Главная страница
Контакты

    Басты бет


Корпоративтік табыс салығЫ 222-бап. Төлеушілер

жүктеу 5.28 Mb.



жүктеу 5.28 Mb.
бет1/17
Дата06.03.2020
өлшемі5.28 Mb.

Корпоративтік табыс салығЫ 222-бап. Төлеушілер


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

222-бап.Төлеушілер

  1. Мемлекеттік мекемелерді және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-бөліміне сәйкес, көрсетілген режимдер шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-бөлімінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және ол бойынша аванстық төлемдерді есептейді.

     3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 16 және 17-бөлімдерінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

223-бап. Салық салу объектілері

      Мыналар корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылады:

      1) салық салынатын кіріс;

      2) төлем көзінен салық салынатын кіріс;

      3) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі.

224-бап. Салық салынатын кіріс

      Салық салынатын кіріс осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кіріс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Салық салынатын кіріс бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасын да қамтиды.

225-бап. Жылдық жиынтық кіріс

      1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы тұлғаның салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

      Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері төленген жеріне қарамастан, осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістер болып танылады.

      Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 651-бабында көрсетілген кірістерден тұрады.

      2. Мыналар салық салу мақсаттарында кіріс ретінде қарастырылмайды:

      1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

      2) акционер алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ эмитент-заңды тұлға шығарған акцияларды осы эмитент акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялардың санына тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

      3) қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлестерін немесе олардың бір бөлігін сатып алу кезінде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бірақ өзінің пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушы жүргізген оны сатып алуға және (немесе) жарғылық капиталға жарналарды төлеуге жұмсалған шығындар сомасынан аспайтын мөлшерде, бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

      4) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны;

      5) мүлікті беретін салық төлеуші үшін – өтеусіз негізде берілген мүліктің құны;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдар сомасы;

      7) егер жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алынған тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тауарды осындай алу күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, осындай тауардың құны;

      8) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық міндеттеменің мөлшерін азайту сомасы;

      9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуда кіріс деп танылатын, активтер және (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты туындайтын кіріс;

      10) бөлінбеген пайданың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен ұлғайтылуы;

      11) міндеттеменің бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мөлшері мен бухгалтерлік есепке алуда танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде танылуына байланысты туындайтын кіріс;

      12) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания үшін – осындай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық кірістер;

      13) алыс-беріс шикізатынан бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндірген тұлға үшін – осындай тұлғаның алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акциз төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау есебінен алынуға жататын (алынған) өтем сомасы;

      14) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:

      осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген негізгі құралдар;

      осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны;

      15) бар болған жағдайда, осы Кодекстің 234-бабында көзделген асып кету ескеріле отырып, осы Кодекстің 270-бабының 8-тармағына сәйкес топтың құндық балансын азайту жүргізілген сома шегінде алынған сақтандыру төлемі;

      16) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай көрінісі);

      17) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жеке тобын қалыптастыру мақсаттары үшін есепке алынуға жататын сыйақы мөлшерінде – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығаруынан түсетін және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі кіріс;

      18) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс;

      19) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;

      20) осы Кодекстің 243-бабының 8-тармағына сәйкес алынған мүліктің оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

      21) аяқталмаған құрылыс объектісінің құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сыйақының төленуге жататын (төленген) сомасы шегінде азайтатын, осындай объектінің құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын, алынуға жататын (алынған) сыйақы;

      22) жергілікті атқарушы органдардан электр беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде қабылдаған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерінің құны;

      23) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;

      24) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде активтерді өтеусіз алуға байланысты туындайтын, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымының кірісі; тармақша 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      25) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес: тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан активтерді өтеусіз беру туралы шарттың талаптарына сәйкес активтер сомасы

      мен олардың әділ құнының арасындағы оң айырманың амортизациясына байланысты туындаған, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымының кірісі;

      26) мемлекеттік меншіктен өтеусіз берілген, алынған техногендік минералды түзілімдер.

226-бап. Жылдық жиынтық кіріске қосылатын кірістер

      1. Жылдық жиынтық кіріске салық төлеуші кірістерінің барлық түрлері:

      1) өткізуден түсетін кіріс;

      2) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірісі;

      3) құн өсімінен түсетін кіріс;

      4) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;

      5) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;

      6) күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;

      7) осы Кодекстің 250-бабының 1, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс;

      8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;

      9) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс;

      10) табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс;

      11) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс;

      12) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс;

      13) егер бұрын бұл сомалар шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұл);

      14) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

      15) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;

      16) дивидендтер;

      17) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель, ислам жалдау сертификаты бойынша сыйақылар;

      18) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

      19) ұтыстар;

      20) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кіріс;

      21) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс;

      22) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

      23) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;

      24) мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты осындай кәсіпорынның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын кірісі;

      25) осы тармақтың 1) – 24) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да кірістер қосылған құн салығы мен акциз сомасы қосылмастан, қосылады.

      2. Егер сол бір кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі ықтимал жағдайда, көрсетілген кірістер жылдық жиынтық кіріске бір рет қосылады.

      Егер осы бөлімнің 227240-баптарында, 5 және 6-параграфтарында өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттары үшін кірісті тану күнін қоса алғанда, кірісті тану халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кірісті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану кірісті осы Кодекске сәйкес айқындау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген кіріс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен есепке алынады.

      3. Мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша сенімгерлік басқарушы мен сенімгерлік басқару құрылтайшысының жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 40, 42, 43, 44 және 45-баптарының ережелері ескеріле отырып айқындалады.

      4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес кірістерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес түзетулер ескерілген жылдық жиынтық кіріс теріс мәнге ие болуы мүмкін.

227-бап. Өткізуден түсетін кіріс

      1. Осы Кодекстiң 228240-баптарына сәйкес жылдық жиынтық кіріске енгiзiлетiн кірістерден, сондай-ақ осы Кодекстiң 258-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 258-бабының 4-тармағында көрсетiлген кірістерден басқа, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi өткiзу кезінде туындайтын кіріс сомасы өткізуден түсетiн кіріс болып танылады.

      2. Өткізуден түсетін кіріс өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде, оған қосылған құн салығы мен акциздің сомасы қосылмастан айқындалады.

      3. Өткізуден түсетін кірісті тану күні халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

      4. Қызметтер көрсетуден түсетін кіріске осы бөлімнің мақсаттарында, сондай-ақ:

      1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі кіріс;

      2) мүлікті лизинг шарты бойынша беру жөніндегі сыйақылар түріндегі кіріс;

      3) роялти;

      4) мүлікті лизингтен басқа, мүліктік жалдауға (жалға беруге) тапсырудан түсетін кіріс жатады.

      5. Өткізуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен түзетілуге жатады.

228-бап. Құн өсімінен түсетін кіріс

      1. Құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;

      2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;

      3) амортизацияға жатпайтын активтердің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде құралады.

      2. Осы баптың мақсаттарында амортизацияға жатпайтын активтерге:

      1) жер учаскелері;

      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      3) орнатылмаған жабдық;

      4) кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;

      5) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

      6) бағалы қағаздар;

      7) қатысу үлесі;

      8) инвестициялық алтын;

      9) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

      10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;

      11) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.

      3. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтер бойынша:

      1) өткізу кезінде – өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салымның құны негізге алына отырып айқындалған активтің құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма;

      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма әрбір актив бойынша өсім болып танылады.

      4. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:

      1) өткізу кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) берілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, жарғылық капиталға салымның құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаздың құны мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма;

      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – дисконттың амортизациясы және (немесе) шығып қалу күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы, купон ескерілмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсімі болып танылады.

      5. Осы баптың 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша:

      1) өткізу кезінде – өткізу құны;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салымның құны;

      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн әрбір актив бойынша құн өсімі болып танылады.

      6. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады:

      сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындар жиынтығы,

      немесе

      егер активтер жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – жарғылық капиталға салымның құны,

      немесе

      егер активтер қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн,

      немесе

      егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны,

      немесе

      егер автивтер өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн,

      қосу

      мыналардан:

      осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес шегерiмге жатқызуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);

      амортизациялық аударымдардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын, оның ішінде сатып алынғаннан кейін де ұлғайтатын басқа да шығындар.

      7. Мыналар қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады:

      оны сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың, қатысу үлесін сатып алуға байланысты және оның құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын шығындардың жиынтығы,

      немесе

      егер қатысу үлесі жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – жарғылық капиталға салымның құны,

      немесе

      егер қатысу үлесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн,

      немесе

      егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны,

      немесе

      егер қатысу үлесі өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн.

      8. Осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүліктің бастапқы құны мұндай активтердің шығып қалған күнгі, қайта бағалануы мен құнсыздануы ескерілмеген, баланстық құны болып табылады.

      9. Осы баптың мақсаттарында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларының және (немесе) бағалы қағаздарының бастапқы құны жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып, осындай акцияларды және (немесе) бағалы қағаздарды сатып алудың бастапқы құны болып табылады.       9-тармақ 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      10. Осы баптың мақсаттары үшін жарғылық капиталға салым ретінде берілген (алынған) активтің қабылдау-беру актісінде немесе активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын өзге құжатта көрсетілген құны, оның, бірақ өзін төлеу есебіне актив берілген (алынған) жарғылық капиталға салымның сомасынан аспайтын құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

      11. Құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті өткізу;

      2) амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде – осындай активті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

      3) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы;

      4) бөлу балансы бекітілген салықтық кезеңде – амортизацияға жатпайтын активтің бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалуы кезінде танылады.

      12. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер осы Кодекстің 300-бабы 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кіріске қосылады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

  • 223-бап. Салық салу объектілері
  • 224-бап. Салық салынатын кіріс
  • 225-бап. Жылдық жиынтық кіріс
  • 226-бап. Жылдық жиынтық кіріске қосылатын кірістер
  • 227-бап. Өткізуден түсетін кіріс
  • 228-бап. Құн өсімінен түсетін кіріс

  • жүктеу 5.28 Mb.