Главная страница
Контакты

    Басты бет


Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"

жүктеу 1.16 Mb.



жүктеу 1.16 Mb.
бет1/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.16 Mb.

Курсы: ІІ табиғаттағы ақпарат түсінігі. Информатика пәНІ. АҚпараттың Өлшем бірліктері "Информатика"


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

НФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Мамандығы: «Емдеу ісі»

Курсы: ІІ

ТАБИҒАТТАҒЫ АҚПАРАТ ТҮСІНІГІ.

Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ. АҚПАРАТТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

"Информатика" (франц. informatique) термині француздардың information (информация) және automatique (автоматика) сөздерінен шыққан, оның мағынасы -"информациялық автоматика".

Информатика (Computer science, informatics) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Француздар (өзд. атауы - франсе) - ұлт, Францияның негізгі халқы. Франция мен оның иеліктерінде (Гвина, Жаңа Каледония, Реюньон, Француз Полинезиясы), Алжирде, Тунисте, Мароккода, Мадагаскарда тұрады. Француздардың ірі топтары АҚШ, Италия, Бельгия, Швейцария, т.б.

Ағылшын тілді елдерде оның орнына — "Сomputer science“ термині кең қолданылады, сөзбе-сөз аудармасы "Компьютерлік ғылым".



Информатика – компьютерді қолдануға негізделген, информация құрылымы мен оның жалпы қасиеттерін қарастырып, мәліметтерді дайындау, сақтау, іздеу, түрлендіру, жеткізу және оны әр түрлі қызмет баптарында пайдалану зандылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

 

Информатиканың негізгі қолданылу бағыттары :

  • есептеу жүйелері мен программалық жабдықтама-ларды жасау, даярлау;

  • мәліметтерді тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтау процестерін зерттейтін информация теориясы;

·   адамның интеллектуалдық еңбегін керек ететін ес-ептердің программаларын дайындауға арналған жасанды интеллект тәсілдері (логикалық қорытын-ды, оқыту, сөзді түсіну, бейнені қабылдау, ойындар);

Ойын (Игра; game) - 1) ойын теориясында - тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі. Антагонистік және антагонистік емес ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2) есептеу техникасында - белгілі бір ойын алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру, жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар) адамның компьютермен әрекеттестігі.

Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.

·   адамның интеллектуалдық еңбегін керек ететін есептердің программаларын дайындауға арналған жасанды интеллект тәсілдері (логикалық қорытынды, оқыту, сөзді түсіну, бейнені қабылдау, ойындар, т.б.);



  • жобаланатын жүйелер қызметін талдауға бағытталған және оған қойылатын талаптарды қарастыратын жүйелік анализ;

  • · машиналық графика тәсілдері, анимация, муль-тимедиа құралдары;

  • ·  телекоммуникация құралдары, оның ішіндегі бүкіл әлемді бірыңғай информациялық қоғам-дастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер (глобальные компьютерные сети);

  • · өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауда-ны, ауыл шаруашылығын, т.б.

    Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

    Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

    Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

    Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

    қоғамдық және шаруашылық қызметтер түрлерін қамтитын әр түрлі салалардағы жұмыстар.

Информатика үш бөліктен тұрады:

  • техникалық құралдар - компьютер аппаратурасы - Hardware (қатты бұйымы, сүйегі);

  • программалық құралдар – мәліметтер мен программалар Software (жұмсақ бұйымы, еті).

  • алгоритмдік құралдар – алгоритмдер мен оларды құрастыру тәсілдері brain-ware (brain — зерде, интеллект).

    Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)



Информация_мен_мәліметтер'>Информация мен мәліметтер

Табиғаттағы информация араласатын әрбір процесс сигналдар алмасуы арқылы қалыптасып, мәлімет түрінде бейнеленеді. Тіркелген сигнал-дар мәлімет құрайды. Мәліметтер әртүрлi тәсiл-дер көмегiмен өңделеді, түрлендіріледi, тасымал-данады және пайдаланылады. Мәліметтер мен оларға сәйкес тәсiлдер арасындағы өзара байла-ныс информация түсінігін құрайды.

"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін іnformatio сөзінен шыққан.

Информацияның әр түрлі салалардағы мағыналары

Информация (материалистік философия бойынша) – нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқылы айтылуы.

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.

Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық.

Информация – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Америка ғалымы – Клод Шеннон информацияны белгілі бір нәрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру (анық еместігін жою) деп санайды.

Информацияның қазіргі ғылыми мағынасын дәлірек анықтаған кибернетика "атасы" –   Норберт Винер болып саналады:
Информация — сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу.

Адамдар бір-бірімен хабарлар түріндегі информациямен алмасады. Хабарлар – информацияның тіл, мәтін, цифрлық мәліметтер, график, кесте түрінде бейнелену түрі.

Кесте (таблица; table) - мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет.

Бір информациялық хабар әр түрлі адамдар үшін әр түрлі мөлшерде мәлімет береді – ол адамдардың бұрынғы біліміне байланысты болады, олардың түсіну деңгейлері немесе осы мәліметке деген қызығушылығы бірдей емес.

Информация түрлері


  • мәтін, сурет, сызба, график, фотография;

  • жарық немесе дыбыс сигналдары;

  • радиотолқындар;

  • электр және нерв импульстері;

  • магниттік жазбалар;

  • ымдау, қимылдау түрлері;

  • иіс және дәм сезімдері;

  • организм қасиеттері мен белгілерін есте сақтап, ұрпақ бойынша таратып отыратын хромосомдар, т.б.

Информацияны тасымалдау

Информация хабарлар түрінде өзінің шыққан көзінен оны қабылдаушыға байланыс арнасы арқылы жеткізіледі, яғни тасымалданады. Осылай бір жерден алынған хабар кодтарға түрлендіріліп, тасымалдауға ыңғайлы сигналдар түріне келтіріледі.

Жазба, математикада - қисық сызықтың жазбасы - ұзындығы берілген қисық сызықтың ұзындығына тең болатын түзу кесіндісі. Мұндай кесіндіні іздеу қисық сызықты түзулеу деп аталады. Қисық сызықтың жазбасы деп кейде оның эвольвентасы түсініледі.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Сигнал байланыс арнасы арқылы оны қабылдаушыға жеткізіледі де, кодтар қайта хабарға айналдырылады (декодируется).  



Информация көлемін өлшеу

Қазіргі кезде хабар ішіндегі "информация мөлшері" (саны, көлемі) түсінігін анықтау үшін, оның жаңа немесе өзекті екендігіне онша көңіл бөлмей, объектіліер жайында біздің білім деңгейімізді толықтыратын теориялық көзқарастарды негізге алу қалыптасты.



Хартли және Шеннон формулалары
(Информация мөлшерін анықтау жолы)

Америка инженері Р. Хартли 1928 ж. информация алу процесін алдын ала берілген ықтималдықтары бірдей N шектеулі хабарлар ішінен бірін таңдау арқылы қарастыруды ұсынды. Ал таңдап алынған хабар ішіндегі I – информация мөлшерін N санының екілік логарифмі ретінде анықтау керек деп тапты.

   Хартли формуласы:   I = log2N

Мысалы, бірден жүзге дейінгі сандар ішінен бірін кездейсоқ түрде таңдап алу қажет болсын.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Логарифм (logos - қатынас және arіthmos - сан), N санының a ≠ 1 негізі бойынша логарифмі - N санын алу үшін а саны дәрежеленетін m дәреже көрсеткіші (Логарифм негізі), бұл logaN түрінде белгіленеді. Сонымен, егер am=N болса, m=logaN.

Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.

Хартли формуласы бойынша осы мысал үшін қандай информация көлемі керек екенін табуға болады: I = log2100 > 6,644. Бұдан дұрыс табылған сан жайлы хабардағы информация мөлшері шамамен 6,644 информация бірлігіне тең болатыны шығады.

Осындай есептер үшін екінші бір америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдап алу ықтималдықтары әр түрлі хабарлар жиыны ішіндегі информация мөлшерін анықтау формуласын ұсынды.

Шеннон формуласы:

I = - ( p1log2 p1 p2 log2 p2 . . . pN log2 pN),
мұндағы p
i — N хабарлар ішінен i нөмірлі хабарды таңдап алу ықтималдығы.

Бұл формула бойынша егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді.

Бұл екі формуладан басқа да ұсыныстар болған. Бірақ бір есте ұстайтын жайт – кез келген теориялық ұсыныс бастапқы алынған шарттарға қарай тек кейбір оқиғаларға байланысты ғана дұрыс нәтиже береді.

Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір  бит (ағылшынша bitbinary digit — екілік сан) бірлігін ұсынды.



Информация теориясында: Бит — ықтималдықтары бірдей екі оқиғаның бірінен бірін ажыратуға қажетті информация мөлшері.  

Есептеу техникасында командалар мен мәліметтерді компьютер ішінде бейнелеу үшін қолданылатын екі таңбаның ("0" мен "1“) бірін есте сақтауға арналған машина жадының ең кіші бөлігін бит деп атайды.

Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).

Бит — өлшеудің ең кіші бірлігі, сондықтан практикада одан үлкенірек өлшем бірлігі —  байт қолданылады. Байтқатар тұрған сегіз биттен тұрады. Компью-тер пернетақтасының 256 символдан тұратын таңбала-рының кез келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Информацияны байланыс арнасы арқылы тасымалдауда кед-ергілер (помехи) кездесіп, тіпті қосымша кодтар қосылып, сиг-налдар өзгеріске ұшырайды да, кейде тіпті оны қабылдаған соң, түсінбейтіндей жағдай болуы да мүмкін.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Сондықтан сигналды кедергілер енгізбей, дұрыс жеткізу жолдары қарастырылады
Бақылау сұрақтары:

  1. Информация дегеніміз не?

  2. Информацияны жазудың екілік жүйесі деген не? Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіз?

  3. Информацияның қандай түрлерін, қасиеттерін білесіздер?

  4. Информатика ұғымының анықтамасы. Информатика нені оқытады?

  5. Информатика неге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?

  6. Информациялық технология деген не және оның жаңа информациялық технологиялардан айырмашылығы неде?

  7. Информациялық процестер деген не?

  8. Дербес компьютер деп қандай компьютерлерді айтады?

  9. Ертеңгі күннің технологияларында компьютер программаларының атқаратын рөлі қандай?



САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ: ЕКІЛІК, СЕГІЗДІК, ОНДЫҚ, ОНАЛТЫЛЫҚ


Санау жүйелері — сандарды жазу мен оқу тәсілдері мен ережелерінің жиыны.

Позициялық және позициялық емес санау жүйелері бар.

Позиция (лат. posіtіo - орны, жағдайы, орналасқан жері) - Қандай да бір нәрсенің орны, орналасуы (мысалы, шахмат тақтасындағы фигуралардың позициясы); Шекті музыкалық аспаптың мойнындағы сол қолдың бір жерде тұрып, дыбыстардың белгілі бір кезектігін орындайтын орны; Классикалық бидегі қолды ұстап тұру мен аяқтарды қоюдың бұлжымас ережелері.



Позициялық емес санау жүйелерінде цифрдың мәні (санға қосатын мәні) оның сан ішіндегі позициясына байланысты болмайды. Мысалы, рим санау жүйесінің ХХХII (32) санындағы Х цифрының мәні ол қай орында тұрса да, онға тең.

Позициялық санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның сан ішіндегі позициясына – тұрған орнына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, 777,7 санында бірінші жетілік 7 жүзді, екіншісі — 7 ондықты, үшіншісі – 7 бірлікті, ал соңғысы — бірдің оннан 7 бөлігін ғана көрсетеді..

777,7 санының жазылуы мынадай мәндердің қысқаша жазылу түрі

700 70 7 0,7 = 7 . 102 7 . 101 7 . 100 7 . 10—1 = 777,7.

Кез келген позициялық санау жүйесінің негізі болады.

 


Позициялық санау жүйесінің негізі — осы санау жүйесінде сандарды бейнелеп жазу үшін қолданылатын цифрлар саны.

Санау жүйесінің негізіне кез келген натурал санды алуға болады – екі, үш, төрт, т.с.ж. Сондықтан, позициялық санау жүйелері шексіз көп бола береді: екілік, үштік, төрттік, т.с.ж. Негізі q болып келген санау жүйесінде сандарды жазу мынадай өрнектің қысқаша түрі болып табылады:

an-1 qn-1 an-2 qn-2 ... a1 q1 a0 q0 a-1 q-1 ... a-m q-m,
мұндағы  ai  — санау жүйесінің цифрлары;   n және m — берілген санның бүтін және бөлшек разрядтары сандары.
Мысалы:

Разрядтар 3 2 1 0 -1

Сан 1 0 1 1, 12 = 1х23 0х22 1х21 1х20 1х2 -1

Разрядтар 2 1 0 -1 -2

Сан 2 7 6, 5 28 = 2х82 7х81 6х80 5х8-1 2х8 -2

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ
  • ИНФОРМАТИКА
  • Информатик аның негізгі қолданылу бағыттары
  • Информатика үш бөліктен тұрады
  • Информация мен мәліметтер
  • Информация
  • Информация көлемін өлшеу
  • Хартли және Шеннон ф ормул алар ы
  • САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ: ЕКІЛІК, СЕГІЗДІК, ОНДЫҚ, ОНАЛТЫЛЫҚ
  • Позициялық емес санау жүйелерінде цифрдың мәні
  • Позициялық санау жүйелерінде әр цифрдың мәні
  • Позициялық санау жүйесінің негізі — осы санау жүйесінде сандарды бейнелеп жазу үшін қолданылатын цифрлар саны.

  • жүктеу 1.16 Mb.