Главная страница
Контакты

    Басты бет


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

жүктеу 54.97 Kb.



жүктеу 54.97 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі54.97 Kb.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатына белгіленген талаптар: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.


      5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-4

138 248,25

186 551,86


I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 1 кіреберіс, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-92-24, электрондық пошта: kadry.kfm@minfin.gov.kz

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F2 басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңінде 08.02.2019 ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Басқарма және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; хат алмасуды жүргізу; жиынтық талдауды жүзеге асыру; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында республикалық деректер базасына және Комитеттің басқа да ақпараттық ресурстарына кешенді талдау жүргізу; күдікті операцияны анықтау белгілеріне заңнамада белгіленгендерге сәйкес қаржы мониторингін жүргізу; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында ахуалдың даму процестері мен үрдістеріне мониторинг жасау мақсатында ақпаратты талдау және бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; іс жүргізу және іс номенклатурасын жасау.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу) саласында немесе (ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау) мамандықтары бойынша жоғары білімі.

Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қыру қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық стандарттарын - ФАТФ ұсынымдарын және осы санатының лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті басқа да тиісті білімдерін білу.


2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F6 басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Басқарма және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; хат алмасуды жүргізу; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін дамыту; Комитеттің құзыретіне жататын ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды ұйымдастыру; деректер қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз ету, тиісті ақпараттық ресурстарға Комитеттің пайдаланушыларының қол жеткізуін шектеу; Комитеттің ақпараттық ресурстары бойынша ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды жүзеге асыру; инженерлік-техникалық қорғау жүйесін жасау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру; ақпаратты қорғау және Комитеттің ақпараттық жүйесінің деректер базасына пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету, деректердің мұрағаттық базасының сақталуын қамтамасыз ету; іс жүргізу және іс номенклатурасын жасау.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, техникалық физика, аспап жасау, авиациялық техника мен технологиялар, инженерлік жүйелер мен желілер) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе жаратылыстану ғылымдар (физика, информатика, математика) немесе (қолданбалы математика, қолданбалы физика, қолданбалы информатика, ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау) мамандықтары бойынша білімі.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қыру қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық стандарттарын - ФАТФ ұсынымдарын және осы санатының лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті басқа да тиісті білімдерін білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;



2) Персоналмен жұмыс қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні.

  • Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
  • Қазақстан Республикасының Президенті
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
  • Функционалдық міндеттері
  • Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
  • 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F6 басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік Функционалдық міндеттері
  • Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  • жүктеу 54.97 Kb.