Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"

жүктеу 1.16 Mb.



жүктеу 1.16 Mb.
бет7/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.16 Mb.

Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-сурет


Жеке компьютердің сыртқы құрамы. Сыртқы құрылғыларды перефиринді құрылғылар деп те атайды, яғни олар ЭЕМ-мен сыртқы әлем арасындағы байланысты жүзеге асырады. Сырқы құрылғылар компьютер аппаратурасына сыртқы құрылғыларды басқару құрылғылары деп аталатын арнайы контроллерлер арқылы қосылады.

Пернетақта. Басқару сигналдарын беру және компьютерге ақпарат енгізу үшін керек. Ол алфавитті–сандық пернелердің стандартты жиынтығынан, сондай–ақ басқарушы және функциональдық, курсорды басқару пернелері, кіші сандық пернелер деп аталатын қосымша пернелерден тұрады. 

Курсор — монитор экранында жарықша түрінде көрінетін символ. Ол перне тақтадан енгізілетін келесі белгі пояициясын көрсетеді.

Монитор — ақпараттың визуальды бейнесі көрінетін құрылғы (мәтін, кесте, сурет, т.б.). 

Принтер — баспаға шығару құрылғысы.Компьютерде кодталған ақпараттарды печатталған мәтін көшірмелері түрінде немесе графика түрінде шығаруды орындайды. Бірақ негізгі принтерлердің үш түрі бар:матрицалық, лазерлік және жылжымалы.Матрицалық принтерлер кіші тетіктер комбинациясын қолданады, олар бояғыш лентеларға ұрып отыру арқылы,символдарды қағаз батіне басып шығарады. Принтерде басылатын әрбір символ, тік қатарлар түрінде қалыптастырылатын 9, 18 немесе 24 ине жиынтығымен құрастырылады. Лазерлік принтерлер ксерокстар сияқты жұмыс жасайды. Компьютер өз жадысында мәтін бетінің “бейнесін” қалыптастырадыда, оны принтерге жібереді. Бет жайлы ақпарат электрлік қасиеттерін жарықтандыруға байланысты өзгертетін, жарық сезгішпен жамылған, айналып тұрған барабанға лазерлік сәуле арқылы беріледі. Жәй жылжымалы принтерлер сия нүктелері арқылы тізбектелген символдар түрінде генерацияланады. Принтердің баспаға беру тетігінің ұсақ каналдары болады.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.

Олар арқылы беттерге тез кебетін сиялар шашылады. Бұл принтерлер қағаз сапасын талап етеді. Түрлі – түсті жәй жылжу принтерлері 4 негізгі түстен тұратын сияларды араластыра отырып түсін құрады. Олар ашық көк, қып – қызыл, сары және қара.Принтер компьютермен принтер кабелі арқылы байланысқан. Ол кабелдің бір ұшы принтер тетігінің ұясына, ал екінші ұшы компьютер принетрінің портына қосылады. Порт – бұлсыртқы құрылғы мен компьютер процессорын қосады.

Плоттер (графқұрастырғыш) —компьютердің басқаруымен графтар, диаграммалар және суреттер салуға арналған құрылғы. Плоттер іс схемеларын, географиялық және метеорологиялық карталар, архитертуралық жобалар және күрделі конструкциялық сызбаларды алу үшін қолданылады.

Стримерқатты дискіден ленталы картридждерге деректерді жылдам көшіру үшін қызмет етеді.

Сканер компьютерге графикалық бейнелерді енгізу үшін керек құрылғы. Құжаттың цифрланған бейнелерін құрады да, оны компьютер жадысына апарып орналастырады.. Сканерлердің қолмен жасалатын түрлері, яғни құжат бетін қолмен домалату арқылы және планшеттік сканерлер сыртқы түріне байланысты көшіру машиналарына ұқсайды.

Модем — телефонның байланыс желілері арқылы алыс ара қашықтықтағы компьютердің деректерін жеткізу үшін арналған құрылғы. Компьютермен өңделетін сандық сигналдарды телефондық желі арқылы тікелей беруге болады.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Модем — дыбыс диапозонының айнымалы ток жиілігіне компьютердің цифрлық сигналдарын ауыстыруды орындайды.

Айнымалы - әріп түрінде немесе әріптер тобы түрінде программаға енгізілетін және уақыт, ұзындық, баға, түс және т.б. әр түрлі мәндерді қабылдайтын программадагы сандық шама; белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.

Бұл процесс модуляция деп аталады, сондай – ақ кері ауыстыруды да жасайды. Ол ауыстыруды демодуляция деп атаймыз. Модем сөзі осы модулятор/демодулятор сөздерінен шыққан.

Манипуляторлар (тышқан, джойстик.) — бұл курсорды басқару үшін қолданылатын арнайы құрылғылар.

Тышқан алақанға толығымен сиятын кішкентай қорап түріндегі құрылғы. Тышқан компьютермен адаптер арнайы блогымен кабель арқылы байланысқан және оның қимылы дисплей экранындағы курсордың қимылына сәйкес. Құрылғының жоғарғы бөлігінде басқарушы батырмалар орналасқан. Ол қимылдың басы мен соңын беруге, менюде таңдау жасауға көмектеседі.

Джойстик —бұл стержень – қалам. Тік күйден басқа жаққа ауытқуы манитор экранындағы курсордың өзгертілуіне сәйкес келеді. Әдетте компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде джойстикке басу датчигі орналастырылады. Бұл жағдайда пайдаланушы қаламға неғұрлым көп күш түсірсе соғұрлым дисплей экрандағы курсор тез жылжиды.

Трекбол —Корпустың жоғарғы бөлігіне орналастырылған шаригі бар кішкентай қорапша. Пайдаланушы шарикті қолмен жүргізіп отыру арқылы сәйкесінше курсорды қозғалтады. Тышқаннан ерекшелігі оған компьютер қасынан бос орын бөлудің қажеті жоқ, оны машина корпусына да орналастыруға болады.

Нег. әдеб.: 1, [18-28].

Қос. әдеб.: 24, [14-28].

Бақылау сұрақтары:

1.Компьютер архитектурасы дегеніміз не?

2.Қазіргі ЭЕМ- нің модулдік ұйымдастырылу принципінің мәні неде?

3.Магистраль дегеніміз не?



4.Қандай сыртқы құрылғылар енгізу және шығару құрылғыларына жатады?
ПРОЦЕССОРДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖАДЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЖАДЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Процессор жұмысының негізгі режимдарына қолданылған құрылғылар беріледі. Яғни бұл жағдайда болған элементтер баспа платаларында орналасады, олар арнайы ажыратылған кеңейтілген орындарға қойылады. Ол орындар жүйелі платада арнайы қарастырылған. Бұл қосымша платаларды негізгі жүйелік платаны – материндік, ал қосымша платаларды – дочерендік деп атайды.Дочериндік платаларда орындалатын функциялардан құралады, жиі контроллерлер немесе адаптерлер деп атайды, ол дочериндік платаның өзін кеңейтілген плата дейміз. Сол себепті тікелей материндік платада орналасқан компьютердің магистралының бөлек модульдеріне қосылатын, функциялық деңгейде контроллердің көмегімен жүзеге асырылады, ол программалық жүйеге асырылуы драйверлердің көмегімен жасалады. Контроллер процессордан келетін сигналды қабылдап, оны дешифрлейді, яғни сәйкес құрылығы осы сигналды дұрыс қабылдап, дұрыс жауап қайтара алуы үшін. Процессор оның орындалуына жауапты емес, оған сәйкесінше контроллер жауап береді, сондықтан ауыстырылатын сыртқы құрылғыларды және олардың модульдерының жиынтығын таңдау әркімнің өз еркінде. Сыртқы құрылғылардың көп бөліктері сырттан, жүйелік блоктық корпусында ажырайтын сәйкесінше контроллердің шығыс порттары арқылы оңай іске қосылады.Процессор арифметикалық және логикалық операцияларды, жадымен байланысты және сыртқы құрылғылар жұмысын келістіруді және басқаруды орындайды.Компьютердің жеке құрылымдардың арасындағы ақпарат алмасу, магистрал, құратын, үш көп разрядты шиналар көп проводты сымдар байланысы арқылы орындалады.

Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.

Олар деректер шинасы, адрестер шинасы, басқару шинасы модульдерімен байланысады. Шинаның разряды деректер беру шинасының биттерінің санымен анықталады: олар:

  • Жедел жадыдан деректерді жазу/оқу (жедел есте сақтау құрылғысы) – ОЗУ. (ЖСҚ);

  • Сыртқы сақтау құрылғыларынан деректерді жазу/оқу. ВУЗ (СЕСҚ);

  • Енгізу құрылғысынан деректерді оқу;

  • Шығару құрылғысына деректерді аудару.

Дерек алмасу кезіндегі абонент таңдауды процессор атқарады, яғни қарастырылған құрылғының адрес кодын қалыптастырады, ал ЖСҚ үшін жады ұяшығының адрес кодын қалыптастырады. Адрес коды, адрестік шина арқылы беріледі, және бұл сигналдар процессордан құрылғылармен бір бағытта. Басқару шиналары арқылы ақпарат алмасу сипаттамасын анықтайтын сигналдар, құрылғылардың өз-ара әсерін синхролизациялайтын ақпарат алмасуға қатынасатын сигналдар беріледі.

Компьютерлер процессоры. Негізгі сипаттамалары (адрестік аймағы, разрядтағы т.б.).

Процессор — бұл компьютердің негізгі құрылғысы. Ол микросхемалар корпусының арнайы қатынасына шығарылған адрес, деректер және басқару шиналар көмегімен сыртқы құрылғыларға қатынасады және жедел жадыда орналасқан программа командаларын орындайды. Процессордың міндетті компоненттеріне арифметика-логикалық құрылғы (АЛУ) – АЛҚ және басқару құрылығылары (УУ) – БҚ – жатады. Процессормен орындалатын командалар: арифметикалық әрекеттер, логикалық операциялар, басқарудың берілуі (шартты және шартсыз). Деректердің жадының бір орнынан келесі орынға ауыстырылуы және ЭЕМ-нің әртүрлі құрылғыларының байланысын координациялауды қарастырады. Процесстормен өңделетін командалардың төрт этапы бөліп айтуға болады: таңдау, қайта кодтау, орындау және нәтижені жазу. Жағдайға байланысты бірінші команда орындалып жатқанда, екіншісі қайта кодталады, үшіншісі таңдалады т.с.с.

Төртінші деңгейдегі орталық процессорының функцияларын микропроцессор (МП) - өте үлкен литегралды схема (СБИС) - ӨӨНС орындайды, ол 0,1 см2-тан кем, ауданда біріккен шарттыпроводниктік кристалда таратылған. Компьютердің жүйелік платада орналасқан МП моделін білу үшін, командалардың құрал-жабдықтарының қай класқа жататындығын білу керек. Микропроцессорлардың келесі сипаттамаларын айта кетуге болады: ақпаратты өңдеудің тактілік жиілігі, разрядтылығы,жүйелік шинаның интерфейстерімен;адрестік аймағымен.



Процессор разрядтылығы – процессорымен бір уақытта өңделетін биттерінің саны, яғни, МП негізгі өнімділік факторлары ішкі биттер разрядының санымен анықталады.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Процессор 8, 16, 32 және 64 разрядты болуы мүмкін. Компьютер процессорыменен бірлік уақыт ішінде өңделетін ақпараттардың көлемі, жылдам орындалуымен бірге разрядтылығыменен сипатталады.

Адрестік аймағы (жады адресациясы). Процессор функцияларының бірінің құрамына мәліметтер алмасу, және олардың сыртқы құрылғылар мен жедел жадыдағы алмасуды ұйымдастыруы жатады. Бұл кезде процессор құрылғы жадын қалыптастырады, ал ЖСҚ (ОЗУ) үшін жады ұяшығының адресін қалыптастырады. Адрес коды адрестің шинамен беріледі. Микропроцессормен жедел жадыда физикалық адресациялайтын көлем оның адрестік аймағы деп аталады.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Ол сыртқы шина адресінің разрядтылығымен анықталады. Шынындада, N – адрестік шинаның разрядтығы болсын, онда оған берілетін әртүрлі екілік сандардың мөлшері 2^ тең болады. Белгілі адрестік шина арқылы жедел жадыға процессор қатынас жасаған кезде берілетін сан ОЗУ(ЖСҚ) ұяшығының адресі болып табылады, яғни, 2м — бұл жедел жады ұяшықтарының саны. Оған адрестік шинаны қолдану арқылы процессор қатынасуынан болады, демек 2м — процессордың адрестік аймағының көлемі. Сонымен шина адресінің 16-, 20-, 24- немесе 32-разрядтылығына байланысты сәйкесінше 216 = 64 Кбайт, 220 = 1 Мбайт, 224 = 16 Мбайт, 232 = 4 Гбайт. Сондықтан процессор разрядтылығын мысалы: келесі жазылулар арқылы анықтауға болады 180386 — 32/32 үшін микропроцессор деректер шинасының 32-разрядтылығы және 32-разрядты шиналар адресін қамтиды, яғни микропрцессор бір уақытта 32 бит ақпаратты өңдейді және микропроцессордың адрестік аймағының көлемі 232 == 4 Гбайтты құрайды.

Ақпараттарды сақтау принциптері. Компьютер жадысы негізгі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің сыртқы жады құрылғылары компьютерді өшіргеннен кейінгі ақпаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді., өйткені оларда магниттік немесе оптикалық ақпаратты жазу-оқу әдістері қолданылады.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Бұл жағдайларда ақпаратты тасымалдаушы ретінде магниттік және оптикалық дискілер қолданылады. Негізгі жады кей кездері ішкі жады –деп те атайды, ол жүйелік блоктың ішінде орналасады.Ол кез-келген компьютердің міндетті құрама бөлігіне жатады., персоналды компьютерлерде материндік платада орналасады және электрондық микросхема түрінде таратылады. Негізгі жады тұрақты және жедел жадыдан тұрады.

Тұрақты жады немесе тұрақты есте сақтау құрылғысы — ПЗУ (Read only memory - ROM), — тек оқуға арналған жады. Жоғарыда айтылғандай ол электрондық схема түрінде таратылған және компьютердің бастапқы жүктемеленуі кезіндегі программаларды сақтау мен тораптарын тестілеу үшін қызмет етеді. Бұл жадының типін біз тұрақты деп атаймыз, өйткені мұнда жазылған ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін өзгермейді.

Жедел жады немесе жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ), процессормен орындалатын өңдеу операциялары кезінде өзгертілетін ақпараттарды өзгертуге немесе керек кезінде қолдануға болады. Бұнда сақталатын барлық ақпарат компьютер қосылып тұрған кезде ғана жадыда сақтауға болады. Құрылымдық түрде жедел жадыны сақтау үшінразрядтарға бөлінген және осы разрядтардың әрқайсысында бит ақпараттар сақтау үшін арналған жады ұяшықтарының жиынтығы ретінде қарауға болады. Сәйкесінше әрбір жады ұяшықтарына нөл мен бірден тұратын жиынтықтар жазылады немесе биттердің реттелген тізбектері компьютердің ақпараттық бөлігін бүтін ретінде қарайтын тиянақты – машиналық сөз. Машиналық сөз компьютердің типіне байланысты әртүрлі ұзындықта болуы мүмкін ( 8 ден 64 битке дейін) және жады ұяшығында кідіретін ең үлкен санды анықтайды. Байтпен өлшенетін архитектура кезінде ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігі ретінде байт алынады, бұл кезде машиналық сөз 2, 4-ке немесе 8 байтқа тең болуы мүмкін.Сәйкесінше компьютер жадысының көлемін Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, байтпен өлшеуге болады. Сондай-ақ жедел жадыда машиналық сөз тізбектері түрінде деректер және программалар сақталады. Кез-келген уақытта ұяшықтың кез-келген жерінен таңдау жасауға болады. Сондықтан бұл жадыны еркін таңдау жадысы деп те атайды RAM(Random Access Memory).

Мәліметтердің электронды тасымалдаушылары. Компьютердің видео жүйесі

XX ғасырдың аяғында ақпараттар ағымының көбеюіне байланысты оларды үлкен көлемде және ЭЕМ-нің пайда болуына байланысты ақпаратты тасымалдағыш, яғни ең ықшам түрде ақпараттарды көп уақытқа сақтау қажеттілігі туды. Қазіргі төртінші кезеңдегі компьютерлерде қолданылатын тасымалдағыштарға жұмсақ және қатты магниттік дискілер және СD-RОМ-дискілер жатады. Олар компьютердің сыртқы жадысының құрамын құрайды. Тасымалдағышқа ақпаратты жазу сондай-ақ оны іздеу, оқу және жедел жадыға орналастыру үшін қолданылатын құрылғыны жинақтағыш - деп атаймыз. Жазбаның негізіне ақпаратты сақтау және оқу үшін екі принцип болады: — магнитті және оптикалық. Олар компьютер өшкеннен кейін де, ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.



Магниттік дискілер (МД), олар қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Жұмсақ(ЖМД) дискіге 5,25 дюйм (133 мм) қазіргі кезде1,2 Мбайта ақпаратты сақтауға мүмкіндігі бар.

Қатты магниттік дискі немесе винчестер, әдетте дисководпен бірге жүйелік блок корпусына орналастырылады(сыртқа орналастыруға болады).

Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk) - қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы.

Кез-келген, магниттік алғашқы кезде жұмысқа дайын емес. Оны жұмысқа дайын күйге өткізу үшін, оны форматтау керек, яғни диск құрылымы құрылуы керек. ЖМД-үшін бұл магниттік таңбалармен белгіленген секторларға бөлінген магниттік топталған жолдар. Ал қатты МД немесе цилиндр-деп қарауға болады. Дискінің барлық жұмыс істеубеттерінде бір-бірінің үстіне орналасқан.

CD-RОМ (Сотрасt Dіsc Rеаd Оп1у Метоry) 3 Гбайт көлемге дейін игереді. Ақпаратты сақтау сенімділігіменен ұзақ төзімділігіменен ерекшеленеді. (Сапалы түрде қолданғанда 30-50 жылға дейін жұмысқа жарамды болуы мүмкін).Диск диаметрі 5,25, және 3,5 дюйм болуы мүмкін. Оқу және жазу принципі- оптикалық.Компакт-дискіден ақпараттарды оқу лазерлік сәулелердің көмегімен орындалады.

Магнитті-оптикалық дискілер. Мұнда магнитті және оптикалық жетістіктері ескерілген, оларда кемшіліктер жоқ. Магнитті-оптикалық дискілерге ақпараттарды тез жазуға және оқуға болады. Олар ЖМД- қасиеттерінің артықшылықтарының барлығын сақтай отырып,(бөлек сақтау мүмкіншілігі және компьютер жадысының кеңейтілуі сияқты). Магнитті оптикалық дискінің конструктивті құрамы қалың шыныдан төселген, үстінен мөлдір қорғайтын пластикамен сәуле шашатын алюминдік пленка және ферромагниттік тасымалдаушы жағылады, дискіге қапталады. Өте үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады.

Нег. әдеб.: 1, [29-59].

Қос. әдеб.: 24, [14-28].

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютер жұмысы кезіндегі процессордың атқаратын функциясы?

2. Дерек алмасу үшін абонент таңдау қалай жасалады?

3. Басқару шинасының рольі қандай?

4. Компьютер құрамына қандай негізгі блоктар кіреді?

5 . Компьютердің құрылуының модульдік принципі неге керек?



КОМПЬЮТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАРЫ

Бағдарламалық жасақтама — Бұл компьютерлермен қолданылатын барлық программалардың біріккен түрі, сондай – ақ әрекеттердің оларды құру мен қолдану бойынша барлық аймағы.  

Программалық қамтама сипаттамасы - программалық қамтама (ПҚ) кез – келген ЭЕМ-нің өте өажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай сәйкес программалардың көмегінсіз машинаға пайдалы қандай-да бір әрекет жасату мүмкін емес. Дербес компьютердің ПҚ-ның құрамына бөлек проблемалық аймақтарға бағытталған қолданбалы программалар мен қатар универсалды құрылғылар да кіреді.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Қазіргі уақытта ДЭЕМ-нің әр түрлеріне арнап оң мыңдаған программалар құрылған, олар келесі негізгі класстарға бөлінеді: 1. операциялық жүйелер;2. программалау жүйелері;3. қолданбалы программалар.

Операциялық жүйелер (ОЖ). Бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.ОЖ- қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.



ОЖ құрамы. ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады: базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды; командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды; сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады.

Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)

(әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше темпте өңдейді); қосымша сервистік программалар (утилиттер) — пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.

ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық (ДОС) деп атайды.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ны жүктемелеудің келесі этаптарын тізбектей орындау керек.

ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ- тұрақты жады, RОМ—Read only Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды (өйткені (RОМ) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.

ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.

ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына, процессор типі, сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Бұндай сапалы Mіcrosoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.);пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.



Программалар жүйесі. IBM PC- ге арналған он мыңдаған программалар бола тұра қолданушыға бұл программалар орындамайтын басқа нәрсе керек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа программа құратын программалау жүйелерін қолдануға болдаы. Бұндай жүйелер де әдетте компилятор болады, онда жоғарғы деңгейде программалау тілінде орындалатын программалар және программалар текстін аударушы, ішкі қажет программалар кітапханасын кейде әртүрлі қосымша программалар.

Компилятор (compiler; compiling programm - компиляциялаушы программа) - 1) жоғарғы деңгейлі программалау тілінде жазылған алғашқы программаны машиналық тілге (алгоритмдік тілдер, түсіндіргіш, аударғыш) түрлендіруді орындайтын компьютердің жалпы математикалық жасақтамасының құрамды бөлігі.

ІВМ РС сәйкес компьютерлерінде танымал программалау тілдеріне (Си, Си , Паскаль, Бейсик, Фортран және басқа) арналған программалау жүйелерінің түрлері бар, олар DOS, WINDOWS, WINDOWS 95 орталарында жұмыс жасайды. Программалау жүйесінің негізгі класы клиент – сервер құруға арналған қосымша болады.

Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Бұл жүйелер ақпараттар жүйесін үлкен өндірістерге арнап құруға бағытталған. Бұнда қолданушы интерфейсін құруға арналған құрылғылар, деректерді өңдеуде типтік жұмыстарды орындауды дайындау бар. Бұл жүйелер мен жұмыс атқарады.



Қолданбалы программалар. ІВМ РС- ге арнап әртүрде пайдаланылатын қолданбалы программалардың мыңдаған түрі құрылған.Келесі программалар кеңінен пайдаланылады: текст аудармашысы – компьютерде тексті (документті) дайындау; кестелі процессорлар – кестелі деректерді өңдеу; баспа жүйелер – типографиялық сапаты документтер дайындау; деректер қорын басқару жүйелері – ақпараттар массивін өңдеу; бухгалтерлік программалар – экономикалық белгідегі программалар, финансты талдау программалары, құқықтық деректер қоры, т.с.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

с; суреттер, анимациялар және видеофильмдер құруға арналған программалар; деректерді статистикалық талдау программасы – автоматты жобалау программалары; комплекс ойындар, оқыту программасы, электронды анықтамалар және сондай сияқты.

Документтер аудармашысы –әртүрлі шрифтарды қолдануды, сөздерді автоматты түрде келесі жолға көшіреді, суретті қосады, бетті автоматтытүрде нөмірлейді.

Кестелі процессорлармен жұмыс істегенде экранға төрт бұрышты таблица шығады, мұндағы клеткаларды сандар, түсініктеме текстер, белгілі бір есептеу формулары болады.Жаңаша кестелі процессорлар үштік таблицалармен жұмыс атқаруды, жеке енгізу және шығару формаларын құруды, макрокомандаларды автоматтандыру құрылғыларын пайдалануды, деректер қорымен байланысты көздейді.

Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) кең көлемдегі ақпараттар ағынымен – деректер қорын басқаруды қамтамассыз етеді. Бұл түрдегі ең қарапайым жүйелер компьютерде ақпараттардың бір ғана массивін өңдей алады. Олар енгізу, іздеу, жазбаларды сорттау, отчет құруды тағы басқа орындайды. ДҚБЖ-ның қиынырақ түрлері бір-бірімен байланысқан бірнеше ақпараттар массивімен жұмыс атқарады, мұнда әртүрлі қатынаста байланысқан объектілердің түрлері бар есептер қолданылады.

Графикалық редакторларкомпьютер экранында суреттерді редакциялау және құруды орындайды. Қолданушы сызықтар, қисықтар сала алады, экран аймағын бояйды, әртүрлі шрифтар арқылы жаза құрады және т.б. Көптеген редакторлар көмегімен бейнені өңдеуге, документке қосылған суреттерді сол күйінге шығаруға болады. Кейбір объектілер үштік объектілердің бейнесі алу мүмкіншілігін, түсте проффесионалды түрде өңдеуді қамтамасыз етеді Автоматты жобалау жүйесі (АЖЖ) – компьютер көмегімен әртүрлі механизмдерді құрастыруды және сызуды қолдайды.

Интергралданған жүйелердеректер қорын басқару жүйелерінің, кестелі процессордың, тексті аудармашының, графикалық жүйелердің және басқада мүмкіншіліктердің жұмысын атқара алады. Интергралданған жүйенің барлық компоненталары бір – біріне өте ұқсас келеді, соның арқасында оның жұмысы өтежеңіл.

Бухгалтерлік программалар - өндірістік қызметінің финансын талдау және есеп беруді дайындау, бухгалтерлік есепті енгізуге арналған.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

Бухгалтерлік есеп - кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі.

Кейбір бухгалтерлік программалар, бухгалтерлік есептің бөліктеріне автоматтауға арналған, мысалы: жалақыны есептеу, тауарлар есебі, складтағы материалдар есебін жүргізу тағы сондай сияқты.

Paіnt графикалық редакторы. Жәй және күрделі суреттер салу үшін Paіnt сурет салу құралын қолдануға болады. Бұл суреттерді қара – ала немесе түрлі – түсті етіп файл түрінде сақтауға болады. Салынған суреттерді баспаға шығаруға, басқа құжаттарға қоюға немесе жұмыс столының фоны ретінде қолдануға болады. Сондай – ақ Paіnt арқылы сканермен түсірілген фотосуреттерді көруге, өзгертуге болады. Paіnt - ты қолданған кезде негізгі келесі мәселелер орындалады: түзу сызық салу, горизонтальды сызық салу, вертикальды немесе еңкейген сызықтар салу, берілген аймақты белгілі бір түспен бояу т.с.с. Суретерді немесе обьектілерді айналдыру және көлеңкесін салу үшін Рисунок менюіндегі Отразить/повернуть командасын және Действие тобындағы варианттардың бірін орындау керек.

PowerPoіnt редакторы. Презентация құру. Презентация құру үшін бірінші кезекте оның анығырақ схемасын (құрылымын) тапсырыс берушімен келісіп алу керек. Тізбектей берілген кадрлар түріндегі құрылым ең ыңғайлы болып табылады.Бұл схема түріндегі құрылым негізгі үш блоктан тұрады.

  1. Басы. Сауда агенттеріне арналған презентацияларды товар жайындағы қысқаша ақпараттармен бастауға болады.

  2. Негізгі бөлім. Презентацияның бұл бөлімінде товар қасиеті, тағайындалуы және оның эксплуатациясы жайындағы сұрақтарға жауап беретін барлық ақпараттар болуы керек.

  3. Қорытынды бөлім. Мұнда оның таратылуы мен сатып болғаннан кейінгі көретін пайда жайындағы сұрақтарға тоқталуға болады да, содан кейін қорытынды ұйымдастырылатын сайттарға көшу керек.

  4. Презентация құру жұмысын тездету үшін арнайы дизайн шаблондары мен презентация шаблондары өңделген профессиональды түрде жасалған программа пакеттері бар, онда презентацияны безендіру үшін стандартты тақырыптар және дайын стилдер орналасқан.

Қабықша- программалар. Файлдармен жұмыс істеу үшін операциялық жүйенің командаларын пернетақтадан енгізіп отыру керек. Ол өнбейтін өте көп уақытты алады және пайдаланушының белгілі дағдысы мен білімі болуы керек екендігін талап етеді. Сонымен қатар көп вариантағы командалардың жазылу форматында оларды қолдану үшін білуіміз керек (немесе жазып отыру керек).

Формат (фр. format - формаға келтіру) полиграфияда дайын басылымның мөлшері (мысалы 170 • 260 мм) немесе баспа қағазының мөлшері (60x90 см); полиграфияда теру форматы терілген жолдың ұзындығы мен биіктігі; басу қағазының форматы - қағаз рулонының ені немесе парақ қағаздың ені мен ұзындығы.

Сондықтан қәзірігі кезде операциялық жүйенің командаларымен жұмыс істеу үшін қабықша программалары кеңінен қолданылады. Олардың ішіндегі ең белгілісі - NORTОN СOMMANDER. Оның көмегімен файлдармен және файлдар жиынтығымен жасалатын барлық операцияларды - іздеу, көшіру, атын өзгерту, жою сондай – ақ функциональды немесе енгізу, курсорды басқару пернелерін әйтпесе тышқанды қолдана отырып дайын тұрған программаларды орындауға болады. Сәйкесінше Экран бетіне дискідегі “бұтақ” каталогтарының бейнесін, ағымдағы каталогын ауыстыра отырып шығаруға болады, сонымен қатар файл мәтіндерін көріп оны жөндей аламыз. Ыңғайлы графикалық интерфейс шарттары, мұнда нысаналар мен командалар шарты графикалық символдармен (пиктограммалар) бейнеленеді және файлдық жүйені басқаруды жасайды.

Нысана - қарсыластың жойылуға белгіленген объектісі. Нысана кеңістікте орналасуына қарай жер үстіндегі, әуедегі, теңіздегі нысана, құрамына карай жеке (танк, ұшақ, кеме т.б.) және топтық, мөлшеріне карай - нүктелік, сызыктық, алаңдық; кызметіне карай

Wіndows – тің төтенше маңызды қасиеттеріне интеграцияланған мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер мен деректер басқару жүйесі (ДҚБЖ) арасындағы файл (деректер) алмасу мүмкіндігі болып табылады.

Нег. әдеб.: 1, [60-87].

Қос. әдеб.: 25, [30-56].

Бақылау сұрақтары:


  1. Қолданбалы программадан жүйелік программаның айырмашылығы?

  2. Файл дегеніміз не?

  3. Файлдық жүйе негізін түсіндір?

  4. Иерархиялық жүйе және түпкі каталог дегеніміз не?

  5. Папка мен каталог айырмашылығы?

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • ПРОЦЕССОРДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖАДЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЖАДЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
  • КОМПЬЮТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАРЫ
  • Дербес компьютердің

  • жүктеу 1.16 Mb.