Главная страница
Контакты

    Басты бет


Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және

жүктеу 0.63 Mb.



жүктеу 0.63 Mb.
бет1/5
Дата14.03.2019
өлшемі0.63 Mb.

Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және


  1   2   3   4   5
2018-2020 жылдарға арналған Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурстық құжаттамаға 8-қосымша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қалыптастыру және іске асыру туралы техникалық сипаттама ҒЗТКЖ орындалуы 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс. 2018-2020 жылдары іске асыруға ұсынылып отырған ҒЗТКЖ кешенді, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған пәнаралық тәсіл негізінде интеграциялануы тиіс.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
ҒЗТКЖ-н іске асыру кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс: - шешілетін міндеттердің экономикалық мақсаттылығы мен практикалық қажеттілігі;
Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
- Қазақстан нарығын отандық импорт алмастыратын азық-түлік өнімдерімен, компоненттермен және т.б. қанықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешенге, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы және су шаруашылығы салаларына жаңа жоғары тиімді технологияларды енгізу;
Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б.
Балықтар (лат. Pisces) - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады.
- отандық ғылыми-техникалық әлеует пен техникалық құралдарды барынша максималды пайдалану, қосымша жұмыс орындарын құру;
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
- меншік нысанына қарамастан, осы бағыттағы зерттеулерге байланысты аймақтық ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен интеграциялау; - ҒЗТКЖ іске асыру барысында жас мамандарды, магистранттарды және докторанттарды тарту арқылы жоғары білікті кадрларды дайындау. - ұсыныстар, мақалалар мен жарияланымдар әзірлеу және басып шығару (отандық және шетелдік басылымдарда), оның ішінде рейтнингтік ғылыми басылымдарда. Басым бағыты бойынша «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі». «Қарқынды мал шаруашылығын дамыту» арнайы бағыты бойынша ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу бағыттарына байланысты: селекция, технология) мынадай міндеттерді шешуі тиіс: Мал шаруашылығындағы селекция Асыл тұқымды етті ірі қара мал шаруашылығы саласындағы селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу: Дүниежүзілік тәжірибені (ICAR) ескере отырып, жануарлар бойынша деректер жинақтау әдіснамасын әзірлеу: - әрбір генерация үшін деректер жинақтау құрылымын әзірлеу;
Генерация (лат. generatio - ұрпақ) - организмнің дамуы басталғаннан бастап, оның жыныстық жетілуіне немесе жасушаның бөлінуі басталғаннан бастап, оның келесі бөлінуінің басталғанына дейінгі кезең.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
- зоотехникалық оқиғаларды жүргізу жүйесін әзірлеу; - зоотехникалық оқиғаларды жүргізу және жануарлар туралы деректер жинақтау үшін заманауи бағдарламаларды бейімдеу және пайдалану. Біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды жұмылдыра отырып, герефорд және ангус тұқымды ірі қара малдың тұқымдық құндылығын анықтау. Халықаралық популяция бағаларымен ішкі популяцияның генетикалық бағасымен салыстыру жүргізу.
Популяция (лат. populus - халық, тұрғын халық) - белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.
Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән).
Әлемдік тәжірибені зерттеу және аналық мал басын жасанды ұрықтандыру үшін шағылысуға қалауын синхрондаудың әртүрлі схемасын енгізу, оның нәтижелілігіне әсер ететін факторларды зерттеу. Әрбір схеманы пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау. Аналық мал басының күйлеуін синхрондаудың оңтайлы схемасы бойынша кеңестер беру. «Тазалау» үшін еркін шағылыстыруда пайдаланылатын өндіруші – бұқа ұрығының сапасына бағалау жүргізу. Тұқымдық бұқа өндірушілер іріктеу бойынша кеңестер әзірлеу. Дүние жүзілік тәжірибені зерттеу және аналық мал басының буаздығын анықтаудың экспрес-әдістерін енгізу. Бұзаулардың тууын минимум 5-ға арттыратын табынның жаңғыртымдылығының оңтайлы технологиясы бойынша кеңестер әзірлеу. Әр түрлі тұқымдардың төлдерінің сақталуын, өсуін және дамуын, сонымен қатар әр түрлі табиғаттық-климаттық жағдайларда бұзаулау маусымдарына байланысты төлді өсірудің экономикалық тиімділігін зерделеу.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Аймаққа байланысты бұзаулаудың оңтайлы маусымдары бойынша кеңестер беру. Қазақтың ақбас, әулиекөл тұқымды ірі қара малының шаруашылықтық-пайдалы белгілерін жетілдіру бойынша бағдарлама әзірлеу: - әулиекөл, қазақтың ақбас тұқымдарының бұқашықтарына ұрық сапасын бағалай отырып, өзіндік өнімділігі бойынша сынақ бекеттерінде сынақ жүргізу; - біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды жұмылдыра отырып, популяция ішінде жануарларға генетикалық бағалау жүргізу. - әулиекөл және қазақтың ақбас тұқымдарына SNP бойынша асыл тұқымды малдың тұқымдық тиесілілігін анықтау мақсатында генетикалық паспорттау жүргізу; - дүние жүзілік тәжірибені зерттеу және отандық тұқымдардың ірі қара малдарының асыл тұқымдығына индекстік бағалау жүргізу. Етті малдың отандық тұқымының тұқым қуалайтын өлімге әкелетін мутацияның болу деңгейін анықтау бойынша зерттеу жүргізу.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Жануарлардың тұқымдық құндылығына байланысты асыл тұқымды жануарлардың әділ баға құрау жүйесін қалыптастыру. 2. Тауарлық еттік мал өсірудегі селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу. Жылдың әр түрлі маусымында және әр түрлі аймақтарда туған әр түрлі тұқымдардың (герефорд, абердин-ангусс, қазақтың ақбас, әулиеата, санта-гертруда) 8 айлық жасқа дейінгі бұзауларының өсуі мен дамытуын зерттеу. Қазақстанның аймақтары бойынша әр түрлі шағылыстыру нұсқаларынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында алынған тұқымы аралас жануарлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін зерттеу.
Шағылыстыру - күйлеген аналық малды аталық малмен табиғи және қолдан ұрықтандыру әдістері. Мал организмі толысқан кезде айғыр мен бие 3 жасында, бұқа мен қашар 15 - 18 айлығында, қошқар мен тұсақ 12 - 18 айлығында, қабан мен мегежін 10 - 12 айлығында тұңғыш рет шағылысқа қосылады.
Әр түрлі аймақтарда аралас тұқымды малдың тұқымдылық дәрежесін анықтау және оларды кейіннен таза тұқымды табынға қосу. Өнеркәсіптік шағылыстырудың пайдалы схемалары бойынша кеңестер беру. 3. Сүтті мал өсіру саласындағы селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу Алатау, әулиеата, қырдың қызыл сиыры, симменталь, қара-ала тұқымдардың шаруашылық-пайдалы белгілерін жетілдіру бойынша селекциялық бағдарламалар әзірлеу. Алатау, әулиеата, қырдың қызыл сиыры, симменталь және қара-ала, голштин қара-ала ірі қара малын өсірудің экономикалық тиімділігін зерттеу. BLUP әдісімен (сүт беру, майлылығы, белок, соматикалық жасушалары, экстерьер) ұрпақ сапасы бойынша отандық бұқалардың асыл тұқымдылық құндылығын индекстік бағалау әдістемесін әзірлеу.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Жасанды ұрықтандырудан алынған төлдік шығу тегінің шынайылығына ішінара талдау жүргізу. Ұрықтану төмендігінің негізгі себептерін және ұрықсыздықты емдеу мен алдын алудың тиімді әдістерін анықтау. 4. Қой өсіру мен ешкі өсірудегі селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу. Өнімділік бағыттары бойынша ұсақ малдың шаруашылық-пайдалы белгілерін сақтау және жетілдіру бойынша селекциялық бағдарлама әзірлеу. Асыл тұқымды өндірушілерді тұқымдық түрлендіруді пайдалану жолымен қойлардың тауарлық мал басының еттік сапасын жақсарту бойынша зерттеулер жүргізу: дорпер, ромни-марш, гиссар, гемпшир.
Қой (лат. Ovis aries) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
Қой өсіруде оңтайлы технологиялар мен қойларды жасанды ұрықтандыруды, о.і. лапароскопия әдісін қолдану бойынша кеңестер әзірлеу. Өндіруші текелердің ұрығын алу және криоконсервациялаудың ғылыми-негізделген технологиясын әзірлеу. 5. Шошқа өсіруде селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу. ҚР әр түрлі аймақтары жағдайында шошқа өсірудегі селекциялық-гибридтік орталықтар ұйымдастыру бойынша кеңестер әзірлеу үшін тұқымдық базаны, тұқымаралық шағылыстыру мен гибридтеу нұсқаларын зерттеу. Өндірушілердің ұрығын алу және криоконсервациялау технологиясын ендіру бойынша дүние жүзілік тәжірибені зерттеу және мегежіндерді жасанды ұрықтандыру әдістемесін әзірлеу. Мал басының еттік өнімділігін арттыру үшін шошқа өсіруде гибридтеуді ендіру тиімділігін зерттеу. 6. Бал арасын өсіруде селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу Изоляттарда тұқымдық аналық аралар алу технологиясын әзірлеу және енгізу. Қазақстанның шығыс және оңтүстік аймақтарында аралардың аудандастырылған тұқымдарының селекциясы мен аудандастыру әдістерін жетілдіру. Мал шаруашылығындағы технологиялар 7. Етті мал өсіру саласында тиімді технологиялар әзірлеу ҚР аймақтары бойынша далалық зерттеулер нәтижелері мен сандық технологияларды қолдана отырып, жайылымдықтарды тиімді пайдалану (жүтемесе, жем қоры, жайылымдық айналым) бойынша кеңестер әзірлеу.
Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж.
Қаржылық шығынды 10 кем емес шамада төмендеуді қамтамасыз ететін қорада бағу кезеңінде етті малды жемдеудің оңтайлы рационын әзірлеу. Қысқы жайылымдық жағдайында етті малды ұстауды ұйымдастыру бойынша кеңестер әзірлеу. Тірі салмағын арттыру және айыру сәті мен бір жасқа дейін сақтау үшін етті тұқым бұзауларын қосымша жемдеу тиімділігін зерттеу, кеңестер әзірлеу. Өнімділіктің етті бағытындағы тауарлық шаруашылықтарда өндірістік процестерді тиімді басқарудың аймақтық моделін әзірлеу (жаңғырту, өсіру және жетілдіру, жемдеу, жем өндірісі, вакцинация, піштіру схемасы, жайылымдықтарда, суаттарда және қыста ұстағанда фиксаторларды пайдалану әдісі, жайылымдықтарды қоршау). ҚР әр түрлі аймақтарының ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін кеңестер әзірлеу. Асыл тұқымды емес бұқашықтарды піштірудің практикалық технологиясын және бұқашықтардың ауру қатерін төмендету әдістерін әзірлеу. Жемдеу алаңдарындағы өндірістік процестерді тиімді басқару модельдерін әзірлеу (сұрыптау, жемдеу, ұстау, еттік сапаны анықтау және т.б.). Спирттік, сыра қайнату және өзге өнеркәсіп қалдықтарын пайдалану есебінен бұқашықтарды жемдеудің экономикалық тиімділігін, сонымен қатар сүт қышқылды бактериялдар негізінде пробиотикалық препараттарды зерттеу.
Қышқыл - химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.
Сыра - арпа, су және құлмақ (хмель) араластырып ашыту арқылы дайындалатын алкоголі аз сусын (ішімдік). Оның құрамында 4-10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3-0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8-6% шамасында алкоголь болады.
Аралас жемге қоспа өндіру мақсатында барды кептіру үшін кептіргіш қондырғы ойластыру. Заманауи технологияларды пайдалана отырып (УДЗ сканерлерін және т.б.) ет сапасын бағалау бойынша зерттеу жүргізу (мраморлылығы, тері асты майдың қалыңдығы). Жемдеу алаңдарында, оның ішінде сандық ақпараттық технологияны пайдалана отырып, ірі қара малды жемдеу технологиясының аймақтық модельдерін әзірлеу. Жемдеу алаңдарының өндірістік қызметін есепке алу жүйесі үшін бағдарламалық өнім әзірлеу. Жемдеу алаңдарында мал ауруларын диагностикалау үшін экспресс-әдістеме әзірлеу және сынау. RFID құлар биркалары мен құрал-жабдықты пайдалана отырып, кәсіпорындарда қадағалау жүйесін пайдалану тиімділігін зерделеу. 8. ІҚМ етін өңдеу Тірі малды әр түрлі қашықтықтарға тасымалдау нормативтерін, ережелерін және талаптарын әзірлеу.
Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Ет өткізу әлеуетіне талдау жасау, шетелдерде сұранысқа ие ұлттық ет өнімдерін өткізу нарығандағы техникалық, экономикалық және өзге талаптар. Халықаралық тәжірибені зерттеу, жобаның Қазақстан заңнамасына, халықаралық ережелер мен норматаларға, сонымен қатар шетелдердің ұлттық стандарттарына сәйкестігінің негізгі талаптарын анықтау. Ет және ет өнімдеріне стандарт – халал ұлттық стандарты жобасын әзірлеу. Етті сақтау мерзімін арттыру бойынша зерттеу жүргізу. Етті тасымалдау шығынын есептеу әдістемесін әзірлеу. 9. Сүтті мал өсіру саласындағы тиімді технологияны әзірлеу Тауарлық сүтті шаруашылықтарда өндірістік процестерді тиімді басқарудың аймақтық модельдерін әзірлеу (жобалау нормалары, жас мал өсіру, ұстау, жем өндіру, жемдеу, сау процесі, сүтті алғашқы өңдеу, жағырту, зоогигиена және т.б.). Өнімділіктің сүттің бағытындағы тауарлық ірі қара малды жемдеу технологиялары бойынша аймақтық кеңестер әзірлеу. 10. Қой шаруашылығы саласындағы тиімді технологияларды әзірлеу Тауарлық қой өсіру шаруашылықтарындағы өндірістік процестерді тиімді басқарудың аймақтық модельдерін әзірлеу (қой шаруашылығы қора-жайларын жобалау нормалары, жазғы және қысқа кезеңдерде қою жаю технологиясы, минералдық қоспалар қосып жемдеу, оның ішінде бордақылау кезінде). Қой шаруашылығында жайылымдарды ұтымды пайдалану және олардың тиімділігін арттыру әдістемелерін әзірлеу. Қаракөл шикізатын және қой терісін өндіру, өңдеу және сақтау аймағын ескере отырып, қойдың өнімділігін әртүрлі тұқымдары мен бағыттары бойынша қозыларын өндіруге бәсекеге қабілетті технологияларды әзірлеу. 11.
Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.
Өнімді жылқы өсіру саласындағы тиімді технологияны әзірлеу Бие сүтін өндірудегі өндірістік процесті тиімді басқару моделін әзірлеу (ажыратуды, қора жайды, бие сауу механизациясын жобалау нормалары және т.б.). 12. Құс өсіру саласындағы тиімді технологияны әзірлеу. Жұмыртқа өндірісіндегі өнімді көрсеткіштерге жетпеу себептерін зерттеу. Жасыл массадан түйіршіктелген жемдер өндірісі технологиясы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, барынша қолайлыларын таңдау және өндіріске пилоттық түрде ендіру. Жұмыртқа өндіру бағытындағы құс өнімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. 13. Түйе өнімдерінің өндірісі Отандық түйе тұқымдарының өнімділігін қарқынды арттыру әдістерін әзірлеу және түйе шаруашылығының өнімдерін өндіру жаңа технологияларын әзірлеу (сүт, жүн). 14. Пантылы бұғы шаруашылығы (марал шаруашылығы) саласында тиімді технология әзірлеу. Маралды бағу кезіндегі жартылай қолда ұстау технологиясын әзірлеу және ендіру. Жартылай қолда және дәстүрлі еркін ұстау жағдайындағы марал мүйізінің аминқышқылды құрамының сапасына салыстармалы бақылау жүргізу.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған органикалық өнім алу үшін марал өсіру өнімдерін терең қайта өңдеу бойынша ғылыми негізделген технология әзірлеу. 15. Ара өсіру саласындағы тиімді технологияны әзірлеу Қосымша құны жоғары болатын экспортқа бағдарланған ара шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу технологиясын әзірлеу. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерінің экономикалық тиімді өндірісіне талдау жасау. Ара шаруашылығының органикалық өнімдеріне техникалық құжаттар әзірлеу. Бал алмастырғыш жасау технологиясы негізінде аралар үшін жаңа жемдік құралдар әзірлеу. 16. Жайылымдық ресурстарды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу Әртүрлі типті жайылымдықтарда көп жылдық шөптер мен шөп қоспаларын егу бойынша зерттеулер жүргізу және кеңестер әзірлеу.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Көп жылдық шөптен тұқым алу тәсілдерін әзірлеу. Жайылымдақтарды басқару мен тәжірибелік жұмыстар жүргізу жүйесін ендіру бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу. Жайылымдықтың қоректік құндылығын есептеу бойынша әдістеме әзірлеу. Жайылымдықтың қоректік құндылығын жақсарту бойынша технология әзірлеу. Әр түрлі аймақтар үшін жайыдымдықтарда ауыл шаруашылығы малдарын жаюды ұйымдастырудың экономикалық ғылыми-негізделген технологиясын әзірлеу. Жайылымдықтарды суландыруды ұйымдастырудың оңтайлы талаптары бойынша ғылыми-негізделген шешімдер әзірлеу (жүктеме нормасы, су дебеті, жайылымдықтың шағын аудандарында құдық салудың дұрыстығы). 17. Жайылымдық ресурстарды орнықта басқарудың ақпараттық жүйесін жасау Жердің тозу, жемдік құндылық және топырақ жамылғысы дәрежесін зерттеу нәтижесі негізінде Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы тозған жайылымдықтарды басқару және қалпына келтіру бойынша мониторинг және бағалау ақпараттық жүйесін әзірлеу.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Суда өсіру 18. Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы көлдік-тауарлық балық шаруашылғын ұйымдастыруды ғылыми қамтамасыз ету 2018 жылы көл-тауарлық балық шаруашылығын (бұдан әрі - КТБШ) жасау үшін ойластырылған Қазақстанның әр түрлі аймақтары жағдайларындағы жергілікті су қоймаларына балық шаруашылық зерттеулер жүргізу. Гидрохимиялық параметрлерге, табиғи қорек базасына және ҚР әртүрлі аймақтарының зерттелетін су қоймаларындағы ихтиофаунаға байланысты (КТБШ) енгізудің заманауи технологияларына баға беру.
Гидрохимия (гр. hydor – су) – сулы ортаның құрамы мен химиялық процестерін зерттейтін ғылыми пән немесе табиғи сулардың химиялық жағдайы туралы ғылым. Гидрохимияның негізгі міндеті - судың химиялық құрамы мен осындай құрамның қалыптасуына әкелетін құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу болып табылады.
2019 жылы ҚР әртүрлі аймақтарының су қоймаларында экспериментальді балық өсіру жүргізу. ҚР жасалған КТБШ-да балықты экспериментальді өсіру кезінде жүргізілетін ихтиопатологиялық (ветеринарлық-санитарлық) ісшаралар әзірлеу. ҚР әртүрлі су қоймаларында типті су қоймаларында жасалған КТБШ-дағы экспериментальді балық өсіру кезіндегі биотехникалық тәсілдердің экономикалық тиімділігіне салыстырмалы және тікелей өндірістік шығындар бойынша баға беру. 2020 жылы Қазақстанның әр түрлі аймақтары жағдайларында көлдік-тауарлық балық шаруашылықтарында тауарлық балық өсіру мен ихтиопатологиялық шаралардың 4 технологиясы бойынша әзірленген нормативтерді енгізуді іске асыру. КТБШ пайдаланған кезде әзірленген отандық технологияның экономикалық тиімділігін бағалаудың 2 әдісін (үлкен және кіші көлдерде) енгізу. 19. Индустрияалдық балық өсірудің озық әдістері мен технологиясын әзірлеу және оның трансферті 2018 жылыбалық отырғызу материалдарын, көксеркені, тиляпий мен и кларий жайынын өсірудің технологиялық тәсілдерін индустриалды балық шаруашылығының озық әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, іске асыру және жетілдіру. ҚР индустриялық балық шаруашылықтарында балық отырғызу материалдарын (көксерке, тиляпий мен кларий) өсірудегі ихтиопатологиялық (ветеринарлық-санитарлық) ісшаралар әзірлеу. Қазақстанның заманауи экономикалық жағдайында бағалы балық түрлерінің балық отырғызу материалдары бойынша индустриялыдық балық өсірудің әзірленген отандық технологиялары мен әдістерінің экономикалық тиімділігіне баға беру. Әр түрлі озық әдістер мен инустриялдық балық өсіру технологиясын пайдалана отырып, көксерке, тиляпий мен кларийдің балық отырғызу материалдарын өсірудің тиімді технологиялары бойынша 3 кеңес әзірлеу. 2019 жылы шетелдерде пайдаланылатын индустриялды балық шаруашылғының әртүрлі әдістері мен биотехнолоиясын пайдалана отырып, тиляпий мен кларий жайындарының тауарлық өнімдерін өсіру бойынша биотехникалық тәсілдерді әзірлеу және жетілдіру. ҚР индустриялды балық шаруашылықтарында тиляпий мен кларий жайындарының тауарлық өнімдерін өсіру бойынша ихтиопатологиялық (ветеринарлық-санитарлық) ісшаралар әзірлеу. Қазақстанның заманауи экономикалық жағдайында бағалы балық түрлерінің тауарлық өнімдері бойынша индустриялдық балық өсірудің әзірленген отандық технологияларының экономикалық тиімділігіне баға беру. Әр түрлі озық әдістер мен инустриялдық балық өсіру технологиясын пайдалана отырып, тиляпий мен кларий жайынының тауарлық өнімін өсірудің тиімді технологиялары бойынша 2 кеңес әзірлеу. 2020 жылы тұйық су қоймасы қондырғыларында кларий жайынының жөндеу-аналық үйірін толық циклді өсіру және қалыптастыру бойынша отандық әдісті әірлеу жүргізу. Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындарында балықтың бағалы түрлерінің (көксерке, тиляпий мен кларий) балық өсіру материалдары мен тауарлық өнімдерді (тиляпий мен кларий жайындары) индустриялдық өсірудің тиімді әдістерін, технологиялары мен нормативтерін енгізуді жүзеге асыру. ҚР индустриялды балық шаруашылықтарында балық өсіру материалдары мен бағалы балықтың тауарлық өнімдерін өсіру бойынша ихтиопатологиялық (ветеринарлық-санитарлық) ісшаралар жүргізу. Қазақстанның заманауи экономикалық жағдайында барық өсіру материалдарын және бағалы балық түрлерінің тауарлық өнімдері бойынша индустриялдық өсірудің әзірленген отандық технологияларының және әдістерінің экономикалық тиімділігіне баға беру. 20. Жасанды көбейту тиімділігін арттыру мақсатында генетикалық әдістерді қолдана отырып, бекіре балықтарының жөндеу-аналық үйірін қалыптастыру 2018 жылы кейіннен жасанды жолмен жас балық алу үшін доместикация (РМС) мақсатында табиғи ортадан іріктелген бекіре балықтарының (севрюга немесе қызыл балық, орыс бекіресі, стерлядь немесе сүйрік балық) генетикалық полиморфизміне бағалау жүргізу. Өнімді жөндеу-аналық үйірін қалыптастыру үшін бекіре балығы
  1   2   3   4   5

  • Гидрохимиялық

  • жүктеу 0.63 Mb.