Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы

жүктеу 0.9 Mb.



жүктеу 0.9 Mb.
бет4/4
Дата14.03.2017
өлшемі0.9 Mb.

Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


1   2   3   4

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Радиациялық қауіптілікті бақылау.

2.Радиациялық зақымдалу кезіндегі алғашқы көмек көрсету.

3. Өндірістік микроклимат.

4. Өндірістік шаң.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Радиациялық қауіптілікті бақылау

Адамға белгілі болғандай ядролық энергия потенциалды түрде өте қауіпті, ал АЭС-ына ерекше көңіл бөлу керек, себебі аппаттық жағдайда қауіпсіздікті сақтау қажет.

Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)

Радиациялық зақымдалу кезіндегі алғашқы көмек көрсету.


  1. Мөлшерден тыс радиациялық зақымдану апат кезіндегі және бақылаудан тыс жөндеу жұмыстарын өткізу кезіндегі қызметкер ережені бұзған жағдайда туындайды.

  2. Мына көрсетілген жағдайда жұмыскерлердің гамма сәулеленуі, немесе әртүрлі радиациялық факторлардың сәулеленуі, контакталық бетта – сәулелену асқазан ішек шырышты қабықтар арқылы организмге радионуклидтердің түсуі.

  3. Барлық қызметкерлер жалғыз жағдайда көмек көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету (дәрігерлерге дейінгі) әдістерін білуі керек.

  4. Ішкі жарақат немесе сыртқы сәулеленудің ерте кезеңінде мына шаралар орындалады:

  • Тез арада дәрігерлерге дейінгі алғашқы көмек көрсете отырып, апат болған жерден алып шығу керек.

  • Санитарлық өңдеу, тері жабындысын тазарту.

  • Организмге радиоактивті заттардың сіңуін тоқтату және олардың организмнен шығуын жылдамдату.

  1. Тері жабдықтың ластану кезде ластанған беттің дедактивациясы қысқа уақыт ішінде иіс сабыннан ағынды сумен жуылады. Қажет болса арнайы жуғыш заттар |Защита| 116 пастасы, |Деконтамент| ерітіндісі, немесе тұрмыстық жуғыш заттар: «Эра, Астра, Лотос» қолданылуы.
    Ерітінділер- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер.
    Радиоактивті заттардан аластату дененің ластанған бөлігінен басталады.

Ластанған бөлек аймақтар өңделген соң, зақымдалған адам сабын қолданып, душ қабылдау арқылы санитарлық өңдеуден өтуі керек.

Дененің үлкен аймағының радиоактивті заттармен зақымдалғанда зақымдалушы, душ астында өңделуі керек.

Шашты радиоактивті заттардан аластату үшін шампунь, иіс сабын қолданылады. Ауыз қуысы радиоактивті заттармен зақымдалғанда, ауыз қуысы қажет болса ас содасы қолданылған жылы сумен 10-15 рет шаю керек.

Ауыз қуысы (лат. cavum oris) - ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды.

Радиоактивті заттармен көздің шырышты қабаты зақымдалғанда көзді дистилденген жылы сумен немесе 20%ас содасы ертіндісімен жуу қажет.

Радиоактивті зат мұрынның шырышты қабығына тиген жағдайда мұрын жолдарына жылы сумен немесе 2% ас содасы ертіндісімен жіберу керек.


  1. Радиоактивті заттармен ластанған немесе жарақаттанғанда, дәрігерге дейінгі көмек қысқа уақытта жүргізілуі керек және жарақатты ағынды сумен 3-5 минут бойы жуып, тампонмен өңдеп салу керек.

Егер жарақат сілті немесе қышқылға күюмен қатар жүрсе, онда оларды жедел түрде нейтрализациялау керек (сумен) жуу 3%бор қышқылы ертіндісі, 10% натрий гексаметафосфаты ертіндісі, 2-3% сода ертіндісімен.

  1. Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылану қызметкерлердің жаттығу уақытында өткізіледі.

  2. Жаттығу уақытында дәрігерлердің қатысумен қан тоқтатудың қарапайым әдістерін, бас және дененің әртүрлі аймақтарына таңғыш салуды, соның жағдайында қозғалтпауды қамтамасыз етуді (иммобилизация), тасымалдау әдістеріне.

Иондаушы сәулелердің әсер ету деңгейіндегі нормалық принциптер «радиациялық қауіпсіздік нормасы РҚН-99 негізгі құжат болып табылады, бұрын Ресейде, қазір Қазақстанда».
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Иондаушы сәулелерде қорғануды қамтитын шаралар жиынтығы радиациялық қауіпсіздік.

Химиялық қорғаныс сияқты биологиялық қорғаныста дәрі – дәрмек арқылы пайдаланады. Ондай дәрілер белгілі әсер көрсетпеген радиацияға қарсылық көрсетеді, оларды – адоптогендер дейміз. Радиацияның өтімділік әсерін физикалық қорғаныс қорғай алады, бірақ адам организміне әсер етуі төмендейді.

Жылдық жіберілу шегі де (ЖШШ), орташа жылдық активті көлемі (ОЖАК) және өздік белсенділігі осының бәрі негізгі дозалық шекке байланысты, яғни мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалауда болады. Тұрған халықтың жылдық сәулелену дозасы негізгі доза шегінен аспау керек. Егер сәулелену деңгейін қорғаныстық шаралар сақтап қалса, онда ол А-шегінен аспайды, сондықтан қорғану шараларының қажеттілігі жоқ .

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


Апатты кезеңңнің басында қолданылатын шешім қабылдау критерийлері.


Қорғаныс шарала-ры

Алғашқы 10 сөткедегі зода болжамы, мГр

Барлық денеге

Қалқанша без, өкпе, тері

А деңгейі

Б деңгейі

Адеңгейі

Б деңгейі

Паналау

5

50

50

500

Иодтық іс-шара:

Еркектер

Балалар


-

-


-

-


250*

100*


2500

1000


Эвакуация (көшу)

50

500

500

5000

*-тек қалқанша безге



Өндірістік микроклимат

Өндірістік микроклимат өндірістің технологиясына және мерзімдік метеорогиялық жағдайға байланысты.

Адам ағзасына әсер ететін микроклиматтық жағдайлар өте көп, оларды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:



  1. Өндіріс технологиясы ыстық бөліп шығарумен байланысты емес өндірістік бөлмелердің микроклиматы. Мұндай бөлмелердің микроклиматы жергілікті жердің климатына, жылыландыруына және ауа алмасуына байланысты болады.
    Климат (гр. κλίμα (klimatos) - еңкейіс) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
    Бұл жерлерде жаздың қатты ыстық кездерінде аздаған қызып кету және қысқы кездері жылыландыру жеткіліксіз болған жағдайда салқындау болуы мүмкін.

  2. Жылудың көп мөлшерін бөліп шығаратын өндірістік бөлмелердің микроклиматы (1 сағатта әр 1м куб ауданға 20 ккал- дан көп жылу бөлу). Мұндай өндірістік бөлмелерді «ыстық цехтар» деп атайды. Қазіргі кездегі өндірістерде мұндай цехтар көптеп кездеседі: домна және мартенді цехтар, наубайханалар, қант зауытының көптеген цехтары, қазандықтар, темір балқытатын цехтар және т.б.

  3. Ауасы жасанды түрде салқындатылатын өндірістік бөлмелердің микроклиматы. Оларға әр түрлі мұздатқыш камералар мен қоймалар жатады.

  4. Ашық атмосфера микроклиматы, ауа райы және климаттық жағдайға байланысты. Мысалы, ауылшаруашылық, құрылыс, ағаш кесетіндердің және жол жөндеушілердің жұмыстары.

Дене еңбегі кезінде ауаның жоғары температурасы мен жылулық сәуленің әсері бір кезде болса, ең алдымен жүрек қан тамыр жүйесінің қызметінің өзгеруі байқалады. Перифериялық қантамырлары кеңейіп, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы (пульс) жиілеп, бір минутта 150 және одан да көп рет соғады. Тердің көп бөлініп шығуына байланысты, ағза әр жұмыс ауысымына 6-8 литрге дейін су жоғалтады және суда еритін витаминдерді жоғалтады, осыған байланысты ағзада су – тұз балансы бұзылады.
Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.
Өзгерістер жүйке жүйесінде де туындауы мүмкін, әсіресе шартты рефлекторды іс – әрекеттерде: көңіл аудару қабілеті нашарлайды, жылжу үйлесілімділігі бұзылады. Адамның қызып кетуін туындататын жағдайлар адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады, соның салдарынан жұмыс кезінде болатын сәтсіз оқиғалар саны көбейеді.

Дене қатты қызып кеткен кездерде жылу беру және жылу бөлу балансының бұзылуы байқалып, адамның денесінің температурасы 38 градус және одан да жоғары көтеріледі, мұны гипертермия (дененің қатты қызуы) дейді.

Адамды жұмыс кезінде жақсы микроклиматпен қамтамасыз ету үшін әр түрлі цехтарға өндірістік гигиеналық нормалар белгіленген.

Ыстық бөліп шығармайтын өндіріс орындарында қысқы уақытта цехтың температурасы жеңіл еңбек түрінде 20-230С, орташа ауыр еңбек түрінде 17-200С, ал ауыр еңбек түрінде 16-180С болу керек. Ауа ылғалдылығы 40-60% болу керек, ал ауа жылдамдығы жеңіл жұмыс кезінде – 0,2м/сек, басқа еңбек түрлерінде – 0,5м/сек-қа дейін болу керек.

Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.
Жазғы уақыттарда бұл цехтардың температурасы даладағы температурадан 30С-ке көп болмауы керек. Жазғы уақытта бұл цехтарда ең жоғарғы температура 280С – ден көп болмауы керек.



Өндірістік шу және діріл

Өндірістік процестің көбі шумен байланысты. Шу дауыстың жиілігіне байланысты есту қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Дауыс жиілігі жоғарылаған сайын, оның теріс әсері жоғарылай түседі.

Өндірістік шумен күрес қазіргі кезде өзекті және күрделі мәселе болып саналады. Еңбек гигиенасының алдына қойған мақсаты шудың қарқындылығын ең төменгі мөлшерге жеткізу. Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сай оймен атқарылатын жұмыс бөлмесінде шудың мөлшері 50дБ, басқару бөлмелерінде – 60дБ, шу шығаратын қондырғылар орналасқан бөлмеде 80-85 дБ – дан көп болмауы керек. Одан басқа шудың әсер ету ұзақтығына және түріне байланысты өзгертулер қарастырылған.

Жеке қорғаныс құралы ретінде шуға қарсы құралдар (противошумдар, антифондар) қолданылады. Олар ішкі және сыртқы шуға қарсы құралдар болып бөлінеді. Ішкі шуға қарсы құралдар – мақтадан жасалған шариктер, кейде оларға балауыз сіңдіріп қолдануға да болады, одан басқа арнайы резеңкеден жасалған қаптама қолданылады, оны сыртқы есту жолына қояды. Мұндай шуға қарсы құралдар адамдарда жағымсыз сезім тудырады, есту жолдарының беткі қабаттарын тітіркендіреді. Олар шудың мөлшерін 8-10дБ –ға азайтады.

Сыртқы шуға қарсы құралдар гигиеналық жағынан тиімді болып саналады, оларға арнайы шуды азайту материалдарынан дайындалған құлақшалар (наушниктер) жатады. Бұлар шудың мөлшерін 20-25дБ – ға азайтады. Жұмыс кезінде шуға қарсы құралдар 2-3 сағат қолданғанның өзі шудың зиянды әсерінен қорғанудың тиімді шарасы болып саналады.

Қарқындылығы 115дБ және одан да көп шудан қорғану үшін шудан қорғайтын шлемдер кию керек.
Электрлік және магниттік өрістер

Электромагнит өрістер әсері қазіргі кезде өндірістерде, медицинада және ғылымның әр саласында кеңінен қолданылып жүр.



Өте жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістер радиобайланыста, радиолокацияда, теледидарда, физиоемдерде және әр түрлі ғылыми мақсатта қолданылады.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.


Ультра жоғары жиіліктегі сәулелену радиобайланыста, физиоемде жиі қолданылады. Жоғары жиіліктегі сәулелену темірді термиялық өңдеуден өткізген кезде, диэлектриктерді жоғары жиіліктегі электр өрісімен қыздыру кезінде (ағаш кептіру, пластмасты қыздыру және оларды дәнекерлеу кезінде) қолданылады.
Дәнекерлеу - қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру.

Жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістің ұзақ әсерінен адам ағзасында орталық жүйке жүйесінде және жүрек – қан тамыр жүйесінде функциналды өзгерістер байқалады: жүректің соғуы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, зат алмасу процестері бұзылады. Клиникалық және эксперименталды бақылаулардың нәтижесінде сәулелену қарқындылығының шектеулі рұқсат етілген деңгейі белгіленген. Электромагниттік өрістің жоғары жиіліктегі мөлшері – 20В/м, ал ультражоғары жиіліктегі сәулелену мөлшері – 5В/м.



Өндірістік шаң

Кәсіптік аурулардың туындауына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – шаң болып саналады. Шаң көптеген өндірістік процесс кезінде пайда болады: майдалау, тегістеу, егеу, елеу, бөлу, электродәнекерлеу, әр түрлі жару жұмыстары және шаң шығаратын материалдарды тасымалдау кезінде. Шахталарда, кен өндіретін жерлерде және бірқатар ауылшаруашылығы жұмыстары кезінде сол жердің аумағында қатты шаңдану байқалады.

Шахта (нем. Schacht, Schaft - дің, оқпан) - жер астынан пайдалы кен қазу жұмыстарын жүзеге асыратын тау-кен кәсіпорны. Ол жер астындағы кен қазбасынан және жер үстіндегі құрылыстардан (копер, Шахта үсті үйі, қойма, әкімшілік-тұрмыс ғимараты, т.б.)
Шаңның көп концентрациясы жұмысы нашар ұйымдастырылған өндірістерде және алдын алу шаралары орындалмаған жағдайларда болады. Шаңның адам ағзасына әсері оның химиялық құрамына, ауаның шаңдану дәрежесіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және пішініне байланысты. Шаңдану дәрежесі дегеніміз 1м3 ауадағы шаңның мг-мен анықталған мөлшері. Ауасы таза жердегі шаңның мөлшері 0,1мг/м3 – тан аз болу керек.

Ауаның шаңдануы жоғары болған сайын, оның адам ағзасына әсері де өседі. Шаңның көлемі оның ауада қалқып жүру ұзақтығына және тыныс алу жолдарына ену тереңдігіне әсер етеді.

Диаметрі 10 мкм ірі шаңдар ауада тез тұнады. Олар жоғары тыныс алу жолдарына шөгіп, сол жердің шырышты қабығына әсер етеді. Олар шырышпен суланып, адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға шығарылады. Құрамында шаңы бар шырыштың кейбір бөліктері жұтынған кезде ағзаға түсуі мүмкін. Егер шаң құрамында улы заттар болса, асқорыту жүйесінің шырышты қабығы арқылы сіңіп, ол ағзаға токсикалық әсер етеді.

Шырышты қабық - ас қорыту, тыныс алу және песеп шығару жүйелеріндегі қуыс мүшелердің кенерелеріндегі ішкі қабат дәнекер болып тұратын және бір- тегіс бұлшық ет тканьдерінен тұрады, шырышты қабықта орналасқан шырышты безден шыққан шырышпен беті қапталған кілегеймен тоселген.

Ірі шаңдар өкпенің альвеолаларына жетпейді, өйткені олар жоғары тыныс алу жолдарында ұсталып қалады. Көлемі 10 мкм – ден аз шаңдар ауада ұзақ уақыт қалқып жүреді, олар тыныс алу жолдары арқылы өкпенің терең жерлеріне барып шөгеді де, пневмокониоз ауруын туындатуы мүмкін. Оның негізінде өкпе фиброзы және сонымен байланысты өзгерістер жатады.

Гигиеналық нормативтер бойынша өндірістік цехтардың ауасының құрамындағы токсикалық емес шаңдардың мөлшері 10мг/м3 – тан көп болмауы керек. Егер шаңның құрамында бос кремний қышқылының мөлшері 10%-ға дейін болса, оның шектеулі рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) 4мг/м3, егер 70%-ға дейін болса – 2мг/м3, ал 70%-дан көп болса 1мг/м3 – тен аспауы керек.



Өндірістік улар және уланулар

Мамандыққа байланысты өте қауіпті зияндылықтардың бірі болып өндірістік улар саналады. Улар адам ағзасына өте аз мөлшерде түсіп, оның қалыпты жұмысын бұзады да, әр түрлі аурулар туындатады.

Улы газдың көп мөлшері жиналатын жабық бөлмелерді: цистерна, ашытатын ыдыстар, канализация құдығында жұмыс жүргізер алдын ол жердің ауасының тазалығын арнайы –экспресс әдіс мысалы, индикаторлық қағаздар қолданып, тексеріп алу керек, содан кейін ғана жұмысты бастауға болады.

Индикатор (ағылш. Indicator) - құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; программалауда - мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.
Канализация - қабылдап алып, тазартқыш ғимараттарға жеткізетін инженерлік құрылыстар, жабдықтар мен санитариялық шаралар кешені. Ағынды суларды елді мекендер аумағынан әкететін жер асты құбырлар жүйесі канализациялық желі деп аталады.

Ондай жерде жұмысты кемінде екі адам жүргізу керек. Бір жұмысшы сыртта қалады да, қажет болған жағдайда арқан арқылы уланған адамды шығарып алып,көмек көрсетеді.

Біздің еліміздің еңбек туралы заңында улы заттармен жұмыс істейтіндердің жұмыс уақыты 4-6 сағатқа дейін қысқартылып, қосымша демалыс қарастырылған. Бұл шара улы заттардың ағзаға әсерін азайтады және қалпына келу процесінің жақсы жүруіне әсер етеді.

Өндірістің медицина қызметкерлері өндірістік цехтардың ауасының тазалығын зауыт және санитарлық зертхананың қатысуымен үнемі қадағалап тұру керек. Қорытындыларды санитарлық нормативтер бойынша ауадағы улы заттардың ШРЕК –гымен (шектеулі рұқсат етілген концентрация) бағалайды. Өндірістік бөлменің ауасының құрамында ең көп дегенде аммиак – 2мг/м.куб, бензин - 30 мг/м.куб, хлор - мг/м.куб, болу керек.



Ауырлық көтеру мөлшері заң талаптарына сай болу керек: 16-18 жастағы ер балалар – 16,4 кг,сондай жастағы қыз балалар – 10,2 кг, ересек әйелдер – 20 кг-нан көп емес жүкті бір ауысымда көтеруге болады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

Тест:

1.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. белгілі күштегі электрлі ток

  2. қолайсыз метеорологиялық жағдай

  3. ауаның шаңдануы және газдалуы

  4. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  5. электромагнитті кеңістік

2.Аса қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. қыздырылған зат

  2. ауаның шаңдануы және газдалуы

  3. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  4. қолайсыз метеорологиялық жағдай

  5. электромагнитті кеңістік

3.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

  2. электромагнитті кеңістік

  3. ауаның шаңдануы және газдалуы

  4. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  5. қолайсыз метеорологиялық жағдай

4.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. биіктіктен әртүрлі заттардың құлау қауіпі

  2. электромагнитті кеңістік

  3. ауаның шаңдануы және газдалуы

  4. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  5. қолайсыз метеорологиялық жағдай

5.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. атмосфера қысымының жоғары болуы

  2. электромагнитті кеңістік

  3. вибрацияның әсері

  4. шу әсері

  5. ауаның шаңдануы

6.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. электромагнитті кеңістік

  2. белгілі күштегі электрлі ток

  3. қыздырылған зат

  4. атмосфера қысымының жоғары болуы

  5. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

7.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. қолайсыз метеорологиялық жағдай

  2. атмосфера қысымының жоғары болуы

  3. белгілі күштегі электрлі ток

  4. қыздырылған зат

  5. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

8.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. ауаның шаңдануы және газдалуы

  2. атмосфера қысымының жоғары болуы

  3. белгілі күштегі электрлі ток

  4. қыздырылған зат

  5. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

9.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  2. атмосфера қысымының жоғары немесе төмен болуы

  3. белгілі күштегі электрлі ток және ұшқын

  4. ауаның шаңдануы және ластануы

  5. қыздырылған зат

10.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. электрлі ток

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. микроағзалардың әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. еңбектің бір қалыптылығы

11.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. қозғалыстағы көліктердің кинетикалық қуаты

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы

  4. микроағзалардың әсер етуі

  5. эмоцианалды шаршау

12.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. газдың жоғарғы қысымы

  2. еңбектің бір қалыптылығы

  3. микроағзалардың әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. адам ағзасына зиянды заттар

13.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. шу, вибрация және ультрадыбыс деңгейінің шамадан тыс жоғары болуы

  2. эмоцианалды шаршау

  3. еңбектің бір қалыптылығы

  4. ауаның шаңдануы және ластануы

  5. қыздырылған зат

14.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. жарықтың жеткіліксіз болуы

  2. еңбектің бір қалыптылығы

  3. желдеткіштің әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. адам ағзасына зиянды заттар

15.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. электромагнитті кеңістік

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы

  4. қозғалтқыштардың дауысы

  5. ауа райы

16.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. ионды сәуле

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. желдеткіштердің әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. қозғалтқыштардың дауысы

17.Химиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. адам ағзасына зиянды заттар

  2. еңбектің бір қалыптылығы

  3. ионды сәуле

  4. электромагниттік кеңістік

  5. жарықтың жеткіліксіздігі

18.Биологиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының

бірі - ... .

  1. микроағзалардың әсер етуі

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы және шаршау

  4. ионды сәуле

  5. эмоцианалды шаршау

19.Психофизиологиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. эмоцианалды шаршау

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. электромагнитті кеңістік

  4. ионды сәуле

  5. шаң-тозаң

20.Психофизиологиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. еңбектің бір қалыптылығы

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. ионды сәуле

  4. жарықтың жеткіліксіз болуы

  5. ауаның салқындауы

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің (АҚМҚ) және ТЖ эпидемияға қарсы құрылымдары. Н2, 156-160 2 мин(5%)


1   2   3   4


жүктеу 0.9 Mb.