Главная страница
Контакты

    Басты бет


Л. Г. Матвеенкова

жүктеу 220.65 Kb.



жүктеу 220.65 Kb.
Дата13.04.2017
өлшемі220.65 Kb.

Л. Г. Матвеенкова



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ


Л.Г.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.

МАТВЕЕНКОВА


БИЛЛ ГЕЙТС

Мicrosoft компаниясының құрушысы

Қарағанды 2014
АЛҒЫ СӨЗ
Австриялық психолог, психиатр және жеке психология жүйесінің құрушысы Альфред Адлер табысқа қол жеткізген адамдар өмірде артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылатындығын айтады. Билл Гейтс бағдарламалық компьютерлік қамтамасыз ету өнеркәсібінің атасы болып танылады, табысқа қол жеткізген тұлғаның адлерлік портретінің кейіптеуі болып табылады.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) - Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955, Сиэтл), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) - АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері.

Билл Гейтс табысының тарихы американдық армандауды еске түсіреді. Ол қарқынды жұмыс істей отырып, компанияның өркендеуіне қол жеткізді, сонымен қатар жер бетіндегі бай адамдардың біріне айналды. Forbes журналы жыл сайын жариялайтын 2011 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде Билл Гейтс $ 56 млрд жағдайымен екінші орында келеді.

Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Оның өмір тарихы, табысқа жету тарихы айрықша қызығушылық туғызатын нәрсе болды және солай болып қала бермек. Ресми дерек көздерінде бұл адамның өмірбаяны бойынша анықтамалық деп айтуға болатын жарияланымдар аз емес. Жақында Билл Гейтс туралы фильм түсірілді. Фильм «Билл Гейтс: диуана әлемді қалай өзгертті» деп аталады. Онда тарихқа айналған ұлы адам - Билл Гейтстің балалық шағы, есеюі және бизнесті бастаған кезі суреттеледі.

Бизнес (ағылш. busіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі..

«Силиконды аңғардың қарақшылары» деп аталатын екінші фильм бар, бұл IT-технологиясының бастауында тұрған Билл Гейтс, Пол Ален, Стив Джобс және т.б. туралы суреттейді.

Біреулер оны әлемге бәсеке мен стандарттардың өз заңдарын әкелген «бүкіл әлемдік бақытсыздық», екіншілері – ЖК-ны көпшілікке арналған өнім еткен және жаңа ІТ-бизнестің негізін салған жарылқаушы дейді. Гейтс туралы не айтсақ та оның қабілетін мойындамау мүмкін емес. Ол атақты, табысы мол, дарынды. Көптеген мамандар Гейтстің дербес компьютерлердің және бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясын көре білу көрегендігі Microsoft табысының маңызды факторына айналды деп санайды.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Билл Гейтс – әлем бейнесін өзгерткен адамдардың бірі. Бірақ оның басқа миллиардерлерден айырмашылығы – ол бұл жағдайға газ немесе мұнайдың емес, өз ақылының арқасында жетті. Билл Гейтстің негізгі еңбегі – қолмен ұстап көруге болмайтын нәрседен үстеме табыс көру мүмкіндігін онжыл бұрын көре білуінде, адамның интеллектік қызметінің өнімі болып табылатын – компьютерлік бағдарламалар болып табылады.
«Бала кезімде менің, расында, армандарым көп болатын, және мен олардың көбі менің көп оқуға деген мүмкіндігімнің болғаны арқасында жүзеге асты деп ойлаймын»

Билл Гейтс
Билл Гейтс немесе Уильям Генри Гейтс III (толық аты) –Майкрософт корпорациясының (Microsoft) негізін қалаушы және құрушы, компьютер магнаты, әлемдегі ең бай адамдардың бірі. 1955 жылы 28 қазанда Сиэтлде (АҚШ, Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және мектеп оқытушысы, Вашингтон штатының Университет басқармасының мүшесі және United Way International қайырымдылық ұйымының төрағасы Мэри Максвелл отбасында дүниеге келген.

Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.

Вашингтон (ағылш. Washington, D.C., /ˈwɑʃɪŋtən ˌdiː ˌsiː/) - АҚШ-ның елордасы. Вашингтон 1790 ж. 16 шілдесінде орнатылған. АҚШ-нда бұдан басқа Вашингтон атаулы штат та бар болғасын, екі мекенді шатастырмау үшін, елорданы кейде Вашингтон Колумбия Аймағы деп толық атымен атайды.

Отбасында одан басқа екі қыз болды. Билл Гейтстің атасының әкесі қала басы, атасы – ұлттық банктің вице-президенті болған.

Вице-президент (лат. vice - жоғарғы) - Президенттің орынбасары, президенттен соң екінші тұлға. Белгілі бір ұйымдардың вице-президентті мен кейбір мемлекеттерде бар, мемлекеттің вице-президенті лауазымымен айырмасын ажырата білген дұрыс.

Билл Гейтс бастауыш білімді муниципалды бастауыш мектептен алды. Зерек әрі талапты Билл қарапайым бастауыш мектептен зерігетін. Ата-аналары өз ұлдарының қабілетіне деңгейі жоғары білім керек екенін түсініп,12 жасында оны Сиэтл Лейксайдтағы айрақша дәрежелі мектепке ауыстырды.

Ата-анасы оны әкесінің жолын қуады, Гарвард заң мектебіне оқуға түседі деп үміттенді. Алайда олардың үміті ақталмады. Уильямның мектептегі ұнататын пәні математика болды, сол пәннен жоғары бағалар алды.

Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

Бұл ретте гуманитарлық ғылымдарды (грамматика, азаматтықтану және т.б.) қажетсіз деп санады, сондықтан ол пәндерді зерделеу кезінде айрықша нәтижелер көрсетпеді, сол себептен төмен бағалар алды. Ол математика профессоры болуды армандады. Қарапайым, ұялшақ, көпшілікпен араласпайтындығымен ерекшеленді. Оны қатарластарының ойындары қызықтырмайтындығы ата-анасын алаңдатады. Сырт естуге қарағанда, оны тіпті мамандарға көрсеткен деген де сыбыс бар. Баланы қараған тәжірибелі психолог қорғансыздықтың ар жағынан мойымас мінезді көрді және анасына ұлын өзгерте алмайтындығын айтады.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Жалғыз жолы – өзінің бейімделуі.

Билл Гейтс он бірде болған кезде жергілікті пастор «Сиэтл Спэйс Нидл» мейрамханасына жолдаманы жүлдеге тігіп, байқау ұйымдастырады. Байқауда жеңу үшін Інжілдің үш тарауынан тұратын «Нагорная проповедь» жатқа айту керек болатын. Билл осы жолдаманы қатты ұтып алғыс келді. Уоллэйстің және Эриксонның өмірбаянына сәйкес Билл Гейтс діни өсиетті мінсіз айтып берді. Кейінірек өзі: «Мен өз зердемді салған кез-келген нәрсені істей аламын» деді. Орта мектептің оқытушысы Энн Стефенстің айтуы бойынша бір жолы Гейтс Джеймс Фарбердың пьесасының үшбеттік монологын бір қарап-ақ сөзбе-сөз айтып берген.

1968 жылы Билл және оның мектептегі досы Пол Аллен орта мектепте оқып жүргенде, мектеп басшылығы General Electric компаниясынан компьютер уақытын сатып алуды шешті. Бұл Биллдің өмірін түбегейлі өзгертті. Ол досы Алленмен бірге бос қызығушылық емес, үлкен қызығушылық танытты. Олар барлық қол жетерлік компьютерлік әдебиеттерді зерделеу үшін сабақтан қалды. Бір тәулік уақыт балалар үшін мағынасын жойды, олар зертханаларда сағаттар бойы отырды. Бұл кезде Билл өзінің алғашқы бағдарламасы – қарапайым симуляторды жазды, бұл машинаға қарсы ойнауға мүмкіндік берді.

Өмір бойы Гейтс өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды. Биллдің анасы – Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Түскі ас кезінде ол Биллді асқа шақырды. Ол жауап бермеді. Соңында шыдамаған ол интерком арқылы сұрады:

– Неге жауап бермейсің? Не істеп жатсың?

– Мен ойланып жатырмын, – деп жауап берді ұлы.

– Демек сен ойланып жатсың ғой? – деп ызаланды анасы.

– Иә, мамашым, мен ойланып жатырмын. Ал сен өміріңде ойланып көрдің бе? – Ұлы жанжалға дайын тұр еді. Гейтс бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын еді.

Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатр көмегіне жүгінді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр былай деді: «Ұлдарыңмен айқастан сіздер жеңілесіздер. Сондықтан мен оған жол табуға кеңес беремін. Тіпті физикалық жазалаудың өзі көмектеспейді.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз». Гейтстің ата-анасы саналы адамдар болатын еді. Олар кеңеске құлақ түрді. «Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз» ... Жылдар өтті, америкалық бизнестің көптеген алыптары өз тәжірибесінде «онымен бәсекелесудің» не екенін біл- ді. Екі онжылдық аралығында Вильям Генри Гейтс III көптеген бәсекелестерді шаң қаптырды. Бірақ ең басты-сы – әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды.

Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын.

Терминал (Terminal) - өзгертулер немесе операторлардың есептеуіш жүйелермен өзара әрекетін қамтамасыз ететін құрылғы; компьютер желілерінде - мәліметтерді жіберуші немесе қабылдаушы болып табылатын құрылғы; пернетақта мен дисплейден тұратын және компьютер (немесе есептеу жүйесімен) ақпарат алмастыру арнасының шетінде орналасқан, әдетте, көп пайдаланушылар жүйесінде қолданылатын енгізу-шығару құрылғысы. Мәлімет өңдеу жүйелерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде мәлімет енгізу және шығару үшін қолданылады.

Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.

Кітап (араб.: ‎ – жазба) - мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.

Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сыныбы үшін бағдарламасын жасады.

Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды армандаушы едік, – деп есіне алады Гейтс. – Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, – деді Гейтс, – бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын».

Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді.

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.

Гарвард университеті (ағылш. Harvard University) - 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылары тағайындалған).

Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен журнал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Танымал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла алатын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты.

Бағдарламалау тілі (орыс. язык программирования; гр. programme - нұсқау, хабарлау) - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.

Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мектеп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды. «Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді Гейтс.

Билл Гейтс колледжде Traf-O-Data компаниясын ұйымдастырды, онда болашақ магнаттың кластас достары жұмыс істеді. Жас бағдарламашылар іске құлшына кірісті, өз білімдерін қайда қолдану керектігі жөнінде ізденді. Билл Гейтс, өзінің айтуы бойынша бастамашы болды: «Мен нақты өмірге қоңырау шалайық және оған бірнәрсе сатуды ұсынайық деген жігіттердің бірі едім».

Бүгінгі түсінігімізде - ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. «Елемес - аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт» (С. Омаров, Қайырлы.). «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған.

Жұмыс 1971жылы басталды. Бұл кезде Information Sciences компаниясы төлем ведомостілерін жасауға арналған бағдарламаны жасау үшін осы балаларды жұмысқа қабылдады. Жұмыс берушілер шектеу қойылмаған компьютер уақытымен қатар әзірлеушілерге олардың софтысы әрдайым пайда әкелсе, сол бойынша төлеуге келісті.

Олар сабақ кестесін жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды әзірледі, жергілікті билік үшін тапсырыстар орындады. Көше қозғалысын реттеуге арналған бағдарламаны жазғанда Гейтс 15 жаста еді, осы жобада 20 000 доллар пайда тапты.

Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.

Ата-анасы ұлдарының мұндай қызығушылығына үркіп қарады, сондықтан оның қалауына қарамастан компьютерлік жобалардан бас тартуға көндірді.

Билл бір жыл бойы өзінің сүйікті пәніне назар аудармады, Наполеоннан бастап Рузвельтке дейінгі ұлы адамдардың биографиясын оқыды. Гейтс он жеті жасына қарай Бонневиль бөгетіне энергияны тарату бойынша бағдарламалық пакет дайындау жөніндегі ұсынысты қабылдады, оның бұл шешіміне ата-анасы қарсы болған жоқ. Гейтс осы жобаны бір жыл орындаған жұмыс үшін 30 000 доллар алды. Билл оныншы сыныпта компьютер ісін оқыған жоқ, сол пәннен сабақ берді.

1973 жылы отбасылық дәстүрді сақтау үшін Билл Гейтс Гарвард университетіне оқуға түсті. Әкесінің жолын қуып заңгер немесе математика профессоры болғысы келді. Өзінің айтуы бойынша аса беріліп, үлкен құлшыныспен оқыған жоқ. Гарвардта оқыған жылдары көп уақытын пинбол, бридж және покер ойнауға жұмсады. Сонда Стив Балмермен танысты, ол қазіргі кезде Майкрософтты басқарады және өзінен бір саты жоғары тұр.

Вундеркиндтің кейінгі жылдарында кейбір жағдайлардың немесе қоршаған ортаның әсерінен барлық адамдар сияқты болып кететіні тарихтан белгілі. Билл Гейтстке мұндай көзқарас әсер еткен жоқ. Жеңіске жету жолында мақсат қою, жарысқа түсуге құштарлығы, басқалардан артық жасауға және ең озық істерді жасауға деген ұмтылысы оны қазіргі табысты әрі бай адамға айналдырды.

Мicrosoft – өмірлік маңызды іс. Биллдың ескі досы Пол Аллен оны жеке бағдарламалық қамсыздандыру фирмасын ашуға көндірмек болды, бірақ ол оқуын тастауға жүрексінді. Гейтстің досы Пол Аллен Бостондағы «Ханивел» жұмысын алды.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Бостон (ағылш. Boston) - АҚШ-тағы Массачусетс штатының астанасы, әрі ең ірі қаласы. АҚШ-тың ең көне және экономикалық, мәдени бай шаһарларының бірі болып табылады. Қала айналасындағы елді-мекендірмен санағанда елдің ең ірі қалалар ондығына кіреді.

Билл екеуі бағдарламаны жасауды түнгі сергектікпен жалғастырды. «Майкрософттың» пайда болуы туралы аңыз: Аллен 1974 жылы желтоқсанда, Гарвардтағы Гейтске бару үшін газет сататын киоскіге журнал сатып алу үшін тоқтайды. Сол журнал оның және Гейтс өмірін күрт өзгертті. «Танымал электроника» журналында Altair-8080 фотографиясы әдемі безендірілген, ал астында ірі қаріппен: «Коммерциялық модельдермен жарысуға қабілетті әлемдегі тұңғыш микрокомпьютер» деп жазылған. Аллен журналдың осы номерімен Гейтс жатақханасына бет алды. Достар өздеріне мүмкіндік беріліп тұрғанын түсінді. Үй компьютерлерінің нарығы көз алдында құрылып жатты, және болашақ жарылыс қарсаңында осы үй машиналарына шұғыл түрде бағдарламалық қамсыздандыру керек болды. Гейтс үлкен батылдықпен осы компьютерді құрушы компанияға BASIC бағдарламалаудың жаңа тілін ұсынды. MITS-ті бұл ұсыныс қызықтырды және Гейтс пен Алленге бағдарламалық код жасап, оны басқа компьютерлерде тексеріп, қарқынды түрде жұмыс істеуге тура келді. Бір жарым ай өткен соң бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ға апарды, Altair жақын танысты. Барлық заң бойынша бұл сәтсіздікпен аяқталуы тиіс еді. Бірақ бір керемет болды – достардың бағдарламасы жұмыс істеді! Компьютер бағдарламаны өзінікі секілді қабылдады және MITS оның құқығын сатып алғысы келді. Келісім- шартқа қол қойды. Бұл нұсқа менеджерлерге ұнады, оларға программалау тілін жазумен жұмыс істеуге ұсынды. Дәл сол күні, Гейтстің айтуы бойынша, «софта» нарығы пайда болды. Достар Нью-Мехикоға аттанды, сол жерден 1975 жылдан бастап Microsoft тарихы басталды (олар сызықшаны алып тастады).

Достар дербес компьютерлердің болашағы үлкен екеніне сенімді еді. Сондықтан Microsoft компаниясын ұйымдастыру және дербес компьютерлер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмысына Билл Гейтстің шын берілгені сонша Гарвард университетіндегі оқуын өкінішсіз тастап кетеді.

Кәсіпорын қызметкерлердің жанқиярлық еңбектеріне қарамастан басында өз өнімдерін таратуда белгілі бір қиыншылықтарды бастан кешті.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Фирма өнімдерді өткізу жөніндегі жақсы менеджердің жұмысына төлейтін қаражаты жеткілікті болмағандықтан, Билл Гейтстің анасы осы қызметті орындады.

Дербес компьютердің әрбір жұмыс орнында және әрбір үйде тұруына шынайы сенген олар дербес компьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей бастады. Билл Гейтстің көрегенділігінің арқасында дербес компьютерлерді дамытуы Microsoft және тұтастай алғанда бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясы табысының өзекті факторына айналды.




2616992174_d8252daa2c_o

Microsoft-тың құрушылары Пол Аллен және Билл Гейтс


Microsoft алғашқы бес тапсырысшысы банкротқа ұшырады, бірақ олар артқа кейін шегінген жоқ, 1979 жылы Сиэтлге қайтып келді.

Банкроттық - кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.

«Жақсы менеджердің маңызды сипаты – басын құмға тықпай, кез-келген жағымсыз жаңалықты қабылдай алу батылдығы. Нағыз менеджер алдымен ненің жаман екенін, содан кейін барып қана ненің жақсы екенін анықтап алады» – бұл қағида сол кездері-ақ Билл Гейтстің бизнеске деген көзқарасын көрсетті.

Сол жылы университет Билл Гейтсті сабақты босатқаны және сабақ үлгерімі үшін оқудан шығарды. Бірақ бұл факт студентке айтарлықтай әсер еткен жоқ, себебі оған IBM әлемдегі дербес компьютер үшін операциялық жүйе құру туралы ұсыныс білдірді. Microsoft өкілдері оларға операциялық жүйенің де керек екенін айтқан кезде, Билл Гейтс оларға сол кезде кеңінен қолданылған CP/M операциялық жүйесінің әзірлеушісі Digital Research-қа баруға кеңес берді, бірақ IBM-ның Digital Research-пен жүргізген келіссөздері сәтті аяқталмады.

Бірнеше апта өткен соң Билл Гейтс Seattle Computer Products-тан (SCP) Тим Патерсен әзірлеген CP/M операциялық жүйесіне ұқсас 86-DOS-ты (QDOS) пайдалануды ұсынды. Microsoft SCP-пен лицензиялау бойынша ресми серіктесі болуға келіседі және кейін осы операциялық жүйенің жеке иеленушісі болады.

Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

Операциялық жүйені PC-ке арнап бейімдеген соң, Microsoft жүйені PC-DOS деп өзгертіп, оның пайдалану лицензиясын авторлық құқығын басқа компьютер өндірушілері көшірмесін жасайды деген сақтық мақсатында Microsoft -те қалады деген шартпен IBM-ге $50 мың долларға сатады. Шын мәнінде, солай болады, және бағдарламалық қамсыздандыру нарығы ойыншыларының ең алпауытына айналады.

1981 жылы Microsoft корпорацияға айналады, оны басқаруды Билл Гейтс және Пол Аллен өзара бөліп алады. Сол жылы IBM MS-DOS 1.0. 16-биттік операциялық жүйесі бар ДК шығарады.

Microsoft компаниясы және оны құрушылар алғашқы күннен бастап мынадай мақсат қойды: «Компьютер әрбір үйде және әрбір үстел үстінде болуы тиіс». Гейтс Microsoft барлық компьютерлік индустрияның басты компаниясы етуге тырысты. Бұл тұжырым Microsoft компаниясының бағдарламалау тілін әзірлеушілерден: Windows, Word, Excel типтес операциялық жүйелерді, сондай-ақ инструменталды бағдарламалардан бастап оны өндірушілерге дейінгі жолды өткеруге тура келді.

Бұл кезеңде компания жылдам дами бастады. Оның Еуропадағы және Ұлыбританиядағы алғашқы өкілдіктері пайда болады.

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.

1982 жылы Гейтс IBM басшылығын MS-DOS басқа компьютер өндірушілерге лицензия бойынша сату қажет екендігіне көз жеткізеді, осылайша меншікті операциялық базадан өз компьютерлерін сата бастаған Apple компаниясына бәсекелес болуға тырысты.

Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

1983 жылы Microsoft графикалық интерфейсі бар компьютерде деректерді қолайлы енгізу үшін Mouse (тышқан) манипуляторын жасайды. Осы жылы корпорация MS-DOS арналған мәтін редакторын ұсынады. Бұдан басқа Билл Гейтс компаниясы Windows графикалық қолданбалы бағдарламалар үшін әмбебап операциялық орта түрінде MS-DOS үшін операциялық жүйені кеңейтуді ұсынады.

1986 жылы Microsoft акционерлік қоғам болып қайта құрылады және оның акциялары ашық саудаға түсе бастайды.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Операциялық орта (Операционная среда; operational environment) - операциялық жүйе арқылы ұйымдастырылған программалық орта; операциялық жүйе мен оның қосымшалары. Олар өзара әрекеттескенде программа (жұмыс істейді) орындалады.

Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.

Биржадағы оның бір күндік бағасы 22 доллардан 28 долларға көтеріледі. Билл Гейтс бір мезеттің ішінде байлыққа кенеледі. Гигабайттар миллиард долларларға айналады. Гарвардта оқып жүрген кезінде ол бір профессорға отыз жасында миллионер болатынын айтқан еді. Шынында, отыз бір жасында миллиардер болады. Келесі жылы Microsoft нарыққа Windows-тың бірінші нұсқасын шығарады, және 1993 жылы Windows-ты сатудан түскен бір айдағы пайда бір миллионнан асты.

Биржа (лат. bursa - әмиян) - сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

1990 жылы наурызда компания акция бойынша дивиденттерді есептеу туралы жариялайды, бұл ретте акционерлер сыйлық ретінде тағы бір акцияға ие болды.

Microsoft Word және Microsoft Excel қосымшаларын шығарып, компания әлемдік нарықта нық орнықты. Келесі жылы Microsoft нарыққа Windows-тың алғашқы нұсқасын ұсынды. Ал 1993 жылы Windows-ты айына жалпы сату көлемі бір миллионға жетті. 1993 жылы Microsoft Windows пайдаланушы тіркелгендер саны 25 миллион адамды құрайды.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Екі жылдан кейін Windows 95 ОЖ іске қосылды. Windows 95 сатудағы дүрбелеңнің болғаны соншалықты, компьютері жоқ адамдар да осы операциялық жүйенің ұзын-сонар кезегінде тұрған. Нәтижесінде екі апта ішінде жеті миллион көшірмесі сатылған. 1996 жылы қаңтарда Windows 95 көшірмесінің 25 млн сатылған.

1996-97 жылдары Microsoft келесі буынды Windows NT (4.0 мен 5.0) ұсынады, осы бағдарламалық қамтамасыз етудің алғашқы нұсқасымен салыстырғанда қайтадан толықтырып өңделген. 1998 жылы Windows 98 пайда болады, ол сырттай Windows 95 айрықша ерекшеленбейді, тек ішкі функциялары жақсартылған. Кейін Windows 2000 шығады. Бұл бағдарлама көптеген пайдаланушылардың пікірі бойынша Microsoft корпоративті ОЖ ең озығы болып табылады.

2001 жылы Microsoft жаңа ОЖ - Windows XP сатылымға түсті, оны пайдаланушылар қатты ұнатты, осы күнге дейін әлемдегі жаппай қолданылатын операциялық жүйе болып табылады. 2006 жылдың соңына қарай Windows XP сатылған көшірмелерінің саны 538 млн құрады.

Осылайша, Windows әлемдегі графикалық интерфейсі бар танымал операциялық жүйеге айналды.

Билл Гейтс 2007 жылы маусымда Гарвардқа оқуға түскеніне 34 жыл өткен соң осы оқу орнын бітіргені туралы диплом алады. Әлемдегі осындай беделді университеттердің бірі Гейтске айрықша қызметі үшін диплом беруді ұйғарған.

Дегенмен, Билл Гейтс құрған корпорация әлемдегі ең ірілердің бірі болғанымен, уақыт өте келе жаңа заман жаңа талаптар қоя бастады.

Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII-XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы.

Ғаламтордың жасалуы, сонымен қатар, жас және кеудемсоқ фирмалардың және Google-дың пайда болуы барлығын өзгертті.

Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.

Microsoft және Билл Гейтстің өзі көп уақыт бойы Ғаламторды қарапайым адамдар арасында кең қолданысқа ие болмайды, тек мамандар ғана қолданатын болады деп бағаламады. Бірақ Ғаламтор барған сайын кең қолданыла бастады және 1995 жылы Билл Гейтс Microsoft-тың барлық саясатын өзгерткен шешім – енді басты назар Ғаламторға және сонымен байланысты технологияларға аударылатын болады деп қабылдады.

Бүгінде Google Ғаламторда көш бастап келеді, бірақ Microsoft жеңісті қолдан бермек емес. Билл Гейтстің пікірі бойынша Google-мен тартыста жеңіп шығуға не себеп болады? Жауабы оңай – бұл тартысты көксеу. Жарысқа деген, әрқашан басқалардан артық және озық болуға деген құштарлық оған маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдауға көмектесті.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Билл Гейтстің белгілі афоризмі: «Бизнес – это увлекательная игра, в которой максимум азарта сочетается с минимумом правил, а счёт ведётся в деньгах».

2008 жылы қаңтар айының басында Consumer Electronics Show ашылуында Microsoft корпорациясының басшылығы (бұл өтінішті CES-2008! басты жаңалығы деп атады) шілде айында Microsoft тастайтынын жариялады. Гейтс 2000 жылы жұбайы екеуі құрған Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорын басқаруға ниетті екендігін білдірді, бұл қордың негізгі мақсаты білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қолдау болып табылады.

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Гейтс 2008 жылдың маусым айының соңынан бастап Microsoft белсенді басқаруды доғарды. Ол өзінің өкілеттігін бас директор Стив Балмерге тапсырды, сондай-ақ Крейг Манди және Рэя Оззидің жауапкершілік аймағын параллель кеңейтті.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Осы «үштік» компания курсын анықтайды. Осыған қарамастан, Билл Гейтс компаниядан мүлдем қол үзіп кеткен жоқ. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып қалды (бірақ орындаушылық өкілеттігінсіз), сондай-ақ корпорация акцияларының үлкен үлескері болып қалуда (Microsoft акцияларының 8,7 %).

Билл Гейтс Microsoft өкілеттігін қосып, «bgC3» үшінші компания құрды, Bill Gates Company Three (Билл Гейтстің үшінші компаниясы). bgC3 тіркеу туралы куәлікте «зерттеушілік (ғылыми) орталық» деп тұрақтанады. bgC3 коммерциялық компания емес, ол венчурлық инвестициялармен айналыспайды. Нормативтік құжаттарға сәйкес bgC ғылыми және технологиялық қызметтерді ұсынумен айналысады, аналитика және зерттеу аймағында жұмыс істейді, сондай-ақ бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлейді.

Microsoft корпорациясы Гейтстің кетуіне қарамастан жаңа өнімдерді әзірлеуді жалғастыруда. Мысалы, 2009 жылы 22 қазанда Windows 7 ОЖ сатылымға түсті, Windows Vista орнын басушылық болып табылады, бірақ бұл ретте функциялық мүмкіндіктерге ие. 2011 жылдың наурыз айындағы деректер бойынша әлемдегі Windows 7 операциялық жүйенің сатылымдағы саны 300 млн данаға жеткен!!! 2012 жылдың қазанында Билл Гейтс берген бейне-сұхбатында жаңа Windows 8 операциялық жүйесін көпшілікке таныстырды. Ол энтузиазммен бұл өнімнің жаңа мүмкіндіктері мен Microsoft-тың Windows 8-ге қандай үміт артатыны жайлы айтып берді. «Бұл – өте маңызды өнім. Ол Windows-ты сезімтал экрандар мен қуаты аз құрылғылар әлеміне: планшеттер мен смартфондар әлеміне енгізеді», – дейді Билл Гейтс.

Планшет (фр. planchette тақтайша) - топографиялық суретке , түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы; Далалық топографиялық суретке түсіру кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер жүргізуге арналған тендес көрсеткішпен қосылатын сызық торлары бар географиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде және басқа жағдайларда қолданылады; Әуедегі және теңіздегі жағдайларды суреттеуге, маневр жасау міндеттерін орындауға, нысананы көрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы жүйесінде орындалған ашық (мөлдір) негізді координаталық тор оның құрама бөлігі болып табылады. Бұл құрылғылар механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.

– Компанияның жаңа өнімі ПК әлеміне кірудің әртүрлі тәсілдерін біріктіреді».

Гарвардты жеке бизнесінің дамуы үшін тастап кеткен Билл Гейтстің мансап жолы америкалық арманның жүзеге асуы болды. Оған миллиондаған адамдар қызығып қарайды Deep Blue Insight Group-тың жүргізген сауалнамасына сенсек, америкалықтардың жартысынан көбі Microsoft басшысының орынында болғылары келеді екен. Таңқаларлық түгі жоқ: Билл Гейтс Forbes журналындағы әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне 1986 жылы енген, және жыл сайын сол тізімде жоғарыға қарай көтеріле берді. Microsoft-тағы мансап жолында ол бас атқарушы директор мен бас бағдарламалық архитекторының қызметін атқарған. Microsoft белгісі Билл Гейтспен өте тығыз байланысты болғандықтан, корпорацияны онсыз елестету мүмкін емес. 1975 ж. негізі қаланған бері Гейтс оның бөлінбес бөлшегіне, сөзсіз басшысы және ең беделді қызметкеріне айналды. Оның көпшілікке ессіз көрінетін жаңа ойларды ойлап тауып және жүзеге асыратын қабілеті басқалардан ерекшеледі. Оның афоризмдерінің бірінде былай делінген: «Егер сіздің ойларыңыздың біріне де ешкім күлмеген болса, онда сіз жұмысқа шығармашылық тұрғыдан сәйкесінше қарамайсыз деген сөз».

Дегенмен, Билл Гейтс дарыны жеке компьютерлерге арналған жаңа өнімдерді әзірлеуде ғана емес, сонымен қатар, басқарушылық және стратег дарынында да байқалады.

Билл Гейтстің қасиеттерінің маңызды бір сипаты басқа адамның таланты мен ақылын танып, мойындай білуінде. Ол «Мен ақымақтарды түсінбеймін», - деп айтады. Гейтс кейде бос орын лауазымына үміткермен өзі сұхбат жүргізеді, егер қажет болса, өзі керек адамға телефон шалып, сөйлеседі. Билл Гейтс өзінің уақытын жоғары бағалайды, сондықтан бизнесте ең бастысы – интеллектуалды капитал екендігін түсінеді.

Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Оның командасы – бұл әлемдегі ең ақылды, күшті бағдарламашылардан тұратын команда.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

Жоғары кәсіпқой мамандар – Microsoft нағыз байлығы. Ол клиенттермен жиі кездеседі және әлемдегі өзінің қызметкерлерімен байланыс жасап тұрады. Менеджмент теориясының тілін көрсете отырып, Билл Гейтс интеллектуалды меншіктің бірінші капиталисті болып табылады.

Барлық жерде әрдайым бірінші болу, басқаларға қарағанда күштірек, озық болу тілегі – бала кезінен бергі қасиеттері. Бұл қасиеттер өз нәтижесін көрсетті – әлемдік нарықтағы компьютерлік индустрияның қожасы! Бұған дербес компьютерлердің барлығына 80 % Microsoft бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленуібұл орасан табыс. Бірақ Билл Гейтс, бұған немқұрайлылық танытады: «Табыс – нашар мұғалім. Ол ақылды адамдарды ешқашан жеңіліске ұшырамаймын деп ойлауға мәжбүрлейді».

Прагматизм және табанды еңбек – осы адамның тағы бір айрықша ерекшелігі. Жұмыс істеу, жұмыс істеу және тағы да жұмыс істеу – Билл Гейтстің бала кезден бергі негізгі ұстанымы. Ол демалысты әлсіздік белгісі деп атайды, сондықтан күн сайын көп сағат бойы жұмыс істейді, себебі егер бір орында тұратын болса сен қол жеткізетін құндылық тез құлдырайды деп санайды. Әлемде компьютерлер артығымен көбейді. Егер жаңа бағдарламаны меңгерген болсаң, ол енді ескірді деген сөз деп бекерге айтпаған.

Билл Гейтс мектептерге жиі барады және өзінің тәжірибесімен және ауқымды проблемаларды көруімен бөліседі. Ол нақты өмірдің шындығы және осы қатал дүниеде қалай өмір сүруге болатындығы туралы, жас ұрпақты қалай тәрбиелеу жөнінде пікір алмасады. Өзінің сөзін қорытындылайтын кезде әрқашан мектепте нені үйретпейтінін, балалардың нені қалайтынын айтады. Өмір туралы, табысқа жету жолдары мен шарттары туралы ойларын 11 ереже түрінде тұжырымдаған.



Билл Гейтстің 11 ережесі.

1. Өмір әділетсіз – үйреніңдер.

2. Қоғам Сіздің ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫҢЫЗДЫ қажет етпейді.

Сізден тек қана ЖЕТІСТІКТЕР күтеді.

3. Сіз мектеп бітірген соң жылына 60 000$ ақша таба алмайсыз.

Сіз жеке жүргізушісі бар вице-президент бола алмайсыз, әзірше соған лайықты тер төгіп, жұмыс істегенше.

4. Егер сіз оқытушы сізге қатал қарайды деп ойласаңыз, бұл – әлі бастамасы. Шыдай тұрыңыз, сіздің әлі бастығыңыз болады.

5. Гамбургерді қуыру – сізге лайық емес ? Сіздің аталарыңыз бен

әжелеріңіз басқаша ойлады. Олар үшін гамбургерді қуыру күн көруге тырмысу болып саналған.

6. Егер сіздің қолыңыздан ештеңе келмесе, оған сіздің ата-анаңыздың

кінәсі жоқ, сондықтан қыңқылдаудың қажеті жоқ. Өз қателіктеріңізден САБАҚ АЛЫҢЫЗ, ҮЙРЕНІҢІЗ. Сәтсіздіктерге деген көзқарастарыңды өзгертіңдер.

7. Ата-аналарыңыз қазір сіздер ойлағандай өмірде жабырқаңқы

болған жоқ. Сіздерге қамқорлық танытып, бәйек болуы олардың осындай болуына әсер еткен шығар. Олар сіздерді тамақтандырды, киіндірді, сіздердің тамаша балалар екендіктеріңізді айтып отырады. Сондықтан ата-ана тарапына кінә артқаннан гөрі өздеріңізден бастаңыздар.

8. Сіздің мектебіңізде жолы болмаған адамды бейшара деп ашық

айту дұрыс емес шығар, мүмкін сіздің мектебіңізде жолы болмағандар мүлдем жоқ шығар, бірақ өмірде ондайлар көп. Кейбір мектептерде келесі жылға қалу мүмкін емес, себебі сізге емтихандарды ҚАНШАМА РЕТ ТАПСЫРУ керек, бұл келесі сыныпқа өту үшін қажет. Өмірде МҮЛДЕМ БАСҚАША.

8. Өмір семестрге бөлінбейді. Сізде жазғы демалыс жоқ. Сізді жұмысқа алушы сізге ӨЗІҢДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА көмектеспейді. Сізге бос уақытыңызда осының барлығын жасауға тура келеді.

9. Теледидарда НАҒЫЗ ШЫНАЙЫ өмірді көрсетпейді.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Шынайы өмірде кафеде күні бойы достармен отырып әңгіме соғу деген болмайды.

10. «Ботаниктермен» сыпайы болыңыз. Олардың біреуі кейін мектеп бітірген соң босс, яғни сіздің бастығыңыз болуы мүмкін.

Билл Гейтс – жан-жақты адам. Ол визуальды ақпаратты – фотосуреттердің сандық архивін және әртүрлі елдерде және әр түрлі топтамаларда сақталатын өнер туындысын даярлайтын әлемдегі ең үлкен Corbis Corporation компаниясының негізін салушы. Сонымен қатар, Билл Гейтс Icos Corporation басқармасының мүшесі, Darwin Molecular акцияларының иеленушісі болып табылады, қамтамасыз етуге арналған Жер спутниктерін жіберу жобасымен айналысатын Teledesic компаниясына ақша салған. Оның жан-жақты қызметі әуестігі үшін кедергі емес: Microsoft-тың негізін салушы бридж және гольф ойнағанды жақсы көреді, көп оқиды, автокөліктер топтамасын жинайды және ойын жүйелеу үшін батутта секіреді. Және ол машиналарды, моторлы қайықтарды, покер ойнағанды жақсы көреді.

Билл Гейтс әлемге саяхат жасағанда әлем көшбасшыларымен жиі кездеседі, олармен әлем тағдыр жайлы әңгімелеседі. 2005 жылдың 2 наурызында Ұлыбританияның сыртқы істер кабинеті Билл Гейтске Ұлыбританияға сіңірген еңбегі мен әлемдегі кедейшілік дейгейін төмендеткені үшін Британия Империясының аса Жоғары Орденінің титулын беретінін жариялады.

Британ империясы (ағылш. Brіtіch Empіre) - Ұлыбритания мен оның отар иеліктерінің жалпы атауы. Термин ретінде 19 ғ-дың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады. Англия ең алдымен Ирландияны басып алды. 16 - 17 ғасырларда теңізде үстемдік жүргізу үшін алдымен Испанияның, кейіннен Голландияның соғыс флотын талқандап, Португалия мен оның отарларын өзіне тәуелді етті.

Бұл «сэр» құқығын беретін Біріккен Корольдіктің азаматы ғана ала алатын рыцарь атағының бір түрі.

Билл Гейтс оқығанды жақсы көреді. Оның үйінде үлкен кітапхана бар.

Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

1994 жылы Билл Гейтс Codex Leicester –Леонардо да Винчи жұмыстарының жиынтығын сатып алды. 2003 жылы ол Сиэтл Өнерінің Мұражайында көрсетті.

Гейтстің кітап жазатынын көп адам білі бермейді. 1995 ж. Билл Гейтс «Болашаққа жол» деген кітабын жазды, онда ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты қоғамның қандай бағытта дамуы туралы өз көзқарастарын білдіреді. Кітап Microsoft вице-президенті Натан Мирволд және журналист Питер Райнарсонмен бірлесіп жазылды. «Болашаққа жол» кітабы жеті апта бойы New York Times газетінің бестселлер тізімінде бірінші орынға шықты. Кітап АҚШ-та жарияланған, New York Times бестселлер тізімінде жалпы ұзақтығы 18 апта бойы алдыңғы орында тұрды. «Болашаққа жол» 20 елде шығарылған. Тек Қытайда ғана 400 000 дана сатылған.

1996 жылы Microsoft корпорациясы Интернет-технологияға қайта бағдарланған кезде Гейтс кітапқа тамаша түзетулер енгізді. Кітаптың екінші редакциясында интерактивті желілердің пайда болуы — адамзат қоғамының даму тарихында жаңа маңызды белес. Жұмсақ тыспен шығарылған кітаптың екінші редакциясы да бестселлерге айналды.

1999 жылы Билл Гейтс «Ойдың жылдамдығымен бизнес» атты кітап жазды, онда ақпараттық технологиялар бизнес-міндеттерді қандай жаңа кілттермен шеше алатындығын көрсетеді.

Редакция (фр. redaction, лат. redactus - орыс. приведенный порядок) - қалыпқа келтірілген.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Бұл кітап Коллинз Хемингуэймен бірлесіп жазылған, әлемнің 25 тілінде жарық көрді, әлемнің 60-тан астам елінде сатылуда. «Ойдың жылдамдығымен бизнес» кітабы сыншылардың жоғары бағасына ие болды, New York Times, USA Today, Wall Street Journal газеттерінің және Amazon.com. веб-серверінің бестселлерлер тізіміне енгізілді. Құнттаушылық логистикасын қалыптастыру идеясын әлемге ұсынған алғашқы кітап.

Билл Гейтс қамқор отағасы ретінде де белгілі 1994 жылы ол Мелинда Френчке үйленеді. Билл Гейтс Мелинданы алғаш рет 1987 жылы «Майкрософттың» Нью-Йоркте өткен пресс-брифингінде кездестіреді. Кейін анықталғандай, ол оның компаниясында көптен бері жұмыс істейтін болып шығады. Мелинда жұмысын тастап, «қожайынына» тұрмысқа шығады. 1996 жылы олардың Дженифер атты қыздары, 1999 жылы – Рори есімді ұлдары, ал 2002 жылы қызы Фиби дүниеге келеді. Гейтстің өсиетіне сәйкес оның үш баласының әрқайсысына тек 10 млн$ ғана қалдырады, қалған байлығы қайырымдылық қорына өсиет етілген.

Билл Гейтс отбасын құрғаннан соң қайырымдылық шараларына көп көңіл бөле бастады. 2000 жылы Гейтс әйелімен бірге денсаулық сақтау және білімді қолдаумен айналысатын Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорын құрды (B&MGF). Олар бір миллиард долларды жағдайы жоқ дарынды студенттерге берілетін стипендия ретінде салды, 750 000 $ вакцинацияны дамытуға салды. Осы қордың ақшасына СПИД-ке қарсы вакциналар әзірленуде, дамушы елдерге және халқының тең жартысы кедейшілікте өмір сүретін елдерге медициналық көмек көрсету бағдарламасы құрылуда, көптеген ресурстар білім беру және ғылыми бастамаларға жұмсалуда. Осылайша, 54 миллион $ қаржы Тынық мұхитының солтүстік-батыс жағалауындағы елдердегі әлеуметтік жобаларды қаржыландырды және 29 миллион $ астамы жыл сайынғы қайырымдылық кампаниялары аясында басқа арнайы жобаларға бөлінді.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Жағалау - құрлық пен теңіз (көл, өзен жөне т.б) арасындағы жер бедерінің қазіргі және ежелгі замандардағы нысандар таралған шекаралық жолақ.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Дамушы елдер - империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы.

Тынық мұхит - көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.

Гейтстің көрсеткен көмегі үшін энтомолог ғалымдар 1997 жылы оның құрметіне Eristalis gatesi жәндігін - Коста-Рики таулы ормандарында мекендейтін гүлді көбелектердің ашық әр түрлігін атады.

Құрмет - жеке адамға өзге адамдар тарапынан көрсетілетін қошемет. Адамға құрмет көрсету оның жеке басы қасиеттеріне, ішкі құндылықтарына, кейде жас мөлшеріне, отбасы жағдайына, лауазымына орай орын алады.

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б.

Билл мен Мелинда Гейтстің қоры 300 миллион $ астам денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын ұйымдарға, 300 миллион $ астам – білім беру процесін жетілдіру, соның ішінде, АҚШ және Канаданың төмен жалақы алатын тұрғындарына арнап кітапханаларда жеке компьютермен жұмыс жасау және Интернетті қолдануға мүмкіндік беретін кітапхана ісі саласындағы бастамаларды дамытуға бөлді.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Билл Гейтстің өмірбаянын – бағдарламалаумен айналысатын бүкіл әлем жастарына дем беретін данышпандық пен адам ақылының нышаны деп әбден айтуға болады.


Әдебиеттер тізімі
1. wikipedia.

Уикипедия (ағылш. Wikipedia, IPA: /ˌwiːkiːˈpiːdi.ə/, не /ˌwɪkiːˈpiːdi.ə/, немесе /ˌwɪkɪˈpiːdi.ə/) - Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия.

org/wiki/Гейтс, Билл.

2. http://constructorus.ru.

3. http://www.microsoft.com/billgates.

4. biografguru.ru/about/gate





  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік
  • БИЛЛ ГЕЙТС – Мicrosoft компаниясының құрушысы Қарағанды 2014 АЛҒЫ СӨЗ Австриялық психолог, психиатр және жеке психология
  • Альфред Адлер
  • Билл Гейтс Билл Гейтс немесе Уильям Генри Гейтс III (толық аты) –Майкрософт корпорациясының
  • Вашингтон штаты
  • – өмірлік маңызды іс.
  • Microsoft корпорациясының
  • Билл Гейтс тің 11 ережесі.
  • Тынық мұхитының

  • жүктеу 220.65 Kb.