Главная страница
Контакты

    Басты бет


Көпжелілі байланыс жүйесі «Радиоэлектроника және байланыс»

жүктеу 63.55 Kb.



жүктеу 63.55 Kb.
бет1/2
Дата20.05.2017
өлшемі63.55 Kb.

Көпжелілі байланыс жүйесі «Радиоэлектроника және байланыс»


  1   2

Көпжелілі байланыс жүйесі

«Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының 1 курс студенті:Құрал Бану Абайқызы



«Көлік және коммуникация колледжі»МКҚК

Ғылыми жетекшісі:Маликова Ж.Б.



«2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек».
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес.

Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
Радиобайланыс - радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар түлектерінің болашағы жарқын. Бұл мамандардың алдында Қазақстан теле-коммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды міндеттері тұр.

Радиолокация (лат. lokatio - орналасу орны) - радиотолқын көмегімен түрлі объектілерді іздеп табу және оның орнын анықтау. Белгілі бір бағытта жіберіліп, жолындағы объектіден шағылған импульс түріндегі толқын экран бетінен импульс түрінде көрінеді.
Навигация (лат. navіgatіon, navіgo - кемеде жүземін) - 1) теңізде жүзу, кеме қатынасы; 2) мұхит, теңіз, көл, бөген және өзендегі табиғат жағдайына байланысты кеме қатынасы болатын уақыт кезеңі.
Талшық - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, Ақжар ауданының орталығы. Темір жол станция Облыс орталығы – Петропавловск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 320 км жерде, Шат өзенінің сол жағасында орналасқан.
2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіншілік береді. Елдің электроэнергетикалық саласын ауқымды жаңарту ішінара заманауи телекоммуникацияларды енгізу және ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізіледі.

Бұл мамандық оқыту мақсаты – белгі беру және қабылдау теориясы, радиобайланыс, автоматтандырылған http://psu.kz/images/stories/psu_photo/telecom_syst.jpg

жобалау, басқару мен сенімділігі, бұқаралық қызмет көрсету жүйелерін модельдендіру, телекоммуникациялық саланы, ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру, менеджмент мен маркетинг саласындағы білімнің негізінде телекоммуникациялық жүйелерді зерттеуге, жасап, пайдалануға қабілетті студенттерді дайындайды.

Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.



«Көпжелілі байланыс жүйесі»зертханасы

Зертханада мына мамандықтар бойынша 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс», 1309000«Оптикалық және электрондық құрал жабдықтар», «Көпжелілі тасымалдау жүйесі», «Радиотехникамен антенна негіздері», «Сандық тасымалдау жүйесі» сабақтар жүргізіледі.

«Сандық желіде интеграциялық мүмкіндіктер технологиясы (ЦСИО, ISDN)» стенді кәбел технологиясын оқыту зерттеулерге,сандық ауыстыру жүйесіне,сервистік мінездеме күтуіне,телеметриялық арна сигнализациясының хаттамасына арналған.

«Импульсті-кодтық модулдеу» стенді импульсты амплитудалық модульдеуді оқытуға мүмкіндік береді (ИАМ, PAM), осы модулдеу аналогтік сигналды жүйелейді.

Амплитуда (лат. amplіtudo - шама) - белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
ИАМ импульсті-кодтық модулдеу сигалының бастапқы сатысы болып келеді. Дискреттік блоктар көмегімен импульсті-кодтық модулдеу схемасы құрылады.

«Колданбалы амплитудалық модуляциясы»стенді әр түрлі амплитудалық модуляцияны зерттеуге мүмкіндік береді.Мамандық игеру барысында студенттер байланыстың шынайы сызықтарын зерттей алады.

«Уақытимпульстік модуляция» уақытимпульстік модуляция арқылы кеңдік-импульсты модульдеу(ШИМ) және позициялы-импульсты модульдеу(ПИМ)әдісін зерттеуге арналған.

«Сигналдарды тасымалдау технологиясы» стенді қолданбалы манипуляцилық сигналдар және модемдер негіздерін оқытуға арналған.

«Полиметилакрилаттан жасалған оптикалық толқын жүргізгіштер талшықтары (PMMA)»стенді оптикалық талшықтарының байланыс сызықтарын және олардың арасында зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Заманауи техникалар және байланыс сызықтары негізінде оптикалық технологияларда базалар құрайды.Оптикалық сызықтардың артықшылықтары: оларды электромагниттік әсерсіз және энергиялар құртпау арқылы функцияландыру,жоғары өткізу жылдамдығы және тасымалдау мәліметтердін үлкен көлемдігі. Бұл біздің жылдам өсіп кележатқан кеңістікте өте қажет.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

«Бос кеңістіктегі жоғары дәрежелі жиіліктер»стендінде жасалған зерттеулер жоғары дәрежелі жиіліктер сигналдарды,радиобайланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Әр түрлі байланыс темір жолындағы антендер де көрсетілген. Басқа техникаларға қарағанда байланыстағы технологиялардын ауысуы жылдам өсіп кележатқанын байқаймыз.Осы жаңа технологиялардын өсуі заманға сай негізгі шешімдер қабылдайтын мамандар дайындауға мүмкіндік береді.

ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНҒАН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ- ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АҢСАҒАН АРМАНЫНЫҢ НЕГІЗІ
1 курс студенті:Сыздық Әлішер Маратұлы

«Көлік және –коммуникация колледжі» МКҚК

Ғылыми жетекшісі:Джаппарова Кулзайра Имантаевна


Президенттің халыққа жолдауы бұған дейінгі жолдауға қарағанда өте ерекше. Оның ауқымдылығы мен орасан күрделілігі, айтылған әрбір сөзі өзекті. Еліміздің жеткен жетістіктерінің қорытындыларын шығара отырып, Президент әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жоспарын ұсынды. Мемлекет басшысының қойған маңызды міндеттерін іске асыру нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. «Қазақстан , ең алдымен, қазақ халқының қауіпсіз әрі жайлы елдерінің бірі болуы тиіс»,- бұл қауіпсіз әрі тұрақты дамып келе жатқан мемлекетте тұруды көздейтін әрқайсымыздың тілегіміз деп ойлаймын. Жолдау тіршіліктің өндірістіктен әлеуметтікке дейінгі барлық саласын қамтиды. Нәтижеге жету жолдарын дамыған ғылым арқылы шешуге болатындығы бәрімізге белгілі. Міндеттердің алға қойылған мақсаттарына жету үшін, білікті мамандар даярлану қажет екені белгілі.

Маған білім беріп жатқан көлік және коммуникация колледжі алдына үлкен міндеттерді қойған. Қазақстанның болашағына зор үлесін қосатын білгір де білікті мамандар дайындау үстінде. «Темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» факультетінің студенттері бүгінгі күні еліміз үшін өзекті міндеттерді табысты іске асыру үшін білім алып жатырмыз. Көлік инфрақұрылымы - индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды »,- деп ел басы талай рет айтқан болатын. Бұған қоса Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елімізде жолдардың желісін жасау үшін, «Астана - Қарағанды - Алматы», «Астана - Павлодар - Өскемен», «Алматы - Қапшағай - Өскемен» автожолдарын салынуды бастады. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатқаны бәрімізге белгілі. Осы орайда жүктерді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы үлкен сөз қозғалды. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы да аяқталуға таяу, Парсы шығанағына шығу үшін Түрікменстан мен Иранға теміржол тартылғанын Елбасы айтып өтті. Ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған - Шалқар - Бейнеу жаңа теміржолын салынып жатқанын да бәріміз білеміз. Ол орталықтың көптеген аудандары арқылы өтіп, елдің шығысы мен батысын тікелей байланыстыратын болады. Бұл орасан құрылыстың 2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. Ал шығыста Тынық мұхиттағы Ляньюньган порты арқылы шығады, бұл жөнінде ҚХР-мен келісімшарт жүргізілген болатын.

Темір жол - релістермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын көліктің бір түрі. Темір жолдың дәлме-дәл мәні - жер бетіндегі релістермен жабдықталған қатынас жолдары, және жөніндегі құрылыстары.
Тынық мұхит - көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.
Мұндай алып магистральды басқару, - әрине, біз сияқты жастардың қолында. Сол себепті білікті маман болып шығу үшін, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу үшін сапалы білім алып жатырмыз.

Мен Астана

  1   2

  • «Көпжелілі байланыс жүйесі»зертханасы
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНҒАН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ- ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АҢСАҒАН АРМАНЫНЫҢ НЕГІЗІ 1 курс студенті:Сыздық Әлішер Маратұлы
  • Тынық мұхиттағы

  • жүктеу 63.55 Kb.