Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"

жүктеу 1.16 Mb.



жүктеу 1.16 Mb.
бет3/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.16 Mb.

Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Компьютерлерде екілік жүйені қолдану ыңғайлылығы


Адамдардың ондық жүйені пайдаланатын себебі – олар өте ертеде санауды саусақтары арқылы жүргізген болуы тиіс, саусақтар саны 10 болған соң, ондық жүйені пайдаланған шығар. Бірақ адамдар басқа жүйелерді де пайдаланған. Мысалы, Қытайда адамдар көптеген кезеңдерде бестік жүйені пайдаланғаны белгілі.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.



описание: 0002

Сурет 1. Екілік жүйені шам арқылы жеңіл көрсетуге болады: шам жанса – 1, сөнсе – 0.

Ал компьютерлердің екілік жүйені пайдаланатын себебі – оның басқа жүйелерге қарағанда біраз артықшылықтары бар:



  • екілік жүйедегі сандарды екі тұрақты қалпы бар техникалық құрылғылармен бейнелеуге болады (2.1 сурет: шам жанып тұр – сөніп тұр, ток бар — ток жоқ, магниттелген — магниттелмеген, т.б.), ал ондық жүйе үшін он тұрақты қалып керек болады;

  • ақпаратты екі ғана қалыппен бейнелеу оңай, әрі сенімді, бұл тәсіл кедергілерге де төзімді;

  • ақпаратты логикалық түрлендіруде буль алгебрасын пайдалану мүмкіндігі бар;

  • екілік арифметика ондық арифметикадан әлдеқайда жеңіл орындалады.

    Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).



Екілік жүйенің кемшілігі — сандарды жазу кезінде разрядтар санының тез өсуі.

Компьютерде сегіздік және он алтылық санау жүйелерінің қолданылуы


Компьютерлерге ыңғайлы екілік жүйе адамдар үшін ыңғайсыз, оның разрядтары жылдам көбейеді және арифметикасы да басқаша.

Ондық сандарды екілік жүйеге және керісінше түрлендіруді машина орындайды. Компьютерді толық пайдалану үшін машина сөздерін түсіне білу қажет. Міне осы мақсатта сегіздік және он алтылық жүйелер қолданылады.



Сегіздік санау жүйесі. Сегіз цифр қолданылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. Компьютерде ақпаратты қысқаша түрде жазатын қосымша жүйе ретінде падаланылады. Сегіздік жүйенің бір цифрын жазу үшін екілік жүйенің үш разряды (триада) қажет болады (1 кесте).

Он алтылық санау жүйесі. Сандарды жазу үшін 16 цифр қолданылады. Алғашқы он цифр үшін 0 мен 9 аралығындағы цифрлар, ал соңғы алты цифр – латын әріптерімен бейнеленеді: 10–A, 11–B, 12–C, 13–D, 14–E, 15–F.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.

Он алтылық жүйе де сандарды қысқаша жазу үшін қажет. Он алтылық жүйенің бір цифрын жазу үшін екілік жүйенің төрт разряды (тетрада) керек болады (1 кесте).


Компьютердегі негізгі санау жүйелері 2.2 кесте


Екілік жүйе

(Негізі 2)



Сегіздік жүйе

( Негізі 8)



Ондық жүйе

( Негізі 10)



Он алтылық жүйе

( Негізі 16)









Триада







Тетрада

0

1


0

1

2



3

4

5



6

7


000

001


010

011


100

101


110

111


0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

A

B



C

D

E



F

0000

0001


0010

0011


0100

0101


0110

0111


1000

1001


1010

1011


1100

1101


1110

1111


Осы екі жүйедегі сандар ондық сандарға аздап ұқсас, ал екілік жүйеге қарағанда үш (сегіздік) және төрт (он алтылық) есе аз разрядтар санын қажет етеді, өйткені 8 бен 16 – екінің үшінші және төртінші дәрежелері.



Сегіздік және он алтылық сандар екілік жүйеге өте жеңіл түрленеді: олардың әрбір цифрын соларға сәйкес екілік триадамен (үш цифрмен) немесе тетрадамен (төрт цифрмен) алмастыру жеткілікті.

Мысалы:

537,18 = 101 011 111, 0012 ; 1A3,F16 = 1 1010 0011, 11112

5 3 7 1 1 A 3 F

Санды екілік жүйеден сегіздік немесе он алтылық жүйеге көшіру үшін сол санды үтірден оңға және солға қарай триадаларға  (сегіздік) немесе  тетрадаларға  (он алтылық) бөліп, әрбір топты соған сәйкес сегіздік (он алтылық) цифрмен алмастыру керек.

Мысалы:


10101001,101112 = 10 101 001, 101 1102 = 251,568

2 5 1 5 6

10101001,101112 = 1010 1001, 1011 10002 = A9,B816

A 9 B 8

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Компьютерде сегіздік және он алтылық санау жүйелерінің қолданылуы

  • жүктеу 1.16 Mb.