Главная страница
Контакты

    Басты бет


Криминалистикалық маңызды ақпаратты «далалық жағдайда» бекіту үшін компьютерлік технологияларды пайдалану шукамановА. Б

жүктеу 95.87 Kb.



жүктеу 95.87 Kb.
Дата12.02.2020
өлшемі95.87 Kb.

Криминалистикалық маңызды ақпаратты «далалық жағдайда» бекіту үшін компьютерлік технологияларды пайдалану шукамановА. Б


УДК 495.12 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТЫ «ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА» БЕКІТУ ҮШІН КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ШукамановА.Б.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, г. Тараз Криминалистикалық маңызды ақпараттарды тіркеу үшін қылмыстарды зерттеумен шұғылданатын құрамалардың қызметінде ғылыми-техникалық құралдар кеңінен пайдаланылады.

Қылмыс- қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

“Далалық жағдайда” қылмыс орынын қараудың, сондай-ақ басқада тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ғылыми-техникалық құралдардың арнайы жиынтығы пайдаланылады. Бұлар қажетті орнына жалпы пайдаланылатын автокөлікпен жеткізілетін тасымал заттар және жеңіл автокөліктерге немесе микроавтобустарға орнатылған құрамалы заттар-жылжымалы криминалистік лабораториялар болуы мүмкін (ЖКП). Демек, сөз мобильдік жиынтық заттар туралы болып отыр. Р.С. Белкин тергеушінің мобильдік ғылыми- техникалық жиынтық заттармен жарақаттануының “Жоғарғы” және “Төменгі” шекараларын бөліп көрсетеді. Бұл жағдайда “Төменгі” шекарасы болып олардың әмбебеп типтегі құрал жабдықтармен, ол “Жоғарғы” – жылжымалы криминалистикалық лабораториялармен қамтамасыз етуі болып табылады 1.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Бірінші және екінші жағдайда да жедел топтардың қызметкерлерінің жоғары өнімділікпен іздестіру және оқиға болған жағдайды бекіту және басқа тергеу әрекеттерін жүргізуде қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Ғылыми-техникалық құралдардың жиынтығын криминалистикалық маңызды ақпараттарды анықтау және бекіту мәселесінде жаңадан қойылып отырған жоқ. Олар үнемі қылмысты ашумен шұғылданатын тәжірибелі қызметкерлердің және басқа мемлекеттердің ғалым криминалистерінің көз алдында отыр.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Сонымен қатар бүгінгі күні қолданылып отырған ғылыми – техникалық құралдарды қазіргі заманғы тергеу тәжірибесінің талаптары мен барлық мүмкіндіктеріне жауап береді деп айту қиын. Бүгін қылмысқа қарсы күресте ғылыми-техникалық құралдардың ең жетілдірілген түрлерін пайдалану қажет. Ғылыми- техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі олар заңда қаншалықты реттелгеніне, қаншалықты жетілдірілгеніне және дұрыс реттелгеніне, оларды қолданатын адамдардың кәсіби дайындығы деңгейіне байланысты.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Соңғы жылдары ғылым мен техниканың көптеген салаларында, сондай-ақ құқық қорғау қызметінде күнделікті тәжірибеде компьютерлік бағыты өріс алып отыр. Қазақстанның бірқатар заңдары халық-шаруашылығының жекелеген салаларын және қоғамды бүтіндей ғылыми-техникалық потенциалы қазіргі заманғы компьютерлік және телекомуникациялық техникалар болып отырған ақпараттық технологияның нысандарына белсенді көшіруді атап көрсетеді.

Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)

Құқық қорғау қызметін ақпараттандыру мәселесі, оның ішінде криминалистикалық маңызды ақпараттарды жинақтау және өңдеу үнемі криминалист – ғалымдардың назарында болып келеді. Мысал ретінде бір топ ғалымдардың пікірлерін келтіре кетейік: “алдағы уақытта электрондық технология саласындағы қазіргі жетістіктер негізінде тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын ерекше жаңа техника - криминалистикалық құралдар жасап шығару қажеттілігі туады. (1-ші кезекте оқиға болған жерді қарау және ауыр қылмыстарға күдіктілерден сұрақ алу) Осы мақсаттарда криминалисттік маңызды бейне және дыбыс жазба ақпараттар мәліметтерін жинақтайтын автоматтандырылған банк қажет. Бұл жерде тергеу әрекеттер барысында криминалистикалық маңызды ақпараттарды бекітуді жүзеге асыратын адамдарды ғылыми – техникалык құралдарын жарақтандыру мәселесінде принципті жаңа концепция туындайды.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Бұл мәселені кешенді жүзеге асыру көптеген ғылыми- техникалық құралдарды жиынтығын анықтауды, сондай-ақ, оларды пайдалануға байланысты бірқатар ұйымдастыру және тактикалық сұрақтарды шешуді қажет етеді. Кейбір ғылыми-техникалық (ҒТҚ) құралдарды жиынтықтар құрамына кіргізу мәселесін шешкенде олардың тактико-техникалық мінездемелерін ақпараттарды өндеу жылдамдығы мен сапасын қамтамасыз етуін, оларды байланыс каналдары мен беру мүмкіндіктерін, сондай-ақ процессуалдық нысандардың сақталуын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл жиынтықтар құрамына ақпараттар мен оқиға жерінде және оны анықтауда жұмыс істейтін ғылыми-техникалық құралдар, сондай-ақ қазіргі мобильдік байланыс құралдары енуі қажет.

Тактика (грекше taktiks - әскерді сапқа түрғызу өнері tasso - сапқа түрғызамын, қатарластырамын) - экономикалық (мысалы, несие-қаржылық, бәсекелік), әлеуметгік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер; іс-қимыл желісі.

Байланыс құралдары (орыс. средства связи) - ұрыста бір жақты не екі жақты байланыс орнатуға арналған техникалық құралдар: радио, радиорелелік, сымды, жылжымалы және сигналдық құралдар, сондай-ақ байланыс ұшақтары мен тікұшақтар.

Осы жағдайда компьютерлік технологиямен ақпаратты анықтаудан бастап кінәлау қорытындысын құрастыруды бекіту немесе тіпті сот үкіміне дейінгі циклды үздіксіз өңдеу мүмкіндігін туындайды. Бұрын атап көрсетілгендей компьютерлі технологиялар бүгінгі күні тергеушілер тараптарынан тергеу әрекеттерінің хаттамасын және басқа құжаттарды жиі қолданып жүр. “Қазтелекомның” Қазақстан ІІМ–ң ішкі компьютерлік жүйесінің қызметін пайдалана отырып, тергеуші кабинеттен шықпастан –ақ автоматтандырылған мәліметтер банкісінен өзін қызықтыратын мәліметтік ақпараттары бар құжаттарды ала-алады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Дайындалған құжат оның жұмыс орнында тікелей компьютер арқылы алынғандықтан, оның электрондық көшірмесін сақтаудың нақты мүмкіндігі бар, дәлірек айтқанда тергелген істің электрондық көшірмесі қалыптастырады. Тергеудің осылай ұйымдастыруда компьютерлік технологияда кабинеттен тыс жүзеге асырылатын басқа да тергеу әрекеттерін және қорытындыларды тіркеу үшін сирек қолданылады. Демек, компьютерлік технологиялық “далалық жағдайда” криминалистикалық маңызды ақпаратты бекітуге пайдалану ақпаратты компьютерлік өндеу циклында үздіксіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді және осы негізде зерттеу процесінің ақпараттылығын арттырады. Сонымен қатар, қылмыстық істің электрондық толық көшірмесін оларды қатты көшірмелерін керегінше алу мүмкіндігі айыптылаушылармен оларды қорғаушыларды көп эпизодты күрделі істердегі айыпталушылардың санының көптігіне қарамастан, олар іспен таныстыру мерзімін қысқартуға оңды әсер етеді.

Айыпталушы - қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам.

Сонымен қатар, қылмысты істердің электрондық көшірмелерін СД оптикалық дискілеріне жазып алу мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттарды шектеусіз уақыт ішінде олардың жойылып кету қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып сақтауға мүмкіндік береді. “Далалық жағдайда” жұмыс жүргізетін шұғыл тергеу тобының ғылыми-техникалық құралдармен қамтамасыз етуін Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Жамбыл облысында, сондай-ақ СКҒЗО құрамаларында және тергеу прокуратураларында анықтау мақсатында жиынтық құралдардың мазмұнына талдау жасадық.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Бір мезгілде ақпараттармен жұмыс жүргізуде құқық қорғау органдарының құрамаларында қызметкерлер пайдаланатын қазіргі компьютерлік техника-құралдарын зерттедік, сондай-ақ болашақта тиісті жиынтықтарғы енгізілетін ғылыми-техникалық құралдары зерттелінді. Талдау барысы көрсеткендей ведомоствалық бағыныштылық және топтастыру жеріне қарамастан барлық мобильдік жиынтықтар жобамен бірдей құралдар және құрал –жабдықтармен қамтылған. Тергеу әрекеттері барысында қолданылатын құралдарымен әдістері екі топқа бөледі: а) түрлі іздермен объектілерді анықтауға және зерттеуге арналған; б) нақты мәліметтерді бекітуге. Біз осы көзқарасты қолдай отырып міндеттері бойынша ғылыми-техникалық құралдарды ақпараттарды анықтау және бекітуді екі топқа бөлуге болады: 1 топ: криминалистикалық маңызды ақпараттатарды жеткізушілерді объектілердің консервациялауға, сондай-ақ оларды материалдық нұсқасын құруға бағытталады. Бұл құралда бекітудің техникалық жағын қамтамасыз етеді. 2 топ: арқылы құжаттарды, хаттамаларды және оларға қосымшаларды әзірлеу шарттарын құрайды және бекітудің процессуалдық жағын қамтамасыз етеді. Ғылыми-техникалық құралдарды жетілдіру процесін байқай отырып “техникалық бекіту” тобына ең жетілдірілген құралдары мен материалдардың жататындығын байқау қиын емес. Олардың құрамы жалпы ғылыми-техникалық құралдардың дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бұл қозғалысты Р.С. Белкин былай деп көрсетті: «Тергеу және жауап алу органдарындағы техникалық жарақаттану деңгейінің өсуіне байланысты, жалпы, тиісінше жалпы мақсаттағы құралдардың құрамында техникалық криминалистикалық құралдардың ассортименті арта түсті» [2].

Ассортимент (фр. assortiment) - өндірісте - шығарылатын бұйымдар түрі; саудада - бұйымдардың түрлері және сорттары. Ассортимент дегеніміз - белгілі бір белгі бойынша жинақталған тауарлар жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді.

Жара - механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ Жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.

Бірден келісіп алайық: бірінші топтағы құралдар қазіргі кезеңде тергеу тәжірбиесінің мұқтаждарын қанағаттандырады, әрине кейбір ғылыми-техникалық құралдары және материалдар жетілдіруді қажет етеді. Бұл өзінше зерттеуді қажет етеді. 2-ші топтағы құралдардың мағынасы ұзақ уақыттар өмір сүргенімен өзгеріссіз қалуда. Хаттаманы құрастыру немесе басқа құжаттарды дайындауда тергеуші қазірде қарапайым бланкілерді, сызғышты қаламсап пен қаламды қолданады. Басқаша айтқанда, техникалық ілгерілеу 2-ші топтағы құралдарға шын мәнісінде қатысты болмады. Бүгінгі күні 2-ші топтағы құралдарды тиісті технологияны және қазіргі компьютерлік техниканы қолдана отырып жетілдіруге болады. Компьютерлік технологияны бекіту үшін пайдалану құжаттарды дайындаудағы уақытты қысқартуға мүмкіндік береді, ал графикалық немесе вербальды нысанда бекітілетін ақпарат құрамдас бір құжат ретінде және әртүрлі құжаттарда жеке орналасады. Біздің тарапымыздан криминалистикалық маңызды ақпараттары “далалық жағдайда” өндеуден өткізу және бекіту барысын қамтамасыз етудегі ғылыми- техникалық құралдармен біріктіріле жұмыс істеудің түрлі жолдары қарастырылды. Жиынты құралдар “Moйе Вook” компьютермен, санды фото және бейнетаспалардан, микрофоннан, портативті принтерден, сондай-ақ байланыс құралдардан тұрады. (радиомодем, радиоұзайтқыш және т.б.). Осындай жиынтық құралдарды жинақы болғандықтан қарапайым “Дипломат” портфеліне орналастыруға болады. Радиомодем шұғыл байланысты қамтамасыз етеді, тергеу тобының жетекшісімен және басқа да қызметтермен байланысты тұрақты ұстайды, дер кезінде кеңестер алып отырады, сондай-ақ, әртүрлі объектілерге қатысты ақпараттарды тексеру үшін жіберіп отырады. Мысалы: қарау барысында анықталған қолдың ізін көшіріп алып олардың электрондық бейнелерін түсіру үшін сол сәтте тиісті СКҒЗО құрамасына жібереді. Оң қорытынды берілген жағдайда қылмыскерді “ізбе-із” іздестіруге ұйымдастыруға болады.

Қылмыскер- қылмыс жасаушы адам, яғни мемлекеттің қылмыстық заңында қылмыс деп көрсетіліп, жаза белгілеу арқылы тыйым салынған әрекеттің жасалуына кінәлі адам.

Осы мезгілде жауаппен қоса, қылмыскердің бейнесі туралы қосымша ақпарат алуға болады. Тікелей болған жерге оның фотобейнесін ол туралы кейбір мәліметтерді беруге болдаы. Бұл оны толық анықтауға және ұстауға мүмкіндік береді. Компьютер қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті дыбыстық картаны пайдалана отырып дыбыстық файл құрастырылады, бұл жағдайда ол магнитафон міндетін атқарады. Осы жағдайда қарауды жүзеге асыру үшін шағын жиынтық туралы емес, тергеушінің немесе жедел топтың мобильдік автоматтандырылған жұмыс орыны туралы айтқан жөн. Жинақталған құралдарды пайдалана отырып, қарауды жүзеге асыратын адам хаттаманың мәтінің мәтіндік редакторды құрастырады, ал көрнекті кескіндерді, сандық фотосуреттерді оқиғаның тіркелген элементтерімен қоса, объектіледің суреттеріне түсініктеме беретін жерінде тікелей хаттаманың мәтініне енгізіледі. Осындай жағдайда хаттаманы құрастыру полиграфияда баспаны жүзеге асыру сияқты беттеледі (хаттаманы және оның қосымшаларын құрастырудың нақты әдістері екінші бөлімде айтылған).

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

Полиграфия (поли… және …графия)- мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы. Полиграфияның негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 - 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды.

Жаңадан дайындалған құжаттар мобильдік принтер тікелей оқиға болған жерде басылады және куәлардің, тергеушінің және басқа қылмыстық әрекетке қатысушылардың қолдарымен расталады. Бекітудің суреттелген тәсілі, біріншіден бекітілетін материалдың жоғарғы ақпараттық деңгейін қамтамасыз етеді, екіншіден процессуалдық нысандардың сақталуына шарттар жасайды және кепілдік береді. Бұл сұрақты пайдалану орнына арнайы автокөліктермен жеткізілетін ғылыми-техникалық құралдардың мобильдік құрамына назар аудармай шешу мүмкін емес. Жылжымалы криминалистикалық лабораторияның құрамына кіретін құралдар әдетте тасымалды түріне қарағанда әлде-қайда кең техникалдық құралдардан тұрады. Көп жағдайда олар қосымша портативті жазу машинкаларымен, күрделі емес зерттеулерді жүзеге асыратын кейбір шағын лабороториялық құралдармен, қараңғыда жұмыс істеу үшін күшті жарықтық құралдармен және тағы сол сияқты жарықтандырылады. Мұндай автокөліктердің салондарына “далалық жағдайда” жұмыс жүргізетін шұғыл топтың мүшелеріне қолайлы жағдай жасалып, столдар орналастырылады. Қазақстан ІІМ-нің Жамбыл облыстық басқармасының жанындағы СКҒЗО-да осындай автокөліктерге “Мойе Вook” тасымалданатын, жеке компьютер орналастырылған. Тасымалданатын жиынтықтардан өзгешілігі, ЖКЛ-ды пайдалану орнына әлде қайда көп қажетті ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда автокөліктердің борттық электроэнергиясын пайдалана отырып ЖКЛ-ды портативті ғана емес, принтермен және басқа да құралдармен жинақталған қарапайым жеке компьютерді құрастыруға болады. Дегенмен, тергеу тәжірибесін зерттеу қорытындылары ғылыми-техникалық құралдардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жылжымалы криминалистік лабораториялардың оқиға орнын қарау санының көп емес екенін көрсетеді. ЖКЛ-дың саны да тергеу тәжірибесінің мұқтаждықтарына тіпті де жауап бермейді. Ерекше жағдайларда ғана олар облыстық прокуратуралар мен СКҒЗО облыстық құрамдарда бар. Прокуратураларда мұндай автокөліктер ауыр қылмыстарды тергеу мен ашу процесінің ұйымдастыру-тактикалық тапсырмаларын шешу міндеттері жүктелген прокурор –криминалистердің қарауында болады. Ғылыми-техникалық құралдарды осы құрамдарда болуы біз негізді деп ойлаймыз. Басқа жағынан СКҒЗО құрамалары тергеу барысында ақпараттарды өндеу бекіту және анықтаудың техникалық қысқа бағыттағы мәселелерімен шұғылданады. Ғылыми-техникалық құралдарды кешенді пайдалануды ұйымдастыру, сондай-ақ тергеу жүргізу тергеу құрамаларында жүктелген. Біздің пікірімізше, ЖКЛ потенциалдарын ІІМ құрамаларында пайдалану бір қолайсыз жағдай. Жедел топты қажетті ғылыми-техникалық құралдардың жиынтығымен қамтамасыз ету мәселесін ұтымды шешу бағытында ұйымдастыру міндеттерін шешу қажет. Бұл бағытта қылмыс пен күрестің “алдыңғы қатарындағы” Ішкі Істер Бөлімдерінің төменгі буынын арнайы автокөліктермен қажетті ғылыми-техникалық құралдармен қамтамасыз ету көкейтесті мәселе. Олар ақпараттарды анықтауды, тіркеуді, өңдеуді қамтамасыз етеді және ақпараттармен алмасады. Арнайы автокөліктер аудандық ішкі істер органдарының кезекшісінің тікелей шұғыл бақылауында болуы керек және тергеу әрекетіне қатысушылар үшін жағдай жасалынуы қажет. Бұл жұмыста нағыз мамандырылған қызметкерлер қатыстырылады. Әдебиет Ищенко А.В. Криминалистическая рекомедация как средство обеспечения следственной практики достижениями науки и техники: дис...канд.наук. – Киев, 1983. – 206с. Образцов В.А. Криминалистика: Курс лекций. – М., 1996. – 448 с. Криминалистика социалистических стран В.Я. Колдин, Д.П. Поташник, Э. Штельцер и др.; под ред. В.Я. Колдина; МГУ им. М.В. Ломоносова. – М.: Юрид. лит., 1986. – 509 с.


жүктеу 95.87 Kb.