Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"

жүктеу 1.16 Mb.



жүктеу 1.16 Mb.
бет8/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.16 Mb.

Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

WINDOWS ОПЕРЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕСІ. ФАЙЛДАРМЕН ЖӘНЕ КАТАЛОГТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН КОМАНДАЛАР.

ІВМ РС типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады: 1. MS DOS,2. MS DOS – ортасындағы WINDOWS 3.1, WINDOWS 95, WINDOWS 98/NT, UNIX, OS/2. Осы аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығарылған WINDOWS 3.1 мен 1995 жылы шығарылған WINDOWS 95 өте таңдаулы және кеңінен қолданылады.

WINDOWS 3.1 операциялық қоршауы – Microsoft фирмасы DOS операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе.

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.

WINDOWS-тың кеңінен қолданылуы IBM PC – сәйкес компьютерлерінің стандарты болып табылады. WINDOWS файлдармен, дисклермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар WINDOWS ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді. 1985 жылы Microsoft фирмасы WINDOWS графикалық операциялар жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап WINDOWS-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол ІВМ тектес компьютердің стандарты болып табылады. 1995 жылы Microsoft фирмасы ОЖ-нің бөлінуі керек етпей жаңа WINDOWS 95 (графикалық интерфейсі) бар ОЖ ойлап тапты. Бұл ДК құрылығыларының модельдері 286 мен 386 лардың – 486, Pentium жаңа модельдеріне тез ауысуына мүмкіндік туғызды. Көрнекті көлемді қасиеттері және жақсы графикалық интерфейсі бар WINDOWS 95 – жаңа ОЖ, әлемге әйгілі Microsoft фирмасының мақтанышы. WINDOWS-тың сыртқы қарапайымдылығының астында ДК-дің мыңдаған санына арналған оңай және күшті операциялық жүйе тығылып жатыр.

WINDOWS 95 негізі болып – іске қосылған қосымшалар мен байланыс, жүйенің іске қосылуы мен оның графикалық интерфейсінің құрылуын қамтамассыз етіп программалық құрылғылардан тұратын ядросы жатады. WINDOWS 95-тің ядросы 3 деңгейден тұратын WINDOWS-тың алдыңғы версияларының жалпы құрылымын сақтап қалды. Өзінің жеке Kernel ядросы, GDI графикасының құрылғыларын және USER қосымшасымен қарым-қатынаста болатын құрылғылар. Бірақ та WINDOWS 95-ке бұл құрылғыларды екі есе арттыруға тура келді және оларды 16- разрядтағы мен 32 разрядта жұмыс жасайтын микропроцессорларға қолдануы тиіс болды.Кез-келген басқа программалық өнім сияқты WINDOWS 95-тің де өз плюстары мен минустары бар. Бұл оболочканың артықшылығы келесіде: файл концепциясының қалмауы, біріңғай программалық интерфейс, WINDOWS 95-тің көпесептілігі, әртүрлі басқа да құрылғыларды қолдауы, әртүрлі қосымшалар арасында деректер алмасу жеңілділігі, True Type шрифтерін қолдауы, мультимедианың құрамын қолдауы.

WINDOWS-тің тағы бір кемшілігі көпесептіліктің толық болмауы; Сонымен қатар WINDOWS 95-тің енгізу шығару жүйелері анағұрлым жаңсарға. WINDOWS-те дискмен жұмыс істеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлары бар. Енгізу шығару операцияларының жылдамдығын ақпараттарды тасу дискілері мен қарым-қатынасының жылдамдығы көп әсер етеді. WINDOWS 95 (жазы, санау, көшіру, файлды мен директорияларды жою) файлдың операцияларын орындау жылдамдығын кәдімгідей көтерген.

WINDOWS жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрай алды.Барлық файлдар дисклерде сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет).

Жұмыс столы. WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен белгіленген. Кез-келген жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан:

Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;

Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;

Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;

Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік;

Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;

The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;

The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) кнопкасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді. Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады. Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді. Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.

WINDOWS терезесі. WINDOWS-тың кез-келген терезесі экраның төрт бұрышты аймағы болып табылады. Трезенің жоғарғы бөлігінде тақырыптың аты бар жол (Title Bar) орналасқан. Тақырыптың аты бар жолдың ортасында терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау және ашу батырмалары бар. WINDOWS пен жұмыс жасағанда экранда 3 түрлі терезе ашылуы мүмкін: - программа терезесі (терезе аталуы). Программа терезесі екінші рет қайталап ашылатын терезелер мен сұраныстардан мынадай айырмашылығы бар: программа терезесінің жоғарғы жолының ортасында программа аты шығады, ал екінші рет қайталап ашылатын терезелерде – шығарылатын ақпараттың сипатталуы, сұраныс терезесінде - сұраныс аты шығады;программа терезесінің аты бар жолының төменгі жағында меню жолы орналасады; программа терезелерінде жинақтау батырмасы болады; программалар құрған қайтадан екінші рет ашылатын терезе; сұраныс терезесі (қосымша терезелер).

Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады.

Пункт - (лат. punctum - нүкте) - биржадағы бағаның ең аз ауытқуын көрсететін өлшем бірлігі. Әдетте, сыйлықақыны есептеу және биржа белгілеген бағадан шегеру үшін пайдаланылады. бір нәрсеге қатысты, бірдеңемен өзгешеленетін маңызды нақты орын; қандай да бір арнайы жұмыс өтетін ғимарат.

Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.

Жұмысты аяқтау. WINDOWS-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым диалогті терезесін ашады:

ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shut down the computer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restart the computer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MS DOS (Restart the computer in MS – DOS mode).Егер қандайда бір қосымшалар жабылмаған болса, онда WINDOWS өзі жабуға арналған диалогті терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды диске көшіріп жабу керек.

UNIX ОЖ. UNIX тораптық ОЖ-і көпшілік қолдануда 32 битті микропроцессорлық жүйе үшін өндірістік стандарт болып табылады. Бұл ОЖ ДЕС фирмасының микрокомпьютерлері үшін 70 жылдардың басында алғашқы рет ойластырылып шығарылған. Кейін басқа да компьютерлер мен ЭЕМ үшін кеңінен қолданыла бастады. UNIX ОЖ – қ тораптық жабдығы тораптарда қолдану үшін жобаланды. Уақытты үлестірудің мультипрограммалық жүйесі үшін кеңінен қолданыла бастады. Ол көптапсырмалығымен, көп қолданушылығымен ерекшелінеді. Бірнеше қолданушы әрқайсысы өздерінің терминалы бойынша компьютер ресурстарын пайдалана алады. Бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындай алады (мысалы, бір файлды редакциялай отырып, келесі файлды баспаға жіберіп отыру). Соңғы уақытта UNIX –тің түрлері өте кең көлемде көбейіп отыр (Мысалы, ХЕNIX; АIX, НР – UX, LUNIX) тағы бір түрі РАRIX ОЖ –процессорлардың үлкен санын басқарады- мәліметтерді паралелль өңдейтін UNIX –те каталогтарды бұтақ түрінде өңдеуге мүмкіндік бар.

БҰТАҚ - ағаш діңінің, өсімдік сабағының және тамырының тармағы.

Бұтақ түріндегі каталогтардың негізгі түпкі (корневой) каталог болып табылады және былай ‘/’ белгіленді. Барлық физикалық дискілер бүтін бұтаққа бекітілген, яғни файл орналасқан физикалық диск UNIX –тегі файлды спецификалау бөлігі болып табылмайды, осылайша физикалық диск, қысқаша айтқанда, файлдың толық атының бөлігі бола алмайды, әр файлдың өзінің иемденушісі және атрибуттары бар.

RWX RWX RWX типіне анықтама

Алғашқы RWX мұндағы R-оқу, W-жазу, X-оқу дегенді білдіреді.

Атқаратын қызметі; файл иемденушіге қатынас құру мүмкіндігін білдіреді.

Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) - 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.

2-ші RWX файл иемденушіге қатынас құру файл иемденушіге қатынас құру

3-ші RWX қалған қолданушыларға қатынас құруды білдіреді.

Файл аррибуттарын файл иемденуші немесе жүйелер администраторы ғана өзгерте алады. Файлды оқуға оның иемденуші ғана қақылы, файлға қатынас құруға басқа қолданушылар үшін тиым салынады. UNIX-тен файлдық нүктенің өзіндік қатаң құрылымы бар және әрбір каталогтың өзіндік қызметтері бар. Бұл каталогтардың атын өзгертуге, өшіруге болмайды. Түпкі каталогта (корневой) мынандай каталогтар қамтылады:

/bin -орындалатын файлдар

/dev- құрылғылар

/etc және /s bin жүйелік файлдар (жүйелік конфигурация)

/local немесе /home -қолданушылар каталогтары.

Файл аттары ‘/’ (СЛЭШ)-тен бөтен символдың барлығын қамтиды. ‘/’-каталог жолын көрсеткенде каталог аттарын бөліп тұрады. Жоғары және төменгі регистр әріптерінің өзгешеліктері бар.Жасырын (жүйелік) файл аттары нүктеден («.») басталады. UNIX-те дискінің бір аймағына бір жеріне немесе файлды сілтеу механизмі бар. Сілтеудің екі түрі бар: қатаң (жесткие) және символдық. Қатаң сілтемеде – бірнеше файл бір ғана бастапқы кластерге ие болмақ. Символдық сілтеме детекторы – берілген каталог жолын көрсетеді.

Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

UNIX-ОЖ сонымен қатар көптеген қызмет көрсету программаларын, яғни утилиттерді ұсынады, бұл басқа ОЖ-де жеке инструментальды программалық қамтама құрамында беріледі. Бұл утилиттер программалық қамтамаларды өңдеудегі әртүрлі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді (Бейсик, Паскаль, Си сияқты тілдердің редакторлары және компиляторлары). UNIX-ОЖ қолданушылық жүйе болғандықтан да онда жұмыс жасау үшін жүйесін администратор – адам немесе адамдар тобы, олардың утилиттері жүйе жұмысына жауап беру. Міндеттері: жүйені пайдалану ережесін орнату және қолданушыларды тіркеп отыру. Көп қолданушы қамтамасыз ететін жүйелерде барлық қолданушыларды тіркеу үшін ортақ кіріс ұйымдастырылады. Мұндай тіркеу процедурасы бірнеше минуттық қана уақыт алады. Тіркеу барысында қолданушыларға жүйеге кіру үшін ат береді, пароль белгілейді, қатынас құруға рұқсат беріледі, оған дискіде жеке каталог бөлінеді. Бір қолданушы жүйеге бірнеше атпен тіркеле алады. Қарапайым қолданушы өздігінен ресурстарды қамтып ала алмайды. Басқа қолданушының файлына қатынас құра алмайды. Жұмыстың алдында қолданушы өзінің атын хабарлай отырып, сонымен қатар пароль енгізу керек. Осы ақпараттардың нәтижесінде жүйе жүйенің кімнің қолданбақшы болып отырғанын анықтайды. Әрі қарай қолданушы өзінің аты мен паролін енгізу қажет. Жүйенің стандартты құрамы: File manager - файлдармен жұмыс программасы, Command Tool; Shel Tool - мәтіндік терминал эмуляторы, Text Editor - қарапайым мәтіндік редактор, Image Tool -графиктік вьювер (графиктік файлдарды қараушы), Audio Tool - қарапайым аудио редактор (дыбыстық файлдар үшін), Clock – сағат, Cflendar- күнделік, Calculator-үш режимі бар (каржылық, логикалық, инженерлік), Mail Tool- электронды поштамен жұмыс программасы, Performance Meter- Жүйе өнімділігін өлшеуші, SnapShot- экранды суретке түсіріп, түрлі форматта сақтайды, Icon Editor- пиктограммалар редакторы.

UNIX—те сонымен қатар қызмет программалары – утилиттер қамтылған: Refresh screen - экранды жаңарту, Lock screen - парольмен заставка қою, Work Station Info- жүйе жөнінде ақпарат шығару, Save Work Space - Жұмыс үстелінің құрамын есте ұстап қалу үшін, терезелер мен пикторграммалардың орналасуын сақтау.



Деректер құрылымы. Файл (типі, аты, орналасуы).Файл – бұл белгіленуіне қарай дискіде сақталатын және аты бар ақпараттар жиыны. Файлдың атын құрастыру ережесі және оны файлдық жүйеге біріктіру операциялық жүйеге байланысты, ал оның базалық модульі онымен жұмыс істеуге арналған.Файлдың аты екі бөліктен тұрады: меншікті аты және кеңейтілуі. Меншікті аты сегіз символдан аспайды және оған арифметикалық операциялар, пробел, қатынастар, пунктирлер жатпайды. Берілген дискіде сақталған файлдардың аттары, оның типі, өршемі, құру уақыты жайындағы мәліметтермен бірге каталогта (директория) орналасады.Каталогтың ішіне көптеген файл аттарын жазуға болады; каталогтың ішінде басқа каталогтар да болады. Бұл жағдайда оларды ішкі каталогтар деп атаймыз т.с.с. Сол себепті каталогтың иерархиялық құрылымы қалыптасады, оны каталогтар «бұтағы» деп атап оның түпкі каталогы ретінде ең негізгі каталогы алынады, ал бұтақтары ішкі каталогтар, бұтақ жапырақтары ретінде файл аттарын қарап кетуге болады. Әртүрлі каталогтарда орналасқан екі файл немесе екі ішкі каталогтардың аттары бірдей болуы мүмкін. Сондықтан дискідегі бір мәнді файл (каталог) идентификациясы үшін оған қатынас жасау жолын көрсетіп кету керек. Қатынас жолы диск атынан және ондағы каталогтар тізімінен тұрады; әр келесі кездесетін каталогтар алдыңғы каталогтың ішкі каталогы болып табылады. Бұл тізімдегі соңғы каталог ішінде ізднп отырған файлымыз орналасады. Бұл тізімдегі элементтер бір – бірімен қисық сызық (\) арқылы бөлінеді. Мысалы:

С:\QBASІC \ BASІC1 \qbasіc.ехе

С: \ QBASІC \ BASІC2 \qbasіc.ехе

Файлдың құрама аты (PATHNAME) файлға қатынас жолынан тұрады да, онда да файлдың толық аты болуы керек, сондай – ақ ол да дискідегі қандай атпен берілген бөлігін анықтай отырып құрылады. Каталог дискідегі керек файлды оның аты бойынша табуды қамтамасыз етеді. Дискіде анықталған аймақта орын бөлінеді, онда аранайы әрбір файлға арналған тізбектелген блоктардан тұратын файлды орналастыру кестесі орналасады. Бұл кесте әрдайым жаңартылып тұрады. Оны толығымен өшіру үшін дискіні форматтау керек.

Файлдармен жүргізілетін операцияларға оларды құру дискіден каталог бойынша іздеу, қарау, көшіру, атын өзгерту, жою жатады.

Нег. әдеб.: 1, [88-159].

Қос. әдеб.: 26, [65-121].



Бақылау сұрақтары:

1.ОЖ-ның керектігі? ОЖ қандай модулдерден тұрады?

2.Компьютермен жұмыс жасаған кезде жедел жадыда ОЖ-ның қандай модулдері болуы керек?

3.RОМ (ТСҚ) жадысы неге энергияға байлнысты және ОЖ-ні жүктемелеу кезінде оның атқаратын ролі?

4.ОЖ –ні жүктемелеу процесі қалай жүреді?
МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ. MICROSOFT WORD МӘТІН РЕДАКТОРЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ.

Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі.



Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері. Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының даму интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау түрлері көп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең көп тараған мәтіндік редакторлардың бірі WORD. Бұл WІNDOWS операциялық жүйесінің комерциялық қосымшасы болып табылады. WORD мүмкіншіліктері тек мәтін құрумен ғана шектелмейді. Ол одан да көп операцияларды жасайды. Бірақ бұл программалық қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек.

Word мәтіндік редакторын жұмыс істету үшін осы қосымшаның пиктограммасын басу керек. Осы пиктограммаға бару үшін Пускбасқышын басамыз одан, “Программы” менюін таңдаймыз одан “Mіcrosoft Word” пункті таңдалады. Қосымшамен жұмыс айақтау үшін тақырып жолының оң жағында орналасқан “Закрыть- Жабу” басқышын басу керек. Бұдан кейін қосымшаның жұмысы айақталады. Редакторланатын құжаттармен жұмыс істеп болғаннан кейін ол қосымшадан шыққыңыз келген жағдайда автоматты түрде оны сақтау керек па жоқ па жайындағы ақпарат шығады. Word терезесі негізінен терезе тақырыбы және терезе басқыштары, меню жолдары, инструменттер панелі, сызғыштар, айналдыры сызықшалары және жолдар күйінен тұрады.Бас меню немесе негізігі меню деп аталатын менюде келесі пункттер орналасқан, онда олар өзіндік мәндері бірдейлері бойынша біріккен. Кез – келген әрекеттер осы менюде орналасқан пункттер арқылы орындалатындығын есте сақтаған дұрыс. Меню пункттерінде біріккен қосымша пункттердің белгіленуі:

Файл” - файлдармен байланысты барлық операциялар соның ішінде баспаға шығару және беттер форматы;“Правка” - алмасу буферімен байланысты барлық операциялар соның ішінде жолдарды ауыстыру және өзгерту, сондай – ақ соңғы орындалған операцияларды қайталау немесе болдырмау;“Вид” - құжат варианттарын қарауға және оларға колонтитулдар беруге мүмкіндік беретін операциялар.



Вставка” обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар; “Формат” - абзацқа, шрифтке және форматтауға байланысты барлық операциялар;“Сервис” - тасымал, синоним, орфографиясын тексеруге арналған қосымша функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру;“Таблица” – кестелерді өңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар;“Окно - Word-тың екіншілік терезесіне байланысты операциялар, соның ішінде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде;“ ? ” - анықтамаға қатыстының барлығы.

Инструментер панелі ашылатын тізімдер және басқыштардан тұрады. Мәтіндерді форматтау және редакторлауға байланысты ең жиі қолданылатын функциялар инструменттер панелінде орналасады.Форматтау сызғыштарының белгіленуі беттегі мәтіннің орналасуын көрсетеді. Оның көмегімен оң және сол жақта берілген шегіністерді өзгертуімізге, қызыл жол беруімізге болады.

Форматтау аспаптар тақтасы абзац форматының нақты параметрін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.

Аспап - адамның күнделікті тіршілігінде қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.)

Ол үшін керекті абзацты ерекшелеп алып, батырманы аспаптар тақтасындағы керекті батырманы тышқанмен басу керек. Алайда бұл форматтау аспаптар тақтасының құралдар жиынтығы Абзац сұқбат терезесімен салыстырғанда шектеулі.


Жолдың екі шетін бірдей туралау жиі кездесетін форматтау түрі болып саналады. Мұнда жолдағы сөздердің арасындағы қашықтықтар бірдей болып орналасып, мәтін әрбір жолда ыңғайлы күйде бейнеледі.

Құжаттың атын өзгерткен сайын дискіде жаңа файл пайда болады. Әрине кейде құжат көшірмесі де керек шығар, дегенмен оның көптеген варианттарының көбінесе қажеті де болмас. Файлды толықтырып жөндеу кезінде оны әрқашанда бір атпен дискіде сақтасаңыз, оның барлық варианттары да осы бір файлда толықтырылып сақталып отырады. Бір ат арқылы ғана файлды сақтау – оның алдыңғы вариантын толық жойып, соңғы вариантын толық сақтау деген сөз.

Жолдардың арасындағы интервалдарды тағайындау. Интервал жолмен салыстырылып беріледі. Жол арасындағы интервал қаріп мөлшеріне байланысты автоматты түрде тағайындалады. Бірақ, өз қалауыңызша, оны өзгерте аласыз.

Көлденең сызғышты пайдалану.Көлденең сызғыш немесе белдеу абзац шеттерін тағайындаудың барлық түрлерін жүзеге асыра алады, оның үстіне жоғарғы сызық бойында сол мәндердің нәтижесі де көрініп тұрады. Қажет болса, сызғыш бойындағы маркерді керекті орынға жылжыту арқылы оның жаңа мәнін енгіземіз.Бұл тәсіл Абзац терезесінен ашқаннан гөрі әрі жеңіл, әрі жылдам. Бірақ маркер арқылы шегіністі өзгерту дәлдігі -0,25 см, ал терезе командасы арқылы өзіміз кез келген мәнді жылжыту аламыз.

Сызғыштың сол жақ, оң жақ шетінде үшбұрыш тәрізді маркерлер бар, оларды қалыңқылық маркерлері дейді, маркерлердің орнын ауыстыру тышқан көмегімен жүзеге асырылады.

Айналдыру сызықтары өзінің кішігірім нюанстар болмаса стандартты сызғыштардан өзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында кішкентай төрт басқыш орналасқан. Бұл басқыштар құжатты көру режимына жауапты. Ал вертикалды айналдыру сызықтарында біріншілік элементтерден басқа екілік үшбұрышты екі басқыш орналасады. Ол басқышқа басу арқылы экран бетін бір бетке төмен немесе жоғары жылжытуға болады.

Күйлер жолы экранның төменгі жағында күйлер жолы орналасады. Онда маңызды ақпарат орналасады, мысалы: ағымдағы бет; ағымдағы бөлім; ағымдағы бет/құжат бетінің жалпы саны. Курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді: құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы; жол; курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар. Келесі өрісте редакторлаудың ағымдағы режимі бейнеленеді. Сондай – ақ күйлер жолында басқыш функциялары мен меню қосымшалары жайында анықтама немесе ағымдағы операция шығады.

Контексті – тәуелді меню деп пайдаланушы қолданатын ең көп кездесетін командаларға қатынас жасайтын, тышқанмен кез келген жерде шақырылатын менюді атаймыз. Оны контексті – тәуелді деп атау себебі, тышқан қай обьектіні көрсетсе сол обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады.Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады:



  1. Құжаттың өзгермейтін бөлігін көрсететін, шаблонды файл құру

  2. Берілген құжаттың өзгеретін бөлігін сақтау базасы болатын, деректер көзін құру

  3. Дайын құжаттарды біріктігу

Шаблон – бұл сырт беті бір біріне ұқсас және көп көлемде құрылатын құжат үшін арналған негіз.

Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады:



  1. Кейінірек құжат шаблонына қойылатын стилдер жиынын қалдыру арқылы.

  2. Ескі құжат негізі арқылы.

Деректер көзі СЕРВИС менюінде болатын СЛИЯНИЕ командасының көмегімен құрылады. Деректер көзі кішірек деректер базасы болып көрінеді. Сериялы құжаттарда сервистік функцияларды қолдану үшін, соның ішінде жиі кезесетін мәтіндерді қою үшін сервистік функциялардың бірінің арнайы кодын көрсететін, қойылым полелерін қолдана отырып істеуге болады. Ондай кодтарды шақыру үшін Ctrl F9 басқыштарының комбинациясы қолданылады. Функция коды экран бетінен шығатын фигуралы жақша жұбына жазылады. Кодты өңдеу үшін курсорды фигуралы жақшаның ішіне орналастырып F9 басқышын басу керек.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ. MICROSOFT WORD

  • жүктеу 1.16 Mb.