Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы

жүктеу 0.9 Mb.



жүктеу 0.9 Mb.
бет2/4
Дата14.03.2017
өлшемі0.9 Mb.

Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


1   2   3   4

Дезинсекция – жәндіктерді және басқа жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды жою. Осы мақсатта химиялық әдіс қолданылады – инсектицидті дәрілер, мысалы, гексахлоран, хлорофос және т.б.

Дератизация – кемірушілер жою (инфекция көзі). Оны химиялық және физикалық әдістермен орындайды цинк фосфиді, натрий хлоридын және т.б. қолдану тиімді.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің (АҚМҚ) және ТЖ эпидемияға қарсы құрылымдары

Бактериялық ошақты жою бойынша шараларды ұйымдастыру және атқару кезінде АҚМҚ әртүрлі құрылымдары және медициналық мекемелер қолданылады. Оларға жылжымалы эпидемияға қарсы отряд, алғашқы медициналық көмек отряды, санитарлық жасақтар және т.б. құрылымдар: санитарлық – эпидемиологиялық станция, емхана, аурухана, ветеринарлық мекемелер, сонымен қатар әскери бөлімшелер жатады.

АҚМҚ бірінші тобының күші мен құралына жатпайды: санитарлық бекет (пост), санитарлық жасақтар, медициналық көмек бригадалары, жылжымалы госпиталдар, санитарлық – эпидемиологиялық отрядтар, эпидемияға қарсы бригадалар.

Бригада (итал. brіgata - қауым, отряд) - Әскери істе - Қарулы Күштердегі әскери, теңіз және әуе ұрыстарын, жауынгерлік дайындық қимылдарды үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ететін әскери-тактикалық бірлестік.


Санитарлық бекет (СБ) – бұл мекеме аймағында (территориясында) зақымданғандарға және жарақат алғандарға біріншілікті көмек көрсететін медицина қызметкерлер санынан тұрады. Оның құрамына 4 адам кіреді: бекет бастығы, 3 санитарлық жасақ.

Санитария жасақтар (СЖ) мекемелерде, ұйымдарда және жоғары оқу орындарда жұмысшылар, қызметкерлер және студенттерден құрылады. Санитарлық жасақтар жаппай зақымдану ошағында зардап шеккендері іздеуге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге және оларды осы ошақтан шығаруға арналған. Сонымен қатар олар медициналық құрылымдар мен мекемелердің жұмысына да жұмысдырылады.

СЖ құрамына 24 адам кіреді: командир, орынбасары, байланысшы, жүргізуші және әрқайсысы 4 адамнан тұратын 5 санитарлық жасақ звеносы.

Командир - әскери құрамаларда, бөлімдерде немесе әскери мекемелерде әкімшілік қызмет атқаратын ресми атағы бар адамдар - генералдар, офицерлер, прапорщиктер, сержанттар. Командир бейбіт уақытта және соғыс кезінде әскери құрамаларға, бөлімдерге, кемелерге, батальонға, ротаға, взводқа басшылық етеді.
Олар келесі табелді мүліктермен жабдықталған: 20 санитарлық дорба (сумка), аптечка және химияға қарсы пакеттер, газ сейілткіштер, санитарлық зембілдер, шендеуіштер (шина) жиынтығы. 1 сағат ішінде СЖ ядролық және химиялық ошақтардағы 50 зақымдалған адамға алғашқы медициналық көмек көрсете алады.

СБ мен СЖ-ды медициналық мүлікпен алғашқыда ұйымдастырушы мекеме, ұйым қамтамасыз етеді, ал зақымдану ошағындығы жұмыс барысында алғашқы медициналық жәрдем отрядының медициналық қамтамасыздандыру бөлімшесімен толықтырылады.

Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд (ЖЭҚО) ұйымдастырылмаған жағдайда зақымдану ошағындағы барлық жою шараларын санитарлық – эпидемиологиялық станциялар атқарады. Негізінде санитарлық – эпидемиологиялық станциялардың қызметі осы кезеңде ЖЭҚО қызметімен сәйкес. Бактериологиялық зақымдану ошағындағы көпшілік шаралар тікелей осы жасақтардың басшылығы мен қатысуы арқылы жүзеге асады.

ЖЭҚО аудандың, қалалық, облыстық және республикалық санитарлық – эпидемиологиялық станциялар, сонымен қатар эпидемиология, микробиология және гигиена институттары негізінде құралады.

Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.


ЖЭҚО –тың негізгі қызметі зақымдану ошақтары пайда болған кезде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. Табель бойынша ЖЭҚЖ антибиотиктер, бактериальді, диагностикалық дәрілер, лаборатория мүлігі, дезинфекциялық – себезгі көліктер, көлік лабораториялар, көліктер және тағы басқа жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етіледі.
Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.

ЖЭҚЖ құрамында басқарма, санитарлық – эпидемиологиялық лабораториялық, дезинфекциялық бөлімдер енеді.

Басқарма - Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше; Кәсіпорынның, ұйымның қызметіне алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Оны әдетте, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы сайлаған төраға басқарады; Ұжым басшысы.
Лабораторлық бөлімде бактериологиялық, санитарлық – химиялық және радиологиялық лабораториялар бар.

Санитарлық – эпидемиологиялық бөлімнің қызметі: эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру және жүргізу, халық арасындағы шұғыл алдын алу, сынама алу, санитарлық – ағарту және т.б. жұмыстарды жүргізу.

Лабораторлық бөлім әртүрлі орталарға бактериологиялық, санитарлық, химиялық және радиологиялық зерттеу жүргізеді.



Дезинфекциялық бөлім – зардап шеккен халыққа санитарлық өңдеу, зақымдану ошақтарындағы дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды бақылау және жүргізу.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

1.Бактериологиялық қаруда пайдаланатын микроорганизмдер ... .

  1. инфекциялық ауру қоздырғыштары

  2. тек бактериялар мен кактустар

  3. тек вирустар мен антивирустар

  4. жәндiктер мен кемiрушiлер

  5. токсиндер мен темекі түрлері

2.Карантин дегенiмiз ... .

  1. залалданған территорияны толық оқшаулау

  2. адамдар ауруға ұшыраған территория

  3. территорияны улағыш заттардан тазалау

  4. жергiлiктi бағалау

  5. биологиялық қару пайдаланған территория

3.Биологиялық қаруды қолданудың әсерiнен ... .

  1. инфекциялық аурулары пайда болады

  2. барлығы өледі

  3. зардаптануға жағдай жасайды

  4. микроорганизмдер қоршаған ортаны бұзады

  5. техника мен жабдықтарды шiрiтедi

4.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Эпидемия дегенiмiз ... .


  1. жұқпалы аурулардың кеңiнен таралуы

  2. өсiмдiктердiң ауруы

  3. жануарлардың ауруға ұшырауы

  4. үсу

  5. профилактикалық iс-шаралар

5. ... улы заттарға жатады.

  1. адам ағзасына токсикологиялық (уландырғыш) әсер ететін зат

  2. адам ағзасына тікелей әсер ететін зат

  3. адам ағзасының температурасын төмендететін зат

  4. адам ағзасын көңілдендіретін зат

  5. адам ағзасына ішті айдату әсер беретін зат

6. ... улы заттарға жатады.

  1. адам ағзасына токсикологиялық (уландырғыш) әсер ететін зат

  2. адам ағзасына тікелей әсер ететін зат

  3. адам ағзасының температурасын төмендететін зат

  4. адам ағзасын көңілдендіретін зат

  5. адам ағзасына ішті айдату әсер беретін зат

7.Микроорганизмдердiң өнiмдерi ... .

  1. токсиндер

  2. бал

  3. қант

  4. пропан

  5. метан

8.Дезинфекцияға арналған зат ... .

  1. хлорамин

  2. CФ-24

  3. СФ-2

  4. ОП-7

  5. ОП-10

9.Апат кезінде ауаға хлор бөлінді, тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс алатын дәкені ... өңдейді.

  1. 2% ті ас содасымен

  2. 2%- мүсәтір спиртімен

  3. лимон қышқылы сұйықтығымен

  4. сірке қышқылы ерітіндісімен

  5. 2% бор қышқылымен

10.Тек тірі клеткаларда көбейетін және өсетін микроорганизмдер - ... .

  1. вирустар

  2. риккетсиялар

  3. микробтар

  4. бактериялар

  5. микробтар, бактериялар


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма ТЖ ошағында жұмыс істейтін санитарлық-эпидемиялық бригадалар.

Н-2, 146-156 бет 2 мин(5%)




Сабақтың тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

2 Сабақ: ТЖ ошағында жұмыс істейтін санитарлық-эпидемиялық бригадалар



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: қалыптасудың міндеттері мен мақсатын, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу,бақылаутапсырмаларын орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,

кеспе қағаздары, схема.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Медициналық радиобиология негізі.Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов.-Алматы: «Эверо», 2011ж.-276б.

12. Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена: Оқулық.-Шымкент, 2009.-428бет

13. АҚ жәнеТж медицинақызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, Атматы қ., 2012ж, 102бет.



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Арнайы эпидемияларға қарсы отрядтар (АЭҚО).

    2. Эпидемиялық барлау тобы (ЭБТ).

    3. Санитарлық эпидемиялық барлау.

4. Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру.

5. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және анықтамасы.



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

АДКЖ ішінара санитарлық өңдеуден өткізу және киім мен аяқ киімдерді залалсыздандыру бөлімі бастығының функционалдық міндеттері – ол АДКЖ бастығына бағынады және бөлімінің жұмысқа дайындығына, зақымданғандарды ішінара санитарлық өңдеуден өткізуге және олардың киімдері мен аяқ киімдерін залалсыздандыруға жауап береді.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.


Ол:

  • АДКЖ бастығының бұйрығымен бөлімді ашуға және жұмысқа дайындауға;

  • желдің бағытын ескере отырып, бөлімнің функционалдық бөлімшесін орналастыруға орын таңдауға және олардың жұмыс тәртібін анықтауға;

  • зақымданғандарды ішінара санитарлық өңдеуден өткізуге және олардың киімдері мен аяқ киімдерін залалсыздандыруға;

  • қабылдау – сұрыптау және зертханалық бөлімдердің өзара байланысын жүзеге асыруға;

  • бөлімнің жеке құрамының қорғану шараларын, санитарлық өңдеу мен қатерсіздендірудің дұрыс және сапалы өтуін қадағалауға;

  • киімдер мен аяқ киімдерін залалсыздандыруға арналған алаңдар мен санитарлық өңдеуден өткізу үшін, шаруашылық бөлімі бастығымен бірге, алаңды (ғимаратты) толассыз сумен қамтамасыз етуге, сондай – ақ оларды қолда бар жабдықтарды максимальды пайдаланатындай етіп жабдықтауға;

  • бөлімді жабуға басшылық етуге және келесі міндеттерді дер кезінде дайындап, қайта қалпына келтіруге басшылық жасауға;

  • ҚӘУЗ бен УЗ – дан зақымданғандардың түсуі кезінде жеке қауіпсіздік туралы,зақымданғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізу кезіндегі жұмыстардың ерекшелігі туралы, жеке құрамға түсіндірме нұсқау өткізуге;

  • қол астындағыларды химиялық заттарға қарсы қорғайтын қолда бар жабдықтардың жағдайын тексеруге, қорғанудың медициналық құралдарын дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етуге;

  • күту алаңында, сырт киім мен аяқ киімді шешетін, жуынатын жер мен киінетін жерде жұмыс жүргізу кезінде жеке құрамның іс – әрекетіне басшылық жасауға;

  • жеке құрамның қорғаныс заттарында келген уақытын және алдыға қойылған тапсырманы орындағаннан кейін дер кезінде ауыстыруын қадағалап отыруға;

  • бағыныштылардың арнайы тазалық – өңдеуінен өтуін қамтамасыз етуге;

  • бөлімнің жеке құрамын эпидемияға қарсы режім ережелерін қатаң сақтауын және апат ошағында жұмыс істеу кезінде жеке қауіпсіздікті қадағалауын түсіндіруге;

  • жеке құрамды шұғыл сақтандыру құралдарымен дер кезінде қамтамасыз етуге;
    Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.


  • бөлімге жүктелген залалсыздандыру (дезинсекциялық және дератизациялық) жұмыстарын жүргізуге басшылық жасауға;

  • бөлімге түскен зақымданғандарды толық санитарлық тазалаудан өткізу барысында олардың киімдері мен аяқ киімдерін түгелімен санитарлық өңдеуден өткізуді қол астындағыларға түсіндіруге;

  • бағыныштылардың белгіленген тәртіпте киімдері мен аяқ киімдерін қоса түгел санитарлық өңдеуден өту мен залалсыздандырылуын қадағалап отыруға;

  • бөлімнің алдына қойылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы белгіленген уақытта АДКЖ бастығына баяндап отыруға міндетті.

САНИТАРЛЫҚ ЖАСАҚТАР


АДКЖ құрамына кіретін СЖ және АҚДҚ ауруханасына зардап шеккендерді тасымалдау функциясы, науқастарды күту бөліміндегі ұйымдастыру жұмыстары.
А) САНИТАРЛЫҚ ЖАСАҚ (СЖ)

Б) САНИТАРЛЫҚ КҮЗЕТ (СК)

Атауы

Саны

а)

б)

1. Жеке құрам:

2. Техника:

- жүк автомобилі (автобус)

- санитарлық зембілдер

- санитарлық сөмке



24

1

5



21

4

1

4



ЖҰМЫСТЫҢ 10 САҒАТЫ ІШІНДЕГІ БОЛЖАМДЫ МҮМКІНДІК:

- алғашқы дәрігерлік көмек көрсету (іздеусіз және тасымалдаусыз):

А) – 500 зардап шегушіні;

Б) – 100 зардап шегушіні.



ЖАСАҚ КОМАНДИРІ

Командир орынбасары



4

Байласысшы -1

Жүргізуші -1

Жүк таситын автомобилі -1

Звено командирі -1

Санитарлық жасақ -3



КЕЗЕК

БАСТЫҒЫ

3

Санитарлық жасақ -3



Эпидемияға қарсы жылжымалы отряд (ЭҚЖО)

Жаппай зардап шегу ошағында, ірі өнеркәсіптік авариялар мен апаттар стихиялық апат аудандарында белгіленген карантиндерді және обсервациялық шараларды жүзеге асыруға, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған.

Олардың базалық қалыптасуы облыстық, қалалық санитарлық – эпидемиялық станциялар (СЭС), сондай – ақ эпидемиологиялық, микробиологиялық және гигиеналық институттар болып табылады.

ЭҚЖО бір тәулік жұмысы ішінде 25-30 мың адамдай халқы бар аумаққа 3 пунк ашып, 1440-2160 адамдарды жуындырып, 210-420 киімдер топтамасы мен аяқ киімдердің залалсыздандырып (дезинцекциялап) санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыра алады. Бір тәулік жұмысы ішінде келесідей сұрыптаулар мен сынамалар жүргізеді: бактериологиялық құралдар – 10, уландырғыш заттардың сандық анықтамасы – 15, радиоактивті заттар – 30.

Радиоактивті заттар - құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді.

ЭҚЖО – ның типтік құрамына кіретіндер: басқарма үш бөлім (санитарлық – эпидемиологиялық; зертханалық және дезинфекциялық) және бір санитарлық жасақ.
Зертханалар

Санитарлық жасақ

Бөлім бастығы

(дәрігер-эпидемиолог) - 1

Дәрігер-гигиенист -2

Фельдшер -1

Жүргізуші - 1

Жүк көлігі - 1

Бөлім бастығы

(фельдшер) - 1

Инспектор-дезинфектор -2

Дезинфектор -2

Жүргізуші - 1

ДДА (ДДП) қондырғы -3

Суға арналған цистерна -3

Жүк автомобиль - 1

Бөлім бастығы – бактериологиялық зертхананың бастығы -1

7

6



4

Зертханашы - 4

Санитар -2

Жүргізуші - 1

Автозертхана - 1

Зертхана бастығы

(дәрігер-токсиколог) -1

Зертханашы - 2

Санитар -1

Зертхана бастығы

(дәрігер-радиолог) - 1

Техник-радиометрист -1

Зертханашы-дозиметрист -2

Санитар -1

Жүргізуші - 1

Жүк автомобилі - 1



Атауы

Саны

1. Жеке құрам:

2. Техника:

- жеңіл автомобиль

- жүк автомобилі

- ДДА (ДДП) қондырғы

- суға арналған цистерна

- автозертхана

- жүк автомобилі (автобус)


60

1

3



3

3

1



1

ЖҰМЫСТЫҢ 10 САҒАТЫ ІШІНДЕГІ БОЛЖАМДЫ МҮМКІНДІК:

1. 25-30 мың халқы бар аумақта эпидемияға қарсы және санитарлық – гигиеналық шаралар

2. Жекелеген аудандардағы бактериологиялық барлау

3. Жуындыру 1140-2160 адам

4. Қорытынды залалсыздандыру 25-30 пәтерлік ошақтар

5. Зертханалық талдау өткізумен сынамаларды сұрыптау – тәулігіне 30 сынама

Звено командирі

радист - 1

Радист -1

Жүргізуші - 1

Жеңіл автомобиль - 1

Жасақ командирі -1

Командир орынб. -1

Звено командирі -5

Санитарлық жасақ -15

Байланысшы -1

Жүргізуші -1

Жүк автомобилі

(автобус) -1

Байланыс звеносы

9

Зертханалық



Бөлімдер
3

24
КОМАНДИР ОТРЯДА

Санитарлық – эпидемиологиялық

18

5



ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ОТРЯД (ЭҚЖО)

Арнайы эпидемияларға қарсы отрядтар (АЭҚО) арнайы эпидемияға қарсы ұжымдардың (обаға қарсы институттар, санитарлық –эпидемиологиялық станция) негізінде құрылады және олар аса қауіпті инфекция ошақтарында жұмыс істеуге арналған.

Санитарлық – эпидемиологиялық отрядтар – санитарлық эпидемиологиялық станцияларда, эпидемиология, микробиология институттары базасында құрылады. Санитарлық – эпидемиологиялық отряд – эпидемияға, бактериологиялық күшке қарсы жұмыс жасап, халықты зақымдалған ошақтардан сақтауды ұйымдастырады. Бұл бөлім құрамына: санитарлық – эпидемиялық, лабораториялық, дезинфекциялық бөлімшелер кіреді. Лабораториялық бөлімшенің құрамына: санитарлық – химиялық, бактериологиялық, радиологиялық лабораториялар кіреді.

Табельдік мүлік, автолабораториялар, дезинфекция – себізгілік құрылым, дозиметриялық құрал – жабдықтар, жеке қорғану заттары медициналық қамтамасыз ету базасының қоймаларында сақталады, олар тек рұқсатпен беріледі.

Санитарлық эпидемиялық барлау жұмыстары

Эпидемиялық барлау тобы (ЭБТ) – инфекция ошағында эпидемиологиялық тексеру, эпидемиялық барлау жүргізуге және сыртқы орта жұғындыларына сынамалар жасауға арналған. Әр инфекциялық ауру ошағында мұқият барлау жұмыстары орындалуы керек. Оның мақсаты – ошақтың көзін анықтау және инфекцияның алдын алуға бағытталған басты шараларды атқару.

Санитарлық эпидемиялық барлау – ТЖ ошағындағы санитарлық, гигиеналық жағдай туралы ақпаратты жинау және оны тарату, ауырғандарды анықтау, оларды оқшаулау және ауруханаларға жөнелту.

Егер мекемеде бір адам сырқатталса, ондағы ұжым бақылау нысаны болып саналады. Бірқатар инфекциялық ауруларда ұжымды күнделікті аралап, қызметкерлермен сөйлесіп, инфекцияға күдіктілерді анықтайды, аурудың белгілері барларды оқшаулайды және ауруханаға орналастырады.



Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру

Бактериологиялық барлаудың мазмұны мен маңызы бактериологиялық қарудың зардабын жоюға, бактериальді агентті анықтауға, медико – тактикалық жағдайды жобалауға көмектеседі. Осы мақсатта ғылыми – зерттеу институттарында эпидемиологиялық барлау топтары ашылады.

Бактериологиялық барлау жұмыстарында міндетті түрде жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі қатысады.

Тактика (грекше taktiks - әскерді сапқа түрғызу өнері tasso - сапқа түрғызамын, қатарластырамын) - экономикалық (мысалы, несие-қаржылық, бәсекелік), әлеуметгік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер; іс-қимыл желісі.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Бактериологиялық барлауда бактериалды заттан сынама алудың маңызы өте зор. Сынаманы сыртқы ортадан, науқастан, өліктен, жануардан алады және олар 1 – 11\2 сағ. ішінде индикация үшін лабораторияға жеткізіледі.

Бактериологиялық заттардың индикациясын жоғары дәрежелі маман бактериолог, вирусологтар жүргізуі тиіс. Сондықтан ондай зерттеулер республикалық, облыс, қалалық, санитарлық – эпидемиологиялық ғылыми – зерттеу институттарына жүктелген. Бактериологиялық барлауды тиімді жүргізу басшының міндеті. Бірінші кезекте сынамаға: ауа, әртүрлі заттардың жағындысын алу, зақымданған адамның мұрнынан жағынды алу. Басқа жағдайларда азық – түлік, ауыз су экспертизасында, қорытынды беруде, қолдануға болатыны жағдайда ғана алынады. Бактериологиялық заттардың индикациясын анықтауда экспресс және жеделдетілген әдістер қолданылады.




«Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және анықтамасы»

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар халық арасында жұқпалы аурулардың туындап, таралмауын, денсаулықты сақтау және нығыйтуға бағытталған іс-шараларды атқарады. Бұл шаралар кешенді түрде жүргізіледі. Құрамы бойынша санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы деп бөлінеді.

Санитарлық-гигиеналық шаралар барлық бөлімшелерде жүргізіледі. Командир мен оның орынбасарлары аурудың алдын алу және өз әскер құрамының денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізеді.

Бригаданың медицина қызметінің міндеті:

- өз бөлімшелерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылауға алу;

- тамақтану, сумен қамтамасыз ету, адамдарды жайғастыру, еңбек жағдайын, монша – жуыну қызметін, жеке бас гигиенасы мен ұжымдық гигиена жағдайларын санитарлық бақылау;

- өлген адамдарды көму кезіндегі барлық санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау;

- су көздерін барлауға, су мен азық-түлік өнімдерін сараптау үрдісіне қатысу;

- санитарлық- эпидемияға қарсы бригада қызметшілердің гигиеналық

тәрбиесі.

Халықтың денсаулығы бақылау негізінен сырқат түрін талдау және ұжымға жаңадан келгендерді медициналық тексеру жүргізу арқылы іске асырылады. Медициналық тексеріс кезінде тәбеті төмен және физикалық дамуы әлсіз адамдар анықталады. Қажет жағдайда медициналық тексеру кезінде қан, зәр, кейбір функциональді сынамалар (капилярдың резистенттілігі, тері ішілік сынама, адаптометрия және т.б.) жүргізіледі. Ол үшін бөлімше дәрігерлерінен басқа, санитарлық бригада мамандары қатысады. Жеке құрамның денсаулығы зерттеу барысында бригаданың медицина қызметінің бастығы қажетті шараларды жасап, өзінің ұсыныстарын командирге баяндайды (қажет жағдайда бұйрық), командирдің бұйрығының орындалуын бақылайды.

Жеке құрамның тамақтануын медициналық бақылау келесі шараларды ұйымдастырудан тұрады:

- жеке құрамның сапалы тамақтануын бақылау РЗ, УЗ және БЗ зақымдалу аймағындағы азық-түлік сапасын тексеру;

- далалық тамақтану орындарын ұйымдастыру және жұмысын бақылау;

- қоймадағы азық-түліктің сапасын бақылау;

- азық-түліктің тасымалдау барысына бақылау жүргізу;

- шет елден келетін трофейлік азық-түлік және өнімдердің сарапатамасын ұйымдастыру;

- нан заводтарының және ет комбинаттарының және т.б. жұмысын бақылау;

- тамақтану өндірісіндегі қызметкерлерді тексерістен өткізу және денсаулығын бақылау;

- алиментарлы текті аурушаңдықты талдау.

Сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылуын бақылауға кіреді:

- РЗ, УЗ, БЗ судың зақымдалуына жасалатын сараптамаға қатысу;

- сумен қамтамасыз етудің жоспарын жасауға қатысу;

- сумен қамтамасыз ету пункттерін тексеру;

- сі көзінің шаруашылық және ішуге қолдануға болатыны жайлы қорытынды беру;

- судың мөлшерлік нормаларын және су ішу тәртібін бқылау;

- жеке құрамның суды тазалайтын арнайы заттармен қамтамасыз етілуін тексеру.

Жеке құрамды орналастыруды бақылайтын медицина қызметінің негізгі шаралары, ең алдымен әскерлерге санитарлы-гигиеналық жағынан кері әсері бар жерлерді анықтау:

- орналасу, жарықтандыру, жылытудың нормаларының орындалуы;

- ұжымдық және жеке гигиена шараларының орындалу жағдайларының болуы;

- құрылыс және инженерлік құрылғыларды орналастырғанда санитарлы-гигиеналық шараларының орындалуы;

Жарықтандыру - бір жарықтандыру беті арқылы өтетін, люкспен өлшенетін сәуле ағыны. Бұрын фотон (1 фотон - Ю4 лк) бірлігі колданылған.
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

- территорияны дер уақытында тазарту және қалдықтар мен ластан залалсыздандыруды бақылау.

Жеке құрамның жуу-шаю қыметін санитарлық-гигиеналық бақылау, жеке гигиена ережелерін сақтау, жеке құрам ауруларының алдын-алу мен қауіпсіздігін сақтауда маңызды орын алады.

Көрсеткіштер бойынша жуу кезінде дезинфекция және дезинсекция өткізіледі. Медицина қызметі төсек-орынның, киім-кешек және аяқ киімдердің гигиеналық жағдайын, киімдерді т.б. паразиттерге қарсы заттармен жуылуын, сонымен қатар жеке құрамның моншада жуыну кезектілігін және сапасын бақылау болып табылады. Жеке құрамның моншаға баруы аптасына бір рет, киімдерін ауыстырып, дезинфекция жасау арқылы жүреді.

Жеке құрамның жуынуы барысында санитарлы инструктор дене бітім тексерісін жүргізеді, ол түрлі аурулар мен тері ауруларын өз уақытында анықтауға және алдын-алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Әскердің жоғарғы техникалық қамтамасыз етілуі шартына байланысты әскери қызметтің шарттарында медициналық бақылауға кіреді:

- ракеталық қалдық заттармен, техникалық улы заттармен жұмыс жасайтын жеке құрамды бақылау;

Ракета, зымыран (немісше Rakete, италианша rocchetta, rocca - ұршық) - өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын реактивті күш әсерінен қозғалатын ұшу аппараты. “Ракета” термині Еуропада 15 - 16 ғ-ларда пайда болды.

- радиолокациялық станцияларда лазерлік және иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істейтіндерді бақылау;

Радиолокация (лат. lokatio - орналасу орны) - радиотолқын көмегімен түрлі объектілерді іздеп табу және оның орнын анықтау. Белгілі бір бағытта жіберіліп, жолындағы объектіден шағылған импульс түріндегі толқын экран бетінен импульс түрінде көрінеді.

- қорғаныш киімдерімен жеке құрамды жабдықтандыруды бақылау.

Қазіргі заманғы соғыс шарттарына байланысты, яғни әскер жеке құрамасы мен азаматтарды жоғалту аудандарында ұрыс алаңдарын тазарту және қаза тапқан жауынгерлерді көмуде санитарлық-гигиеналық талаптарды орындаудың маңызы үлкен.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жеке құрамның арасында инфекциялық ауруларды ескерту қызметін атқарады, ал пайда болған жағдайында эпидемиялық ошақтың тез арада жоюын жүргізу және аурудың таралуын болдырмау.

Санитарлық бригаданың медицина қызметкерлері келесі негізгі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді:

- жаңадан келіп жатқандарды медициналық бақылау;

- созылмалы инфекциялық ауру түрлерімен және залалдану қаупі бар тұлғаларды анықтау;

- инфекциялық науқастарды ерте анықтап, изоляциялау, медициналық пунктте инфекцияның таралуын болдырмау шараларын жүргізу;

Созылмалы - бұл бірден жазылып кете коймайтын, емдік шараларды қолданып үнемі сақталып жүруді қажет ететін ауруларға қолданылатын термин.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Медициналық пункт (Медицинский пункт) - әскери бөлімнің (кеменің) медициналық кызмет бөлімшесі. Медициналық пункттер әскери кызметшілерге, денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемелері болмаған жағдайда жұмысшылар мен қызметшілерге амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған.

- егу профилактикасы мен шұғыл алдын-алу шараларын жүргізу;

- эпидемиялық ошықтары дезинфекция, дезинсекция, дератизация;

- санитарлық-ағарту жұмыстары.

Бұдан басқа медицина қызметінің басшыларының ұйымдастыруымен басқа да қызметкерлердің қатысумен жүретін эпидемияға қарсы шаралардың өткізілуіне қатысады. Оларға жататындар:

- аурулардың инфекциялық табиғи ошақтарынан жеке құрамның залалдануын ескерту шаралары;

- бөлімдер және бөлімшелерде инфекциялық аурулар туындағанда (аса қауіпті инфекциялар) немесе қарсылас БҚ қолданғанда изоляциялық-шектеу шараларды (обсервация, карантин);

- эпидемияға қарсы бағытталған санитарлық-гигиеналық шаралар.

ТЖ туындағанда инфекциялық ауру пайда болғанда міндетті түрде мына шаралар ұйымдастырылады және іске асырылады:

- инфекциялық ауруға күдікті науқастарды немесе азаматтарды ерте анықтап изоляциялау;

- инфекциялық ауруларды эвакуациялау және госпитализациялау;

- инфекция ошағын залалсыздандыру (дезинфекция, дезинцекция, дератизация т.б.);

- науқастар қатынаста болған адамдары анықтап, оларды бақылау немесе изоляциялау;

- инфекциялық ауру анықталған бөлімдерде алдын-алу заттарын қолдану (вакциналар, сарысу, антибиотик, сульфаниламидтер т.б.);

- пайда болған эпидемиялық ошақты инфекция көзі және оның таралуын анықтау үшін эпидемиялық зерттеу жүргізу;

- жойылған ошақтарды эпидемиялық бақылау.



Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы (ММКБ)

ММКБ – ның негізгі міндеті – зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

ММКБ көбінесе медициналық институттар, дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату институттары, ҒЗИ негізінде, ал кей кезде өз құрамында дәрігерлері – жоғары біліктілікті мамандары бар ірі клиникалық ауруханаларда құрылады.

Бригаданың буылып – түйілген арнайы дәрігерлік құрал – саймандары бар, олар автомобильге тиелген. Бригаданың негізгі жұмыс орны қалыпқа келтірілген ауруханалар мен сұрыптау – эвакуациялық госпиталдің (СЭГ) мамандандырылған бөлімдері және АҚМҚ бас ауруханасы. Алайда, зардап шегушілердің жаппай келіп түскен алғашқы тәулігінде, оларды алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды нығайту үшін уақытша жұмыс істеуге АДКЖ – ға жіберу мүмкін.

Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы (ММКБ)


5

отроирто


Фельдшер (медбике) - 2

Жүргізуші - 1

Бригада командирі Жеңіл

Аға дәрігер-маман -1 автомобилі - 1

Дәрігер – маман - 1


Ескерту: профильді, нейрохирургиялық, травматологиялық, күйіктік, токсико – терапевтік және басқалар ретінде құрылуы мүмкін.
Материалдық – техникалық қамтамасыз ету

  1. газқағар -5 6. Жеңіл автомобиль -1

  2. респиратор - 5 7.
    Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
    Жиналмалы жорық үстел -1

  3. радиохабар тарататын ауыспалы 8. Халат: қара -2

транзистрлік қабылдағыш -1 ақ -2

  1. Дара дәрі қорап АИ -2 -5

  2. Химияға қарсы дара пакет

ИПП-8, 8а, 10 -5
Ескерту: жергілікті жердің жағдайлары мен мүмкіндіктеріне байланысты қосымша керек-жарақтар.


Атауы

Саны

  1. Жеке құрам:

  2. Техника:

5

1

1   2   3   4


жүктеу 0.9 Mb.