндігін беретін жүйе.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Атаудың домендік жүйесі (Доменная система именования; domain name system) - Интернет желісіндегі IP адрестерінде - компьютердің атын есте сақталатын домендік атауға (мысалы, www.ip.com) ауыстыру механизмі.

DNS-мекенжай пайдаланушы үшін аса ыңғайлы болып табылатын әріптік қысқартулардан тұрады. Сен енгізген DNS-мекенжайы атаулар серверіне жіберіледі және ол бұл мекенжайды ІР-мекенжайға түрлендіреді.

Домендік атау нүктемен бөлінген екі немесе одан да көп бөліктерден тұрады.Оның оң жақ бөлігі жоғары деңгейлі домен деп аталады.Әрбір келесі оңнан солға қарай орналасқан бөліктер домендерге жатады. Домен – бұл белгілі бір мемлекетке, ұйымға немесе басқа мақсаттар үшін бөлінген интернеттің домендік атаулар жүйесіндегі аймақ.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Мысалы, Www.Google.Kz мекенжайы үшін жоғары деңгейлі домен – kz, ал Google – бұл ішкі домен болып табылады.

Интернет пайдаланушыларға көптеген әр түрлі және қызықты қызметтер ұсынады. Мысалы, барлықтарың www немесе web туралы естіген боларсыңдар. World Wide Web-ті (қысқаша WWW немесе WEB) Бүкіләлемдік тор деп те атайды. Ақпаратты WWW-де ұсыну гипермәтіндік сілтемелердің мүмкіндіктеріне негізделген. Гипермәтін – бұл басқа құжаттарға сілтемелерден тұратын мәтін. Гипермәтін бетті қарап отырып, сілтемелер бойынша басқа құжаттарға жеңіл және тез өту мүмкіндігін береді.

Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

Оған қоса сілтемелер арқылы байланысқан құжаттар бүкіл жер шарында шашырап жатуы мүмкін. Сондықтан гиперсілтемелері бар құжаттарды web-беттер деп те атайды. Web-беттерді қарап шығу үшін браузерлер деп аталатын арнайы программалар пайдаланылады.



Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Кітапхана Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.

Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Ақпарат: хат, есеп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. болуы мүмкін.



Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр.

Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады. 

Интернет - әлемдегі ең ауқымды әлемдегі ең ауқымды компьютерлік желі.

Компьютерлік желі Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Оны ғаламшардың кез келген жерінен қатынауға болатын аса үлкен ақпараттық қойма десе де болады. Интернетте желіге қосылған, ақпаратты орналастыратын серверлер жұмысістейді. Сенсер - ақпараттың үлкен көлемін өңдейтін және сақтайтын өте қуатты компьютер.

  • Планетамыздың

  • жүктеу 42.4 Kb.