Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"

жүктеу 1.16 Mb.



жүктеу 1.16 Mb.
бет2/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.16 Mb.

Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Позициялық санау жүйелерінде бүтін сандарды жазу


Кез келген санау жүйесінде цифрлар мәндеріне сәйкес реттеліп орналасады: 1 – 0-ден кейін, 2 – 1-ден кейін, т.с.ж.

  Цифрды жылжыту деп оны өсу реті бойынша келесі мәнмен алмастыруды айтады.

1 цифрын жылжыту оны 2-мен алмастыру, ал 2 цифрын жылжыту оны 3-пен алмастыру, т.с.ж.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

Ең үлкен цифрды жылжыту (мысалы, ондық жүйедегі 9 цифры) оны 0-мен алмастыру дегенді білдіреді. Екі ғана цифры – 0 мен 1 ғана бар екілік санау жүйесінде 0-ді жылжыту 1-ді береді, ал 1-ді жылжыту 0-ді береді.

Кез келген санау жүйесіндегі бүтін сандар былай туындайды: 



Кез келген бүтін саннан кейінгі бүтін санды табу үшін сол санның ең оң жақ шеткі цифрын жылжыту керек; егер бір цифр жылжытылғаннан кейін нөл боп шықса, оның сол жағында тұрған цифрды жылжыту керек.

Осы ережеге сәйкес алғашқы 10 санды жазып шығайық

  • екілік жүйеде:    0,  1,  10,  11,  100,  101,   110,   111,   1000,   1001;

  • үштік жүйеде:    0,  1,   2,   10,  11,   12,   20,   21,   22,   100;

  • бестік жүйеде:    0, 1,   2,   3,   4,   10,   11,   12,   13,   14;

  • сегіздік жүйеде: 0, 1,   2,   3,   4,   5,   6,   7,   10,   11.

Компьютерде қолданылатын санау жүйелері


Ондық жүйеден бөлек негіздері 2-нің бүтін дәрежелері болып келетін санау жүйелері қолданылады, атап айтқанда:

  • екілік (0, 1 цифрлары қолданылады);

  • сегіздік (0, 1, ..., 7 цифрлары қолданылады);

  • он алтылық (алғашқы нөлден тоғызға дейінгі цифрлар үшін 0, 1, ..., 9 цифрлары, ал қалған оннан он беске дейінгі цифрлар ретінде A, B, C, D, E, F символдары қолданылады).

Осы санау жүйелерінде алғашқы 20 санды жазып шығайық:

2.1 кесте



10-дық

2-лік

8-дік

16-лық

0

0

0

0

1

1

1

1

2

10

2

2

3

11

3

3

4

100

4

4

5

101

5

5

6

110

6

6

7

111

7

7

8

1000

10

8

9

1001

11

9




10-дық

2-лік

8-дік

16-лық

10

1010

12

A

11

1011

13

B

12

1100

14

C

13

1101

15

D

14

1110

16

E

15

1111

17

F

16

10000

20

10

17

10001

21

11

18

10010

22

12

19

10011

23

13




Барлық санау жүйелерінің ішіндегі ең қарапайымы, әрі компьютерде техникалық жағынан іске асыруға ыңғайлысы екілік санау жүйесі болып табылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Компьютерде қолданылатын санау жүйелері

  • жүктеу 1.16 Mb.