Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"

жүктеу 1.16 Mb.



жүктеу 1.16 Mb.
бет9/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.16 Mb.

Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

MICROSOFT EXCEL КЕСТЕ ПРОЦЕССОРЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ.

MS EXCEL программасы электронды кестелерді өңдеуде және осы аймақтың тенденциясын дамытуда нарық лидері болып табылады. MS EXCEL программасының жаңа версиясындағы негізгі жетістігіне 3 өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді. MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді.

Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.

Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға файлдар –менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді; сұхбаттық терезелер - регисторлар; форматтауға арналған шарт белгілер;диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі. Жұмыс құжаттарымен жұмыс істеуге арналған процедураларды қарастырайық. Жұмыс парақтарын кестелер құру, стстистикалық бағалауларды есептеу, мәліметтер қорын басқару, диаграммаларды дайындау үшін қолданады. Оладың әрқайсысы үшін EXCEL программасы жеке құжат құрып, дискіде файл түрінде сақтайды. Файл өзара байланысқан жұмыс парақтарынан тұрады, олар 3 өлшемді құжатты құрайды. 3 өлшемді құжаттардың көмегімен пайдаланушы бірмезгілде бірнеше кестелермен, диаграммаларды тікелей пайдаланып, олармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады.

Жаңа үшөлшемді құжат әзірлеу. Жаңа құжат құру үшін меню қатарынан File –New директивасын шақырамыз. Экранға Book –2 құжаты шығады: EXCEL пограммасы жаңа құжаттарға Book атын және ағымдағы реттік номерді береді. Жаңа құжатты Құрал-саймандар тақтасындағы (Пиктографиялық тақта) 1-ші шарт белгісі арқылы құруға болады.

Құрал-саймандар (Шанцевый инструмент) - әскерлердің ұрыс кезінде жеке құрамның ор қазуға, фортификациялық құрылыстар, маневр жолдарын жасауға, көпір құрылысына және бөгеттер жасауға кажетті құралдар. Құрал-саймандар тасылуына байланысты жауынгерлердің пайдалануына қажетті үнемі өздерімен бірге алып жүретін шағын құралдар және әскери көліктік машиналармен алып жүретін көлемді құралдар (үлкен күректер, балта, лом, ара, киркомотыла) болып бөлінеді.



Жаңа жұмыс құжатын іске қосу. Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан File – Open директивасын шақыру керек. Сол сияқты Құрал-саймандар тақтасындағы шартбелгіні пайдалануға болады. Екі жағдайда да файлды іске қосу үшін Сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезеге диск және файл орналасқан директория көрсетіледі. Егер таңдау дұрыс жүргізілсе, онда сол жақты файлдар тізімі көрсетіледі, сол жерден керек файл атын таңдайсыз. Файл атын белгілегенде ол File name – жолында пайда болады, бұдан соң сұхбаттық терезені ОК – батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек.

Құжатты сақтау. Дайындалған құжатты алғашқы сақтау кезінде меню қатарынан File –Save as... командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде сақталатын файлдың атын, диск және орналасатын директорияны көрсету керек. Excel программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады- Book[ рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады. Файл атында келесі таңбаларды қолдану қолайсыз - #, $, %, ^,& . Excel программасындағы файлдардың кеңейтілулері - . xls, бұны өзгертуге болмайды. Барлық енгізулер аяқталғаннан кейін Ок-батырмасы баслады.

Резервтік көшірмелерді әзірлеу үшін, меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындап, ашылған диалогтік терезеде Options командалық батырмасын басып, келесі ашылған SaveOptions терезесінде Always Create Backup опциалық батырмасын басамыз. Сонымен енді файлды сақтау кезінде автоматты түрде резервтік көшірмелер жасалып отырады.

Резерв (лат. reservo - сақтаймын, жинаймын), Сақтық қор - тауарлардың, ақшалай қаражаттың, шетелдік валютаның, т.б. қажет бола қалған жағдайға арналған қосалқы қоры; пайдалануға аса қажеттілік туған жағдайда жұмсау үшін сақталатын ресурстар алынатын бастау көз, қор.



Құжатты автоматты түрде сақтау. Меню қатарынан Tools-Add-Ins командалар тізбегін орындап, Кеңейтілулер менеджерін шақырамыз. Ашылған терезеде AutoSave- опциясын іске қосамыз, содан Ок-батырмасы арқылы терезе жабылады. Бұдан кейін меню қатарынан Tools командасын орындағанда AutoSave диалогтік терезесі ашылып, онда құжатты сақтау интервалдарын көрсетеміз.

Мәліметтерді қорғау. Пароль енгізу үшін меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындаймыз. Ашылған сұхбаттық терезедегі Options командалық батырмасын пайдаланып, SaveOptions терезесі ашылады, бұл жердегі Protection Password-енгізу жолына жеке паролді көрсетуге болады, сонда файлды іске қосу кезінде осы пароль сұралады. SaveOptions терезесін жапқаннан кейін, Confirm Password терезесі ашылады, бұл жерде енгізілген пароль рассталады. Егер паролді Write Reservation Password – енгізу жолына жазсақ, файлды ашу кезінде осы паролді сұрайтын сұхбаттық терезе ашылады, бұл жерде паролді енгізіп н/е ReadOnly батырмасын шертеміз. Соңғы жағдайда файлды тек қана оқуға болады, дискіге сол атпен көшіруге болмайды.

Кестелік есептеулер. Формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі электрондық кестелермен жұмыс істеудің негізгі қасиеттерінің бірі. Бұл кестедегі сандық мәндерге статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.Ұяшықтарға енгізілетін формула “=” белгісінен басталып, ары қарай математикалық теңдіктер жазылады, олар аргументтерден, арифметикалық операциялардан және функциялардан тұрады. Формулалардағы аргументтер ретінде сандар және ұяшық адрестері пайдаланылады. Арифметикалық операциялар үшін келесі белгілер пайдаланылады: ; - ; * ; / .

Формулада сонымен қатар басқа жұмыс беттеріндегі ұяшықтарға немесе басқа файлдағы кестелерге сілтемелер кездесуі мүмкін. Орнатылған формулалар Менеджері пайдаланушыға үлкен кестедегі қатені, қате сілтемелерді табуға көмектеседі. Сілтеме қойылғанан кейін ол автоматты түрде жаңарады.



Диаграммаларды құру және көркемдеу. Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың бос бағаналарын көркемдейді. Excel -де жаңадан диаграммалар конструктары шыққан, онда «көрсетілімдік сапа» диаграммаларын құруға болады.Әдемі үштік диаграмма тек қана көзге көрнеклікке ғана емес документ сапасының жақсаруына мүмкіндік жасайды. Диаграмманың кестенің жанына орналастыруға болады немесе оны басқа жұмыс бетіне орналастыруға болады. Диаграммалар конструктары Excel программасында өте бір күшті құрылғы болып табылады. Диаграмманы тұрғызу көмегімен бірнеше қадамдар жасауға болады. Конструкторға кестенің ортасы диаграмманың типі, жазбасы және түсі көрсетіледі. Конструктор диаграммасын шақыру үшін негізгі тақтада пиктограмма берілген. Конструктор диаграммасы диаграмманың орналасқан жері туралы ақпаратты күтеді, сондықтан маус көрсеткіші пиктограмма формасын алады.

Тізімдерді өңдеу. Тізімдер біртекті деректер жиынмен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Тізім дегеніміз біртекті құрылғысы бар реттелген деректердің жиыны. Excel программасында тізімдер кестенің өңдеу операциясының арнайы бір түрі болып табылады; тізімдер – дерекқордың ішкі, жолдары немесе алаңдары (бағаналары) болып табылады. Автоматты фильтрлар анықталған бір тапсырма орындалуы кезінде ғана тізімнің бөліктерін шығарады.

Деректерді талдау. Excel программа үлкен тізімдерді талдау үшін арнай құралдар қарастырылған. Деректерді талдау деп – кесте деректері бағынатын, белгілі бір заңдылықтар мен тенденцияларды түсінетін әдістерді айтамыз. Excel программасының версиясына енген (Pivot Table) тірек кестесі тізім деректерінің өзара қатынасын талдауға арналған. Тірек кестесі, кесте конструкторы көмегімен қадам арқылы жасалады. Тірек кестесінің құрылымын интерактивті режимде алаңдар атын кестенің бір бөлігінен екінші бөлігіне ауыстыру арқылы өзгертуге болады. Тірек кестелерінен басқа Excel программа деректерді жиын арқылы талдау әдісі бар. Теңдеуді шешуді іздеу директивасы өте пайдалы, мұнда анықталған қатынасты қанағаттандыратын берілген алаң белгісі арқылы басқа белгілер табылады. Data менюінен Pivot Table директивасының диалог терезесінен тірек кестелерінің констуркторын ашыңыз. Бұл терезеде 4 қадам арқылы тірек кестесін құруға болады.Бірінші қадамда деректер түсуінің алыну көзін көрсету керек. Егер алынатын деректер тізімде бар болса, MS Excel List or Database селекторлық батырмасын басып, келесі қадамға Next батырмасы арқылы көшіңіз. Екінші қадамда тізім орналасқан жұмыс бетінің ортасын көрсету қажет. Мұнда құрылатын тірек кестесіне тізімнің бір бөлігі ғана қажет болса, тізімнің жарты бөлігін ғана беруге болады. Үшінші қадамда тірек кестесінің құрылымы беріледі. Алаңның оң жағында тізім атаулары орналасады, ал ортада – тірек кестесінің құрылымы ұсынылады. Бұл алаңда, жол, бағана дәне деректер алаңы бар болады. Кесте құрылымын беру үшін жолдар мен алаңдар дерегін маус көмегімен енгіземіз. Деректерге талдау жасалатын алаңдар аттарын Data деректер алаңына сүйретіп әкеліңіз. Жол аттары жазылады ROW-ға, және бағана аттары жазылатын Column-ға классификацияланатын алау аттарын беру қажет. Келесі қадамға өту үшін Next батырмасын басыңыз. Төртінші қадамда кесте құруға арналған бірнеше опцияларды беруге болады. Pivot Table енгізу алаңына Starttng Cele адресі көрсетіледі. Pivot Table Name енгізу алаңында кесте аты көрсетіледі.егер бақылау индикаторында Grand Totals for Columns және Grand Totals for Rows енгізу қажет, сонда тірек кестесінің әрбір жолы мен әр бағанында жалпы соммалар есептелетін болады. Тірек кестесі мен алынатын тізімнің арасында статикалық байланыс бар, ол тек кесте құрғанда ғана бар болады. Тізім деректерін өзгерткенде тірек кесте өзгермейді. Тізім мен кесте мазмұнын шығару үшін Data менюінен Refresh Data шақыру қажет.

Нег. әдеб.: 1, [160-203].

Қос. әдеб.: 31, [195-349].

Бақылау сұрақтары:

1.Презентация өңдеу этаптары.

2.Excel –де адресациялау түсінігі?

АЛГОРИТМ ҰҒЫМЫ. АЛГОРИТМ АНЫҚТАМАСЫ. АЛГОРИТМ ӨРНЕКТЕУ ЖОЛДАРЫ. ПРОГРАММАЛАУҒА КІРІСПЕ.

Алгоритм атауы атақты шығыс математигі абу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 ж) есімінің латынша Algorіthmі (Алгорит-ми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандармен ариф-метикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтін-діні табуға арналған амалдарды орындауға қа-жетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Алгоритмді орындаушының рөлін негізінен адам немесе компьютер, робот т. б. атқарады.

Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есептің шешу жолы, яғни орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі дәл болуы қажет. Берілген мәселенің шешу жолдарының түсініктілігін оның алгоритмінің түсініктілігі деп қарастырады. Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі әрекетте пайдаланылады. Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар тобын агоритм деп атайды.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.



Алгоритм анықтамалары

1. Алгоритм - алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып нақты нәтижеге қол жеткізетін шекті командалар тізбегін орындауда атқарушыға түсінікті және нақты нұсқаулар.

2. Алгоритм дегеніміз - берілген мәндерді пайдаланып қажетті нәтижеге жетуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.

3. Алгоритм дегеніміз - алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қойылған мақсатқа жетуге немесе мәселені шешуге (есепті шығаруға) бағытталған әрекеттердің орындалуын жүзеге асыратын атқарушыға түсінікті және нақты нұсқаулар тізбегі.

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен істейді. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатын командалдардың айқындалған тізбегі. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; беріл-ген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау т.с.с. Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни ол өзінің жадында сақтала-тын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп шығарады. Компьютер берілген тапсырманы орындауға дайын тұрған техникалық аспап болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет. Тапсырма жоғарыда айтылған жекеленген командалардан тұрады. Машинаға түсінікті түрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар жиынын да программа деп атауға болады. Программа – арнайы мәтін арқылы компьютерге тапсырманың ретті кезегін хабарлайтын ережелер мен нұсқаулар тізбегі.



Алгоритм қасиеттері. Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады: алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі тиіс – детерминділік қасиеті; оның модульдік қасиеті, яғни алгоритмді шағын бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет; алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек – нәтижелік қасиеті; бір типтегі (біртектес) есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс – жалпылық қасиеті.

Сандарды кәдімгі операциялардың көмегімен салыстыруға болады:



тең

=

x y=1.5

үлкен немесе тең

>=

x*x>=1.0

үлкен

>

2*x>x y

кіші немес тең

<=

t<=60.0

кіші

<

x y

тең емес

<>

t<>1.5

Бедербелгілік айнымалылар (жолдар) лексикографиялық тәртіппен салыстырылады: ‘a’<‘я’ ‘1’<‘2’ ‘мама’<‘папа’ ‘мам’<‘мама’ ‘2’> ‘11’.

Салыстырулар екі нәтижесінің бірі бере алады. ‘иә’ (ақиқат,true ) және ‘жоқ’ (жалған, false). Және бұл салыстырулардың нәтижесін ‘және’, ‘немесе’, ‘емес’ логикалық операцияларын пайдалана отырып, қисындастыруға (комбинациялауға) болады.

Массивтерді ішкі сұрыптау әдісін тура әдіс деп атайды, олар: қосу арқылы сұрыптау, таңдау арқылы сұрыптау, алмасу арқылы сұрыптау деп 3 жәй әдіске бөлінеді.

Массивтерді сұрыптау – бұл массивтің элементін берілген тәртіппен орын алмастыру. Ішкі сұрыптау деп - ЕЭМ –нің оперативті жадындағы кездейсоқ қатынау арқылы көмекші массивтерді қолданбай орындалған сұрыптауды айтады. Сұрыптаудың негізгі мақсаты – келесі іздеуді жеңілдету. Әдістерді шартты түрде алгоритмнің басты идеясына байланысты бөледі, ал олар алгоритмдердің тұтас отбасымен жүзеге асырылады.



Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді өрнектеу түрлеріне:

  • 1) табиғи тіл арқылы жазу;

    Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.



  • 2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер (псевдокодтар - жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;

  • 3) график жолымен (блок-схема арқылы) жазу;

  • 4) программалау тілдерінде жазу жолдарын жатқызуға болады.

Алгоритмді табиғи тілде өрнектеу компьютердерде қолданылмайды, өйткені онда дәлдік, нақтылық болмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен өрнектеу қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып кеңінен қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған программалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады. Алгоритмдерді график жолымен жазу, онан кейін оны программалау тіліндегі программаға айналдыру істері мемлекеттік стандартпен бекітіліп ақпарат өңдеу жұмысында кеңінен қолданылып келеді.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Алгоритмдерді график арқылы бейнелеу түсінікті, анық, көрнекті түр болып есептеледі. Тек оларды сызу көбірек еңбекті талап етеді. Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлекет-тік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Ол фигуралар немесе блоктар амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі орналасады.

Алгоритмдердің бірыңғай құрылымдары. Кез келген алгоритмді (программаны) блоктардың өзара байланысуына қарай төмендегідей үш түрлі басқару құрылымын пайдалану арқылы жазып шығуға болатындығы дәлелденген: сызықтық құрылым немесе әрекеттер тізбегі;тармақты құрылым немесе шартты тексеру;қайталау немесе циклдік құрылым. Осындай негізгі (канондық) құрылымдардан тұратын алгоритмді регулярлық алгоритм (программа) деп атайды, олардың бір ғана кіру нүктесі мен бір ғана шығу нүктесі болады. Осы үшеуі құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары, яғни құраушылары болып саналады. Программадағы кез келген операторды оның кіру нүктесі арқылы тауып орындауға болады. Мұндай алгоритмді – программаны басқару ісі жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Түсініктеме мәтін қосылған осындай программалар оқуға және түсінуге жеңіл болып есептеледі. Оператор–тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап, таңбасымен аяқталады. Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бірнеше операторлардан тұрады. Тармақты – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы. Төменде алгоритмдердің бірыңғай құрылымдарының схемалық бейнеленуі көрсетілген. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. P шартының мәні ақиқат (true) немесе жалған (false) бола алатын логикалық өрнек түрінде болады. Егер ол орындалса – ақиқат болса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса – екінші жолмен жүзеге асырылады,яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді.
Бұл құрылым толымсыз (қысқаша) түрде болуы мүмкін, онда логикалық өрнектің мәні жалған болғанда ешқандай әрекет орындалмайды. Тармақталу алгоритмдері "таңдау" және "аттап өту" мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген есептерді шығару кезеңінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер де жиі кездеседі. Осындай қайталап орындалатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін цикл деп атайды. Бірнеше рет қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану оларды кейіннен программаларда цикл операторы түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді: цикл-әзірше; цикл –дейін.Циклдер қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты екі топқа бөлінеді. Қайталану сандары алдын ала белгілі болып келетін циклдер тобы арифметикалық цикл болып есептеледі, ал орындалу саны белгісіз циклдер – қадамдық (итерациялық) цикл болып аталады. Практикада белгілі бір айнымалының сандық мәніне байланысты орындалатын арифметикалық цикл-дер жиі кездеседі. Мұнда арифметикалық прогрес-сияға ұқсас болып келетін циклдер ең қарапайым арифметикалық цикл болып табылады. Оны басқару қайталану кезеңінде прогрессияның заңына сәйкес тұрақты шамаға өзгеріп отыратын цикл параметрінің сандық мәнімен байланысты болуы тиіс. Цикл орындалуы алдында оның айнымалы аргументі – параметрі алғашқы мәнге ие болуы керек, сонан соң қайталау кезінде цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, ол алдын ала берілген ең соңғы мәнге дейін жетуі қажет.Алгоритм салуды және программаны жазуды жеңілдету үшін цикл алгоритмдерін "модификатор" немесе "цикл басы" блогын пайдалану арқылы жазылады

Қадамдық циклдер. Циклді орындаудың алдында, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда қадамдық циклдер пайдаланылады. Мұнда циклді жазу үшін тек қана "шартты тексеру" блогын қолдану қажет, ол циклді аяқтау үшін белгілі бір шартты тексереді. Қадамдық циклдердің схемасын сызғанда модификаторды (алтыбұрышты) қолдана алмаймыз, себебі алдын ала циклдің неше рет қайталанатыны бізге белгісіз. Таңдау – case ауыстырғыш (көп тармақты) құрылымы программалауды жеңілдететін мүмкіндік болып табылады. Таңдау құрылымы бірнеше мүмкіндіктердің біреуін ғана орындау кезінде өте қолайлы. Программа жұмысын басқару операторларын программаның басқарушы конструкциясы деп атайды. Олар: құрама операторлар; таңдау операторлары;цикл операторлары;көшу операторы болып бөлінеді.

Циклдік есептеу процесстерінде қабатталу деп аталатын циклдер жиі кездеседі.Сөйтіп, бір цикл басқа циклға енгізілген болады. Басқа циклдарды қамтитын циклдар сыртқы циклдар деп, ал сыртқы циклдарға кіретін циклдарды – енгізілген немесе ішкі циклдар деп атайды. Көмекші немесе бағынатын алгоритмдермен күрделі ұғым рекурсивті алгоритм ұғымы байланысты. Бұл алгоритм өзін өзі көмекші ретінде қолданады. Мұндай алгоритмдер математикалық алгоритмді және рекурсивтік табиғатқа негізделген деректердің көптеген құрылымдарында программалауда кеңінен қолданылады.



Рекурсивтік анықтамаматематикада жиі қолданылатын берілген нүктедегі ізделінетін функцияның мәні оның алдындағы нүктедегі мәні арқылы анықталатын функциялардың берілу тәртібі. Өз-өзіне ішкі программа ретінде қатынасатын ішкі программаны рекурсия деп атайды.Рекурсия қайтарылу деген сөзді білдіреді. Рекурсия – алгоритмдер теориясын және математиканың басқа бөлімдерін оқып үйренудегі функцияның анықталу тәсілдері. Бұл тәсіл арифметикада сандық тізбектерді (прогрессия, Фибоначчи сандары) анықтау үшін ертеден қолданылады. Рекурсия есептеу математикасында да маңызды роль атқарады (рекурреттік әдіс).

Рекурсия (лат.recursioкейін кайту) - дыбыс артикуляциясынын үшінші сонғы фазасы, яғни сөйлеу мүшелерінін дыбыс жасау позициясынан айрылып, бастапқы бейтарап калпына кайта оралуы.. Жалпы мағынасында рекурсия - элементтерін өзіне ұқсас түрде қайталайтын процестер.

Пизалық Леона́рдо (лат. Leonardo Pisano, Пиза, 1170 - 1250) - итальян математигі, Орта ғасырлардың ең мықты математигі болып саналады. Фибона́ччи деген лақап атымен көбірек белгілі (Fibonacci).

Есептеу математикасы (ағылш. numerical analysis) - математиканың есептеулер жүргізу мен ЭЕМ-дерді пайдалануға байланысты мәселелерді қамтитын саласы. Шағын мағынасында, есептеу математикасы - типтік математикалық есептерді шешудің сандық әдістерінің теориясы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Құрал-саймандар
  • АЛГОРИТМ ҰҒЫМЫ. АЛГОРИТМ АНЫҚТАМАСЫ. АЛГОРИТМ ӨРНЕКТЕУ ЖОЛДАРЫ. ПРОГРАММАЛАУҒА КІРІСПЕ.
  • Фибоначчи

  • жүктеу 1.16 Mb.