Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы

жүктеу 0.9 Mb.



жүктеу 0.9 Mb.
бет3/4
Дата14.03.2017
өлшемі0.9 Mb.

Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


1   2   3   4

Жұмыстың 10 сағат ішіндегі болжамды мүмкіндік:

Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы:



  • хирургиялық профилді бригада орта есеппен 8-10 зардап шегушіге мамандандырылған көмек көрсетеді.




11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

  1. кесте


А) САНИТАРЛЫҚ ЖАСАҚ (СЖ)

Б) САНИТАРЛЫҚ КҮЗЕТ (СК)

Атауы

Саны

а)

б)










ЖҰМЫСТЫҢ 10 САҒАТЫ ІШІНДЕГІ БОЛЖАМДЫ МҮМКІНДІК:

ЖАСАҚ КОМАНДИРІ

Командир орынбасары



4

КЕЗЕК БАСТЫҒЫ

3


  1. кесте

Зертханалар

Санитарлық жасақ


Атауы

Саны







ЖҰМЫСТЫҢ 10 САҒАТЫ ІШІНДЕГІ БОЛЖАМДЫ МҮМКІНДІК:

Байланыс звеносы

Зертханалық

Бөлімдер
КОМАНДИР ОТРЯДА



ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ОТРЯД (ЭҚЖО)

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді қалыптастырудың міндеттері мен мақсаттары.

Қ- 3,9-11 бет , АҚ және ТЖ медицина кызыметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы 32-39 беттер 2 мин(5%)



Сабақтың тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

3 Сабақ: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс- шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді қалыптастырудың міндеттері мен мақсаттары



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: қалыптасудың міндеттері мен мақсатын, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу,бақылау тапсырмаларын орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар:презентация, кестелер, суреттер,

кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Медициналық радиобиология негізі.Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов.-Алматы: «Эверо», 2011ж.-276б.

12. Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена: Оқулық.-Шымкент, 2009.-428бет

13. АҚ жәнеТж медицинақызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, Атматы қ., 2012ж, 102бет.



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Әскерлердің және олардың әрекет ауданындағысанитарлы-

эпидемиологиялық жағдайының сипаттамасы.

2.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайың сәттілігі.

3. Сәтсіз санитарлық-гигиеналық жағдай.

4. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сәтсіздігі.

5. Санитарлық-эпидемиялық төтенше жағдайы.

6. ЭҚЖО бастығының функционалдық міндеттері.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Бұл шаралардың барлығында негізгі мақсат және міндеті эпидемиялық ошақтарды ерте анықтау, тез арада оқшаулау және жою.



«Әскерлердің және олардың әрекет ауданындағысанитарлы-эпидемиологиялық жағдайының сипаттамасы»

Эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастырылуы мен көлемі нақты шарттармен анықталады, сонымен қатар олардың әрекет ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайына байланысты, ол үзіліссіз санитарлық-эпидемиологиялық барлау және бақылау жолдары арқылы орнатылады. Сондықтан да әрбір медицина қызметінің бастығы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жайында білуі тиіс, ол сәтті және шұғыл болуы мүмкін.



Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті болып саналады:

-бөлімде жедел жұқпалы аурулардың болмауы немесе халықтың қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдай туындағанда, инфекциялық аурулар аз болғанда (қауіпті инфекциялар саналмағанда, сонымен қатар жергілікті жерге сай емес ауру кезінде), егер қарсылас бактериологиялық қару қолданбағанда және ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті болғанда;

- орналасу ауданы тұрғындар арасында жедел жұқпалы аурулардың болмауы немесе бірнеше жағдайда кездесуі және әскерге қауіпті эпизоотикалық жағдайдың болмауы, сонымен қатар қарсыластың осы ауданда бактериологиялық қару қолданбағаны жайлы мәлімет болғанда.

Тұрғындардың немесе олар орналасқан ауданның сәтті жағдайы жоспарлы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырмау деген сөз емес, соның ішіндесанитарлық-эпидемиологиялық барлау, жеке құрамның ішінде инфекциялық ауруға күмәнді адамдарды және бактерия тасымалдаушыларды белсенді түрде анықтау және т.б.



Сәтсіз санитарлық-гигиеналық жағдайларға жатады:

- бөлім келесі шарттың біреуінде: бөлек, бұрын тіркелген инфекциялық аурулардың туындауы немесе спорадикалық тіркелген аурулардың жиілеуі;

- бөлімнің қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдайында тенденциясыз аурулардың пайда болуы;

- жеке құрамның санитарлық-гигиеналық жағдайы тұрақсыз немесе сәтсіз аймаққа көшіргенде;

- бөлімнің қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайында;

- аудан, келесі шарттың біреуінде, аймақтың санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық болғанда, халық арасында бұрын тіркелмеген топтық аурулардың таралуы, су көздері және аурудың жаппай таралуына қажетті жағдайдың болмауы; әскерге қауіп төндіруші зоонозды инфекциялардың эпизоотикалық сипаты;

- санитарлық-гигиеналық шаралардың, аймақ және сумен қамтамасыз ету объектілерінің қанағаттанарлық жағдайда болмауы, коммуналдық сәтсіз орналасу, ауданның үлкен эпидемиялық және бактериялық залалдану ошақтарына жақын орналасуы.

Санитарлық-эпидемиялық жағдай тұрақсыз болған жағдайда медицина қызметінің бастығы эпидемияға қарсы шаралардың уақытын көрсетіп, жауапты атқарушылардың күші мен заттарын қолдана отырып жоспар құрады. Ол кезде шаралардың өткізілуіне назар аударған жөн, себебі инфекциялық ауруларды ескерту үшін нәтижелі бола алады, олар тұрғындарға нағыз қауіп төндіруші жағдай болып табылады.



Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сәтсіз болып саналады:

- бөлім келесі шарттардың біреуіне: жеке құрам арасында инфекциялық аурулардың пайда болуы және оның таралуына жағдайдың болуы;

- халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайы төтенше немесе қарсылас БҚ қолданған аймақта болса (АҚИ қолданғаны анықталғаннан басқа);

- аудан келесі шарттардың біреуінде: инфекциялық аурулар тобының пайда болуы және оның таралауына жағдайдың болуы;

- АҚИ ауруларының бір жағдайы пайда болғанда немесе қарсылас БҚ қолданса (АҚИ қоздырғыштарынан басқа).

Бөлім немесе өңірлік басқарудың санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сәтсіз деп жарияланды және ол жайында ҚР ҚК медицина қызметінің басшысына баяндалады. Бөлім немесе ауданда санитарлық-эпидемиялық шаралар сәтсіз деп жарияланса, ереже бойынша бригадада обсервация режимі орнатылады, барлық эпидемияға қарсы шараларды өңірлік басқарманың медицина қызметінің бастығы жүргізеді.

Режим (француз тілінде regіme, латын тілінде regіmen - басқару) - 1) мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі; 2) күнделікті өмір жұмыстың, демалыстың, тамақтанудың, ұйқының нақты белгіленген тәртібі; 3) белгілі мақсатқа жету үшін орнатылған ережелердің, шаралардың, нормалардың жиынтығы.
Ол өзіне бағынатын күштерді қолдана отырып эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырады. Осы жағдайларда, яғни санитарлық-эпидемиялық шаралар тұрақсыз болған жағдайда эпидемияға қарсы шараларға қосымша жеке құрам бөлімше (бөлім) ішінде немесе көрші бөлімшемен қатынаста болуына тиым салатын шаралар кешені жүргізіледі.

Халықтың орын ауыстыруы кезінде немесе ұрыс әрекеттерінің ауданында эпидемиялық ошақ анықталса бөлім командирінің бұйрығы бойынша медицина қызметінің бастығы изоляция шараларын қолданады. Анықталған эпидемиялық ошақта жұмыс жасау басшылар мен эпидемиолог-мамандардың қатысуымен және өңірлік басқарманың эпидемияға қарсы заттарды қолданылуымен жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиялық жағдайы төтенше болып есептеледі:

- бөлім жеке құрамының ішінде қысқа уақытта инфекциялық аурулар саны өссе, бригаданың ұрысқа қабілеттілігі жоғалады;

- аса қауіпті инфекциялық аурулар қайталанып анықталғанда немесе осы аурулардың топтасып өршуі кезінде;

- АҚИ құрамы ретінде БҚ бригада қарсыласқа қолдану факты бекітілгенде;

- ауданда АҚИ топтық ауруларында;

- халық үшін басқа да қауіпті инфекциялық аурулардың кең таралуы;

- бактериологиялық қару ретінде қарсыластардың АҚИ қоздырғыштырын қолдануы;

- обаның табиғи ошақтары активизациялағанда және адамдар арасында обаның таралуы.

Бригаданың санитарлық-эпидемиологиялық төтенше жағдайы жайында өңірлік басшылығын хабардар етеді, ал өңірлік басшы ҚР ҚК БӘМБ бастығына баяндайды. Бригадада карантин жарияланады. Ол үшін арнайы изоляция аудандары құрастырылады, онда медицина қызметінің бастығының жүктемесімен жауапты азаматтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бөлім жіберіледі. Егер бригаданы ТЖ-дан бірден карантинға шығару мүмкін болмаса, онда жағдай туындағанша обсервация жарияланады.

Әскердің бактериологиялық қарудан қорғану шараларына жоспарлы эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық және емдеу-эвакуациялық шаралар кешені кіреді, олар әскери жеке құрамның ішінде инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу қаупін және ұрысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған, егер қарсылас Халықаралық Конвенция мен БҚ қолдануын бұзса.



ЭҚЖО бастығының функционалдық міндеттері

ЭҚЖО бастығы соның негізінде отряд құрылатын, медициналық мекеме бастығына бағынады, ал зардап шегу және стихиялық апат ошағында жұмыс істеу кезінде АҚМҚ және ТЖ бастығына бағынады.



ЭҚЖО бастығы жаппай зардап шегу ошағында, стихиялық апаттар, ірі өндірістік авариялар мен апаттар аудандарында отрядтың жұмысқа дайындығына жауап береді.

ЭҚЖО бастығының міндеттері:

Күнделікті дайындық кезінде:

  • төменде айтылатын ЭҚЖО – ын жауынгерлік дайындыққа келтіру жоспарына қатысады:

  • жеке құрамның және келетін автокөліктердің жиналу орны мен уақыты тәртібін хабарландыруға;
    Жауынгер - Қарулы Күштер қатарында қызмет ететін адам. Әскери терминологияда “қатардағы жауынгер” деп те аталады. Ағылшын тіліне “militant” деп аударылады.


  • медициналық және арнайы мүліктер мен басқа да құрал – жабдықтарды алу тәртібі мен мерзімін, орнын білуге;

  • жинау ауданын, құрылымның жылжу бағытын және келіп жетуге белгіленген уақытын анықтауға;

  • отрядтың дайындығын тексеру тәртібі мен мерзімін белгілеуге;

  • белгіленген ауданға дәл уақытында бару тәртібін қадағалауға;

  • отрядтың ұйымдасу құрылымын, оның тапсырмалары мен мүмкіндіктерін білуге;

  • жеке құрамның, автокөліктің, техникалар мен мүліктің барлық түрлерінің топтасу тәртібін белгілеуге;

  • жеке құрамды күнделікті қорғаныс құралдарын, арнайы мүліктер мен техникаларды білгірліктен пайдалануды үйретуге;

  • құрылым – мекемесіндегі бар тізімдік мүліктердің, арнайы машиналар мен техникалардың сақталуы мен жағдайларын жеке дара тексеруге және оларды сақтау мен пайдаланудың белгіленген ережелерін қатаң қадағалауға;

  • өзінің арнайы білімін арттырумен тұрақты жұмыс жасауға;

  • АҚ дабылын алған жағдайда жеке құрамды хабарлау тәртібі мен тәсілін, орнын және жиналатын уақытын білуге міндетті.

Бейбітшілік кезінде ТЖ пайда болу қаупі төнгенде:

  • «Жиналу» дабылын ала салысымен басқару пунктіне белгіленген уақытта келіп, АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығынан тапсырма алуға;

  • отрядтың жеке құрамын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге;

  • байланыс құралдарын тексеруге, отрядтың ішкі байланыс тәртібін анықтауға;

  • жеке құрамға жағдайды хабарлап, болған жағдайды ескере отырып, келешекте қалай әрекет етуді түсіндіруге;

  • АҚ және ТЖ медициналық қызмет бастығына берілген тапсырмалар мен жұмыстың орындалғаны туралы баяндап отыруға міндетті.
    Медициналық қызмет (Медицинская служба) - медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамаеыз етеді.


Бейбітшілік уақытта ТЖ болған жағдайда:

  • «Жиналу» дабылын ала салысымен басқарма пунктіне белгіленген уақытта келіп, АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығынан тапсырма алуға;

  • ЭҚЖО – ны дайындыққа келтіруге, жеке құрамға болған жағдайды түсіндіріп, отрядты қауіпсіз аймаққа жеткізу туралы мәселе қоюға;

  • жеке құрамның алдына жорыққа шығу мәселесін қоюға, автокөлікке аға жетекші тағайындауға;

  • отрядтың қойылған тапсырмалардың сәтті орындалуына қол жеткізу үшін батыл кірісуге;

  • бағыныштылардың ақылға қонымды ұсыныстары мен батыл әрекеттерін мүмкіндігінше көтермелеп отыруға, отрядтың жеке құрамында денсаулығын сақтауға және мұқтаждықтарын білуге, материалдық және тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуіне қамқорлық жасауға;

  • АҚ және ТЖ медициналық қызмет бастығына жеке құрамның іс-әрекеті және өзінің нұсқау – жарлықтары туралы міндетті.
    Жарлық - мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді.


Химиялық зақымдалған ошақтағы іс – әрекет кезінде:

  • уландыратын және қатты әсер ететін улы затты (ҚӘУЗ) тапқан кезде, тиісті дабылды дереу беріп, химиялық барлауды ұйымдастыруға;

  • жеке қорғаныс құралдарын қолдануға дайындыққа келтіруге;

  • жылдамдығына және желдің бағытына сумен жабдықтау көздерін зақымдау мүмкіндіктеріне байланысты – химиялық зақымдану шекараларының қозғалмалық қарқынын ескеруге;

  • зардап шеккендерді олардың киімдері мен аяқкиімдерін газсыздандыра отырып, санитарлық өңдеуден өткізуге;

  • бөлімнің жеке құрамының жеке қауіпсіздік ережесін бұзбауын қадағалап отыруға міндетті.

АҚ – ны әскери жағдайға көшіру кезінде:

  • қауіпсіз аймақтағы пунк басқармасына келіп, АҚ және ТЖ медициналық қызмет бастығына жағдайдың мән – жайын түсіндіріп, тапсырма алуға;

  • ТЖ қаупі пайда болысымен немесе қарсыластар шабуыл жасаған кезде, отрядты зардап шеккендер мен ауруларды қабылдауға дайындықта ұстауға;

  • емдеу мекемелерімен байланысты ұйымдастыруға;

  • залалсыздандыру заттарының қажетті мөлшерін дайындықта ұстауға;

  • отрядтың жеке құрамын жасыру үшін қорғаныс ғимараттарын дайындауға;

  • барлық жасалған шаралар туралы белгіленген уақытта АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығына баяндап отыруға міндетті.


Кенеттен шабуыл жасалу кезінде:

  • жеке құрамды және зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз етуге;

  • соққы берілгеннен кейін АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығынан тапсырма алып, жеке құрамға болған жағдайды түсіндіріп, шабуылдың салдарларын жоюға кірісуге;

  • өрт қауіпі төнген кезде оны сөндіруге, зардап шеккендер мен қызметкерлердің қауіпсіз жерге көшіруге;

  • санитарлық – эпидемиологиялық тексерулерді ұйымдастыруға;

  • қажет болған жағдайда апат ошағында карантин және мерекелік шараларды шектеулі етіп ұйымдастыруға;

  • жұмыс аяқталғаннан кейін АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығына болған жағдайды баяндауға;

  • қажет болған жағдайда жеке құрамды газсыздандыру, қатерсіздендіру және санитарлық тазалау мен өңдеуден өткізуге міндетті.

ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімі бастығының функционалдық міндеттері

Ол ЭҚЖО бастығына бағынады және жаппай зақымдану ошағындағы бөлімнің жұмысқа дайындығына жауап береді.



Ол:

  • қол астындағылардың жұмыстарын басқаруға;

  • ЭҚЖО әрекет ететін аудандағы, АДКЖ орналасқан жердегі және зақымдану аумағынада сақталып қалған емдеу мекемелерінің орнындағы санитарлық – эпидемиялық жағдайды үздіксіз анықтап және біліп отыруға;

  • аурудың тарап кетуіне жол бермеу және оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану үшін, жұқпалы аурулар ошағына эпидемиологиялық тексерістер жүргізуге;

  • жұқпалы науқастарды медициналық көшіру кезеңдерінде қауіпсіз аймақтағы жұқпалы аурулар ауруханасына көшіру ережесін сақтай отырып және аурумен байланыста болған тұлғаларды ескере отырып, қадағалау жасауды жүзеге асыруға;

  • сумен жабдықтау және қоғамдық тамақтандыру объектілеріне толыққанды тексеруді үнемі жүргізу отыруға;

  • халықты санитарлық өңдеуден өткізуге бақылауды жүзеге асыруға;

  • қаза болғандардың мәйіттерінің дұрыс жерленуін қадағалауға;

  • келесі тапсырманы орындауға бөлімнің белгіленген мерзімге дайындығын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;

  • ауданға санитарлық – эпидемиологиялық тексеру өткізу кезінде, химиялық зақымданған ошақтың ерекшелігін түсіндіріп, (ҚӘУЗ ошағы) мәселе қоюға;

  • қол астындағыларға жұмыстың ерекшелігін түсіндіріп, жеке қауіпсіздік шараларын қолдануға және жеке қолданыс құралдарының жағдайына байланысты, жеке құрамның медициналық қорғаныс құралдарын дер кезінде қолдануын қамтамасыз етуге;

  • АДКЖ бастықтарымен, радицияға қарсы және химиялық заттарға қарсы қорғаныс қызметінің барлау топтарымен, комуналдық – техикалық қызметпен және АҚ мен әскери бөлімдердің медициналық қызметтерімен өзара байланыста болуға;

  • ауыз суы мен азық – түліктің сынамасын сұрыптау ережесін қадағалауға және оларды УЗ (ҚӘУЗ) – мен қаншалықты зақымданғандықтарын, тұтынуға жарамдылығын анықтау үшін санитарлық – химиялық зертханаға жіберуге;

  • санитарлық – эпидемтологиялық барлау жасауға қатысушы жеке құрамның қорғаныстың залалсыздандыру құралдарымен және жабдықтарымен толық қанды санитарлық тазалау – өңдеуден өтуін қадағалауға;

  • апат ошағында әрекет етуші АДКЖ – дағы, емдеу – алдын алу мекемелеріндегі, қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі және АҚ құрамаларындағы эпидемияға қарсы жұмыс режимінің қатаң жүзеге асуына бақылау жасауға;

  • халық арасындағы ауырғандарды анықтауға, оларды тексеруден өткізуге, бөліп жатқызуға, госпиталььға жатқызуға, сонымен қоса шұғыл және арнайы сақтандыру шараларын өткізуге;

  • апат ошағындағы жұқпалы аурулармен ауырғандармен байланыста болған тұлғаларды ескере отырып, күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жұмыстарын жасаудың сапасы мен толықтығына бақылауды ұйымдастыруға және оларға медициналық қадағалауды жүзеге асыруға;

  • ауданның санитарлық – эпидемиялық жағдайын үнемі қадағалап отыруға, ауруларды зерттеп – тексеруге, эпидемиялық жағдайларды болжауға және ауруларды жою жөнінде шаралар қолдануға;

  • апат ошағы аумағында жұмыс істеуді жалғастырып жатқан, халық шаруашылық объектілерінің санитарлық жағдайларына бақылауды ұйымдастыруға және оларды санитарлық – гигиеналық, эпидемияға қарсы емдеу, алдын алу шараларын жүргізуге;

  • нақты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың қарастырылған кешендерін табысты орындалуын қамтамасыз ететін бөлім дәрігерлері алдына міндеттер қоюға;

  • ЭҚЖО бастығына апат ошағындағы санитарлық – эпидемиялық жағдай және қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы үнемі хабарлап отыруға;

  • Қоғамдық тамақтандыруды сумен жабдықтау объектісіне сондай – ақ халыққа тазалау – өңдеу жұмыстарынмен залалсыздандыру, қатерсіздендіру, дезинцекциялық және дератизациялық жұмыстарды (соның ішінде, ауруларды тасу үшін бөлінген көлікті залалсыздандыру) үзіліссіз санитарлық қадағалауды ұйымдастыруға;

  • апат ошағында белгіленген карантиндік және обсервациялық шараларды қадағалап отыруға міндетті.

ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімнің гигиенашы дәрігері – бөлім бастығына бағынады, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне үнемі санитарлық қадағалау жасап отыруға жауап береді.

Ол:

  • жаппай зақымдану ошағында санитарлық – гигиналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;

  • ЭҚЖО әрекет ету аумағындағы тамақтандырудың жылжымалы пункттерінің, қоймалардың және қоғамдық тамақтандыру объектілерінің орналасқан жерін білуге;

  • тамақтық азық – түлікті тасмалдау және сақтау ережелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

  • қоғамдық тамақтандыру бъектілеріне санитарлық бақылау жасауға және тамаққа улы инфекция түсудің алдын алу бойынша нұсқау талаптарын қадағалап отыруға;

  • қоймаларға және басқа қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қатерсіздендіру шараларын жүргізуді бақылауды жүзеге асыруға;

  • берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы санитарлық – эпидемиологиялық бөлімнің бастығына баяндауға;

  • УЗ (ҚӘУЗ) – нан азық – түлік тамақтарын қорғау жөніндегі шаралардың өткізілуіне бақылау жасауға;

  • азық – түлік қоймаларына және басқа қоғамдық тамақтандыру объектілеріне жасалатын қатерсіздендірудің дұрыс жасалуын бақылап отыруға;

  • азық – түлік объектілерінің жұмысшыларына азық – түлік тамақтарының, судың сынамасын сұрыптап алу тәртібі және олардың УЗ (ҚӘУЗ) – бен қаншалықты зақымданғандықтарын анықтау үшін санитарлық – химиялық зертханаға жеткізу тәртібін түсіндіруге;

  • аудандағы санитарлық – эпидемиологиялық зерттеулерге қатысуға және апат ошағына белгіленген карантиннің және тамақ объектілеріндегі обсервациялық шаралардың жүзеге асуына бақылау жасауға;

  • қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі эпидемияға қарсы жұмыс режимінің орындалуына бақылау жасауға;

  • жеке қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалауға, шұғыл алдын алу, сақтандыру құралдарын дер кезінде қолдануға, киім мен аяқ киімді залалсыздандыра отырып, санитарлық тазалау – өңдеу тексерісінен толық өтуге;

  • азық – түлік тағамдарымен жабдықтау қызметінің қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруына бақылау жасауды жүзеге асырып отыруға міндетті.

ЭҚЖО зертхана бөлімінің бастығы (ол бактериологиялық зертхананың бастығы) – ЭҚЖО бастығына бағынады және зертхана бөлімінің жұмысқа дайындығы мен келіп түскен сынамалардың және материалдардың тексеруден сапалы өтуіне жауап береді.

Ол:



  • бөлімнің орналасуына және оның дер кезінде жұмысқа дайын болуына басшылық жасауға;

  • бактериологиялық, санитарлық – химиялық және радиологиялық зертханалардың жұмыстарын ұйымдастыруға, оларға өзінің берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылап отыруға;

  • су қоймасы мен тағамды бактериялық тексерістен жүргізуге;

  • бактериологиялық зертхананың жұмысына тікелей басшылық жасауға және келіп түскен материалдарға бактериологиялық тексеру жүргізуге;

  • тамақ және сумен жабдықтау көздеріне бактериологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

  • бактериологиялық зертханалары жоқ мекемелер мен құрылымдарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;

  • аурудың инфекциялық сипатын анықтау үшін талдаулар жасауға және жұқпалы аурулардың жазылып шығу мерзімдерін анықтауға;

  • медициналық персоналдардың жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауына және бактериологиялық зертханалардың жұмыстарына бақылау жасауға;

  • зертхана ғимараттарында тазалық сақтауға және олардың сапалы тазалануы мен залалсыздандырылуына бақылауды жүзеге асыруға;

  • персонал жұмыстарына басшылық жасауға, болған жағдайға сәйкес жеке құрамды бөлуге;

  • зерттеудің нәтижесі туралы қорытынды жасауға;

  • қол астындағыларға жұмыстың ерекшелігін, УЗ (ҚӘУЗ) – бен зақымданғандардан сынама қабылдау кезінде және оларды тексеріп – зерттеу барысында жеке қауіпсіздік ережесі туралы түсініктеме нұсқау беруге;

  • жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дер кезінде пайдалануды қамтамасыз етуге;

  • бөлімде қажетті газсыздандыру шараларын жүргізуді ұйымдастыруға;

  • химиялық зақымдалу ошағы (ҚӘУЗ) шекарасының жылжымалылығын ескере отырып, химиялық жағдайлардың өзгерісі жөнінде әрдайым біліп отыруға;

  • жеке құрамның арнайы тазалау – өндіруінен өтуін қадағалауға;

  • қоздырушы бактериологиялық құрал ретінде қолданылуы мүмкін, әсіресе қоздырушылары оба, тырысқақ, сібір түйнемесі және ботулизма сияқтыларға тексеру жүргізгенде қысқа көлемде жүргізу әдістерін білуге;

  • санитарлық – эпидемиялық барлау кезінде, индикация мен сараптама үшін сынама зерттеулерін жүргізуге;
    Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
    барлық мәдени шаралардың есебін жүргізуге;

  • жүргізілген залалсыздандырудың сапасына бактериологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

  • ЭҚЖО бастығына алға қойылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндап отыруға міндетті.

ЭҚЖО радиологиялық зертханасының бастығы – зертхана бөлімінің бастығына бағынады және зертхананың жұмысқа дер кезінде дайын болуы мен келіп түскен сынаманы зерттеудің дұрыс шығуына жауап береді.

Ол:

  • дер кезінде зертхананы орналастырып, сынама қабылдау үшін жекелеген ғимаратты жабдықтауға және осы препараттардың активтілігін өлшеу үшін, олардын препараттар дайындауға;

  • ауыз суы мен азық – түлік тағамдарының радиоактивті заттармен зақымдануына сараптаманы жүзге асыруға;

  • медициналық көшіру кезеңінде түскен зақымданғандарға дозиметриялық бақылау жүргізуді ұйымдастыруға, қатерсіздендіру мен санитарлық өңдеуден сапалы өткізуді тексеруге;

  • радиоактивті материалдармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін қадағалау және онымен айналысу тәртібі туралы зертхананың жеке құрамына нұсқау беруге;

  • сынамасы зерттеліп отырған заттың қасиетіне байланысты препараттарды дайындау ережелерін қатал бақылауға;

  • радиометриялық аппаратураның дұрыс жұмыс істеуіне және барлық құралдардың күтіліп ұсталуына, ғимараттардың тиісті тәртіпте жабдықталуына қадағалау жасауға;
    Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.


  • жасалған талдаулардың есебін жүргізуге және зерттеуге келіп түскен сынаманың нәтижесі туралы тұжырымдама беруге;

  • дозиметриялық бақылауды және сәулеге шалдыққан жеке құрамның есебін жүргізуге;

  • жеке құрамды дер кезінде радиоактивті заттардан қорғайтын препараттармен қамтамасыз етуге;

  • жұмсалған материалдар мен радиоактивтерді дер кезінде толықтыруды қамтамасыз етуге;

  • ЭҚЖО – нің зертханалық бөлімінің бастығына алдыға қойылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндап отыруға;

  • зертхананың жабылуына басшылық жасауға, жеке құрамды толық санитарлық өңдеуден өткізуге, қорғаныс құралдарын, киімдерді, аяқ киімдерді, мүлікті, техникаларды қатерсіздендіруге және зертхананы келесі тапсырмаларды орындау үшін қалпына келтіруге;

  • ЭҚЖО – нің бастығына алға қойылған тапсырмалардың орындалуы туралы баяндап отыруға міндетті.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

1-билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайың сәттілігі.

2.Кенеттен шабуыл жасалу кезінде.

2-билет

1.Сәтсіз санитарлық-гигиеналық жағдай.



3-билет

1. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сәтсіздігі



4-билет

1. Санитарлық-эпидемиялық төтенше жағдайы.



5-билет

1 ЭҚЖО бастығының функционалдық міндеттері.



7-билет

1. ЭҚЖО бастығының міндеттері,күнделікті дайындық кезінде.



8-билет

1. ЭҚЖО зертхана бөлімінің бастығы міндеттері.



9-билет

1. ЭҚЖО радиологиялық зертханасының бастығы міндеттері.



10-билет

1.ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімнің гигиенашы дәрігері

міндеттері.

11-билет

1.ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімі бастығының функционалдық міндеттері.



12-билет

1.Бейбітшілік кезінде ТЖ пайда болу қаупі төнгенде және болған жағдайда.

13-билет

1.Химиялық зақымдалған ошақтағы іс – әрекет кезінде және АҚ – ны әскери

жағдайға көшіру кезінде.



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: ТЖ ошағында адамның шоғырланған жерінде зардап шегушіге жасалатын санитарлық-гигиеналық мөлшер.

Қ- 11,12 2 мин(5%)



Сабақтың тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

4 Сабақ: ТЖ ошағында адамның шоғырланған жерінде зардап шегушіге жасалатын санитарлық-гигиеналық мөлшер



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс- шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: қалыптасудың міндеттері мен мақсатын, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, тест, бақылау тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Медициналық радиобиология негізі.Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов.-Алматы: «Эверо», 2011ж.-276б.

12. Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена: Оқулық.-Шымкент, 2009.-428бет

13. АҚ жәнеТж медицинақызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, Атматы қ., 2012ж, 102бет.


1   2   3   4


жүктеу 0.9 Mb.