Главная страница
Контакты

    Басты бет


Копбалина С. С., Турсынгалиева Г. Н., Серикбек Қ. Н

жүктеу 27.25 Kb.



жүктеу 27.25 Kb.
Дата23.10.2017
өлшемі27.25 Kb.

Копбалина С. С., Турсынгалиева Г. Н., Серикбек Қ. Н


Копбалина С.С., Турсынгалиева Г.Н., Серикбек Қ.Н. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан Математикалық және ғылыми-техникалық есептерді шығару компьютерді қолданудың негізгі облыстарының бірі болып табылады.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - Қарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны.
Ертеректе осындай мақсатта программалау тілдерін білу қажет болатын, қазіргі уақытта әртүрлі математикалық пакеттердің пайда болуына байланысты қолданушының жұмысы әлдеқайда жеңілдеді. Осындай қолданбалы программалау пакеттерінің қатарына MathCad бағдарламасын жатқызуға болады. Қазіргі таңда MathCad математикалық есептеулер жүйесі компьютерде түрлі математикалық және техникалық есептеулерді орындауға арналған әмбебап құрал.
Математика Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Әмбебап құрал (Универсальный инструмент) - жұмыстардың кең ауқымын орындауға арналған құрал.
Оның көмегімен қолданушы формулалармен, сандармен, графикпен және мәтінмен жұмыс істей алады.
Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.
Көптеген қолданбалы есептерді шешу кезінде берілген нүктелерінде функциясының мәндерін қабылдайтын, ал басқа нүктелерде оған жуықтайтын функциясын қолданады. Осы функциясын интерполяциялаушы функция деп атайды. MathCad-та интерполяцияны жүзеге асыратын арнайы функциялар бар. Ол функцияларды қолдану арқылы интерполяцияны оңай әрі жеңіл жүргізуге болады. MathCad-та сызықтық интерполяцияны орындау үшін linterp(x,y,t) функциясы қолданылады. Мұндағы x – аргументтің нақты берілгендер векторы, у – өлшемі x-пен бірдей болатын мәндердің нақты берілгендер векторы, t – интерполяциялық функция есептелетін аргументтің мәні.
Вектор Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.
Көптеген тәжірибелік қосымшаларда эксперименттік нүктелерді сынық сызықтармен емес, тегіс қисықтармен қосқан дұрыс. Осы мақсатта кубтық сплайндармен интерполяциялау тиімді болады. іnterp(s,x,y,t) - х және у векторларының берілгендерін кубтық сплайнмен жуықтайтын функция. Мұндағы s – csplіne, psplіne немесе lsplіne функцияларының біреуі арқылы құрылған екінші туындылар векторы; х – элементтері өсу ретімен орналасқан аргументтің нақты берілгендер векторы; y – өлшемі x-пен бірдей болатын мәндердің нақты берілгендер векторы, t – интерполяциялық функция есептелетін аргументтің мәні. іnterp функциясын қолданбас бұрын s айнымалысын анықтап алу керек. Ол келесі үш функцияның біреуі арқылы орындалады. іspііne(x,y) – сызықтық сплайнның коэффициенттер мәнінің векторы; pspііne(x,y) – квадраттық сплайнның коэффициенттер мәнінің векторы; csplіne(x,y) – кубтық сплайнның коэффициенттер мәнінің векторы; х, y – берілгендер векторлары. Екі өлшемді сплайн-интерполяция (х,у) координата жазықтығында тор түріндегі нүктелер тізбегі арқылы өтетін z (х,у) кеңістігін құруға негізделген.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Кеңістік (х,у)  функциялары болып келетін және екі координата бойынша бірінші, екінші ретті үздіксіз туындылары бар екі өлшемді кубтық сплайндардың көмегімен құрылады. MathCad-та көпөлшемді интерполяция бірөлшемдегі сияқты арнайы функциялар көмегімен құрылады, тек аргументтері векторлар емес сәйкесінше матрицалар болады. Бірақ бұл матрицалар квадраттық матрицалар ғана бола алады. Жұмыста MathCad ортасында интерполяциялаушы функцияларды есептеу және олардың графиктерін сызу қарастырылады. Сонымен қоса интерполяцияның әртүрлі түрлерімен алынған нәтижелерге салыстырмалы талдау жасалынып, тиімді жолдары анықталады.


жүктеу 27.25 Kb.